Абубакирова Гүлнұр Мұратбекқызы
Саниязова Еркемай Казбековна
Қорқыт
Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Казахстан
ТЕРГЕУ ІС- ӘРЕКЕТТЕРІ
БАРЫСЫНДАҒЫ ТІНТУ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тергеу әрекеттерінің тізімдері қылмыстық іс
жүргізу заңымен реттелген және ол кеңейтілуге жатпайды.
Ал, олардың ішінде тінту әрекеті қылмысты
дәлелдеудің дәстүрлі қайнар көзі болып
табылады. Дегенмен тінтуді тиімді де ұтымды жүргізу мәселесі
тәжірибеде нақты да жеткілікті шамада шешіле бермейді.
Қоғамдық қатынастағы болып жатқан
өзгерістерді ескере отырып, әсіресе мемлекеттегі саяси
қылмыстарды тергеу кезінде міндетті түрде Қазақстан
Республикасы Конституциясы мен Қазақстан Республикасының
Қылмыстық іс жүргізу заңы және басқа да
нормативтік құқықтық актілер мен заң
талаптарына сәйкес қарастырылып отырған бұл тергеу
әрекетіне қатысты барлық дәлелдемелік
қайнаркөз жүйесіндегі оның алатын орны мен рөлі
барынша тиянақты, әрі түбегейлі тексерілуі тиіс [1, 234б.].
Тергеу -
іс-әрекеттің бастапқысы, аса қауіпті
тұлғаның қылмыстық ісімен жұмыс осы
оқиға орнын тінтуден басталады. Жұмыстың сәтті, не
сәтсіз болуы дұрыс нұсқа берілсе, қылмысты ашса,
айыпталушыны ұстағанына байланысты.
Басқа
жағынан қарасақ, оқиға орнын тінтуде
тергеушінің жіберген қатесі оның ары қарай жұмыс
жасауына, тергеу жұмысының ашылмауы мен қате жолға
түсуіне себеп болады.
Тінту (қарау)
тергеудің жеке іс-әрекеті болып табылады. Ол қылмыстың
ізіне түсуге, басқада заттардың дәлелдеме,
оқиға жеріндегі жағдайларды іске қатысты барлық
нәрселерді қарауға негізделген. Сонымен бірге тінту:
ұстау, қарау, тінту, эксперимент, болған жерде жауап алу
болып табылады.
Оқиға
орнын тінту тексеру - іс-әрекеттің ауыстырылмайтын бөлігі. Осы жерде
алынатын ақпаратты басқа жерде ала алмайды. Тергеуші
оқиға жеріндегі обьектілерді зерттей отыра әртүрлі,
әдіс формаларын қолдана отыра істің факторы мен жағдайын
анықтауға мүмкіндік береді [2, 125б.].
Оқиға жөніндегі обьектілерді
қабылдау тергеушіге болған жағдайды көруге,нұсқаның
алға жылжуының эмперикалық базасын береді.
Құжаттарды талдау, протокол, схема, суреттер көзбен бір көргенді алмастыра
алмайды.
Көбіне
оқиға орнын тінту, тергеу жағдайына байланысты болады. Не болды? Қылмыс
күтпеген жағдайда болды ма? Егер қылмыс жасалса,
қандай? Оны жасаған
кім және неге?
Тінте қараудың ерекшелігі-оны
күтпеген мінез-құлқы. Оның басқа тергеу жұмысынан
айырмашылығы оны жедел қаралуы керек. Кешігудің өзі болған жердегі
обьектілердің өзгеруіне, іздің
жоғалуына, іске қатысты куәгерлердің жағдайды
ұмытуына әкеліп соғады. Кей жағдайда тергеуші бұл
жұмысқа үлгермейді.
Ол өте тез қимылдап, ақпаратты жинауға
мәжбүр болады. Оның осы жерде жіберген
қатесі істің ашылмауына әсерін тигізетіні мәлім болуы
керек.
