Тулепбергенова Ф.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,
Қазақстан
ҚАЗАҚСТАНДА
ЗИЯТКЕРЛІК (ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ) МЕНШІКТІ ҚОРҒАУ
Зияткерлі меншік – азаматтық
мүліктік құқықтар
нысаны‚ жеке немесе ұжымдық зияткерлік еңбектің
нәтижелеріне айрықша меншік. Зияткерлік меншік – материалдық
емес игілікке жатады. Ол біреудің меншігіне берілмейді және тек
құқық иесінің келісімімен ғана
пайдаланылады. Зияткерлік меншік нысандарына:
· өнертабысқа‚ жаңалыққа‚ оңтайландырма ұсыныстарға‚ селекциялық жетістіктерге‚
пайдалы үлгілемелерге‚ өнеркәсіптік үлгілерге‚ т.б. берілген патенттерден туындайтын
құқықтар;
· ғылым‚ әдебиет‚ өнер туындыларын жасаушы
ақыл-ой адамдарының кітаптар‚ спектакльдер‚ опералар‚
музыкалық туындылар‚ сызбалар‚ тәсімдер‚ формулалар‚ т.б.
түріндегі зияткерлік жұмысының жемісі болып табылатын
шығармалық қызметтің нәтижелеріне авторлық
құқықтар;
· фонограммалар жасаумен‚
орындаушылықпен‚ телерадио эфир арқылы хабарлар берумен‚ клиптермен‚
т.б. байланысты сабақтас құқықтар;
· Заңды
тұлғаларды және олардың өнімдерін дараландыру
құралдарына (фирмалық атаулар‚ логотиптер‚ тауар белгілері мен қызмет көрсету белгілері‚
тауарлардың шыққан жерлерінің атауы)
құқықтар;
· ғылыми-зерттеу және
тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардан туындайтын
құқықтар; ноу-хауға берілген
құқықтар;
· зияткерлік меншіктің
дәстүрлі емес нысандарына (қызмет бабындағы
құпия мен коммерциялық құпия‚ оны әзірлеу мен
қорғау жөніндегі құжаттар‚ ішкі фирмалық
нұсқаулар‚ ережелер‚ т.б.) құқықтар жатады.
Заңдарда белгіленген тәртіппен
рәсімделген және материалдық тұлғаға
көшірілген зияткерлік меншік нысандарының бәрі
нарықтық тауар айналымында пайдаланылады және
материалдық емес құндылықтар түрінде есепке
алынады. Материалдық емес құндылықтар туралы
мәмілелер нәтижесінде алынған табысқа жалпы белгіленген
тәртіппен салық салынады.
Қазақстан Рспубликасында интеллектуалды
меншіктің барлық дерлік объектісі құрылған
және оларды қорғау жүйесі де жұмыс
атқарады.Жалпылай жинақтық ұғым деп
қарауға болады: заңды және жеке
тұлғаның интеллектуалды қызметінің
арқасындағы нәтижесі, орындауды қажет ететін жеке
өнім. Интеллектуалдық меншікті материалдық емес игілік деп
қарастыруға болады. Осындай материалдық емес игілік –
заңды тұлғалар мен адамдардың интеллектуалды
қызметінің нәтижесі. Алайда, интеллектуалды меншік бір жеке
меншіктен екінші біреуіне құрылмай тұрып та ауысуы
мүмкін. Қалай болғанмен интеллектуалды меншік – жеке
құқық, мемлекеттік басқару, мемлекетаралық
келісім әдісін, халықаралық құқықты
да еңгізуге болады. Интеллектуалды меншік – бұл «меншік»,
бірақ әлемнің көпшілік жерлерінде жалпы жеке меншік
заңдылығынан да тыс қаралады, авторлық
құқық, патенттік және басқа да
интеллектуалды меншік түрлеріне көп ден қойылады.
Интеллектуалды меншік құқығын
қорғау -
аймақтық қорғауға жатады, яғни,
қорғау тек сол мемелекет аясында ғана жүргізіледі.,
сұраныс пен талап сол мемлекетте ғана іске асады. әдеби
шығармашылық немесе өнертабыс сол мемлекеттің
заңымен қорғалады, басқа мемлекет қорғауына
енбейді. Ал басқа мемлекеттің қорғауын талап етсе,
халықаралық келісім қажет болады. Халықаралық
интеллектуалды, мәдени және сауда келісімдерінің
кеңейуіне байланысты, XIX ғ. 80 жылдары көп қырлы Париж
конвенциясы 1883 ж. «Өндірістік меншікті қорғау» және
1886 ж. Берн конвенциясы, яғни, «Әдеби және көркем
шығармаларды қорғау» туралы реформалар жасалды. Кейінірек
басқа да аймақтық және екі жақты
халықаралық келісімдер болды.
