Базарова Ж.Б. АӘИУ-нің ІІ курс магистиранты
«Тарихи, танымдық оқиғалар бейнесін өн бойына
жинаған - жыраулар поэзиясы»
«Жырау» сөзінің мәні,
жыраулар өнері туралы В.Радлов, Г.Потанин, Ш.Уәлиханов және
кейінгі дәуір зерттеушілері сан пікірлер айтып, халқымыздың
табан асты суырып салып өлең шығарғыш қасиеттерін
таңдана сөз еткен. Жыраулар поэзиясының құндылығы
неде? «Бұл дәуірдегі әлеумет тіршілігінен, - дейді
М.Әуезов, - ең шешуші мәселесін әдебиет жүзіне
түсіріп, алғашқы рет қалың ел қамын ойлап,
күңіренген қария - Асан қайғы. Бұл заман
сыншысы сөйлесе, шешілмеген жұмбақ, түйіні
шатасқан сөздерді ғана сөйлейді, өзі туған
заманның белгілерін қарап, келешек заман не айтарын болжайды.
Сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен
сөйленеді. Айтпақ жайларын ашып, ұғымды қылып
айтып бермейді, әдейі көмескілеу, жұмбақ қып
айтады. Жыраудың сөзі мақсатсыз айтылмайды. Не айтса да
көптің мұңы, көптің жайы туралы немесе
көпке арналып ақыл,өсиет есебінде айтылады». Ғалымның
осы ғұламалық пікірінде жыраулар поэзиясының
идеялық - көркемдік мәні терең ашылған.
Сондықтан да болар ХІ ғасырдағы түркі
халықтарының ұлы перзенті, тұңғыш
«Түркі тілдерінің сөздігін» жасаған
лингвист-ғалым Махмуд Қашқари «қасірет
мұңын түсіндіріп шығу үшін түркілерге
өз тілдерінде сөйлеуден артық жосық болмақ емес»,
- дейді [1,171].
Халқымыздың осы зергерлік
сөз тұнығына әрі ақын, әрі
ғұлама Шәкәрім де ден қойған.Ол «Ескі
ақындық» деген өлеңінде халық мұрасын, ауыз
әдебиетін, «Жыраулар поэзиясын» аса жоғары бағалаған.
«Тақпақ
пен мақал тағы артық,
Суырыпсалма
жағы артық,
Айтады олар
ойланбай,
Сыпыра жырау,
Шортанбай,
Үмбетей мен
Марабай
Алды-артына
қарамай,
Соққанда
жырды суылдап,
Жел жетпейтін
құландай».
Шәкәрім ескі ақындар
поэзиясында «терең сыр» барын таниды. Олардың жырында «қыран құстың
ұшқаны», «ақбөкеннің жүрісі», «жайдақ
желдің желісі», «мөлдір судың аққаны», «жел
жетпейтін құландар жүйріктігі», «адам жанының жайма
шуақ кезеңі» - баршасы, көшпелі қазақ
өмірінің бүкіл әлеуметтік, рухани тіршілігі бейнеленген
деп керемет ой түйген. «ХV-ХVІІІ ғасырлардағы жыраулар
поэзиясы немесе ғасырлар бойы қалыптасқан ежелгі наным,
табиғатқа табынушылық пен оған ислам дінінің
қарсы күресі кезеңдерінде қалыптасты. Қазақ
халқының діни-нанымдық сенімі туралы Ш.Уәлиханов:
«Мұсылмандық әзірше біздің денеміз
қанымызға сіңген жоқ. Ол бізге келешекте халықты
бөлшектеумен қауіпті», - деген анықтама беріледі
қазақ тарихының бірінші томында [2,203].
