Автор: Балгабаев Жанибек
Дуйсенбаевич
Университет: «Астана» Университет
Магистрант: Магистр право
Специальност: Юриспруденция 6М030100
Тема: История конституция Турций и новая конституция!
Түркия мемлекетінің конституция тарихымен
жаңа Атазаңы!
Қасиетті қазақ
жерінен, оның ата-бабасы оғыздар-дың қара
шаңырағынан енші алып Кіші Азияға, яғни Анадолы
түбегіне Х-ХІ ғасырда қоныстанған түріктер –
ұлы халық. Қазір дүние жүзінде 80 миллионға
жуық түріктер бар. Соның ішінде Қазақстанда
тұратын түріктер ғана 78694 адам. Негізінен,
қазақпен қаны да, жаны да, діні де, ділі де бір түрік
бауырларымыздың Отаны Түркия – жер көлемі жағынан
Еуропадағы ең үлкен мемлекет. Түркі тілдес халықтар,
Түркия елі, Ататүрік туралы әңгіме
қозғағаныңда ең әуелі ойыңа
«түрік» атауының қандай мағынаны білдіретіні,
түрік тілінің әлемге белгілі классификациясы оралады.
Алтайдан Анадолыға, Қиыр Шығыстан Дон өзеніне дейінгі
аралықты мекендеген қазіргі түрік халықтарының
этногео-саяси және мәдени болмысын тұтастай зерттеп
жүрген ғалымдардың пайымдауынша, «түрік» сөзіне
түрлі кезеңдерде әрқилы түсінік беріліп келген.
Алайда олардың екеуі ғана ғылыми негізге ие. Біз енді оны
талдап, түсіндіретін болсақ, әлгі екі болжамның
біріншісіне сәйкес «түрік» (ең ежелгі айтылу үлгісі –
«түрүк») сөзі – «туатын, туындайтын, көбейетін» деген
мағынаны білдіреді. Екінші болжам бойынша, бұл сөздің
мағынасы: «күшті, құдіретті, кемал». Дәл осы
мағынада «түрік» сөзі алғаш рет саяси атау ретінде
Көктүрік мемлекеті тарапынан пайдаланылды. Және
жағырапиялық атау ретінде бұл сөз Түркһіа
(Туркия) үлгісінде Орта Азияны білдіретін термин ұғымында
алғаш рет византиялықтардың атауымен ІХ-Х
ғасырлардағы Азияның батысынан Орталық Еуропаға
дейін созылған аймақты білдірді. Ол аймақ – Шығыс
Түркия – Хазария, Батыс Туркия – Венгрия жері болатын. Еуропалықтар
оған қоса қазіргі Анадолыны да ХІІ ғасырдан бастап
«Туркия» деп атады.
Қазіргі таңда
дүние жүзіндегі екі жүз миллиондай адам түрік тектес
тілде сөйлейді. Негізінен, түрік диалектілерін үш топқа
бөлуге болады. олар – оғыз тобы, қарлұқ тобы,
қыпшақ тобы. Мұның ішінде оғыз тобы – Османлы
диалектісі, Әзери диалектісі, Түрікмен диалектісі,
Ғағауыз диалектісі тәрізді тармақтарға жіктеледі.
Қарлұқ тобы болса, олар - өзбек және ұйғыр
диалектілері. Қыпшақ тобын – қазақ, қырғыз,
татар, башқұрт, қарашай – малқар,
құмық, ноғай, қарақалпақ диалектілері
құрайды. Жасыратыны жоқ, осы үш топтың ішінде
аралық говорлар да бар. Түркия елінде Ғази
Мұстафа Кемал Ататүріктен бұрын, ертедегі тарихында
түрік елі үшін ерекше еңбегі сіңген басқа да ірі
мемлекет қайраткерлері болған. Олардың ішінде Селжүк,
Тоғрылбек, Алып – Арыстан тәрізді ірі қолбасшы, саясаткерлер
түріктердің дербес ел ретінде қалыптасуында үлкен
қайраткерлік танытты. Әсіресе, Алып-Арыстанның әскери-соғыс
істері мен мемлекетті басқарудағы саяси және әлеуметтік
жетістіктері зор болды. Ол өз мемлекетіне Кауказ, Сирия, Кіші Азия
халықтарын, тіпті Мауренахр мен Хорезм халқын да тәуелді етіп
алды, Византия императоры оған тәуелділігінің белгісі ретінде
жыл сайын 360 мың динар төлеп тұрды. Осындай көрнекті
түрік әскербасылары мен мемлекет басшыларына тән
қайраткерлік І-Баязид, ІІ-Мұрат, ІІ-Мехмед (ІІ-Мұраттың
баласы) сұлтандардың бойында да жарқырап көрініп,
Ғази Мұстафа Кемал Ататүрікке барып жалғасты.
