Боранчинова Ж. М
2 курс магистранты
Қазақ
Мемлекеттік Қыздар Педагогика Университеті
Қазақстан, Алматы
«1970-1989 жж. көші-қон
халықтың әлеуметтік және
этно-демографиялық ерекшеліктерінің
әсері
Қазақстан
Республикасының ішкі-сыртқы көші-қон саясатын
жүргізуде өткен кезеңдегі бұл үдерістің
қыры мен сырын анықтап алу өте маңызды. Себебі,
ғаламдану кең қанат жайған сайын күрделене
түскен тәуелсіз республикадағы көші-қон
үдерісі кеңес дәуіріндегі көші-қонның
этно-демографиялық салдарларымен тығыз ұштасқан.
Сондықтан, бұл жұмыста кеңес дәуірі
тұсындағы мемлекеттің ұстанған саясатына орай
көші-қон үдерістерінің барысы мен нәтижесі,
зардабы мен тәжірбиелік маңызы көрсетіліп,
тарихи-демографиялық салдарлары қарастырылады.
Елбасымыз
2010 ж. халыққа Жолдауында 2020 ж. қарай республика
халқының саны 10 пайызға өсуі үшін мемлекет
барлық мүмкіндіктерді жасайды деп қазіргі кезеңдегі
еліміздің дамуының басымдылық бағытына ерекше көңіл
бөлді. Табиғи өсіммен бірге көші-қон
мәселесінің сабырлы саясаттың, тұрақты экономиканың,
құқықтық қатынастардың,
ұлтаралық достық пен келісімнің негізгі
тіректерінің бірі ретіндегі рөлі көтерілуде. Еліміздегі
демографиялық ахуалда оң өзгерістерге қол жеткізу
үшін көші-қон мәселесіне басымдылық беріп,
табиғи өсімді ынталандыру – мемлекетіміздің
демографиялық саясатындағы басты бағыттарының бірі
болып табылады.
ХХ
ғ. Қазақстанның демографиялық дамуындағы
басты ерекшелік - халықтың сандық және сапалық
динамикасында табиғи өсімнің емес, көші-қон
үдерісінің ықпалының басты рөл атқаруы.
Ғасыр бойы жүрген көші-қон халықтың
көп ұлтты құрылымын қалыптастырып қана
қоймай, республиканың саяси-әлеуметтік, экономикалық
даму ерекшеліктерін айқындап, қазақ ұлтының
дәстүрлі даму бағыттарына күрделі өзгерістер
енгізді. Сонымен бірге, көші-қон үдерістерінің
көлемі, бағыттары мен негізгі үрдістері Қазақстан
аймақтарының әлеуметтік, экономикалық және
демографиялық даму ерекшеліктерінің қалыптасуына әсерін
тигізді.
1960-1990 жылдардағы тұтас саясаттың
бір бөлшегі кеңестік көші-қон саясаты және
қоныстандыру қоғам заңдылықтарына сәйкес
жүргiзiліп, оның қағидалары негізделген
демократиялық үрдiстермен ұштасқан болса, онда 1986
жылғы ұлтаралық қақтығыстар шиеленiспеген
болар едi. «Ақиқат маңдайыңа тимей, санаңа
сiңбейдi» деген сөз бар… халық әрең жеткен
өз бостандығын қолдан бермек емес және ешкiмге сыйлай
салмайды» тұжырымдарын жасаған Н.Ә. Назарбаевтың
«Қазақстан халықтарының азаматтық
таңдауы-тарихи зерде, ұлттық татулық және
демократиялық реформалар» [1], және «Тарих толқынында»:
«…Тоталитаризм - өкiнiшке қарай заңдылық.
Қоғамдық үрдiстердi тоталитарлық әдiспен
реттеу тиiмсiздiгi көрiнiс бердi» [2] деп, кеңес саясатының
күйреу салдарын сараласа, «Қазақстан – 2030» (Ел Президентiнiң
Қазақстан халқына Жолдауы)» еңбегiнде: «…осал
жағымыз кез келген тұрғыдан қауiптi-демографиялық
өнiмсiздiгiмiзде» деп сипаттап, ұлттық
қауіпсіздігіміздің сақталуы - күшті демографиялық
және көші-қон саясатында екендігін көрсетті.
Мемлекеттік саясат тұрғысында ұлттық татулық –
саяси тұрақтылықтың негiзi. Бұдан былай шет
елдерге (Америка, Европа елдеріне т.б.) бостан бос еліктемей, олардың
ғасырлар бойғы өмірлік тәжірибе сынынан өткен
озық үлгілерін өзіміздің табиғи
дәстүрлі ерекшеліктерімізбен сабақтастыра отырып
қажетті деген дүниелерді ала білу-алдағы міндет.
