Қанапина
Сәуле Ғалымбекқызы
Филология
ғылымдарының кандидаты,
доцент
Сайфуддинова
Гулзира Абдурахманқызы
Қазақ
тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс студенті
Қостанай мемлекеттік
педагогикалық институты
Қазақстан
Республикасы
ҰЛТ
ҰСТАЗЫ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ БІР ЖҰМБАҒЫ
Біз Ахмет Байтұрсынұлын
лингвист ғалым, әдебиет зерттеушісі, тілші, аудармашы ретінде
білеміз, шығармаларын оқимыз. Бірақ, жауабы шешілместей
жұмбақ болып тұрған жағы оның асыл жары
Бадрисафа апамыз туралы нақты бір деректің жоқтығы
кім-кімді болса да ойландырары анық.
2009 жылы Қостанай
қаласында құрылған «Бадрисафа» экспедициясы аясында
біршама зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бірақ, дегенмен де
қазақ тарихындағы Бадрисафа апамыздай өмірі өнегелі
жандардың өмірдеректері келешек ұрпаққа
анық жеткізілсе екен дейміз. Себебі, аяулы апамыз жайында
әртүрлі жаңсақ пікірлердің болмауын
қалаймыз.
XX
ғасырдың бас кезі қазақ қоғамы үшін
түрлі ағымдардың өзара қақтығыс,
күрес кезеңі болды. Бір жағынан, ескі, күні өткен
феодалдық қатынастар өзінің барлық даму
қуатын тауысып, қоғамдық өсіп-өнуде
кедергіге айналса, екінші жағынан оларды ауыстыра аларлық
жаңа қоғамдық қатынастар тым әлсіз,
балаң күйде еді.
Осы арада
1988 жылы қылмысы жоқ деп ақталған алаштың арысы,
ағартушы ғалым,
қоғам қайраткері, қазақтың рухани
көсемі, қазақ әліппесін жасаған ұлт көсемі – Ахмет Байтұрсынұлын айтпау
мүмкін емес. Себебі, еліміздің тәуелсіздігін аңсап, сол
үшін күрес жолында құрбандыққа барған үркердей алаш азаматтарының
арасында Ахмет Байтұрсынұлының есімі аса
құрметпен тілге алынады. Қазақ зиялыларының
басына дес бермес қара дауылдың келіп, тамырымен
қопарған емендей алдымен Ахметті ұшырып әкеткені бізге
белгілі жәйт. «Халық жауы»
деген айып тағылған азаматтардың
қай-қайсысының да отбасы да бала-шағасы да
қорлықты көресідей көрді. Соның ішінде
Ахметтің отбасы мен туыстары шеккен зәбірдің жөні
бөлек. Ахмет тартқан азаптан оның асыл жары Бадрисафа да тыс
қалмады. Көзінің тірісінде де, өлгеннен кейін де жолы
болмаған Бадрисафа, Ахмет
өмірінің ажырамас бөлігі-оның асыл жары, ниеттес
серігі, ол үшін құрбан болған ардақты жан
өзінің сүйген жарына адал болды. Ахметпен қатар олда
Томға айдалды, аштық пен
суық, жүректі елжіреткен қорқыныш бәрі
қосылып ақырында талма ауруына ұшырады.
Бірақ, адам жүрегін сыздатар
жәйттардың бірі - Ахметке адал жар, мұңдасы мен сырласы болған Бадрисафаның осы
күнге дейін қайда туғаны да, оның өмірдерегі туралы
да нақты деректер аз. Оны көзі көрген адамдардың да
сөздерінің әр қайсысы әртүрлі келетіндігі
зерттеушілерді көп қинайды. Жалпы, бүгінгі
ұрпаққа аяулы Бадрисафа апамыздың өмір деректері
де анық жетпеген. Соңғы жылдарға дейін Бадрисафа
өмірінің ақырғы мезеттері қайда өтіп,
оның сүйегінің қай сайда қалғандығы
да белгісіз болып келеді. Ахметтің әлі бізге беймәлімдеу
жұмбағы бұл – Бадрисафа. Оның туған жері,
болашақ жарына кездесуі, жалпы адамдық келбет-кескіні,
қадір-қасиеті туралы бірнеше нұсқа жазылып жүр,
бірақ нақтылық аз.
Өзінің
ақыл-ойын да, күрескер қайсар рухын да елінің
ертеңіне бағыштаған Ахмет атамыз өмірі барысында бес
рет түрмеге қамалған және екі рет жер аударылып кеткен.
Сондай қиын күндерде Ахметтің жанына жалау болып, ізінен
тамақ тасып қамқоршы болған Бадрисафа апамыз
өмірінің соңына дейін өз жарына адал болған.
Ахмет
Байтұрсынұлы Қарқаралыда мұғалімдік
қызметте жүргенде Александра есімді орыс қызымен танысады.
Жас мұғалім Ахмет пен Александра Әулиекөлдің жеті
көлінің бірі Мұғалімкөлдің
(Учительское озеро) жағасында кездеседі. Болашақ жас
жұбайлардың бір-біріне деген ыстық махаббаты да осы
көлдің жағасынан басталған көрінеді.
Әулиекөл елдімекені-бозбала Ахметтiң балалықпен
қоштасып, жігіт болып, қосағы Александраны кездестірген жерi.