Жерінің көлемі
780,6 мың шаршы шақырымды құрайтын Түркия мемлекетінің,
Кемал Ататүріктің ата тегі – түріктердің
тарихтағы өмір жолы таңғажайып даңққа
толы. Х ғасырда өздерінің ата қонысы – Тұраннан
кеткен оғыз тайпалары алғашқыда Хорасанға
(қазіргі Иранның солтүстік шығысы, Мерв және
қазіргі Түркіменстанның оңтүстігіндегі оазистерді
қамтыған аймақ) келіп қоныстанғанымен, ХІІІ
ғасырдың 20-жылдары мон-ғол шапқыншылығынан
ығысып, Анадолыға қарай көшеді. Бұл кезде осы
жерде олардан бұрын жеткен тағы бір түрік
тайпасы-селжүктер Византияның біраз жерін тартып алып, өз алдына
жеке мемлекет құрып отырған болатын. Тарихта Кония
(қаланың аты) сұлтанаты деп аталған сол мемлекет
ХІ-ХІҮ ғасырларда өмір сүрген іргелі мемлекет еді.
Негізінен, бұл мемлекет Алладдин Кейқуаттың (1219-1236 ж.ж.
билік құрды) тұсында ерекше гүлдеді. Алайда ол 1243
жылы моңғолдардың екпініне шыдамай, оған
бағынышты елге айналды да, кейін шағын биліктерге
(княздықтарға) ыдырап кетті. Бұған дейін Кония
сұлтаны Хорасаннан келген оғыз тайпаларына жер бөліп
берген-ді. Осы оғыз тайпасының көсемі Ертоғрылдың
баласы Осман (Оспан) керемет дарынды қайраткер болды. Ол 1299 жылы
өзін селжүк мемлекетінің мұрагерімін деп жариялап,
ыдырап кеткен биліктерді қайтадан бір орталыққа жинап, Осман
империясының негізін қалады. Оның халқы
өздерінің шыққан тегі түркі екенін ұмытпай,
ұлтын «Осман түркілері» деп атады. Кейінгі мемлекет атауы да сол
ескі, ежелгі қалпымен Түркия деп аталып, тарихтан ойып тұрып
орын алды. Осман империясы 1389 жылы Анадолы аумағынан шығып,
шапқыншылық жорық жасап, Косово даласында серб әскерін
қирата жеңіп, өзіне бағындырды. Сонан соң
түріктер болгар патшалығын, Македонияны бағындырып, 1396 жылы
Еуропа елдері рыцарларының өзіне қарсы біріккен күшін
тас-талқан етіп жеңіп, сол жылдары Кония сұлтанатының
ыдырап кеткен биліктерінің бәрін Осман империясына қосып
алды. Осман империясының барынша күшейіп, жерін екі есеге
жуық үлкейткен уақыты ХҮІ ғасырдың басынан
аяғына дейінгі мерзім болды. Бұл кездерде елді Селим І (1512-1520),
оның ұлы Сүлеймен І (1520-1566) биледі. Осы тұста Осман
империясы Армения, Күрдстан, Солтүстік Мессопатамия, Сирия,
Палестина, Мысыр, Хиджаз, Алжирдің көп жерін басып алып, Жерорта
теңізі бассейнінде жеке дара билік құрып, әлемдегі
ең қуатты державаға айналды. Оның Еуропа, Азия, Африка
құрлықтарына жайылған сол кездегі жер көлемі 8
миллион шаршы шақырымға жетті. Алып империяның
жауларының да аз болмайтыны ақиқат. Оған
жан-жақтан шабуыл жасаушылар да, Батыс елдерінде Осман империясын
қарызбен қақалтып, банктер жүйесімен буып,
өздеріне тәуелді етіп алуға тырысушылық та
