Тұрдалиева Ш.Т.,
Қадрешева Б.Ж.
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, Қазақстан
ВЕРБАЛДЫ ЕМЕС ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ
ЗЕРТТЕУ
ӘДІСТЕМЕЛЕРІН ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ
Тұлғаның
дамуы мен қалыптасуы өте күрделі, ұзақ
қарама-қайшылықты процесс.
Сыртқы ықпалдар мен
әсерлердің тиімділігі тұлғаның дамуында
оның жеке даралық ерекшеліктерін анықтайтын ішкі күштер
мен процестерге байланысты. Демек тұлғаның дамуы мен
қалыптасуына ықпал ететін бірден бір сыртқы күштер -
қарым-қатынас болып табылады. Қарым-қатынас
тұлғаның индивидуалды білімі мен шығармашылық
қабілетін, ізденушілік іс-әрекетін талап ететін бағыт
болғандықтан, осы тұрғыда психологиялық
жұмыстарды жүзеге асыру, қарым-қатынас белсенділігін
арттыру, коммуникативтілігін жетілдіру – танымдық іс-әрекеттің дамуына тікелей әсер еткендігін
негіздейді. Сол себепті, әсіресе бәсекелесу
жағдайында педагогикалық іс-әрекетті
басқару қызметінде
тұлғалардың вербалды емес қарым-қатынастың
тиімді формаларын меңгеруі қазіргі таңда маңызды болып
табылады.
Қарым-қатынастың бірлескен іс-әрекеттегі тұлғаның
танымдық іс-әрекетіне әсерін С.М. Жақыпов,
Н.Қ.Тоқсанбаева, қарым-қатынастың адамның
творчестволық іс-әрекетінің ерекшеліктеріне байланыстылығы
С.Қ. Бердібаева және шетел ғалымдары
қарым-қатынасты феномен ретінде қарастырған А.А.
Леонтьев, қарым-қатынасты оқытуды жалпы
әдіснамалық
тұрғыдан көп деңгейлі талдаған Б.Г.
Ананьев, психологиядағы қарым-қатынас мәселесін Б.Ф. Ломов, адамдардың бірлескен
қарым-қатынастағы дара және топтық
тәжірибелерін психикалық процестер ретінде Н.Н.Обозова,
қарым-қатынастың вербалды емес жағын
қарастырған В.А. Лабунская, А.Г. Асмолов. Сондай-ақ
қарым-қатынасты әлеуметтік және педагогикалық
психология тұрғысынан Е.Г. Луковская, Г.У. Солдатова, М.И. Лисина,
Э. Берн қарым-қатынас психологиясы А.М. Құдиярова, С.
Елеусізова, Е.Е. Смирнова, В.А. Горянин, вербалды емес
қарым-қатынастың гендерлік аспектілері З.М. Нуржанова, дене
тілі Аллан Пиз, Барбара Пиз және
т.б. еңбектерінде қарастырылған.
«Қарым-қатынас» түсінігі «қатынас»
түсінігімен тығыз байланыста. Бұл түсініктерді
қатар қарастыруды талап етеді. Қатынас – бұл
субьектілердің
қоршаған әлем обьектісімен немесе басқа
субьектімен өзіндік байланыс, нәтижесінде пайда болатын
олардың тікелей өзара әрекет немесе бір жақты
рационалды таным немесе эмоционалды және мінез-құлықтық
формада сақталуы. Біз қарым-қатынас бойынша серіктесімізге
өзіміздің сөзіміз, эмоция және әрекетіміз
арқылы оған деген қатынасымызды жеткіземіз.
Адамдардың
бірін-бірі тану психологиясы - ол психологияның дербес саласы еместігін
А.А. Бодалев айтып өткен. Ол психологияның аспектісі ретінде
теориялық деңгейде қарым-қатынастың орны мен
рөлін көрсетеді. Психологтар өзара әрекеттесуші
адамдардың сөйлеу іс-әрекеттерінің психологиялық ерекшеліктерін
анықтайтын қарым-қатынас процесінің
дәстүрлі шеңберін шегеріп қана қоймай, сонымен
қатар, өз болмысының түрлі саласында басқа
адамдармен тікелей қатынасқа түсуінен байқалатын бір
мезгілде адам психикасы туралы түсініктерді толықтыратындығын
көрсеткен. Олар: тұлғаның психикалық процестері,
күйлері және қасиеттері. Олай болса адамдардың бірін
бірі тануы мен түсінісуі тек сөйлеу әрекеті немесе дауысы
арқылы ғана емес, дене тілінде де көрініс табады.