Бүгінгі Қазақстан азаматы үшiн негiзгi мәселе
ұлттық татулық, ұлттық даму, ұлттық
сана, ұлтаралық келісім мен ынтымақ қатынас. Ендеше
қоғамымыздың болашақтағы тыныштығының
бір ұшы республикадағы ұлт қатынастарының дамуына
бiр-бiрiнен ажырағысыз этникалық дифференциация және интеграция
үрдістеріне байланысты [3].
Тоталитарлық тәртіптің, сол
кезеңдегі кеңес үкіметінің көші-қон саясаты
мен қоныстандыру үрдістерінің болашақтағы
нәтижелерін кешегі алаш азаматтары күні бұрын біліп
ұлттық мүдде тұрғысынан іс-қимылдар
жүргізді, шындығында жалпы қазақ санасына жарылыс
жасағанын мойындауымыз керек. Кеңес өкіметі алашордашыларды
Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінен
аластату мақсатында алдау мен арбау әдісін де, қару
жұмсап, күштеу жолын да қолданды. Идеяларының
қауіпті болуына байланысты кеңес өкіметі Алаш
қозғалысына белсене қатысқандардың
барлығына кешірім жасағанына қарамастан, олар түгелге
дерлік сталиншіл әкімшіл-әміршіл жүйенің
құрбандарына айналды [4].
Кеңес одағының әміршілдік
жүйесі жағдайында көші-қон мәселесін зерттеуге
ішінара мүмкіншіліктер беріліп, 1960-жылдары халықтар
көші-қоны кешенді зерттеле бастады. Бірақ, 1970
жылдарға дейін Қазақстандағы тарихи демографиялық
мәселелер толығымен ашылмады. Тек, 1970-1980 жылдары ХХ ғасыр
басындағы Қазақстан халқының демографиялық
дамуы мәселелерін арнайы қарастырған зерттеулер жарық
көре бастады. Бұл еңбектерде халықтың
этнодемографиялық дамуындағы өзгерістердің
себебінің бірі көші-қон процесі қарастырылды.
Қазақстандағы ХIХ – ХХ ғғ.
жүрген көші-қонның тарихы, оның
халықтың әлеуметтік-ұлттық құрамына
тигізген әсері, көші-қон үрдісі мен ұлттық
құрылым өзгерістерінің өзара байланысы
алғаш Е.Н. Гладышева, Н.Е. Бекмаханова, З.Б. Шахаман, В.М. Кабузан мен Н.В.
Алексеенко зерттеулерінде сараланды. Мысалы Ф.Н. Базанова еңбектерінде
республика халқының көп ұлтты
құрамының қалыптасуындағы көші-қон
қозғалысының әсерін көрсете отырып, оның
күрделі де көп салалы процесс екендігін дәлелдейді.
Кеңестік дәуірдегі зерттеулердің негізі идеологиялық
ұстанымдарға сай баяндалды. Сонымен, толықтай кеңестік
тәжірибеден өткен көші-қон саясаты бүгінгі
күні ғана емес, сонау тарихымыздың қазан
төңкерісі кезеңінен қазақ зялыларын
толғандырған мәселе. «Қазақ-қырғыз
автономиясының жер үстіндегі түгі-суы, астындағы кені
Алаш мүлкі болсын» деген кешегі арман, бүгінгі ақиқат-
Тәуелсіз Қазақ елінің көк байрағының
желбіреуі, бүгінгі ұрпақ үшін бақыт!
Бүгінгі қазақ зиялылары алдында өткен тарихи
кезеңдер сабақтары бойынша өз қорытындыларын жасап,
шынайылық тұрғыда рухани, ғылыми
құндылықтарды халықтың болашағы мен игілігі
үшін дамыту міндеті тұр.
Қазақстандағы ХIХ – ХХ ғғ.
жүрген көші-қонның тарихы, оның
халықтың әлеуметтік-ұлттық құрамына
тигізген әсері, көші-қон үрдісі мен ұлттық
құрылым өзгерістерінің өзара байланысы
алғаш Е.Н. Гладышева, Н.Е. Бекмаханова, З.Б. Шахаман, В.М. Кабузан мен
Н.В. Алексеенко зерттеулерінде сараланды. Мысалы Ф.Н. Базанова
еңбектерінде республика халқының көп ұлтты
құрамының қалыптасуындағы көші-қон
қозғалысының әсерін көрсете отырып, оның
күрделі де көп салалы процесс екендігін дәлелдейді.
