Мектеп жасына дейінгі балалардың дидактикалық ойындар
арқылы
белсенділігін арттыру
Тараз
мемлекеттік педагогикалық институты
Шыниева Р.Т.
Жаңа ғасырдағы Қазақстан елінің
үміт артар келешегі бүгінгі балабақша балалары десек, оларды
жан-жақты уақыт талабына сай білімді, мәдениетті,
шығармашылық қабілеті жоғары, интеллектуалды, белсенді
азамат етіп шығарудағы тәрбиешілердің алдындағы
зор міндеттер айтпаса да түсінікті.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы»
заңының 11-бабында «Білім беру жүйесінің міндеттері –
ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде
жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және
кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу
үшін қажетті жағдайлар жасау», - делінген. Мұндай
күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің
алғашқы сатыларының бірі болып саналатын
балабақшаның алар орны ерекше. Мектепке дейінгі білім –
үздіксіз білім берудің
алғашқы басқышы. Осыған орай балаларға белгілі
бір көлемдегі білім, дағдыларды меңгертуде дидактикалық
ойындардың маңызы зор [1].
Мектепке дейінгі білім беруде
балалардың қазақ балабақшаларының балаларына
ұлттық тәрбие берудің және оған
басшылық педагог-тәрбиешілерді дайындаудың бағдарлы
идеялары еліміздің тұңғыш Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың ««Қазақстан жолы–2050: Бір
мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының
«Қазақстан мұраты» бөлімінде былай айтылған «Олар бабаларының игі
дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы
нарықтық экономика
жағдайында жұмыс істейтеуге даяр болады... Олар күллі
әлемге әйгілі, әрі сыйлы, өз елінің патриоты
болады...» [2].
Сонымен
қатар,
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту 1 жастан 6 жасқа дейінгі
жастағы балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиелеумен және
оқытумен толық қамтуды, балаларды мектепке даярлау үшін
олардың мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың әртүрлі
бағдарламаларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету
қажеттігі атап көрсетілді [3].
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі оқыту
мен тәрбиелеу стандартында мектеп
жасына дейінгі балаларды білім беруді оқу жоспарының «Коммуникация», «Таным», «Әлеуметтік
орта», «Денсаулық», «Шығармашылық» білім беру салаларына
кіріктірілген [4].
Оқыту үрдісінде
дидактикалық ойынды
қолдану кездейсоқ нәрсе
емес. Дидактикалық ойын - балалардың танымдық белсенділігін
арттырады.
Белсенділік - болмыстың қоғамдық формаларын
құруға және адамның қоғамдық
мәнін жүзеге асыруға бағытталған әрекеті.
Танымдылық белсенділік
дегеніміз – баланың оқуға, білімге деген
ынта–ықыласының, құштарлығының ерекше
көрінісі. Педагогтар мен психологтар білім берудегі дағдарыстарды
жеңудегі ойынның аумақты мүмкіншілігі зор екенін атап
өтеді. Бала еліктеу, қабылдау арқылы түрлі рольді
ойындарды атқара отырып, әлеуметтік өмірдегі өндіріс
қатынастарының мазмұнын түсінеді. Әртүрлі
ойын баланың дүниетанымын кеңейтіп, қарым-қатынас
жасауда белсенділігін дамытады.
Ойын» ұғымына
түсініктеме берсек - бұл адамның
мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын
қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға
арналған жағдаяттар негізінде іс-әрекеттің бір
түрі. Ойын – адамның өміртанымының алғашқы
қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден
көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді.
Ғалымдар ойынды
балалардың іс-әрекеті ғана емес танымдық әрекет
деп қарастырған, ойынды баланың ізденіс –
шығармашылық құралы ретінде зерттеген. Ғалымдар
рольдік, шығармашылық ойындардың теориясын талдай келіп
(Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, А.И.Фрадкина, А.П.Усова,
Д.Б.Эльконин, Р.И.Жуковская, Т.А.Маркова т.б.) ойынды және ойын
элементтерін педагогикалық процестің негізі әсіресе
дидактикалық және қозғалыс ойындарының
ерекшіліктері, оның алатын орны және маңызына
тоқталған. (Е.А.Радина, А.И.Сорокина, Е.И.Удальцова,
Э.М.Богусловская, В.Н.Аванесова т.б.) ал әдіскер ғалымдар балалардың
көркемсурет тәрбиесіндегі ойынның маңызын
анықтауға бағыттауға арналған еңбектер
(Н.А.Ветлугина, Н.П.Сакулина, Н.В.Аванесова т.б.) жазған [5].