күшейіп, құдайдан: «Аспаныңның апаты мен жердегі
түріктердің сақта!» деген жалбарыну мән-маңызын
жойды. Осман империясы Германия мен Австро-Венгрия жағында бірінші
Жиһан соғысына араласып, соғыста Антанта Одағының
елдері жеңіске жеткеннен кейін, Антанта мүшелері Версаль шарты бойынша
Германияны бас көтертпей тұқыртып тастады да, Севр шарты
бойынша Анадолы жері Англия, Франция, Италия, Греция елдерінің
бөлінісіне түсті. Сөйтіп, Түркияға ХІІІ
ғасырда Осман би билігінде болған алақандай ғана жер
қалды... Осы тұста Түрік елінде Мұстафа Кемал
бастаған Халық Революциялық Партиясы (ХРП) бас
көтерді.1881 жылғы 19 мамырда Селаник қаласында (Салоник)
дүниеге келіп, 1938 жылғы 10 қарашада Стамбұлда
қайтыс болған Ғази Мұстафа Ататүріктің
бүкіл саналы ғұмыры өз Отанының
тәуелсіздігі мен тұтастығы, ана тілі мен ұлттық
мәдениетінің дамуы жолындағы күреске арналды. Ол
Селаникте әскери лицей мен әскери мектепті (1902), Стамбұлда
Бас штабтың академиясын (1905) бітірді, 1908 жылы Жас түріктер
төңкерісіне қатысты.
Тарихтан жақсы таныс, он тоғы-зыншы ғасырдың
аяғында рефор-маторлардың жаңа буыны – Жас түріктер бой
көтеріп, олар ағылшын-француз ықпалынан босауды мақсат
тұтқандықтан сыртқы саяси бағытты өзгертті
де елді Германияны жақтап, бірінші дүниежүзілік
соғысқа килігуге ұрындырады. Ол Еуропа мен Осман
империясының мыңжарым жылға созылған
текетіресінің аяқталуына әкелді. Соғыста
Түркияның жеңілуі Осман империясы аумағының тез
арада бөлініп алынуына, Антантаның әскери флотының
Босфор мен Дарданелл бұғаздарына кіруіне, ағылшын-дар мен
француздардың Мосул мен Искандерун маңайын басып алуына,
италиялықтардың Оңтүстік-Батыс Анадолыны
бақылауда ұстауына, Антанта флотының
көмегімен грек қарулы күштерінің 1919 жылдың
мамырында Измир маңына келіп түсуіне, Батыс Анадолыдағы
гректерді қолдаймыз деген сылтаумен ашықтан-ашық соғыс
интервенциясына кірісіп кетуіне жол ашты. Бұл түрік
халқының ашу-ызасын туғызды. 1919 жылғы мамырда Эгей
теңізіне жақын жердегі таулы өңірде партизан
соғысы бұрқ ете түсті. Халықтық
қарсылықты бастаушылардың көбісі Жас түрік-тердің
жаңғыртушылық көзқарасын қолдайтын, білімді
де отаншыл әскери кадрлар еді. Осынау тарихи күресті таяуда
ғана аяқталған соғыстың батыры,
«Ыстамбұлдың құтқарушысы» атағына ие
болған Мұстафа Кемал басқарды. Ол 1911-1912 жылдары Италия
мен Түркия арасында болған соғысқа, 1912-1913 жылдары
Балқан соғысына қатысып, өзінің әскери
шеберлігін танытқан-ды. Ал енді бірінші дүниежүзілік
соғыс кезінде Дарданелл, Кавказ, Сирия – Палестина майдандарындағы
қолбасшылық қызметі үшін түменбасы (генерал)
және «Мұстафа Кемал паша» лауазымын алған болатын.