Жыраулар поэзиясын айтулы сөз
зергері Мағжан Жұмабаев та өзінің «Батыр Баян»
поэмасында:
Бұқар
мен Тәтіқара жырлағанда
Толқынды
тұңғиық боп төгілді жыр, -
деп аса
қадірлеген. Демек, жыраулар поэзиясы
халқымыздың неше ғасырлық өмірін өнер
өрнегіне, ақыл сөзіне бейнелеп түсірген, өшпес,
өлмес мұра. Профессор Е.Ысмайлов жырау мен ақындар
ерекшеліктерін жете зерттеп берді. Ол жыраулар да ақын, көркем
сөз шығарушы өнерпаз, қазақ
әдебиетінің көне өкілдері деп танытты. Жыраудың
ақыннан өзгешелігі - шығармаларының сарыны мен
тақырыбы бірыңғай болып келуінде. «Қазақ
халқы өз алдына дербес мемлекет болып жатқан қазіргі
кезде жастардың бойына туған жерге деген сүйіспеншілікті, ата
мекенге деген патриотизмді қалыптастыру, сонымен бірге экологиялық
қасірет шегіп жатқан табиғатымызды қорғауда
ата-бабаларымыздың бойындағы табиғаттың әрбір бөлшегіне
деген қарым-қатынасты үлгі ету - аса маңызды. Ал сөз етіп отырған кезең
поэзиясында туған жер табиғатына деген терең
сүйсіпеншілікті қалыптастыру мүмкін емес. Бұл
қазіргі кезең үшін ең көкейтесті мәселе», -
[3,9].
Жалпы қазақ
әдебиетінің тарихы соңғы жылдарға дейін
көбінесе XVIII ғасырдың соңғы тұсынан
бастап зерттеліп кел гендігі мәлім. Яғни, қазақ
әдебиетшілері арасында осы мәселе тұрғысында екі
түрлі пікір қалыптасты. Көптеген зерттеушілер
қазақ әдебиетінің тарихын Бұхардан бастап,
оған дейінгі әдебиетті жоққа шығарды.
Ә.Дербісәлин «ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ
поэзиясы» атты кітапта қазақ әдебиеті тарихында
айтарлықтай үлесі бар, бірақ көптеген еленбей,
ескерілмей кеткен ақындар шығармашылығын сөз еткен.
Әсіресе, қазақ деп аталатын халықтың бір
ұлыс құрамында қауымдасқан кезінен бастап
қазақ атымен аталатын дербес әдебиеттің
алғашқы өкілдері Асанқайғы, Қазтуған,
Шалгез жыраулардың поэзиясына ерекше тоқталған. Ең
алдымен сөз болып отырған дәуірдің поэзиясы фольклор
емес, алғашқы тұстан бастап фольклордан іргесін
бөлектеп, кәсіби әдебиет жасауға бағыт
ұстаған, баяу да болса өзгеше бір көркемдік іздену,
даралану, жолы, әрине, өмір мен өнердің даму
заңдылығынан туған жыраулар мұрасы жаңаның
басы емес, көненің жалғасы екендігін танытады.
Қазақстан жеріндегі
сұрапыл шапқыншылықтар, үздіксіз жорықтардан
іздейді. Өйткені XV ғасырға дейінгі алты-жеті
ғасырлық өмірі де осы өңірдегі
мемлекеттердің сан түрлі өзгеріске ұшырап,
Шыңғыс, Ақсақ Темірлердің қантөгіс
соғыстары кейбіріне әсер бетінен жоқ қылып жібергендігі
белгілі. Яғни осы сан ғасыр бойы кейінгі ұрпаққа
қалдырған өсиетіндей тыныш, бейбіт өмір туралы арманды
Асан аузы арқылы берілетіндігін айтады. Әдебиет және
оның дамуы белгілі бір заңдылыққа бағынатын
құбылыс емес. Бір уақыт шеңберінде, бір
қоғамдағы әдебиеттің өзінде
әркелкілік болады. «Абай мінсіз сөз өнерін жасап
жатқанда, Жамбыл, Өтеген, Сұраншы батырларды жырлап фольклор
құндағында жатты», - [4,22].