Мұғалімдік
қызметте жүрген Ахметті нақақтан нақақ
«ұлтшыл» деген жаламен түрмеге отырғызады. Сонда
орманшының қызы Александра оны Семейге іздеп барып, темір
тордың артынан табады. Ахметке ізінен тамақ тасып,
қамқор болып жүреді. Бұл жайында Рабиға Сыздық: «-Ахмет түрмеде жатқанда,
тамақ тасып, кiр-қоңын жуып оған қызмет
көрсетедi.Ар-ұяты, адамгершiлiгi зор азамат мұндай
қайырымдылықты, адал көңiлдi аттап кетудi ар санап,
түрмеден шыққан соң, сол жетiм қызға
үйленедi. Ол кезде өзге дiндегi әйелмен
мұсылманның некесiн киғызу қиын iс
болғандықтан, Александраға Бадрисафа деген мұсылманша
ат берiп, татар қызы едi деп некеге отырады»-деп жазған. Арабшада
«бадрун» сөзінің «толық
ай», ал «сафа» сөзінің «кіршіксіз таза» деген мағына
беретінін білетін Ахмет атамыз болашақ жарына тек осы сұлу есімді
ылайық көрді. [1, 35-бет]
Ал, Ахмет
пен Бадрисафаның тәрбиесінде болған Шолпан Байсалова өз сөзінде Бадрисафа туралы: «-Көйлегiнiң
етегiне бiр белдеу бүрме салатын. Басына ылғи шет-шетiн
суыртпақтап кесте жүргiзген мережкелi ақ бәтес орамал
салатын. Орамалы мен көйлегiнiң омырауына жiбек жiптен өрнек
жүргiзiп қоятын iсмер кiсi едi. Бiзге кесте тiгудi, мережке салуды
үйрететiн. Гүлнар екеумiзге (Мiржақыптың қызы)
ине-жiптi қалай ұстауды сол Бадрисафа апам үйреттi»-деген.
Сонымен қатар, «-Бал қосып пiсiрген шакшагiн әкем ылғи
мақтап: «Бiздiң Сафа сұлу пiсiрген»,–деп ауызына шымшып салып,
шайды сораптап отыратын. Апам әкемдi қатты сыйлап «Төре» деп
отыратын... Төре демалып жатыр... Төре жазу жазып отыр...- деп
аяғымыздың ұшымен жүргiзiп, үстiне кiргiзе
бермейтiн.Өзi де алдынан кесе-көлденең өтпеушi едi»-деп
көңілге қонымды сөздер айтқан. [1, 38-бет]
«Әкемдi 1937 жылғы 8
тамызда iшкi iстер наркомының қызметкерлерi келiп ұстап алып
кеттi. Үш күннен кейiн, яғни 11-шi тамызда Бадрисафа шешемдi
ұстады. Шешемдi қамауға алып кеткен кезде мен перзентханада
едiм, Болат есiмдi ұлымды босанып жатқанмын. Әкем мен
шешемнiң ең соңғы сапарларын көре алмадым. Кейiн
әкемнiң “атылды” деген қағазын алдым. Шешем туралы
ешқандай дерек жоқ, әлде атып тастады ма, әлде көз
көрмес, құлақ естiмес жаққа айдап жiбердi
ме, ешқандай дерегiн бiлмеймiн»-дейді. [1, 42-бет]
Қостанайлық жорналшы
әрі жазушы Байтұрсын Ілияс 1998-жі жылы ғұламаның
125 жылдық мерейтойына орай жарық көрген «Алтын бесік»
кітабында Ахметтің жұбайы жөнінде мынадай деректі оқиғаны
баяндайды: «...Нұртаза
ақынның баласы, атақты Әбіқай ақынның
туған бауыры Нәуен молда Орынбордан келе жатқан Ахаңды
үйіне құрметпен қарсы алып енгізеді. Бұрыннан
Ахаңа іші бұратын, қадір тұтатын,
әзіл-қалжыңы жарасқан достығы болыпты.
Нәуекең Ахаңа әзілін қыстырып жібереді: – Аха, мына
қасыңыздағы тым сымбатты асыл перизатыңыз,
өзінің көзі де әдемі келісті, есімі кім болар екен? -
дейді. Сонда Ахаң мүдірместен:
Есімі – Александра Ивановна,
Құдайдың ризамын
қиғанына,
Бір кәпірді мұсылман
қып сауаптасам,
Тұрмай ма он молданың
иманына»-деп жауап қайырған екен. [2]
Қорыта келгенде, ұлт
ұстазы А.Байтұрсынұлының асыл жары, аяулы апамыз
Бадрисафадай жанның өмірдеректері туралы нақты
мәліметтердің жоқтығы адам жанына батады. Бірақ, қазіргі таңда
«Бадрисафа» экспедициясының зерттеу жұмыстары нәтижесінде
біршама зерттеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ,
«Бадрисафа» би ансамблі құрылды. «Ақ келіннің махаббаты
және ажалы» атты қойылым қойылды. Аяулы апамызға арнап
Қостанай облысы Меңдіғара ауданы, Қасқат ауылында
ескерткіш белгі орнатылды. Ескерткіш белгінің екі жағына
ғалымның жарына арнаған әлгі өлеңінің
соңғы екі жолы және «Рух-халықтың жаны. Рухты жан
- азамат адам, рухсыз жан - надан, есалаң»-деген сөздер
жазылған. Сол зерттеу жұмыстарына тамшыдай болса да өз
үлесімізді қосу біз жастардың міндетіміз.
Пайдаланылған әдебиет:
1. Р.С.Имаханбетова «Ғасыр саңлағы: Ахмет
Байтұрсынұлының шығармашылық
ғұмырбаяны», Астана, 2010. -301 бет
2. Ибрагим Ағытайұлы ауызынан жазылып
алынған.