Мейрбекова Б.
Тараз мемлекеттік педагогикалық
институты, Қазақстан
ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ
ӘДІСТЕМЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ БАСТАПҚЫ
ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Қазақстандағы
білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда
оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп,
халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің
жақсаруы мен қазақстандық білім беру
жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен,
педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл
қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және
кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ
педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды
арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген[2]. Қоғамның жедел ақпараттануы мен
қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды
түбегейлі өзгертті. Осыған байланысты
қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі
реформалар мен сындарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар
әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен
бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа
идеялармен, жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары
анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі
білім беру жүйесіндегі педагогтардың деңгейіне байланысты.
Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы
кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты –
мамандықты игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім
кеңістігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға
дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне
сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру
жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті
мәселелердің бірі. Ал, нәтижеге
бағытталған білім беру дегеніміз жеке тұлғаның
құзырлығын қалыптастыру. Білім берудің басты
мақсаты – білімге, білік пен дағдыға қол жеткізу
ғана емес, солардың негізінде лайықты ақпаратты
өзі табу, талдау және оны ұтымды пайдалану, сөйтіп
қарқынды дамып жатқан заманға лайықты өмір
сүру болып табылады[1].
Ақпараттық қоғамның негізгі
талабы – білімгерлерге ақпараттық білім негіздерін беру,
логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту,
ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру
құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып,
ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Білім беру жүйесін ақпараттандырудың
негізгі мақсаты білімгерлердің ақпараттық
мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында
білімгерлердің ақпараттық мәдениетін
қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі
туындап отыр. ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам
қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында
төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік
техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және
телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті
құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу
үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
Жеке адамды қалыптастырып дамыту және
оған жан – жақты терең білім беру мақсатында
көптеген білім беру технологиялары ұсынылуда: дамыта оқыту
технологиясы, саралап оқыту технологиясы. Білімгердің ойлау
қабілетін дамыту үшін өздігінен жұмыс істеуге баулу,
өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру, білімгердің
белсенділігін арттыру барысында проблемалық сұрақтарды
пайдалану, проблемалық ситуациялар туғызу. Тиімді оқытудың
негізгі бір шарты – білімнің мазмұнын дәл, тиянақты
анықтау. Негізгі ұғымдар мен мәселелерді, теория мен
фактілерді қажеттілігі мен тиімділігіне сай іріктей білу, өз
бетімен оқи білуге, білім алуға үйрету.
Сабақты өткізу барысында
стратегиялардың барлығы үш кезең арқылы
жүзеге асатын тиімділігімен; оқытушының сапалы сабақ
өткізуіне мүмкіндік туғызу; оқыту мен
ұйымдастырудың тиімді әдіс – тәсілдерінің
молдығымен; ғылыми – теориялық тұжырымдамаларының
тереңдігімен.
Үшінші мыңжылдық –
құзыреттілік білім беру жағдайында мамандардың
инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты
инновациялық іс-әрекет кезеңі. Бұл жағдайда
оқытушының кәсіби құзыреттілігін дамыту,
кәсіби іс-әрекеттігі ғылым негіздерін білу, оны іс
жүзінде игеру, кәсіби біліктілік пен дағдыларды меңгеру
ерекше мәнге ие болып отыр. Әр түрлі жағдайларда
нәтижелі шешім қабылдау, әрекет жасау қабілетін есепке
алатын құзырлықты нәтижеге бағдарланған
білім беру бүгінгі күннің талабы. Оқытушының
алдында өмірге жан-жақты дайындалған ынталы,
шығармашылықпен ойлайтын, іздемпаз, жүйелі қорытынды
жасай білетін, дәлелді пікір айтатын, адами
құндылықтары жоғары, білімді, жеке тұлға
тәрбиелеу мәселесі тұр. Бұл мәселені шешу – заман
талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар,
меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары
жетекші ұлағатты тұлға арқылы жүзеге
асырылады.
Құзыреттілік тәсіл идеясы –
қоғамға қандай, жеке тұлғаға
қандай білім қажет және ол қоғамның
қандай қажетін өтей алады деген сұраққа жауап
береді. Оқытушының құзыреттілігін қалыптастыру –
бүгінгі білім беру саласының өзекті мәселелерінің
бірі. Құзырлылық тәсіл білім сапасын арттыруды
дәстүрлі тәсіл мен білім мазмұнын ұлғайту
арқылы шешудің арасындағы қарама –
қайшылықтан туындаған дағдарыстан шығудың
бір жолы деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім
берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған
білімнің көптігінен емес, ол білімді қолдана білумен
маңызды.
Оқытушының басты рөлі –
тұлғаның жеке дамуына негізделген, жан – жақты
зерттелетін, сараланған білім беру үлгісінің басым
бағыттарын айқындау нәтижесінде еліміздің әлемдік
өркениетке негізделген білім саясатының стратегиялық
мақсаттарын жүзеге асыру.
«Құзыреттілік» ұғымы – педагогика
саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше
көңіл аудару нәтижесінде енгізіліп отырған
ұғым[3].
Құзыреттіліктің тікелей аудармасы
белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар, білгір деген мағынаны
қамти отырып, қандай да бір сұрақтар
төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді
білдіреді.
Тұлғаның ең жоғарғы
қабілеті – кәсіби құзыреттілік. Кәсіби
құзыреттілік маманының тұлғалық және
өзінің іскерлік қасиеттерінің кіріктірілген сипаттамасы
деп айтуға болады. Түрлі шешімдерді қабылдау үшін
маманның бойында білім, білік және тәжірибенің
жеткілікті болуы шарт:
- әлеуметтік-құқықтық
құзыреттілік – кәсіби қарым-қатынас қолдана
білу қабілеті;
- жеке құзыреттілік – үнемі кәсіби өсу мен
біліктілігін арттыру және оны кәсіби еңбекте іске асыру
қабілеті;
- арнайы құзыреттілік – нақты іс-әрекетті өз
бетінше орындау дайындығы, кәсіби міндеттерді шешу білігі
және өзінің еңбек нәтижесін бағалай білуі,
мамандығы бойынша білім мен білікті өздігінен іздену
қабілеті;
- аутоқұзыреттілік – кәсіби қиындықтардан
шығу технологияларын игеруі және өзінің
әлеуметтік-кәсіби іс-әрекеттері туралы адекваттық
көзқарастарының болу қабілеті;
- экстремальді құзыреттілік – күрделенген жағдайларда
оқу-тәрбие үрдісіндегі қолайсыз жағдайларда тез
шешім табу қабілеті.
Кәсіби
құзыреттілік кәсіби педагогикалық біліктердің
қалыптасу деңгейімен бағаланады. Педагогтарды кәсіби
құзыреттілік тұрғыда даярлау арнайы жалпы және
түйінді құзыреттілік негізінде жүзеге асады.
Мұндай құзыреттіліктер оқытушының
кәсіби-педагогикалық еңбегінің жоғары
нәтижелі болуына кепілдік береді. Білім беруде кәсіби
құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз
пәнін жетік білетін, білім алушының шығармашылығы мен
дарындылығына жағдай жасай алатын,
тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары,
педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын
жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың
жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік
тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін
кәсіби маман педагогті атаймыз.
Әдебиеттер:
1.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы.
Астана, 2000.
2.
Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
3.
Ж..Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев. Педагогика. – Алматы, 2002.