Бір жағынан жанға сая,
малға жайлы мекенді поэзия тілімен дәріптеу байырғы заманнан
келе жатқан дәстүр екендігін айта келіп, Орхон жазуларымен,
XII ғасырдағы жазба деректермен ұштастыра отырып талдайды.
Сонымен бірге, тағы бір ескеретін жағдай Асан атымен тараған
өлеңдер ауызша сақталса да, көне замана стилінен
мүлдем өзгеше. Мұның себебін Ә. Дербісәлин
былайша түсіндіреді: «Халық аузында сақталған
өлең толғауларында кейінгі кез үшін түсініксіз
сөздер мен ақындық тәсілдерді көп сақтай
бермей, оларды жаңа заманның рухында ұстартып,
көркемдік жағынан жаңғыртып, ширата түсіп
отырған. Асан өлеңдерінде осы жағы басым.
Бұдан әрі Дербісәлин
Асан өлеңдерінде композициялық бітімі жағынан талдау
жүргізеді. Асан поэзиясында жиі кездесетін параллелизм, аллитерация
секілді өлеңдік формаларды түркі тілдес елдердің
классикалық поэзиясымен салыстырады. Асан поэзиясына кеңінен шолу
жасай отырып, дала табиғатының көріністерін тізіп
көрсету, немесе дидактикалық түйіндер жасау қазақ
ақындарында Асаннан басталғандығын атап көрсетеді. Ал
Асаннан біраз кейін өмір сүрсе де, көне дәуірдің
белгілерінен арыла алмаған Шалгез жырауды толғауларының бізге
көне нұсқасында жетуін онын шығармаларының
жазбаша түрде жетуімен түсіндіреді. Алғашқы жинақ
басушылар С.Жантөрин, В.Радловтың жинақтарын атап өтеді
де, Шалгез толғауларының туу тарихын сөз етеді. Мысалы,
Ә.Тәжібаевтың «Өмір және поэзия»,
М.Базарбаевтың «Өлең - сөздің патшасы»
бірді-екілі еңбектер мен зерттеулерде көрініс тапқанымен
арнайы зерттеу нысаны болған емес», [5].
Себебі бұл зерттеушілер тек
шығармаларын жинап басқаны болмаса, өлеңдерінің
байыбына тереңдей жете қоймаған.Ә.Дербісәлин
ақынның «Шағырмақ бұлт жай тастар»,
«Балпаң-балпаң басқан күн», «Аспанды бұлт
құрсайды» толғауларының шығу тарихына талдау
жасайды. Жыраудың өзі, өнері, заманы жайында тұжырымды
пікір қорыта отырып, толғауларының көркемдік сипатын
өмірді бейнелеу тәсілдерін атап көрсетуге тырысады.
Шәлгездің өз ұғымын синтездік тәсілі
арқылы бере отырып, өзінше бейнелі тапқыр көркемдік
тәсіл жасағандығына түсінік береді. Жырау өз
толғауларында образды сөздер, көркемдік ізденісті танытатын
бейнелі теңеулер келтіре отырып, халқымыздың көркемдік
дүниетанымыздың өсу сатыларын, жолдарын танып-білуге
ұмтылады. Автор XV ғасырдағы Сыпыра жыраулардан бастап Шал
ақындардың дәуіріне дейінгі қазақ
әдебиетіне шолу жасай отырып, табиғи жалғастықты,
шығармашылық тұрғыдан өсудің бір-біріне
тигізген әсерін айқындайды. Халқымыздың бірнеше
ғасырлық поэзиялық тәжірбиесінің кейінгі
әдебиет үшін қайнар бұлақ болғандығын
көрсетуге тырысқан. Бұны түркі халықтарының
тілін зерттеген академик: С.Е.Малов та қолдап, қуаттайды. Ол:
«Түркі халықтарының ішіндегі ең суретшіл, образды тіл –
қазақ тілі. Қазақтар өзінің шешендігімен
де, әсем ауыз әдебиетімен де даңқты», - дейді [6,97].