Оқиға
орнындағы жағдайды талдай отыра қылмыскер
тұлғасын ерекшелейтінін анықтай аламыз. Оқиға
жерін тінту ақпаратта көбіне қылмысты жасаған қылмыскерді
жынысына қарай анықтауға болады. Қылмысты көбіне ер адам
жасайды. (мысалы. зорлау, зорлау арқылы өлтіру) немесе
әйелдер (нәрестені өлтіру, алдаудың кейбір түрі).
Қылмыскерлердің
жынысын анықтай отырып, оның қылмысты орындау тәсілін
анықтауға болады. Мыс: есікті, сейфті, жарды бұзу үшін
ер адамның күшін қажет етеді. Осы жағдайды ескере
отырып, қылмыскерлер – ер адам екен деп есептеуге болады. Сонымен бірге
қылмыскерлерді ұстауда заттық дәлелдемелер мен іздер
болуы мүмкін: памаданың ізі киімде ыдыста, болуы мүмкін,
шпилька, заколка, духи немесе трубка, зажигалка, т.б. заттар қалуы мүмкін[3,
98б.].
Сонымен,қылмысты
ересек немесе кәмелетке толмағандар жасайды.Оны психологтар былай
түсіндіреді. Егер ересек адам ұрлық жасағанда ол
ең алдымен ақша, ең қымбат заттарды (алтын, хрусталь,
кілем және т.б) ұрлайды, ал кәмелетке толмағандар
тәттіге спирттік шараптарды, сағат т.б заттарды ұрлайды [4,
87б.].
Оқиға
жерін тінтуде психологиялық талдау жасалған қылмыстың
себебі түсіндірілмейді. Көбіне себеп қылмыстық
мінез-құлықты анықтайды. мысалы: ұрлаушы
бұл қасақана мотивпен жасалған. Қылмыста
мінез-құлық белгілерін таба алады (сараңдық,
ызашыл, агрессиялық, қаталдық және т.б)
Тергеушінің
тергеу барысында қажет болуы мүмкін тергеу
әрекеттерінің тізімін дербес анықтауының маңызы
үлкен. Заңмен көзделген тергеу әрекеттерінің
жиынтығынан тергеушінің дәлелдемелерді табу, бекіту
және тексеру, дәлелдеу процесін жүзеге асыру жөніндегі
іс әрекеті қалыптасады. Осыған байланысты ол дәлелдеу
шектерін және дәлелдемелерді табу тәсілдерін дербес анықтайды. Дәлелдемелерді бекіту
кезінде тергеуші заңмен белгіленген нысандарды ғана пайдалана
алады, бірақ дәлелдемелерді тексеруді тергеуші дербес жүзеге
асырады. Ол қандай дәлелдемелерді тексеру қажет екенін
және осы мақсатта қандай әдістер
қолданылатындығын
өзі шешеді.
Сондықтан тергеушінің
барлық шешімдері қаулылар нысанында шығарылады. Кейбір
жағдайларда шешім қабылдау оны жүзеге асыру жөніндегі
нақты әрекеттерде көрініс табады. Сондықтан
дәлелдемелерді жинау жөніндегі
тергеу әрекеттерін жүргізу туралы сұрақты шешу
кезінде тергеушінің дербестігіне қол сұғуға, олар
үшін негіздер болса тиым салуға ешкім құқылы емес
[5, 168б.].
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Жәкішев Е.Г. Криминалистік тактика / Оқу құралы. – Алматы: Жеті жарғы, 1997.
2. Еркенов С.Е., Сұлтанов С.И. Тергеу әрекетінің тактикасы.
– Алматы: Дәнекер, 2002.
3. Антониан Ю. М. Юридическая
психология. -
А.: Жеті қазына, 2006.
4. Пралиева Г.К..Юридическая психология. - А.: Жеті қазына,
2006.
5. Васильев В.П. Юридическая психология. - М.: НОРМА, 1991.