Әскер мен халықтың көмегіне арқа сүйеген
Мұстафа Кемал уақытша үкімет құрып,
интервенттерге қарсы соғыс қимылдарын өрістетті. Мудрос
келісімшартынан (1918 ж. 3 қазан) кейін Түркияға батыс елдері
тарапынан қатты қауіп төнгендіктен, Түрік
мемлекетінің бірлігі мен тәуелсіздігін сақтап қалу
Мұстафа Кемал басқарған күрестің басты
мақсаты болды. Оның басшылығымен «Ұлт бірлігі
және азаттығы» партиясы басқыншыларға қарсы
күресті одан әрі жандандырып, 1919 жылғы 22 маусымда
халыққа «Отан тұтастығы және ұлт
азаттығы қауіпте!» деген үндеу тастады. Сұлтан сол
кезде Мұстафа Кемал жасақтарына қарсы «ғазауат»
соғысын жариялап, елде азамат соғысы басталды.
1920 жылғы 10 тамызда Севрде Антанта державалары мен Сұлтан
үкіметінің арасында бейбіт шартқа қол
қойылғаны мәлім. Бұл Түркияның
бөлінуі мен кіріптарлыққа түсуінің ресми
түрде құжатталуы еді. Содан іс жүзінде Сұлтан
үкіметіне Анкара мен Қара теңіз жағалауы
арасындағы ғана жер қалдырылды. Соның салдарынан
Түркияның басым бөлігі Антанта елдерінің бақылауы
мен ықпалына түсіп, түрік елінің
біртұтастығы мен тәуелсіздігіне қатты қауіп
төнді.
1920 жылғы наурыз айында Түркия мемлекетінің өмірінде
үлкен тарихи оқиға болды. Ол Түркияның Ұлы
Ұлттық Мәжілісінің (ТҰҰМ)
құрылуы еді. Сол жылғы сәуір айында оның
төрағасы болып Мұстафа Кемал сайланды. Мәжіліс
Түркия өз алдына жеке тәуелсіз республика болуға тиіс
деген шешім қабылдады. Мұстафа Кемал Ұлы Ұлттық
Мәжілістің қарауына «саяси, экономикалық,
әкімшілік және әскери мәселелерді қамтитын
басқаруды жүзеге асыру бағдарламасын» ұсынып,
алғаш рет «Түрік мемлекеті» деген ұғым енгізілді.
Осылайша Осман империясынан мүлдем бөлек, жаңа геосаяси
субъекті дүниеге келіп, ол заңды тұрғыда бекітілді.
Бүкіл Түркия халқы Мұстафа Кемалдың саясатын
толық мақұлдап, оған жан-жақты қолдау
көрсетті. Бұл Мұстафа Кемалдың Түркия
елінің басшысы, ірі мемлекет қайраткері ретінде тарих сахнасына
шығуы болатын.
Мұстафа Кемалдың басшылы-ғымен Түркияны толық
азат ету күресі басталып, 1922 жылдың 26 тамызында түрік
әскерлері барлық майданда шабуылға шығып, оған ол
басшылық жасады. Түріктерге қарсы шыққан
әскерлердің негізін грек армиясы құрағанды. Екі
әскердің шайқасында осы грек армиясының
тас-талқаны шығып жеңілді де, олардың оқ пен
оттан аман қалғандары бастарын сауғалап, түрік жерінен
біржолата тайып тұрды. Осылайша 1919-1922 жылдардағы
грек-түрік соғысы түріктердің ұлы жеңісімен
аяқталды. Бас қолбасшы ретінде Сакария қаласы үшін
гректермен болған 22 тәулікке созылған ұрыста
жеңіске жеткені үшін 1921 жылғы қыркүйек айында
Мұстафа Кемалға маршал дәрежесі мен «Ғази» (Gasi –
жеңімпаз) атағы берілді. Негізінен, 1920-1922 жылдар
аралығында Ғази Мұстафа Кемал және оның
жақтастары шығыстағы, оңтүстік пен
батыстағы жау әскерлерін талқандаумен бірге Ресеймен,
Ұлыбританиямен, Франциямен жә-не Италиямен де бейбіт келісімге
келген болатын. Ал Түрік еліндегі соңғы сұлтан Мехмед
ҮІ болса, 1922 жылдың қараша айында британ әскери
кемесіне мініп алып, елден қашып кетті.
1923 жылғы 2 қазанда Түркияның Ұлы
Ұлттық Мәжілісі тәуелсіз Түркия республикасының
құрылғанын жариялап, оның астанасы Анкара қаласы
болып бекітілді. Сол жылғы 10 қазанда Ғази Мұстафа
Кемал Түрік Республикасының президенті болып тағайындалды.