Белгілі зерттеуші
Ә.Дербісәлин толғау жанрының да туу тарихы мен дамуын,
қалыптасуын, өсу жолын толғау жанры хақында зерттеу
еңбегінде терең айқындайды [7].
Өлеңсіз өмір -
тұл. Қасиетті өлеңнің сарынын естіп
көрмеген адамзат күлкісіз, қуанышсыз күн кешіпті. Ол
кездерде жиын-той, ойын - сауық деген болмапты. Жұрттың бәрі
тұнжырап жүреді екен, өйткені қайғы келсе,
қаза келсе көңілді серпілтер сырлы өлең ол
заманда әлі адамньң қолына түсе қоймаған
екен. Бір рет көңілін мұң шалған адам, бір рет
қасіреттің дәмін тартқан адам сол мұңлы
күйінде, сол қасіретті күйінде өмірден өксіп
өтеді екен, өйткені ол кезде қасиетті өлең жер
бетінен аулақта жүрген екен. Ол заманда қайнардан шықса
да, жиегін көгал көмкерген қиыршық малта тасты бойлай
ақса да бұлақ сылдырламапты, самал жел соққанда
тоғай сыбдырламапты, көкжиектен құлан иектеніп
даланың әсем таңы атқанда боз торғайлар
шырылдамапты, бүкіл даланы басқан өлі тыныштықты тек
гулеген жел ғана бұзады екен, өйткені ол заманда
құдіретті өлең әлі көкте екен, оның
әлі табиғатпен бауырласа қоймаған кезі екен.
Ақыры, күндердің бір
күні сырлы өлең, сұлу өлең, қасиетті,
құдіретті
өлең, әлде жеті қат көктің ең
биігінде тұра беруден жалығып, кең даланың үстіне
төңкерілген көк күмбездің аясында сайран
салғысы келді ме, әлде қуаныш, сүйініштен ада, көңілдерін
кір басқан сорлы адамзатқа жаны ашып, бір қайырымды тигізейін
деді ме, әйтеуір өзінің ежелгі мекенін тастап,
әлемнің төрт бұрышын түгел араламақ болып
сапарға шығыпты. Өлең өзінің
көңіл-күйіне қарай кейде жерге жақындап
ұшады, кейде қыран қалықтар биікте, ал кейде тіпті
жоғарыда шарықтайды екен. Өлең жерге жақындап
ұшқанда сол маңайды мекендеген елге оның бар сазы, бар
сарыны, әні, күйі, жыры тегіс анық естіледі екен де,
жұрт қолма-қол қағып алып үйрене
қояды екен. Өлең биігірек ұшқан жерлерді
мекендегендер де жырдың мән-мағынасын біршама
ұғып үлгеріпті. Ал өлең тіпті шырқап
ұшқан жерлерге оның сарыны жетпей, ол жерді мекендеген
халықтар ән-күйден, жырдан мүлде мақрұм
қалған екен.
Өлең қазақ
даласының үстімен жер бауырлап өтіпті дейді,
қазақтардың ақындығының сыры осында
көрінеді. Бұл - қазақтың көп аңызының
бірі. Алайда, ол халқымыздың өлең-жырды қаншалық
қадірлегенін көрсетеді, көркемөнерге
көзқарасынан елес береді. Г.Потаниннің [8] сөзімен
айтқанда, бұл аңыз қазақтардың
ақындық өнердің ерекше құдіреттілігі,
қасиеттілігі жөніндегі түсінігін бейнелейді. Жыр -
қазақтардың жан серігі. Жай қарапайым адамдардың
өзі суырып салып айтуға бейім тұрады. Қазақтар
сөз өнеріне жетік келеді. Бұл -жұрттың
бәріне: «оқыған адамдарға да, әліпті таяқ
деп білмейтіндерге де, байға да, жарлыға да тән қасиет.
Сөз өнеріне мұндай мән берілген жерде
ғылым-білімнің төмендігіне қарамастан поэзия дамып,
биік өреге жетуі заңды кұбылыс.