Ұлы
педагог В.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз,
шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі
ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек, шәкірттің
ақыл-ойы, парасатты ұлттық салт-сананы сіңіру
арқылы байи түспек [6].
«Балалардың ойлауын дамыту» туралы М.Жұмабаевтың
еңбегінде ойлау жанның өте бір қиын терең ісі,
жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан тәрбиеші ойната отырып
ойлантуға жүйелі сөйлеуге ұмтылдыру қажет. Ойнай
жүріп балалар қоршаған орта жайлы білімдерін
толықтырады, дербес шешім қабылдауға дағдыланады, ойлау
барысында ұтқырлық пен тапқырлық танытады. Бала
ойын үстінде дүниетанудағы өз мүмкіншілігін
сезінумен қатар айналасындағы адамдар олардың әрекетіне
көңіл аударады, заттың ішкі мазмұнын білгісі келеді
[7].
Бала ішкі белсендігіліне
оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Бала белсендігі
қандай болғанда да ой дербестігіне сүйенеді. Оқу
үрдісінде балалардың белсендігін дамытуды мақсат еткен тәрбиеші
ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің барлық
кезеңдерінде олардың ой дербестігін дамытуға тырысады. Балада
белсенділік бір қалыпта болмайды оның қарапайым
(еліктеушілікке, жай қайталауға, біреудің айтқанын
бұлжытпай орындауға негізделген) және күрделі
шығармашылық т.б. белсенділік түрлері болады.
Балалардың
қиялын, ойлауын дамыту үшін түрлі ережелер мен ойнайтын
ойындардың да үлкен дидактикалық мәні бар.
Баланың тілін дамытуда, сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін,
дүниетанымын жетілдіруде дидактикалық ойындар тиімді нәтиже
береді. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде дидактикалық ойындарды ойнау барысында
баланың іс әрекеті әлеуметтік сипат алады. Ойынның
ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы,
бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр
ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты
жеңіске жету болса, әр ойыншы өзінің
қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір- біріне деген сенім
арттырады. Дидактикалық ойынның тағы бір тиімділігі білімді
жаңа жағдайда қолдана алу қабілетінің дамуына
және де балалардың меңгерілген оқу материалын
өзіндік бір тәжірибеден өткізуіне септігін тигізеді
және балаларды
қызықтырады. Ойын әдісінің оқу мүмкіндігі
бай. Балалар бұл жөнінде әрине ойланбайды. Олар үшін
ойын сергіту тапсырмалары, демалу уақыты болып табылады. Ойын әрекеттері
арқылы бала материалды еркін меңгеріп кетеді және бала
бойында өзіне, өз ісіне ырза болу сезімі қалыптасады. Міне,
осыдан келіп тақырыптың өзектілігі шығады.
Тәрбиешінің
міндеті – ойын барысында балалар арасында адамгершілік
қарым-қатынастарды талдап, зерттеу, оны тиімді әдістермен
басқару, балалардың достығын қолдау.
Дидактикалық
ойындардың тиімділігі, олардың ұйымдастырылған
оқу іс -әрекет
кезеңіндегі орны мен міндетін және мақсатын дәл
анықтауға, оны қолданудың теориясы мен
практикасының тәрбиешінің
жетік игеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті
материалдардың жиынтығын алдын-ала дайындап алуға, ойын
процесіне балаларды белсенді
ұйымдастыруға байланысты.
Қорыта келгенде,
дидактикалық ойын –
балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала
өмірі ойынға байланысты. Бала
ойынсыз өсіп өркендей алмайды. Бұл –
өмірдің заңдылығы. Сондықтан да
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде дидактикалық
ойын элементтерін пайдаланудың балалардың ой белсенділігін
арттырудағы маңызы зор.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1
Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңы.// Егемен
Қазақстан. №23.2007.
2
Назарбаев
Н.Ә. «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір
мүдде, бір болашақ». – Астана, 17 қаңтар 2014.
3
Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы. - //Егемен Қазақстан
2010, 14 желтоқсан.
4
Қазақстан
Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі
тәрбие мен оқыту стандарты. – Астана, 2010.
5 Эльконин Д.Б. психология обучения младшего школьника. – М.: Знания, 2007
6
Сухомлинский В.А. Балаға жүрек жылуы. - Алматы: Мектеп, 2005.
7
Жұмабаев
М. Педагогика. – Алматы: Санат, 2006.