Осы
бағытта ол вербалды емес қарым-қатынас
шеберлігі мен мәдениетін дамытудың маңыздылығын
көрсетті. Бұл күрделі де маңызды мәселенің
шешімін табу педагогикалық іс-әрекеттегі
тұлғалардың вербалды емес қарым–қатынас
қабілетін зерттеу болып табылады. Осы
міндетті шешу «Сізге вербалды емес
қарым-қатынас нені білдіреді?» саулнамасында вербалды
емес қарым-қатынас,
ым-ишара туралы түсінік
алу мен тұлғаның осы қарым-қатынас тілінде («дене
тілі») қаншалықты жақсы хабардарлығын зерттеу
мақсатымен сипатталды. Сыналушылар арнайы бланктегі сұрақтарға
жауап беру арқылы тексерілді.
Сауалнамада 20 сұрақ берілген, әрбір сұрақ
жауаптарына сыналушы өзінің таңдауын жасайды. Әр
жауаптың нұсқасына сандық ұпай қойылды: 0,
1, 2, 3, 4. Тапсырманы орындау барысында вербалды емес
қарым-қатынас туралы түсінік деңгейін біршама дамыту
қажет екендігін көрсетті. Ол адам үшін басқаны
дұрыс бағалау таңсық. Бірақ оның оған
қабілеті жоқ деген сөз емес, жай ғана мән
бермейтіндігінде. Сондықтан бақылау қабілетін
жаттықтырып, қоршағандардың әрбір ымдарына көңіл
бөлуін жетілдіру қажеттілігіне мүмкіндігінің
барлығын көрсетеді.
Вербалды емес
қарым-қатынас тілінде («дене тілі») қаншалықты
жақсы хабардарлығы
тұлғаның интуициясы өте жақсы
дамыған, басқа адамдарды түсіну қабілеті
меңгерілген,
байқампаздық және сезгіштік қасиеті бар, сонымен
қатар құрбысын немесе басқа адамның
көңіл күйін бірден түсіне алу шеберлігінің
өзгерісін анықтау мен түсіну
процесі жалпы үш буында
жинақталды:
1) қабылдау;
2)
қабылданғанның мәнін түсіну немесе
түсінгенді ішінара ұғынумен қабылдау;
3)
өзіндік түсіну.
Қарым-қатынасты зерттеу
мәселесімен айналысушы ғалымдардың көпшілігі (М.И. Лисина, А.А. Леонтьев, Б.Ф. Ломов, Е.О. Смирнова т.б.)
адамдардың басқаны танып
білуге ұмтылысы, ниет білдіруі, қажетсіну ерекшеліктері оның
танымдық белсенділігінің дамуымен түсіндіреді.
Зерттеудің екінші әдістемесі «Вербалды
емес сигналдарды қандай дәрежеде меңгердіңіз?». Бұл әдістеменің
авторлары Аллан Пиз бен Барбара Пиз.
Олар тұлға аралық қарым-қатынас бойынша
әлемге әйгілі эксперттер және «дене тілінің» психологиялық
интерпретациясын берудегі мамандар болып табылады. Әдістеменің
мақсаты: тұлғаның вербалды
емес қарым-қатынас жайлы ақпаратты қандай
дәрежеде меңгергенін анықтау. Әдістеменің
құрамына 18 сурет кіреді және әр суретке қатысты
сұрақтары бар жауап беру бланкісі беріледі. Әдістеменің ерекшелігі: вербалды
емес белгілер тізбегін талдауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижесі ұпай санын есептеу
арқылы өңделеді: әрбір дұрыс берілген
жауапқа 1 ұпайдан беріледі. Ұпай саны - 70-150 аралығында
төрт деңгейде қарастырылады. Егер, 0-70 ұпай болса
төмен деңгей, 70-100 ұпай орта деңгей, 100-130
ұпай жоғары деңгей және 130-150 ұпай
жинағанда өте жоғары деңгейді анықтайды.
Қарым-қатынас
процесі өзара, және оның әрбір қатысушысы саналы
тіршілік ретінде көрінеді. Қарым-қатынастың перцептивті
процесстерге ықпалы ең алдымен қабылданатын
ақпараттың селекциясы мен ұйымдастырылуында, оны
бағалау мен түзетуде, сонымен қатар бақылау
бағдарларын қалыптастыру мен субъективті шкалалар құру
стратегиясында көрініс табады. Әлеуметтік
психологияда өзара әрекет –
бұл қарым-қатынастың
үш координатының бірі. Басқа координаттары:
коммуникация, индивид немесе топ
арасында ақпарат алмасу және тұлғааралық
қабылдау, түсіну жай ғана қарапайым қолма
қол субьектінің таным акты емес, кең көлемді –
өзара түсінісудің негізі ретінде адамдардың бірін бірі
қабылдауы. Өзара әрекет – бірлескен іс-әрекетті
ұйымдастырудың белгілі формасы.