Қазақ сөз
өнерінің өкілдері ескіде өздерінің
репертуарларына және орындайтын шығармаларының сыр-сыйпатына
қарай ақын, жырау деп бөлінген. Бұлардың
өзіндік ерекшеліктері жайында әдебиетші ғалымдарымыз біраз
пікірлер айтқан. Жырау - өз жанынан жыр шығарып айтатын
және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын және
халық поэзиясының өкілі.Жырау деген атаудың
өзінің «жыр» сөзінен шыққандығы
күмән туғызбайды. Жырау сөзін Қырым татарлары тек
ақын деген ұғымда ғана емес, сәуегей, балгер
мағынасында қолданады екен.Соған қарағанда
сәуегейшілік, батагөйшілдік, яғни абыздың кейбір
функцияларын атқару осы заманда жасаған жыраулардың
бәріне ортақ қасиет болуға тиіс. Бұл -
қазақтың ғана емес, Европаның ертеректе
жасаған сөз өнері өкілдерінің де басынан
өткен жай. Мәселен, көне Англиядағы
англо-сакстардың жыраулары скоптар мен глимендер тек акын, жыршы
ғана болмаған, олар табиғат кұбылыстарына сүйене
болжам айтады екен, кейде тіпті зікірші, арбаушы қызметін де атқаратын
болған. Халық қадір тұтқан ақсақал
жыраудан жұрт толқыған, халық дағдарған,ел
шетіне жау келген кездерде ғана кеңес сұрайтын болған.
Мұндай реттерде жырау жұртшылықты абыржымауға
шақырып, оларға дем беріп, істің немен тынатыны жайлы
болжамдар айтып отырған», - деп жазады академик
Ә.Марғұлан жыраудың қоғамдық
рөлі жөнінде.
Жыраудың ең сүйікті
жанры - толғау. Толғау, осы сөздің өзінен де
көрінетіндей, «толғану, толғаныс» деген ұғымды
білдіреді. Бұл сөздің ойға да, сезімге де қатысы
бар. Сондықтан да толғаудың өзін ойға
кұрылған толғау, сырға құрылған
(лирикалық) толғау деп жіктеуге болар еді. Ой толғауларда
жырау - ең алдымен философ. Мұндай толғаулар нақыл,
тақпақ, афоризм түрінде келеді. Атақты
жыраулардың толғауларында кездесетін афористік сөздердің
көбі мақал-мәтелге айналып кеткен. Сонымен бірге жырау
өзінің замана жайындағы түйгендерін, мораль, этика
хақындағы ойларын баяндайды, қоғамдық
мәселелерді көтереді. Сол сияқты, әлем, болмыс,
тіршілікте, табиғатта болып жататын өзгерістер, оның
мән-мағынасы жайындағы түсініктерін де білдіруі
мүмкін.
Шалкиіз
Тіленшіұлы - жырау,
орта ғасырлардағы қазақ поэзиясының
көрнекті өкілі. Шалкиіз жас кезінен-ақ ер жүрек
жауынгер әрі талантты жырау ретінде даңққа
бөленді. Жігіттік шағы Ноғай Ордасындағы Мұса
бидің маңайында өткен. Кейіннен Үлкен Орданың әміршісі,
Мансұрұлы Темір бидің және ноғайлы Жүсіп
бидің төңірегінде, өмірінің соңғы
кезін қазақ ханы Хақназар маңында өткізді. Жырау
туындылары әсерлі, өткір, аз сөзге көп мағына
сыйғызған сұлу сазды көркемдігімен ерекшеленеді.
Оның шығарм-нан ортағасырлық қарапайым
көшпелілердің өмірі туралы нанымды, моральдық,
этикөлі түсініктер көрініс тапқан.