Осылайша өмірге еуропалық сипаттағы демократияға
негізделген жаңа тұрпатты Түркия Республикасы келіп,
оның құрылғандығы 1923 жылғы 29
қазанда ресми түрде жарияланды. Бір жыл өткен соң
Түрік Республикасының Конституциясы қабылданды. Ғази
Мұстафа Кемал Түркия республикасының президенті
қызметіне 1927, 1931 және 1935 жылдары қайта сайланды.
Ең бастысы, 1924 жылы Түркияның Ұлы Ұлттық
Мәжілісі қабылдаған Конституция бойынша елдің
барлық азаматтары түріктер деп жарияланды. Ғази Мұстафа
Кемал өзінің парламенттік тобын Халықтық –
республикалық партияға (ХРП) айналдыратынын мәлімдеп,
жаңа құрылған партия парламенттің жаңа
құрамының сайлауында жеңіске жетіп, оның
төрағасы болып Ғази Мұстафа Кемал сайланды. Ол
Халықтық – республикалық партияға жариялы оппозицияны өз
серіктестерінің қатарынан құруға екі рет талпыныс
жасағанымен, бұл әрекеттері сәтсіз аяқталды.
Алайда, қуанарлығы, кемалшылар Осман империясы кезіндегі мемлекет
ұйымдастырудың негізгі қағидаттарынан бас тартып, дара
билік феноменін сақтап қалды, кейін оны тіпті күшейтті.
Түркия мемлекеті қалыптасамын дегенге дейін Түрік елінде бірнеше конституция болды. Тарихы терең бұл
республика сонау осман
империясы кезеңінде
өз конституцияларын жасап
шығарған еді. 1876 жылы
жаңа Осман империясы азаматтарымен қалыптасқан
алғашқы
конституция болды. Бұл
конституция өзіне көп міндеттермен құқықтар жүктемеді. Арнайы елдің
конституциясы есебінде тіркелмеді, себебі Осман империясының
мұрагері Абдул Хамид
падишаһтың тұсында
оны мойындамады. Және осы
конституцияны жазып шыққан бүкіл
уәзір
кеңесшілерін бір күн
түнде өлтіріп салады.
Солай қатыгездікпен байланысқан конституция
өзінің
жалғасын таба алмады. 1878
жылы Осман империясы
падишаһы
әмірімен
конституцияны жер бетінен
жоқ етіп,
халқын өзінің шығарған жасаларымен
басқарды.
Ашынған халық ашулы
падишаһтан теріс бұрылып көрші елдерге ауып
кетті. Қазіргі кездегі түрік
оқымыстылары
жасаған орта есеппен
1 миллионнан астам
халық қоныс аударып
кеткен.
Көп
ұзамай падишаһ дүниеден өтеді. Конституцияны
орнатуға
тырысқан сұлтан оның
пайда келтірмейтінін біліп ары
қарай толық түрде
жоққа шығады.