Кеңестік дәуірдегі зерттеулердің негізі идеологиялық
ұстанымдарға сай баяндалды.
Сонымен, толықтай кеңестік тәжірибеден
өткен көші-қон саясаты бүгінгі күні ғана
емес, сонау тарихымыздың қазан төңкерісі
кезеңінен қазақ зялыларын толғандырған
мәселе. «Қазақ-қырғыз автономиясының жер
үстіндегі түгі-суы, астындағы кені Алаш мүлкі болсын»
деген кешегі арман, бүгінгі ақиқат- Тәуелсіз
Қазақ елінің көк байрағының желбіреуі,
бүгінгі ұрпақ үшін бақыт! Бүгінгі
қазақ зиялылары алдында өткен тарихи кезеңдер
сабақтары бойынша өз қорытындыларын жасап, шынайылық
тұрғыда рухани, ғылыми құндылықтарды
халықтың болашағы мен игілігі үшін дамыту міндеті
тұр.
1970-1991 жж. қамтыған алтыншы кезеңдегі көші-қон
үдерісінің халықтың әлеуметтік және
этно-демографиялық ерекшеліктеріне әсері талданады.
1970-1989 жж. көші-қонның ерекшелігі
сонда, ХХ ғ. өн бойында сырттан келуші
көші-қоншылардың қозғалысы осы
уақытқа дейін ішке бағытталса, енді
Қазақстанға өзге республикалардан келушілер саны
азайып, көші-қон үдерісі
халық санының өсіміндегі шешуші рөлінен айрыла бастады.
Қазақстандағы ХХ ғ. басынан жалғасқан
көші-қон үдерісінің қарқыны
бәсеңдей бастады, бағыттары Қазақстаннан кері
қарай бұрылды. Әлі де жоспарлы түрде қоныстандыру
және басқа да мемлекеттік шаралар негізіндегі көші-қон
үдерісі жалғасты, бірақ, осы кезді сонау
ХІХ ғ. ортасынан Қазақстанға қарай
ағылған көші-қон бағытының кері
бұрылу межесі деп алуға болады. РКФСР-ден басқа одақтас
республикалармен көші-қон айырбасында теріс айырым көріне
бастады. Оған себеп болған факторлар - ұлттық сана сезімнің
оянуы, халық шаруашылығында ұлттық мамандар
үлесінің өсе бастауы және т.б. Бұл кезеңде
Қазақстан халқының демографиялық
мінез-құлқында да өзгерістер жүрді. Көп балалы отбасыдан аз
балалыққа өту, бала тууды сандық жағынан реттеуге
негізделген бағыт осы кезеңнен бастау алды.
1968-ж. бастап
орыстардың, украиндардың, 1980-жж. немістердің кері
көші-қоны осы ұлт өкілдерінің сандық
өсімінің қарқынын төмендетті. 1970-жж. бастап,
КСРО-ның европалық бөлігінен келуші көші-қоншылар
әлеуетінің сарқыла бастауы, көші-қон
қозғалысында теріс айырымның тұрақтылығы
мен қайтуға бейім көші-қондық
көңіл-күй табиғи өсім көрсеткіштерін
төмендете бастады: табиғи өсім коэффициенті 1970 ж. 17,4 адам
болса, 1980 ж. 15,9 адамға, 1990 ж. 14,0, 1991 ж. 13,0 адам болып
төмендеп, одан кейінгі тәуелсіздік жылдарында құлдырап,
1999 ж. 4,3 адамға дейін түсті [5]. Тек 2009 ж. қарай,
Қазақстан халқының құрамында
қазақтардың 63,1%-дық үлеске ие болуы ендігі
жерде Қазақстан халқының демографиялық
мінез-құлқын айқындауда қазақтардың
шешуші және тұрақты рөл атқаратынын негіздеді.
1970-1991 жж.
Қазақстанның Ресей, Украина, Белоруссия және Прибалтика
республикаларымен көші-қон айырбасы есебінен республика 1,5 миллион
адамынан айрылды.
Мақалада қарастырылып отырған
кезеңдегі Қазақстан халқының сан жағынан
өскенін көрсете отырып, бұл үдерістің экономика
дамуына, еңбек өнімділігі артуына, адамдардың
әлеуметгік-тұрмыс жағдайлары жақсаруына және
басқа көптеген факторларға елеулі түрде тәуелді
екендігі баяндалады.