1967 жылы Стокгольм конвенциясы аса маңызды орын
алды, Бүкіләлемдік интеллектуалды меншік мекемесі (БИММ)
халықаралық қызметте интеллектуалды меншіктің
жиынтығы болып саналды. Тағы да бір ерекше жаңалық –
1994 жылы жасалаған Уругвай раундағы Марракештік пакетті атап
өтуге болады. Сауда аспектілеріндегі интеллектуалды меншік
құқығындағы (САИМҚ) келісімге
интеллектуалды меншіктің әртүрлі салаларын еңгізуге
болады.
Халықаралық
құқықтық тәртіп саласында интеллектуалды
меншік құқығын ретке келтіру, басқаша
айтсақ, интеллектуалды меншікке халықаралық
құқық барлық келісімдердің жиынтығы
болып табылады. Бүгінгі таңдағы осындай
құқықтық пайда болуы, біріншіден, сауданың
күрт өсуі, интеллектуалды құқық меншігінің
жалпы тауар құнына әсері, әсіресе жоғары
технологиялы фармацевтік және химиялық тауарлар өсіиіне
байланысты. Жалпы әлемдік тауар айналымының 15-20% интеллектуалды
меншікке, қорғалатын патенттер, сауда маркалары және т.б. сай
келеді. Тағы да бір негізгі фактор – халықаралық
интеллектуалды меншік құқығын дамыту – жоғары
технологиялық өнім шығарушыларды (АҚШ, Германия,
Ұлыбритания, Франция және басқа) қысқарту,
өйткені ғылыми-техникалықжетістіктер, арзан жұмыс
күші арқылы бәсекеге қабілеттілік жойылып, контрафактік
(қарсы) өндіріс (Оңтүстік-Шығыс Азия
елді-мекендерінде) орын алуда. Жоғарыда айтылып өткендей,
интеллектуалды материалдық құқық
ұлттық деңгейде қарастырылады. Халықаралық
деңгейде материалдық құқық тар
аймақта қарастырылады, негізінен ұлттық
заңдылық басқа елдердің пайдаланушысына ғана
қатысты болады. Авторлық және патенттік
құқық отандық ғылым аясында
қарастырылып, дәстүрлі халықаралық келісім
негізінде шешіледі., ал интеллектуалды меншік иесі-жеке тұлғалар.
Халықаралық келісім-шарттар ашық түрде жасалып,
ешқандай күмән тудырмайды.
Халықаралық интеллектуалды меншік
құқығы қарапайым негізде қарастырылады,
себебі, халықаралық келісім-шартқа қатысушылар
мемлекетке қарайды. Осындай келісім-шарттардан міндеттер мен
құқықтар туындайды, күмәнсіз –
халықаралық құқық келісімі,
нақтырақ – экономикалық, мүліктік – интеллектуалды
меншіктің халықаралық құқығы.
Интеллектуалды меншік құқығы мемлекетаралық
конвенциялық нормаларда сақталуы керек, сақтауға
мемлекет тікелей міндетті. Париж және Берн келісімдерінен сақталып
келе жатқан дәстүрдің негізгі блогы бар. Алайда,
айырмашылық шартты түрде ғана: патенттік
құқық және авторлық
құқық.
Бүгінгі таңдағы сауды экономикасында
Қазақстан меншік объектілерінде маңызды элементі болып:
фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі
және тауар шығару орындарының атауы саналады.
әртүрлі типті тауар иеленушілерге бәсекеге қабілетті,
өз ісіне жауапкершілікте негіз
болатын мүмкіндіктер тудыру, сауда айналымындағы тауарлар мен
қызмет көрсету деңгейі интеллектуалды меншік
құқығында өзіндік бағалауда негіз болады.
Патенттік құқық өндіріс
меншігімен тығыз байланысты, яғни өндірістік өткізімге
тікелей сай, онымен қоса қызмет көрсету, сауда қатынасы
енеді, бірақ кәсіпкерлердің қаражаты және
олардың өнімдерінің сапасын қарастырмайды.
Интеллектуалды меншік құқығын қорғауда
негізгі функция жеке өндірушілер,
олардың тауарлары, жұмысы және қызметі негізге алынады.
Авторлық және сабақтас
құқықтар, өнеркәсіптік және
зияткерлік меншіктің маңызды құрамасы бола келіп,
келесі интелектуалдық шығармашылық қызметтердің
нәтижелеріне таралады: ғылым, әдебиет және өнер
туындылары; эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының
орындалуы, қойылымдары, фонограммалары мен хабарларын жасауға
және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды, сонымен
қатар, азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды,
жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру
құралдарына: өнертабыстың пайдалы үлгілері,
өндірістік үлгілері; селекциялық жетістіктер;
интегралдық микросызба топологиялары; ашылмаған ақпарат,
оның ішінде өніріс құпиялары; фирмалық атаулар;
тауарлық белгілер; тауарлар шығарылатын жерлердің атаулары
т.б. реттейді.