Алайда Түріктер азамат соғысынан кейін өздеріне конституция
қабылдау үшін жалпы халықтық референдум
жасайды. 1920жылы
референдум өтіп елде
конституцияның
болғанын
қалаған халық оны көп
талқыға салды. Солай уақыт
өте келе 20 қаңтар 1921жылы Түрік
республикасының
жаңа алғашқы конституциясы қабылданды. Жоғарғы Түрік Жиналысы арқылы қабылданып, онда
азаматтардың
бостандықтары туралы
және елдің ішкі
сыртқы саясаттары айқындалды. Жоғарғы
жиналыс келісім бойынша
бірнеше рет жөндеуден өткізді. Бұл конституция Түркия
Республикасындағы ең жұмсақ конституция болып есептелді, себебі сұлтан
режимінде
қалыптасқан
конституцияға
қарағанда
қарапайым халық мүддесімен мемлекет
мүддесі тең дәрежеде қалыптасқан еді. Сол
бойынша конституция жұмсақ болды. Бұл
конституцияда ең жоғары қаралған
мәселелер елдегі ұзақ жылдық
режимнің
құлауы, діні, ұлты, астанасы, тілі, президенті сияқты үлкен
мәселелер
төңірегінде
қалыптасты. Ең қысқа жазылған
және мемлекеттің басқа
таптарының
құқықтары
жазылмаған
конституция елге тағы
жарамсыз болды. Түркия Ұлы
Жиналысы қайта талқыға салып
Ұлы Мұстафа Кемал
пашамен бірге қайтадан конституция
өзгертуге тура келді. Себебі Осман
империясындағы
конституция қатал және
азаматтардың
құқықтары
дұрыс
көрсетілмеген болса,
одан кейінгі конституцияда
азаматтардың ғана
нақты
құқықтары
көрсетіліп, елдің
атқару, басқару т.б
сияқты таптарының құқықтары жазылмады. Сөйтіп 1924 жылы
20 мамырда елде Ұлы
Түркия Жиналысы арқылы қалыптасқан
атақты Кемализм тұсындағы екінші
конституция
қабылданды. Әрине араға
көп ұзатпай конституция
қабылдай беру
қандай елге болмасын
ауыр тиеді, онымен қоса
Осман империясы құрсауында қанша
жыл болған халыққа да тиянақтылық пен
бір қалыптылық керек
болды. Бұл конституция қабылданар кезде Франциядан,
Польшадан комиссия құрылып елдегі
конституцияның жазылкһуына жәрдемдескен еді. Яғни қазіргі тілмен
айтқанда
тәжірибе
алмасқан еді.
Солайнан Парламентте халық
санының үштен екісі
дауыс беріп 455 қаулымен жаңа
елдің ең ұзақ екінші конституциясы қабылданды. Мемлекеттік сувернититет қалыптасып, біріңғайлық жүйесі орнады. Билік ету және
атқару мен заң
шығару органы біріңғай болып
орнады. Олар бірігіп
үлкен Парламент құрады, сенімді бұқара халық арасынан
шыққан көп
дауысқа ие болған адам
ң жыл мерзімге
сайлана алды. Бұл ретте
өз кондидатурасын екі
реттен артыққа ұсына
алмады. (4бап) Ең жоғарғы басқару күші ол
Президент және оның
кабинеті болды. Президентті
жаңағы
бұқара
халық сайлаған азаматтар
яғни
Парламеттің
үштен екісінің даусымен
төрт жыл мерзімге
сайлады. Егер Президент сенімсіздік
жасаған
жағдайда парламент оның
өкілеттігін
тоқтатуға
толық
құқылы болды.
Президент сайланған соң
өз кабинетін жасақтады. Бұл кабинетке
кондидаттарды Парламенттің тең
жартысынан алды және
қалған жартысы Президент
өзі
тағайындады.
Президент өкілеттігі тоқтаған сәтте
кабинеттің де
жұмысы толық тоқтады. Алдыңғы
конституцияларға
қарағанда
бұл жерде Парламент өкілеттігі өте
мықты болды, 1945 жылға дейін елде
жалғыз
партиялық режим орнап
тұрды. 1923 жылғы
көп партиялы режимнің қиындықтар
жаратқанын білген соң
Ұлы Жиналыс яғни
парламент жалғыз партиялы
етіп жасады. Алайда екінші
дүние жүзі соғысынан кейін қайтадан демократиялық нышан керек
деп көп партиялы
режимге өтті. 1946
жылы Президент Джалал
Баярдың
мақұлдауымен
көп партиялы елде
сайлау өткізді. 1947 жылы бірнеше
ресми партиялар тіркелді. Демократиялық партия, Жалпы халықтық
республикалық партия,
Өзге ұлттардан құралған партия
тіркелді. Әрқайсысында
жеті мүшеден болды. Партия жетекшісін сол жеті
мүшенің ішінен жасырын
дауыс беру арқылы сайлады. Ар
сайланған жетекші бар
жоғы екі жыл
жетекшілік етті, және сайлауда
партияның барлық мүдделерін білдіре алды. Партияларды
сайлау жасырын өткізілгендіктен Соттардың көмегімен
барынша елде адал, тәртіпті өткізуге тырысты. 1950 жылы сайлау
өткізіліп
Демократиялық партия
53,89%, Жалпы халықтық республикалық партия 39,98%, Өзге ұлттардан құралған
партия 3,03% пайыздық үлестер жинап, жеңіске демократиялық
партияның төрт жүз
сегіз депутаты жетті.