Кеңістікті
елестетулерді қайта жаңғырту барысында қарым-
қатынас қандай да бір объектілердің орналасуына қатысты
бағалауға, сонымен қатар кеңістікті -
уақыттық тасымалдау процесстеріне ықпал етеді; ол сонымен
қатар қайта жаңғыртылатын бейнелердің
түзелуін қамтамасыз етеді.
Вербалды
материалды қайта жаңғырту барысында қарым-қатынас
оны тексеру және түзеудің, сонымен қатар
ұмытылғанарды айқындаудың маңызды шарты ретінде
болады; қарым-қатынас процесінде қайта жаңғырту
стратегиясы қалыптасады, жаңғыртылған материалдар
бөлімдеріне қатысты болжамдар жасалады және тексеріледі
және оның реттелуі жүзеге асырылады. Түсініктерді игеру
процесінде қарым-қатынасқа орай жалпылау және абстракциялау
базасы кеңейеді (индивидуалды іс-әрекетпен салыстырғанда);
сол сияқты ол игерілетін білімдерді таңдау және реттеуге
септігін тигізеді.
Қарым-қатынас
оған қатысушылар арасында қызметтерді бөлу,
мәселені шешу бойынша рөлдерді алмастыру бойынша, өзара ықпалдастық,
бақылау, өзара түзеу және компенсация мүмкіндігін
қамтамасыз ететін, ашық және қозғалысты
жүйе ретінде болады. Қарым-қатынас әрқашанда нақты-ситуативті
сипатта болады және оның қатысушылары арасында қатынас
қалыптасуы бойынша өтеді.
Қарым-қатынас
- қатарлас дамудағы индивидуалды іс-әрекеттердің
қосылысы немесе жинақталуы емес, дәлірек айтқанда
субъектілердің өзара әрекеттестігі болып табылады.
Сондықтан да оған енгізілген актілердің (әрекетер
немесе операциялар) барлығы қосарланған және ерекше
қасиеттерге ие ретінде болады.
Қарым-қатынас
процесі барысында вербалды және вербалды емес құралдар арасындағы
қатынас бірлесіп шешілетін есептер сипатымен, сонымен қатар
бірлескен іс-әрекет жағдайларымен анықталады және
өте динамикалық болып табылады
Тілдің
жалпы мағынасының
өзінде белгі жүйесі,
адамның қарым-қатынасы, ойлауы және
сөйлеуіне қызмет ететін құралы ретінде
анықталады. Тіл арқылы дүниені тану жүзеге асырылады,
тілде тұлғаның өзіндік санасы
ақиқатталынады. Тіл ақпаратты сақтау және
жеткізу, сонымен қатар адам мінез-құлқын
басқарудың өзіндік әлеуметтік құралы болып
табылады.
Вербалды
емес коммуникация дыбыстық сөзбен
қатар адамдардың қарым-қатынасының
маңызды құралы болып табылады. Вербалды емес коммуникация –
бұл мәнерлі
қозғалыс, ым, заттарды қолдану. Оның құралы қарым-қатынас мүмкіндігін мәнерлі
етеді және ықшамдам едәуір кеңейтеді.
Қатысушылар
әрекеттерінің уақыт бойынша үйлесімді болуы
қарым-қатынас процесінің маңызды сипаты болып табылады.
Қарым-қатынастың соңғы кезеңінде бірлескен
іс-әрекет нәтижелерін сәйкестендіру, оларды бақылау
және түзеу жүзеге асырылады. Ол жеке алғанда,
қарым-қатынас процесінде түсініктер, шешімдер, принциптер мен
бірлескен әрекет стратегияларының үйлесімді
қалыптасуынан байқалады. Қарым-қатынас процесінің
нақты динамикасы қарым-қатынас тақырыбы мен оған
қатысушы адамдар ерекшеліктеріне байланысты.
Қолданылған
әдебиеттер:
1.
Лобанов А.А. Основы
профессионально-педагогического общения.-М.: Академия, 2002. – 192 с.
2.
Ломов Б.Ф. Особенности познавательных процессов
в условиях общения // Психологический
журнал. Том 1. №5, 1980
3.
Горянина В.А. Психология общения.- М.: Академия, 2005. – 416 с.
4.
Тұрдалиева Ш.Т. Тұлғаның танымдық
іс-әрекетін қарым–қатынас арқылы дамыту: психол. ғ. канд. ... автореф.: 19.00.01. - Алматы,
2009.
5.
Аллан Пиз, Барбара Пиз. Язык телодвижений. [пер. с англ. Т. Новиковой]. – Москва: Эксмо, 2009. – 464 с.