Ішкі көші-қонда 1980
жылдары солтүстік және шығыстан оңтүстікке
көшу байқалса, 90-жылдары көші-қон тасқыны
оңтүстіктен батыс, солтүстік және шығысқа
қарай ағылған.
Халықтың жастық-жыныстық
құрамы арақатынасына келсек, 1970-1989 жж. ерлердің
өсу қарқыны әйелдерге қарағанда 3
%-ға төмендеді (тиісінше 43-46% болды). 1979-1989 жж. ер және
әйелдердің еңбекке қабілетті жастағыларының
үлесі, тиісінше, 1979 ж. 35 және 31,5 %-дан бастап, 1989 ж. 32%
және 28 % болып азады.
Қазақтардың 1959-1989 жж.
туылғандары 1999 ж. 20-40 жас аралығындағылар республика
халқының 2709,2 мың адамы (34 %), өз кезегінде 20
жасқа дейінгі 3504,5 мың адамның (43,9 %) ата-аналары [6],
барлығы республика қазақтарының 77,9 %-ы 40 жасқа
дейінгі азаматтар қазақ этносының сандық және
сапалық өсуінің қайнар көзі болды.
Жұмыста көші-қон
үдерісі мен табиғи қозғалыс арасындағы
өзара байланыс аймақтар мен этностар бойынша салыстырыла талданады.
Халық санында қазақтар үлесінің өсуі
табиғи өсу көрсеткіштері есебінен және орыс және
басқа да этностар оның өсу көрсеткіші
төмеңдеуінен болғаны айғақталады. Сонымен, 1959-1991 жж. көші-қон векторларының
бағыты өзгеріп, республика ішіндегі көші-қон
ұлғайды. Демографиялық үдерістердің басты белгісі
- Қазақстанның қала халқы құрылымында
орыс халқы мен тұтасынан алғанда славян этностарының
үлесі төмендеп, қазақ және басқа да
түрiк халықтарының үлесі артты.
Қазақстан халқы
Ресейге бодан болғаннан бастап, кеңес заманында да негізінен
сырттан келген келімсектер көші-қоны нәтижесінде өсіп,
1897 ж. 41477 мыңнан 1989 ж. 164644 мыңға жетіп, осы 92 жыл
ішінде 4 есеге жуық көбейген.
Қазақстанның
демографиялық дамуы бүкіл әлем халқының
дамуының негізгі үрдістерімен сәйкес келеді. Алайда,
жекеленген демографиялық жағдайлар республиканың
әлеуметтік - экономикалық және тарихи -демографиялық
даму ерекшелігіне, соның ішінде ұлттық
құрамының өзгерістеріне негізделген ерекшеліктерге
байланысты болды. Қазақстан
ХХ ғ. 90-жылдарынан кейін бала санын шектеу негізінде аз балалық кезеңге
аяқ басты. Яғни, жеделдетілген әлеуметтік-демографиялық
даму концепциясын қазақтардың тарихи өсіп-өнуі,
даму тәжірбиесінде көруге болады.
«Қазақстанның тәуелсіздік алу
қарсаңындағы көші-қон үдерістерінің
ерекшеліктері» 1989-1991 жж. елдегі саяси, экономикалық, әлеуметтік
және демографиялық ахуал мен көші-қон
үдерісінің өзара әсері қарастырылды. 1968 ж. басталып, 1980-жж. тұрақты
үрдіске айналған көші-қон
қозғалысындағы кері айырым тәуелсіздік жылдарында 2004
ж. дейін көші-қон векторының сыртқа бағытында
берік орын алды.
1980-жж. соңындағы елдегі жариялылықпен
қатар келген тарихи шынықтардың ашыла бастауы,
ұлттық сезімге негізделген бастамалардың жазалануы (1986 ж. желтоқсан оқиғасынан кейін
туындаған саяси, әлеуметтік ахуал) республика
аймағында 80-82%-ы еңбек етуге жарайтын жастағы
адамдардың ішкі және сыртқы көші-қон
қозғалысына түсуін көрсетті.
1989-1991 жж.
сыртқы көші-қон 272,4 мың адамға теріс айырым
көрсетті. Бұл алдыңғы жылдарға
қарағанда жоғары, бірақ, 1990-жж. қарағанда
төмен көрсеткіш болып табылады. Себебі, тәуелсіздік
жарияланғаннан кейінгі 1992 ж. өзінде сыртқы
көші-қондағы кері айырым 200,8 мың адамға
тең болды.
1970-жж. екінші
жартысынан басталған көші-қонның республикадан
сыртқа бағытталу үдерісі жыныстық
арасалмаққа өзіндік әсерін тигізді. 1979-1989 жж.