1924 жылғы
конституция жеті рет
қаулының
күшімен
өзгертіліп отырды.
Діни баптардың көбісі қысқартылуға
жіберіліп(1928), Республикадағы
бюджет есебі туралы
баптарда күрделі өзгертілді(1931),
Әйелдердің
құқығы
туралы баптарға
енгізілді(1934), елді бір ғана
парламент қолына беруге
болмайтыны ұғылып,
министрліктер құрды және
өзгеріске ұшырады(1937).
Әскери баптарға өте
үлкен өзгеріс кіргізілді, тәуелсіздік
алғалы елде тұрақты армия
қалыптаспағанды(1945).
Елдің тіл туралы
баптарыда жай қалмады, Осман империясынан қалған тек
жалғыз мұра ол ұлттың сөйлеген тілі Түрік
тілі болып қалыптасты(1952). Барлық өзгерістерді күшіне енгізу мен
толықтыруларды осы 1960
жылы жасады. Елде
сәл де болса демекратиялық жүйе
орнап, экономикалық
жағынан ел қарқынды дамуын
бастады. Алайда елдегі партиялар
билік үшін
таласқа белсене кірісіп
кеткен еді, ел жастары
көтерілістерін
жиілетіп жіберді. Бір төңкерістің болары
анық еді, және болды
да. 1960 жылы партиялық қоғамды ысырамыз
деген ел азаматтары
тағы бір төңкеріс жасап
елдегі партия режимін
бір жолата жойды, 1961 жылы
9 маусымда елдің жаңа
толық
өзгерістерге
ұшыраған
үшіңнші
конституциясы
қалыптасып бекітілді.
Мемлекеттік комитет пен
бұрынғы
парламент және кабинет
құрылымдар
қайта сахнаға шықты. Солайнан Ұлы Түрік Жиналысы
өздері
қабылдаған
конституцияға тағы өзгерістер енгізді. Бұл
өзгерістер енгізілмес бұрын
елдің бүкіл аумағында екі ай бойы
әр бапқа талқылау жүргізілді, барлық
мемлекеттік университеттегі профессорлар арасынан жереби түрінде жиырма
кандидат таңдалып,
солар ең соңғы нүктені
қоятын болды. 1961 жылы
қалыптасқан
дауыс беру арқылы
конституцияны жаңадан қабылдауға 80% ел азаматтары қатысты.
Жаңа
конституция екінші конституцияға қарағанда өзгеше болды, елде
басқару үлгісі өзгерді. Парламент, одан
жоғары ұлттық жиналыс, және бұл жердегі ерекшелік екі
партиялы парламент болуы. Республикалық сенат
және сенат болды. Ұлттық жиналысқа
450адам сайланды,
республикалық сенатқа 150
адам, оның 15 президент жеке
өзі тағайындады.
Жергілікті округ яғни
қышлақтардан
сенатқа 850 адам сайланды. Енді ел билігін бөлейік, Президент және Ұлы
Ұлттық Жиналыс,
Премьер-министр, республикалық
сенат және сенат. Бұл жердегі ел билігі
тізгіні Ұлы жиналыста
еді, соған
қарамастан президент көптеген қажетті
қараларды өз бетінше
алуға
құқылы болды.
Осы зат президенттің
өкілеттігін
айқын көрсетіп тұрды. Сот жүйесі ешкімге
бағынбайтын дербес жоғары соттан
құралды, ел аумағында бөлек бөлек соттар
құрылып, дауларды барынша
әділ шешуге тырысты, бұл конституцияның
үшінше
бөлімінде ерекше
баптармен жазылған еді.
Судьялармен соттың егеменді
екеніне кепілдік берілді. Ерекшлігі егеменді сот жүйесінің құрамы былай
еді, Жоғарғы сот, облыстармен оған
теңестірілген соттар, кассациялық сот жүйесі және
аппеляциялық сот,
әкімшілік сот болып
бір салаланған жүйе
құрды. Халық
сот шығарған шешімдерге
разы болып отырды.
