Әбділлаев Әбдіқалық Көшербайұлы

ХҚТУ профессоры

Маханбет ЕРЖАН Тайбағарұлы

п.ғ.к., аға оқытушы

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Түркістан қ.

 

ДЕНЕ МӘДЕНИ ЕТІНІҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕ ДИНАМИКАЛЫҚ ҮДЕРІСІ РЕТІНДЕ ҚАРАСТЫРЫЛУЫ

 

 

         Дене мәдениеті – қоғамның және жеке тұлға мәдениетінің органикалық бөлігі. Оның ерекше мазмұнының негізін өмірлік тәжірибеде дене дайындығының қозғаушы күші ретіндегі қозғалыс қызметінде, адамның дене мүмкіндігі жағдайы мен денсаулығын жақсартуда тиімді пайдалану құрайды.

         Дене мәдениеті бойынша педагогикалық процестің негізгі қызметі  шұғылданушыларды оқытып, үйрету, тәрбиелеу және дамыту болып табылады.

         Дене мәдениетінің бұл қызметтерін жүзеге асыру қазіргі уақытқа дейін елеуі қиындықтар туғызуда. Оқу сабақтары мен спорттық-көпшілік жұмыстарды талдау көрсеткендей, мектепте дене мәдениетімен шұғылданушылардың тек 60% ғана дене жаттығуларымен белсенді шұғылданады екен. Сондықтан олардың көпшілігі қозғалыс белсенділігінің қажетті нормадағы мөлшерін ала алмайды. Адам ағзасының биологиялық ұзақ уақыт алынбаған қажетті дене жүктемесі денсаулықтың нашарлауына әкеледі.

         Мұндай жағдайдың себептері мыналар болуы мүмкін:

  шұғылданушылардың денсаулық жағдайы;

• дене мәдениеті мен спорттың мәнін бағаламау;

• оқу-тәрбие процесінің білікті спорт мамандарымен қамтамасыз етілмеуі;

• нашар материалдық-техникалық база;

• қажетті спорттық құрал-жабдықтардың болмауы

         Жас ұрпақты оқытып, үйрету және тәрбиелеу өскелең өмірдегі қоғамдық прогрестің деңгейіне сәйкес келу үшін дене сапаларын жетілдіру және жан-жақты дамытуға бағытталған дене мәдениетінің формалары мен әдістері құралдарының кешенді шаралары қолданылады. Оқытып, үйрету процесі мыналарды алдын ала қарастырады:

• жеке дене белсенділігі негіздерін меңгеру;

• дене мәдениетінің дағдыларын, білім және біліктілікті меңгеру;

• үйлесімділік қабілеттерін дамыту;

• өздігінен дене мәдениеті - сауықтыру және спорттық қызметтің  дағдыларын қалыптастыру;

• ерік-жігер, адамгершілік сапалары мен ақыл,ой қабілеттерін дамыту.

         Бұған дене мәдениеті мен спорттық қызмет барысында адамгершілік және қарым-қатынас қуанышы сияқты сапалық қасиеттерді қалыптастыруды қосуға болады.

         Оқушылардың дене сапаларын үйлесімді дамыту үшін оқытып, үйрету барысында дене мәдениеті пәнінің оқытушылары өз іс тәжірибесінде мыналарды пайдалануы тиіс:

• қазіргі заманғы психологиялық-педагогикалық және психологиялық-физиологиялық технологияларды қолдану негізінде оқытып, үйретуді жандандыру және қарқынды жүргізу;

• жеке тұлғаның үйлесімді дамуын  қалыптастыруға іскерлік қатынаспен келу.

         Оқытып, үйретуге іскерлік қатынаспен келу, яғни оқушыларды тек дайын білім мен біліктілікті ғана меңгерту емес, сонымен бірге оларға дене мәдениеті сауықтыру қызметінің жаңа тәсілдерін үйренуге бағдар беру болып табылады.

Педагогикалық процесті жандандыру ұғымы  мына келесілермен түсіндіріледі:

• оқу-тәрбие қызметінің қарқындылығын арттыру;

• оқытып, үйретудің мақсатты бағыттылығы және дене мәдениетімен және спортпен шұғылдануға қызығушылықты күшейту;

• оқытып, үйретудің шығармашық үлгілері мен әдістерін қолдану;

• оқу ақпаратын меңгерту және беруде компьютерлерді және басқа техникалық құралдарды пайдалану.

         Дене даярлығы мықты, жоғары өнегеліліктегі, ерік-жігер, адамгершілік-рухани және психологиялық сапаларын меңгерген студенттерді дайындау үшін жоғары оқу орындарында барлық мүмкіндіктердің бар екенін тәжірибе дәлелдеп отыр.

         Алайда оқу процесін күшейту, жаңа пәндерді ендіру, оқытып, үйрету жүйесін компьютерлендіру әдеттегі оқу және демалыс қарқынының бұзылуына, дене және жүйке-психикалық жүктемелердің артуына әкеледі.

         Назар салудың тұрақты күшеюі, әрекеттің өз уақытындағы дәлдігі, жоғары дәрежедегі жауапкершілік артық қажуға және жүйкенің бұзылуына әкеледі.

