Есбол Галымказы Шарипулы

А.Байтұрсынұлы атындағы мемлекеттік университетет,Қазақстан

Ахмет Байтұрсынұлы- бірлікті уағыздаушы

 

                                                       Сенім болмаған жерде,достық та болмайды,

                                       Түсіністік-лайықты тәлім тәрбиеден туындайды.

    (Сэмюэл Джонсон)

21 ғасыр үздік технологиялардың жедел даму дәуірі болғанымен Шығыс пен әсіресе,  Батыс елдерінде неміс философы О.Шпенглер : “Өркениет дегеніміз-мәдениеттің құлдырауы” дегендей, адамның жан дүниесін жаулап алған өзімшілдік пен пайдакүнемдік ой-өрісі руханилықтың жұтаңдауына алып келді.Бүгінгі әлемнің түкпір-түкпірінде болып жатқан экономикалық-саяси теке-тірестер соның нәтижесі.

Қазіргі ғаламды шарпыған нарық пен саяси дағдарыс алғы дамыған Батыс Еуропалық мемлекеттердің (АҚШ, Грекия, Италия...т.б) өздерін тығырыққа тіреді.Дүниежүзіндегі алдыңғы қатардағы елдердегі өндірілетін мұнай тауарының бағасы 50долларға дейін күрт төмендеуі қазынадағы және зейнеткерлік қордың азайып,өндіріс саласындағы жұмыскерлер мен қызметкерлердің саны қысқаруда. Әсіресе, Батыс Еуропа елдерін жаппай қамтыған жұмыссыздық, бұқараның наразылығын тудырды.Өздерінің құқығын қорғаған жұрт көшеге шығып, үкіметтен оңтайлы шара қолдануларын талап еткен шеруге шығуға мәжбүр болды.

Осы алмағайып заманда еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев ақылмандық ұлттық ұстанымы негізінде,Қазақстан халқының төзімшілдігі арқасында ұлтаралық ынтымақтастық пен конфессияаралық келісімді реттеудің бірегей үлгісін қалыптастырды. Елімізде нарық дағдарысына қарамастан бүгінде 17 елді мекенге газ желісі тартылады,оның 77 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілді.Қазақстан мемлекетінің алғашқы Президенті Н.Назарбаев Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған шарада: Тәуелсіз елдердің барлығы бірдей тұрақтылық пен татулыққа ұйып,дамудың даңғал жолына түсе алған жоқ.  Жер бетінде мыңдаған ұлттар мен ұлыстар бар.Біз-дербес мемлекет құру бақытына ие болған 193 ұлттың біріміз. Басқа бақыттың қонуы бір бөлек,сол бақытты бағалай білу бір бөлек.»[1]деп, айтылған сөзі, бәріміздің көңілімізден әбден шығады.               Иә,тоба,шүкіршілік татумыз.

Осы орайда 20 ғасырда егемендік жолында жанкештілікке дейін барған А.Байтұрсынұлы «Ұмтылмағандар есікте қалып жатыр...Қалмайық десек,қарап жатпалық ...Көп ісіне көп болып жабылайық...»[2] дегені, елдің сүйікті баласы болам,туған жерді көркейтемін десең,кісілік сипат пен азаматтық, бірін-бірі сыйлайтын “бір жеңнен қол шығаратын” бірлік пен адамгершілікке сай іс-әрекеттерге ойланбастан бару керектігін меңзейді. 20 ғасырдың 2-ші жартсында француз философы С.Экзепюри: “Дүниедегі жалғыз да нағыз бағалы-ол адамдар арасындағы шынайы қарым-қатынастағы бағалылық” деуі, кемеңгер Ахаңның айтқанымен үндеседі.

Елордамыз Астанада көркемде,қасиетті орын “Мәңгілік Ел” қақпасы бар. Бұл “Ұран” қазақпын деген ағарған жандарға бүгінгі жаңалық емес.Сонау 5-6ғасырларда сайып қыран “Ер түрік” баба-көсемдеріміз Күлтегін мен Тоныкөк  жанын шүбереке түйіп, түркі баласының басын біріктіріп “Мәңгілік Ел” боламыз деп ғұмыр кешкені баршамызға аян.Ахмет Байтұрсынұлы да “Алашым” деп, төмендегі айтылғандарды,оның Тәуелсіздік жолындағы өсиеті десе де болады:

             “Көсем боп тура жолға бастап кетсін,                     

               Қалмасын кейінгілер соңына еріп.

               Бай болса,малын қисын жұрты үшін,              

               Айамай керегіне тұрсын беріп”.[3], деп, елдің болашағына үлкен сенніммен қарап. Елбасының “Нұрлы жол” бағдарламасын көрегендікпен болжағанына таң қалмасқа шара жоқ.

Елбасымыз Егемендігімідің 20жылдығында (2011ж) кезекті халыққа Жолдауында Қазақстан «Мәңгілік Ел» болатынын дүйім жұртқа жария етті.        

      

             

 

Міне,мұқият зер салсаңыздар біздің тарихымызда ұрпақтар сабақтастығы әрдайым жүріп отырғанын байқайсыңдар.Ұлт үшін тер төккен ұлағатты істер мәңгілік халықтың жадында қалып,есі бар ұрпақ оны әрі қарай жалғастырады.Елбасы қалағандай 30 дамыған елдің қатарынан көрінуге өздерінің бар білімдерін,біліктілігін салады және отансүйгіштік рухымен алынбайтын  белестерді де бағындырады.   

     Біздің Президентіміз Н.Назарбаев 1995жылы 1наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлық шығарып,бүкіл облыстарда тұрып жатқан барша ұлттар қауымдастығын ”қазақ елі’ деген үлкен отауға бастарын біріктірді.Парламент Мәжілісінің депутаты,ҚХА мүшесі,т.ғ.д,профессор В.Киянский:Қазір барлық мәдени бірлестіктер өзінің’’мен’’деген ұғымына ''біз''деген ортақ ұғым арқылы қарайды.Егер''мен''деген ұғым алға шығып кетсе,әртүрлі қайшылықтар пайда болады.Сондықтан ''мен''және''біз''деген ұғымдардың арасындағы үйлесімділік ұлтаралық келісімнің терең түсінігін айқындайды.»[4] Бұдан Жолдауда ұсынылған бірлік пен ынтымақтың Отауымызда орныққанын байқаймыз.Алға Қазақстан! Мәңгі жасай бер дегім келеді!  

Қолданылған  әдебиеттер

1.Назарбаев. Н. Егемендігіміздің  23жылдығына арналған салтанатты шарада айтылған сөзі.  

2. Байтұрсынұлы А.6 томдық шығармалар жинағы.-Алматы «Ел-шежіре»,-2013.-5бет.

3. Байтұрсынұлы А. .Зарыққанда қылған бата.5-том.-Алматы,2006.-191б.

 

4.Егемен Қазақстан.Киянский В.Татулық пен Келісім.22.01.2015.-№13.-2бет.