Бұл
конституция бірден прогресивті
өзгеріске
ұшырағандықтан
адамның
құқықтарымен
бостандықтарына
үлкен көңіл бөлінді. Одан бөлек тағы басқа
құқықтарды
қалыптастырды. Елдің
экономикасы саласы,
әлеуметтік, тарихи, ден саулық
сақтау, әскери, білім беру, рухани т.б. керемет құндылықтарды дөңелентіп жазды. Түрік Республикасындағы
тамаша конституциялардың бірі
осы болып есептелді.
Елдегі конституция
мықты болғанмен әскери режим күшейді. 1980
жылы Түркия әскери бірлестігі
ел билігін жаулап
алды. Содан бастап үш
жыл бойы елде
әскери режим қалыптасты. Ең таңдаулы командирлер өз жасақтарының күшімен ел басқара бастады,
елде мобилизация жарияланып, ел шекарасын
дұрыстау
мақсатында әрекеттер жүргізіле бастады. Генерал өзін ел басшысы тағайындап,
парламент сенат бәрін толық
таратып жіберді. Бұл генарал
Мұстафа кемал Ататурктен
кейінгі жүректі генаралдардың бірі Буленд Баркан болды. Түркия
Республикасы егеменді ел екен танытатын
таңғажайып
конституцияға ықтиярлары туды. Сол
мақсатта ел халық
жиналысы бірлесіп ел
тарихындағы
соңғы конституцияны
қабылдады. 1982жылы 7
маусымда қабылданған конституцияда преамбуладан бастап қазіргі халықаралық
нормаларға жауап бере
алатын стандартты конституция
жасақтап қабылдады.
Жаңа конституция қабылдау:
осы жиналыстың негізін салушы жиналыс, Ұлы Ұлттық Жиналыс бірігіп
әскери режиммен қалыптасқан конституция ауыр болатынын түсінді. Қабылдануы мен дайындалуы
конституцияның
проектісін жазу ұлттық совет комитетінен
жасалды. Осы Ұлттық Совет
комитеті жасаған үлгі бойынша 1ші жалпыұлттық
жиналыс 23қазан 1981жылы
болып өтті.
Конституциялық ассамблея Орхан
Алдыкылыш бастаған он
бес адамдық топ осы
мәселелердің
әділ өтуне
ықпал жасайтын болды.
Бұл жиналыста дұрыс конституциялық үлгі
көрсетілмегендіктен
негізсіз болып табылды.
1982 жылы 17 шілдеде қайта
жиналыс жасалып, сол жиналыс
нәтижесінде
араға бір екі
ай өтіп жаңа
конституция дүниеге келді.
Азаматтардың референдум арқылы жасалған дауыс беруге
елдің түкпір түкпірінен қатысты. Жасы
бар кәрісі бар
барлығы отыз алты
миллионан астам адам қатысты. Бұл көрсеткіш ел тарихында болмаған еді. Жиырма сеіз миллион
адам дауыс берген
жаңа конституция абден
талқылынып жілік майы
ажыраған конституция болып
табылды. Жаңа конституция мазмұны 1982 жылғы конституция, 177 баптан
жеті тараудан, преамбуладан
тұрды. 1-БАП. Түркия мемлекеті – республика, деп басталды.
Қортындылай
келе елдің конституциясы терең заманнан бастау
алғаны көрініп тұр.
Әрине Мұстафа Кемал пашаның ерен еңбегінің арқасында елде республика құрылып, дамушы прогресивті
елдер қатарынан орын тебе білді. Барынша демократиялық бағыт
ұстанған
Түрік Республикасы азаматтары
өз конституциясымен қатар
жұлдыз бен ай
бейнеленген жалауларын және
мемлекеттік
әнұрандарын пір тұтып
қатты
қасиеттейді. Заман заман
ел конституциясы өзгеріп елдегі басқару функцияларыда әр түрліге
өзгергені және мақсат бір Ұлы
Түрік республикасын демократиялық дамыған елдер қатарына көтеру еді. Ең алғашқы рет
тәуелсіздік алып егемендігімізді мойындаған
Түрік Республикасы болатын.
Аталас
бауырларымыздың
бұл жасаған игі
істері біздің елдің
ұрпақтарынада
өз елін сүйген жас қалай мемлекет
нышандарын қастерлеу керек
екенін ұғынуы тиіс деп ойлаймын.