Мұндай толғаудың
үлгісі ретінде Шалкиіздің «Асқар, асқар, асқар
тау…», «Қоғалы көлдер…», «Арғымақ
ару аттар…», «Ор, ор қоян, ор қоян…»
шығармаларынан кездестіреміз. Шалкиіз шығармаларында ерлік
рухқа, асқақ романтикаға толы жырлар да жеткілікті. «Алаштан
байтақ озбасы…», «Жапырағы жасыл жаутерек…», «Ер
Шобан», тағы басқа). Шалкиіздің халық арасына
ең көп тараған шығармалары - «Би Темірге
айтқаны», «Би Темірді қажы сапарынан тоқтатуға
айтқан» толғаулары. Ол ертедегі қазақ
поэзиясының өлең өрнегін байытқан ақын.
Шығармалары алғаш 19 ғасырдан қағаз бетіне
түсе бастады. Қазан
төңкерісіне дейін орыс және қазақ тілдерінде 1875
жылы «Записки Оренбурского отдела Императорского Русского географического
общества» жинағында жарияланған.
Ал сыр толғаулардағы
негізгі жүкті көтеретін - сезім, эмоция. Жырау ел басына
түскен ауыртпалыққа, немесе басқадай белгілі бір
оқиғаларға өзінің реакциясын білдіреді.
Лирикалық толғаулардың үлгісі ретінде
Қазтуған мен Доспамбет шығармаларын, Шалкиіздің «Балпаң, балпаң басқан
күн», Бұқардың «Кіші
қара қалмақ бүлерде» сияқты жырларын
атауға болады. Жырау репертуарынан әр түрлі
тақырыптағы арнау жырлар да үлкен орын алады. Мұндай
жырлар әдетте әмірші атына қарата айтылады. Оның
белгілі бір іс - әрекетін мадақтап қостау, я даттап
наразылық білдіру, немесе белгілі бір оқиғаға
байланысты ақыл, кеңес беру тұрғысында келеді.
Арнау жырларының үлгісі -
Шалкиіздің би Темірге наразылық ретінде айтқан «Аспанды
бұлт құрсайды» және оны хан сапарынан тоқтау
үшін айтқан «Қара бас күшпен шалдырып» деген
сөздермен басталатын шығар-малары, Жиембеттің Есім
ханға айтқан өлеңі, Бұқардың
«Абылайды орыспен соғысам дегенде айтқаны», Байтоқ,
Жанұзақ жырлары. Өзі де жорықтарға
қатынасып отырған, кейде тіпті батыр, қолбасы да болған
жыраулар әскери тұрмысқа қатысты сан алуан жырлар
туғызуға тиіс еді. Біздің заманымызға жеткен бұл
тақырыптағы шығармалар батырдың өзіне, атына,
қаруына мадақ, немесе жауынгерлерді ерлікке, жаудан
тайсалмауға шақырған өр ұран, я болмаса
қайрау бермеген қара қанжардай қайтпас ерлерді
мадақтау түрінде келеді [9].
Ал, бұл құбылыстың
XV-XIX ғасырлардағы қазақ поэзиясының тіліндегі
көріністерін көрнекті тілші ғалым
Қ.Өмірәлиевтің еңбегінен
көреміз [10,103-126].
Тілші-ғалым
Н.Уәлиұлы фразеологиялық
тіркестердің нормадан мақсатты ауытқуының мынадай
түрлерін көрсетеді: ықшамдап қолдану (эллипсис, кейбір
компоненттерді, ия дыбыстарды түсіріп қолдану т.б), жаймалап
қолдану (контоминация, сиыстыру, дистакт - сынамалап сөз ендіру),
болымсыз мәндегі фразеологизмдерді болымды мәнде немесе керісінше
қолдану, фразеологиялық орамдардың орнын алмастырып
қолдану, фразеологизмдердің лексикалық құрамын
ауыстырып қолдану, стильдік контраст (дағдылы стильдік ортадан
бөтен жерге жерсіндіру), семантика-стилистикалық қайталау,
эвфониялық үйлесім», - [11,51-65]
«Жыраулар өз шығармаларында тілдің
көріктеу құралдары мен айшықтау тәсілдерін сан
құбылтып, пайдалану арқылы тұрақты
тіркестердің варианттылық
мүмкіншілігін арттыра түскен», - [12].