тұрғындардың әр түрлі жастағы топтарын
жынысы бойынша салыстырсақ, ерлер мен әйелдердің
еңбекке қабілетті жастардағыларының үлесі,
тиісінше, 1979 ж. 35% және 31,5 %-ды көрсетсе, 1989 ж. 32%
және 28 % болып азайған.
Міне осындай
жағдайда, 1989-1991 жж. арасындағы республика халқының
санындағы өсу үрдісін қамтамасыз еткен осы
жылдардағы 1989 ж. 71,3 мың, 1990 ж. 97 мың 1991 ж. 57,6
мың адамдық кері айырым көрсеткен көші-қон емес,
табиғи өсім болып табылады.
Республика ішілік көші-қон ерекше екі
бағытта ғана белсенді түрде жүрді: Алматы қаласы
мен облысы, солтүстік және орталық аймақ -
Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарында,
сондай-ақ, Қостанай, Ақтөбе және
Маңғыстау облыстарындағы механикалық
қозғалыстар. Бұл көші-қондағы
қазақтардың үлесі - 65%, орыстар - 22% болды.
Республика ішілік көші-қон бағыттары
1926-1980 жж. Солтүстік және Солтүстік - Шығыстан
Оңтүстік облыстарға бағытталса, 1980-жж. соңында
Оңтүстіктен Солтүстік облыстарға қарай жүре
бастады. Батыс және Шығыс Қазақстаннан қазақтар
Алматы қаласы мен облыс орталықтарына, Жезқазған,
Торғай, Павлодар, Қарағанды облыстарына көшті.
Қазақстанның Оңтүстік және Батыс
аймақтарындағы қазақтар өсімінің
жоғарғы деңгейі, тұрғындар санының
өсуі тоқырау кезіндегі демографиялық, әлеуметтік-экономикалық
жағдайдың нашарлауымен тұстас келіп, республиканың
Оңтүстік аймағының тұрғындары
өздеріне жайлы облыстарға көшті. 1980-жж. соңында ұйымдастырылған
түрде жинақтау қызметі төмендеп
қоғамдық шақырулар, мемлекеттік аграрлық
қоныстандыру, республикааралық орталықтанған
қоныстандыру тоқтатыла бастады.
Сонымен, 1970-1991
жж. республикадағы табиғи өсім (6117,1 мың адам)
халық санының өсімін (3536,6 мың адам) қамтамасыз
еткендіктен, көші-қондық фактор (2580,5 мың
адамға кері айырым) шешуші рөлге ие болмады. 1990-жж.
Қазақстан отбасын бір-екі баламен шектеуге көшкен аз
балалық принципті ұстанған мемлекетке айналды.
Жалпы, еліміз
тәуелсіздігін жариялаған 22 жылдың ішінде 1 миллиондай
қандасымыз атажұртқа ат басын бұрып, көк
Туымыздың астына жиналғаны, тек жиналып қана қоймай,
экономикамыздың қарыштап дамып, ұмытылып бара жатқан
ұлттық салт-дәстүрлеріміздің, рухани
құндылықтарымыздың қайта жаңғыруына,
сөйтіп, «Қазақстан - 2030» стратегиясының мерзімінен
бұрын орындалуына айтарлықтай үлес қосқаны
сөзсіз. Ендеше, Мемлекет басшысының ұлтымыздың
ұзақмерзімді ұлы мұраттары айқындалған
«Қазақстан – 2050» стратегиясының тиянақты орындалуына
да шетелдердегі этникалық қазақтардың қосатын
үлесі қомақты болары анық.
Әдебиеттер тізімі:
1. Назарбаев Н. Қазақстан халқының азаматтық
таңдауы - тарихи зерде, ұлттық татулық және
демократиялық реформалар. («Тоталитаризм сабақтары»).
-Ақмола: «Қазақстан», 1997. - 7-б.
2. Назарбаев Н. Тарих толқынында. -Алматы: Қазақстан, 1999.
- 253-254-б.
3. Куликов Л.М. Две тенденции в развитии
национальных отношений. -М.: «Финансы и
статистика», 2001. -С.88.
4. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы.-Алматы, 1995
5. Демографический ежегодник
КазССР 1989 г. – Алма-Ата: Госстатиздат,1990. –С. 17; Об
основных показателях всесоюзных переписей населения 1939, 1959, 1970, 1979 и
1989 гг. – Алма-Ата: Казинформцентр, 1991. – 75 с.
6. Национальный состав
населения РК. –Алматы,2001. –Т. ІV. –С.13..