Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Заң факультеті, Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының доценті, з.ғ.к.,доцент Мұқалдиева Г.Б.

Интеллектуалдық меншік құқығын интерактивті әдістермен оқытудың әдістемесі

 

Интеллектуалдық меншік құқығы азаматтық немесе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық қызметінің нәтижелеріне және оларға теңестірілген заңды тұлғаны дараландыру құралдарына, жеке немесе заңды тұлғаның өзі орындайтын жұмысының немесе қызметі өнімдеріне (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет кәрсету белгісі және т. б.) ерекше құқығы танылады». Интеллектуалдық меншік құқығының объектілері алуам түрлі болып келеді. Оларға мыналарды жатқызуға болады: интеллектуалдық қызметтің туындылары; ғылым, әдебиет және өнер туындылары; өнертабыс, үлгі, өндірістік үлгілер; фирмалық атаулар;  тауарлық белгілері және т. б.

         Сонымен интеллектуалдық меншік құқығы заңгер мамандығындағы студенттерге оқылатын негізі пәндердің бірі. Интеллектуалдық меншік құқығын оқытудың әдістемесі  бойынша дәріс және семинар сабақтарында студенттерге  оқытудың белсенді әдістері-оқу материалын меңгеру үдерісіндегі студенттерттердің танымдық іс-әрекетін арттыруға негіз болатын оқыту тәсілдер қолданылады. Онда белсенді оқыту әдістерінің мынандай түрлері қолданылады: кәсіби деңгейді қалыптастыру мен жетілдіруге бағытталған тәсілдер:  проблемалық сұрақтар, іскерлік ойындар, кәсіптік жағдаятты талдау, тренинг. Ал білім, іскерлік, дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тәсілдер: проблемалық есептер, жағдаяттар, «дөңгелек үстел», эвристикалық әңгіме, оқу пікірталасы, өзіндік жұмыс. Аталған әдіс бірыңғай жоғары деңгейде оқу материалын меңгерген, бір-бірімен іс-әрекет стилі өте ұқсас бола тұра өздерінің жеке қасиеттері: дауыс ырғағы, үндестілік, сөйлеу екпіні, қимыл-қозғалыстары, мимикасы және т.б. арқылы ерекшеленетін пікірлес әріптестер арасында қолдау тапты.

Студенттер аталған әдістің қолданылуымен өткен сабақты жоғары бағалайтынын тәжірибе жүзінен көруге болады. Біріншіден, оқу материалы дайын күйінде берілмей, проблемаларды оқытушымен бірлесе шешу арқылы диалог құру нәтижесінде меңгеріледі. Сонымен қатар, көп көлемдегі ақпаратты азайтады, тек нақтылы фактілер келтіріліп, нақтылы теориялық материал беріледі.

Дәріс оқудың мынандай әдістерін көрсетуге болады. Олардың бірі «жұптасқан дәріс» әдісі – бұл өн бойына оқу материалын репродуктивтік, проблемалық, интеграциялық, және диологтік баяндау элементтерін жинақтаған оқыту тәсілі. Жұптасқан дәріс» әдісін қолдану арқылы өткізілетін оқу сабағына даярлықты қарастырайық: бір проблемаға ғалымдардың әр түрлі пікірлері қалыптасқан, мазмұнында қарама-қайшылықтары бар тақырыпты таңдап алу;   дәрісті оқу сценарийін құру (негізгі сұрақтар, көрнекі құралдарды дайындау, оқу материалын уақытқа бөлу және т.б.);   оқу тобының сабаққа даярлық деңгейін есепке алу.

Оқытушылардың міндеті оқытылып жатқан тақырып төңірегінде пікірталас тудыру, сонымен қатар айтылған пікірлер, ұсыныстар шындыққа сай келмеуі де мүмкін, ал студенттер міндеті шындыққа жетудің тиімді жолдарын табу.

Әдістің өз «артықшылығы» мен «кемшілігі» бар, соларды қарастырайық. Әдістің «артықшылығы»: студенттердің танымдық іс-әрекетін арттырады; студенттердің эмоционалды және ынталану сезімдерін жетілдіреді; оқу материалын интеграциялау жүйелі ойлау мен жүйелі білімнің қалыптасуына себепкер болады.

Әдістің «кемшілігі»:   алдын ала дайындық үшін уақыт пен арнайы жағдайларды қажет етеді [1].

Екінші дәріс оқу әдісі пікірталас әдісіоқытудың сөздік әдістерінің ішінде елеулі орын алады. Оның оқыту процесіндегі ең басты қызметі - танымдық қызығушылықты ынталандыру, студенттерді қандай да мәселе бойынша түрлі ғылыми көзқарастарды белсенді түрде талдауға қатыстыру, басқа жеке тұлғанық және өзінің көзқарастарының негіздерін түсінуге жағдай жасау. Пікір-сайыс өткізу үшін студенттердің дайындығы, талданатын мәселе бойынша кем дегенде екі ңарама-қарсы көзқарас болу керек. Білімсіз өткен пікірсайыс жүйесіз мәселеден ауытқып, нәтижесіз өтеді. Оқу пікірсайыстары студенттердің өз ойларын анық және дәл тұжырымдау іскерлігінің болуын, дәйекті дәлелдерді құрастыра білуін талап етіп, оларды ойлауға, өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеуге, ой жарыстыруға үйретеді. Дәріскер сөз мәнерінің үлгісі болып, оқушылардың ой-пікірлерін тыңдап, оған әдепті түрде түзетулер енгізіп, өз пікірінің ақиқаттығына таласпай, соңғы сөзді айтуға құқығы бар екендігін студенттердің естеріне салуы қажет.

Әлеуметтік –психологиялық тренинг- қарапайым түсініктегі жаттығу ғана емес, бұл нақты бір дағдыларды игеру ғана емес, тұлғаның адамдармен қарым-қатынас жасаудағы бағыттылығын белсенділігін, құзыреттілігін қалыптастыру, топтың әлеуметтік-психологиялық нысана ретінде даму деңгейін арттыру мақсатын көздейді.

 Студенттер педагогикадағы оқытудың белсенді әдістерін қолдану арқылы, өзіндік бағасының дамуы оның әлеуметтік дамуына, болашақта қажетті дағдыларды жинақтауына, еңбекке бейімделуіне, өз бетінше өмір сүруге дайындықтарының артуына жағдай жасайды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.                 Губайдуллина Г. Н. «Педагогиканы оқыту әдістемесі» - Алматы, 2011ж.-328 б.

2.                 Мұханбетжанова Ә.  «Педагогиканы оқыту әдістемесі» - Алматы, 2011ж-356 б.