«Қазақ халқы тарихтың
талай бұралаңдары мен сындарын, өткелдері мен отқа
оранған өткендерін бастан кешті. Өзінің еркіндігі мен
азаттығы жолында ақ найзаның ұшымен, ақ
білектің күшімен анадай ардақ атамекен үшін жан аямай
күресті. Жаратқанның мейірімімен қазақ деп
аталатын ұлттың несібесіне арғы шеті мен бергі
шетіаттылыға алты айшылық жол болатын дархан дала бұйырыпты.
Сол даланың тауы мен тасын, орманы мен тоғайын, теңізімен
өзенін, шөлі мен қиыршық құмына дейін мол
етіп, кең етіп, ғажап етіп жаратыпты. Саяхаттаған ғалым
да, жүк артқан түйе керуенін
жетелеп, әрлі-берлі ағылған саудагер де
көрші-қолаң да көз тігіпті. Оның
ұлан-ғайыр жеріне, сол жерін тұяғымен
жаңғыртқан арғымақтарына, кең аспапында
ұшқан аққу қанатының сымпылына,
қызылды-жасылды салтанаты мен сол байтақ даланы күмбірлеткен
домбырасын үніне қызғанышпен қарайтындардың саны
артыпты», - [75,263].
Тұрақты
тіркестердің табиғатын тануда теориялық-әдістемелік
негіз ретінде сүйенген еңбектің мына сияқты
тұжырымдары арқылы қорытынды жасауға болады:
мұндай еркіндік пен мүмкіндіктің көрінісі -
бұрыннан қалыптасқан тіркестерді шығармашылықпен
өңдеу, қабілетіне, біліміне қарай
қолданысқа түсіру, белгілі бір жыраудың поэзия
тіліндегі мағыналас тіркестерге талдау жасау -оның
тұрақты тіркестерді талғап, таңдап пайдалану
ұстанымдары мен өзіндік стиліне тән қолдану
ерекшеліктеріне көп мағлұмат береді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Қашқари М. Турки созлар
девони. І-Том. - Ташкент, 1970.
2.Қазақ ССР тарихы. І-Том.
Қаз.мем.баспасы. - Алматы, 1957. - 640 б.
3.Танабаев Ө. Жыраулар поэзиясы
және табиғат. - Алматы, ҚАЗақпарат, 1999. - 140 б.
4.Жұмалиев Қ. ХVІІІ-ХІХ
ғасырлардағы қазақ әдебиеті. - Алматы, Мектеп,
1967. - 336 б.
5.Базарбаев М. Өлең
сөздің патшасы, сөз сарасы. - Алматы, Жазушы, 1973. - 256 б.
6.Малов Е.С. Известия АН СССР. Выпуск
3, 1941.
7.Дербісәлиев Ә.
Қазақ даласының жұлдыздары. - Алматы, Рауан, 1995.
8.Таңатарова Ж.Т. Потанин
және қазақ зиялылары: саяси және рухани
көзқарастарды тарихи талдау. Тарих ғылым.докт.ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссерт.авторефераты. -
Алматы, 2008.
9.«Қазақстан»:
Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев - Алматы «Қазақ энциклопедиясы»
Бас редакциясы, 1998 ЫСБН
5-89800-123-9, ЫХ том 18 бөлім
10.Өміралиев Қ. XV-XIX
ғасыр қазақ поэзиясының тілі. - Алматы, 1976. - 270 б.
11.Уәлиұлы Н. Фразеология
және тілдік норма. - Алматы, 1998. - 127 б.
12.Қайдаров Ә.Т.
Қазақ тілінің өзекті мәселелері. - Алматы, 1998.
- 304 б.
13.Ақсауытты Ақтамберді.
Зерттеулер, деректер, мұралар. (зерттеу бөлімін жазып,
құрастырған Ә.Ысқақ). Астана: Фолиант,
2011. - 408 б.