         Оқытып, үйретудің қарқынын күшейту кезінде жоғары жұмыс қабілеттілігін сақтау үшін оқушыларға дене мәдениетімен шұғылдану сабақтарында қалыптасатын белгілі дәрежедегі қозғалыс дағдыларын және арнайы психологиялық сапаларды меңгеру қажет.

         Қазіргі қолданыстағы білім беру жүйесіндегі дене мәдениеті мен спорт басқа оқу пәндерімен үзіліссіз байланыстағы оқытып, үйрету және тәрбиелеу процесінің міндетті және бөлінбейтін бөлігі болып табылады. Бұл байланыс әрекет нысаны-шұғылданушы және әрекет мақсаты жеке тұлғаның жоғары социализациясын қалыптастыру болып саналады.

         Дене мәдениеті бойынша педагогикалық қызметтің мақсаттарын жүзеге асыруда жалпы және жеке ерекшелік сипаттары бар оқытып, үйретудің әртүрлі құралдары, үлгілері мен әдістері пайдаланылады.

         Сонымен, сабақта міндетті түрде оқушылардың жас ерекшеліктері, жасөспірімдер мен бойжеткендердің дене дайындығы ерекшеліктері есепке алынады. Шұғылдану сабағы пайдалы болу үшін оқытушы (жаттықтырушы) дене жаттығуларының, спорттық машықтанудың оқытып, үйрету әдістері мен ерекшелігі бар үлгілерін пайдаланады.

         Дене мәдениеті бойынша білім мен біліктілікті табысты меңгеру оқушыларға мына мүмкіндіктерді береді:

• басқа пәндер бойынша үлкен білім көлемін меңгеру;

• дененің бабындағы жақсы жағдайын сүйемелдеу;

• алға қойылған міндеттерге сәйкес сабақ үлгерімін арттыру.

         Осындай бейнеде, білім беру жүйесінде дене мәдениеті басқа пәндермен білім беру мақсаттарын орындауда бірін-бірі толықтырып тығыз бірлікте болады.

         Оқушылардың дене дамуының білім беру мақсаттарына мыналар жатады:

• дене сапаларының ұтымды даму деңгейі;

• денсаулықты сақтау және нығайту, ағзаны шынықтыру;

• дене құрылысын жетілдіру және ағзаның физиологиялық қызметтерін үйлесімді дамыту;

• жалпы және кәсіби жұмыс қабілеттілігінің жоғары деңгейін ұзақ уақыттар сақтау.

         Осы мақсаттардың барлығы бір-бірлерімен өзара байланысты. Алайда оқытып, үйретудің әрбір сатысында алға қойылған мақсаттарды орындауда басымдық көрсетуі немесе бірнеше бағытта берілуі мүмкін. Осыған сәйкес білім беру міндеттері мен оны іске асыру құралдары анықталуы тиіс.

         Оқытып, үйрету үдерісінде шешілетін білім беру міндеттеріне мыналар жатады:

• өмірде маңызды және кәсіби қажетті қозғалыс біліктілігі мен дағдыларын жекелей қалыптастыру және оларды сапалы жетілу дәрежесіне дейін жеткізу.

         Жалпы педагогикалық міндеттердің көмегімен өнегелілік, идеялық-патриоттық және еңбекке тәрбиелеу мәселелері, сол сияқты адамгершілік, ереік-жігер, сезім күйі сапалары мен эстетикалық қажеттіліктер жүзеге асырылады.

         Оқушыларды оқытып, үйрету және тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттерін орындаудың басты алғы шарттары мыналар болып табылады:

• жастардың дене мәдениетіне мотивациялық-құндылық қатынастарын алдын ала қалыптастыру;

• салауатты өмір бейнесін қалыптастыру және дене сапаларын жетілдіру;

• дене жаттығуларымен және спортпен жүйелі шұғылдануға деген қажеттілік;

• дене мәдениеті негіздерінен білімі  бар және жоғары тәжірибелік дағдыларын меңгерген білім беру мекемелерін бітірушілерді даярлау;

• жұмыс қабілеттілігін төмендетпей оқу және кәсіби қызмет барысында дене және психикалық қажуға қарсы тұра білу (төзімділік) қабілеттерін қалыптастыру;

• өз бетімен дене жаттығуларын өткізу және жоспарлай білу.

         Оқушылардың жақсы денсаулығы мен дене мүмкіндігі жағдайы дене мәдениетінен білім берудің ерекше және динамикалық педагогикалық процесінің басты нәтижелерінің бірі ретінде қарастырылуы тиіс.

         Дене мәдениеті - жеке тұлғаның жан-жақты үйлестікте дамуының маңызды құралы, дене сапаларын жетілдіру бойынша адамның алға өсуінің әлеуметтік қозғаушы күші.

 

Әдебиеттер

 

Педагогика. Дәріс курсы. – Алматы: «Нұрлы Әлем», 2003. – 368 б.

Қоянбаев Ж.Б., Қояенбаев Р.М. Педагогика: Университеттер студенттеріне арналған оқу құралы. –Алматы, 2002-384 б.

Әбділлаев Ә.К. Дене мәдениеті  және спорт педагогикасы (лекциялық жинақ). Түркістан., 2014ж,

Лихачев Б. Педагогика (курс лекция) Москва. 2006г.

Каинова Э.Б. Общая педагогика физической культуры и спорта. Москва. 2007г.