Осы атап айтылғанның иегерлері жеке
тұлғалар болып табылғанымен, жалпы мемлекеттің
зияткерлік ресурсы және адамзаттың мұрасы болып есептеледі.
Дәлірек айтсақ зият тұрақты дамудың бас
қозғаушы күші болып есептеледі.
Сондықтан, мемлекеттің міндеті –
барынша зияткерлік шығармашылықты көтермелеу, сонымен қатар тиімді авторлық
құқықты ққорғау арқылы
және қосаралас қалыптасуы мен индустрия мәдениеті
дамуына, шығармалардың кең таратушылығына және
авторлардың тіршілік етуге қажетті қаражаттарымен
қамтамасыз етуге, жаңашыл өнертапқыштарды
қолдауына мүмкіндік туғызады. Бұлсыз елдің
зияткерлік әлеует қалыптастыруы мүмкін емес.
Азаматтардың зияткерлік меншік обьектісі
конституцияға сәйкес заң жүзінде
қорғалады. Біздің
елімізде Қазақстан азаматтары
мен қатар шетел азаматтарының да зияткерлік меншік құқығы заң
алдында бірдей қорғалады. Сонымен қатар,
Қазақстан азаматтарының зияткерлік саладағы
жетістіктері ұйымға мүше елдердің бәрінде бірдей
қорғалады.
Азаматтардың зияткерлік меншігін
қорғау арқылы мемлекет олардың шығармашылық
өрістің дамуын, сол арқылы ел экономикасының дамуына
қолайлы жағдай жасайды. Зияткерлік меншік құқығын
қорғау мәселесі тек қана өзінің
шығармашылық қызметінде объектілері мен ие болып жатқан
азаматтарды алаңдатпайды, олармен бірге қызметі авторлардың
және өнертапқыштардың құқықтарын
қорғауына бағытталған мемлекеттік органдары да
зияткерлік меншікті шеттетпейді, өйткені осы бағытқа
арналған мемлекеттік органдардың жұмысы жалпы
Республиканың халықаралық шарттарына қосылуына
және халықаралық ұйымдарға, ассоциацияларға
және зияткерлік меншікті қорғау одақтарына кіруіне
қажет. ХХ ғасырдың соңымен ХХI
ғасырдың басы дүние жүзінде ақпараттық
кеңістіктің қалыптасуымен, дамуымен ерекшеленеді. Дүние
жүзілік қауымдастықта жаңа технология, коммуникация,
микроэлектроника жүйелері мен олардың өзара қатынасы,
бір – біріне байланыстылығы қарқынды даму үстінде.
Әрбір кәсіпкер, өз жұмысында зияткерлік меншік
обьектілерін пайда – табыс табу мақсатында лицензиясыз немесе меншік
иесінің ұрықсатынсыз жұмыс жасауы заң алдында
жауапкершілікке әкеліп соғатындығын білуі қажет.
Зияткерлік меншік құқығын
қамтамасыз ету де зияткерлік меншік құқығын
бұзумен байланысты қылмыстар мен құқық
бұзушылықтар үшін жауапкершілікті белгілейтін
Қылмыстық және Әкімшілік құқық
бұзушылық туралы Кодекстерінің қабылдануы маңызды
кезең болып табылады.
Мемлекеттік органдар қазіргі күнде
зияткерлік меншік құқығын қорғауды
қамтамасыз ету шараларын қабылдауда. Оларды қабылдау
Қазақстан Республикасының әлемдік аренада зияткерлік
меншік құқығын қорғауды қамтамасыз
ететін мемлекет ретінде танылуына жағдай жасайды.
Әрбір дамыған мемлекеттің
өркениеті - мемлекеттің авторларға болған
көзқарасынан танылады. Ал мемлекет бұл салада, зияткерлік
меншік құқығын қорғау үшін,
барлық жағдайлар жасауда, автор да өзкезегінде
азаматтық тәртіппен өз құқығын
қорғауға құқылы.
Автор өзқұқығы
бұзылғанда сотқа немесе Комитетке, әділет
органдарының аумақтық органдарына немесе арнайы
құрылған мүліктік құқықты
реттейтін және қорғайтын қоғамдық
ұйымдарға арыздануына болады. Мысалы, Қазақстанда
ҚазАО, ҚАЗАСП секілді ұйымдар бар.
Пайдаланылан әдебиеттер:
1.
Қазақстан Республикасының
Авторлық құқық және сабақтас
құқықтар туралы Заңы 10.06.1996ж.
2.
Қазақстан Республикасының
Әділет Министірлігі Зияткерлік меншік құқығы
комитетінің сайты - intellkaz.kz
3.
http://kk.m.wikipedia.wiki
4.
Каудыров Т.Е.
Право интеллектуальной собственности в Республике Казахстан. – Алматы: Жеті-Жарғы. 1999