Дарынды
оқушылардың
шығармашылық қабілеттерін
арттыру жолдары
Бисенова
Галия Алдабергеновна
Қызылорда көпсалалы гуманитарлық – техникалық колледжі
«Адам
– тәрбие нысанасы» деген педагогикалык ғылымның
қағидасы бойынша, «Күллі ғажайыптың ішіндегі
ең тамашасы – жақсы тәрбиеленген адам» екені аян. Адам –
табиғаттың төресі, әміршісі, падишасы болу үшін
жаралған, бірақ үстемдік құратын
даналық оған туа бітпеген:
ол ондай даналыққа білім арқылы жетеді.
«Дарынды оқушыларды оқыту –
тәрбиелеудің кешені бағытында» білім беру
құрылымы мен мазмұнын жаңарту, оқыту
технологияларын жетілдіру арқылы бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» атты
жаңа шығармашылық тақырыпта ғылыми –практикалық,
әдістемелік бағытта жаңаша тың ізденіспен
жалғастыруда.
Ағылшын
тілі. Халықаралық қатынаста кең таралған
ортақ тіл.Жаңалықтар ментехнология жетістіктеріне жеткізген
–қысқа жол-тіл құралы. Ата-аналардың
талап-тілегімен ұштасатын арнайы шет тілі. Тілдерді оқыту
арқылы дарындылықты дымытудағы басты қағидамыз:
«Тіл – өмірдің ұлы қаруы». Оқытуды жаңа озық инновациялық технологияларын
тиімді,жүйелі пайдалану. Дарынды оқушылардың шығармашылық ізденістерін
жетілдіру, эстетикалық –танымдық және мәдениеттік
қасиеттерін дамыту бағытында лицейде қала, облыс, республика
көлемінде оқыту-тәрбиелеу бағдарламалары тиімді
жүзеге асырылады. Дарындылық ағыл-тегіл
ақылдылық. Дарын - зерделігімен дамып отыратын үздіксіз
үрдіс. Дарындылық –адамның белгілі бір істі орындауға бейімділігі мен
ыңғайлылығын білдіретін даралық қасиет,
психологиялық ерекшелік, дарындылық санасы – зейінділік.
Дарындылық- сананың белгілі бір нысанаға бағытталып , сол нәрсеге
шоғырлануы. Дарындылық – қуат пен серпін беретін сиқырлы күш. Дарындылық
–даналығымен даралану. Баланың дарындылығы мынадай алты
ерекшелік арқылы анықталады.Олар: интеллектуалдық,
академиялық жетістік,
шығармашылық ойлау, ортамен байланыс және өз ортасына
жетекшілік жасай білуі, көркемөнерге қабілеттілігі,
қимыл-қозғалысқа бейімділігі. Баланың
шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту
ең бастысы жағдайлар жасау қажет.Оқушының
дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе
мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның
тұлғалық қасиетіне
байланысты. Дарынды оқушымен
жұмыстың негізгі мақсаты – оқушының
шығармашылық қабілетін дамыту, жеке
тұлғаның
дарындылығын жетілдіру.
Мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының
танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.Дарынды оқушымен жұмыс жүйесінде
мұғалімнің қызметі маңызды орын алады.
Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты,
кәсіби тағдыры тек
жақсы мұғалімге байланысты. Жаңашыл педагогтар
оқушының жеке
тұлғалық абыройын
барынша құрметтеуге, шығармашылық
қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін
дамытуға міндетті.Дарынды оқушымен жұмыс
мұғалімнің өзіне, қызыметіне және
кәсіби біліктілігіне жаңа жоғары талаптар қояды:
өзінің
сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен
жоғары деңгейде білу;
оқушы
дарындылығын моделін білу;
қазіргі заманға сай
оқытудың жаңа
технологияларын білу ;
Дарынды
оқушыны оқыту ,
тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл
бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да
көңіл бөлу;
Дарынды оқушылардың ерекшелігін
ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі;
Дарынды
оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;
Дарынды
оқушыларды жекелей және топпен оқытуға арналған
бағдарлама құрастырып ,сонымен тұрақты
жұмыс істей білуі;
Оқушы
дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын
жүргізе алуы;
Дарынды
оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай
білуі;
Дарынды
оқушының ғылыми – ізденіс жұмыстарымен айналысуына
жетекшілік етуі. Дарынды балалармен
жұмыс – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне,
ойлау қабілетіне сай
деңгейлеп оқыту,
ғылыми- ізденіс қабілеттерін қалыптастыру ісіне үлкен
ықпал етеді. Дарынды
балалармен жұмыс істеудің нәтижесі білімді өз
еркімен игере алатын дәрежеге жеткізу болып табылады. Қоғам алға қарай
дамыған сайын адамның өмірге деген көзқарасы,
білімге деген құштарлығы арта түсуде. Толық
оқып жетілген адам – ол өскен, гүлденген, жасыл желекке
бөленген, тұқымын шашқан ағаш секілді. Ал,біздің
негізгі мақсатымыз оқушы тұлғасын дұрыс зерттеп
табиғатын дамыту. Дарынды оқушыларды таба біліп,
әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап,
олардың өздеріне деген
сенімін арттырып, ата-ана, мектеп-оқушы-ұстаз байланысын
жоғары ұстап,
шығармашылықпен жұмыс істеп, оқушының
білімге ынтасын арттыру қажет.
Ең бастысы, табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйын одан әрі дамытып,
ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыра білейік.
Пайдаланылған
әдебиеттері
1.Мектептегі шет тілі №3 2007ж.
2.Мектептегі шет тілі(журнал)№3 2007ж.
3
Қазақстан мектебі № 5 2004 ж
4 Мектеп директорының
орынбасары
(журнал) №3 2007ж.