Тұрдалиева Ш.Т., Ашимбекова Г.
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ., Қазақстан
КОУЧИНГ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІ КӘСІБИ ІС-ӘРЕКЕТКЕ
БАҒЫТТАУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Қоғамда болып жатқан кең шеңбердегі
өзгерістер білімді, саналы жастарды тәрбиелеушілерге үлкен міндет
жүктері сөзсіз. Ол жас ұрпақтың жаңаша
ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымының
қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейдегі білім, білік негіздерін
меңгеруіне ықпал ететін білім мазмұнын құру –
жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі. Болашақ маман
иегерінің кәсіби іс-әрекетті игеруі оның жалпы
интеллектуалды және арнайы қабілеттерінің дамуына, сонымен
қатар қызығушылығы және мотиві, мінез-құлқы,
темпераменті, тұлғаның бағыттылығы, оның
өзіндік санасына және т.б. байланысты. Студенттерді кәсіби
іс-әрекетке бағыттаудың тиімді әдістері олардың
болашақ мамандығына деген қызығушылығы мен
білімін белсендіреді. Олар: іскерлік әңгімелер мен ойындар,
психологиялық тренингтер, коучингтер, топтық дикуссиялар және
т.б.
Тренинг
технологиясымен қатар қазіргі таңда психологиялық
қызметте коучинг жиі қолданылуда. Коучинг әлемнің
көптеген елдерінде табысты қолданылады. Әсіресе коучингті Педагогикалық шеберлік орталығының Кембридж университетінің бағдарламасы бойынша әзірленген мұғалімдердің біліктілігін арттыру
курстарында кеңінен қолданады. Ол мұғалімдердің
оқу-тәрбие үдерісінде өздерінің кәсіби
білімдері мен шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға,
әрі тиімді пайдалануға көмектеседі. Себебі, коучингтің халықаралық
федерациясының анықтауына
сәйкес, кәсіби коучинг – бұл клиенттерге өз жеке
және кәсіби өмірінде нақты нәтижелерге қол
жетуге көмектесетін үзіліссіз қауымдастық. Ал
психологиялық қызметте коучинг процесі арқылы клиенттердің
өз білімдерін тереңдетуге, өз ықпалдылығын
және өмір сапасын арттыруға мүмкіндік беріледі.
Коучинг - үйретпейді, ол үйренуге көмек
көрсетеді. Коучинг:
Біріншіден, белгілі бір қызметті орындау мақсатында белгілі
бір ұйымның іс-шаралар бірлігі;
Екіншіден, бұл ұйымның мақсаттарын анықтап,
оларға жету мақсатында жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру
мен бақылау үрдісі;
Үшіншідн, ұйымдаспаған топты мақсатқа
бағытталған және нәтижелі топқа айналдыратын
ерекше қызмет.
Коучинг – бұл
серіктестердің өмірде, кәсіби мансапта, бизнесте ең
жоғары нәтижелерге жетуіне ықпал ететін кәсіби
қатынастар процесі. Коуч кеңес беретін консультант есебінде емес,
мәселелердің шешімін іздеудегі кәсіби дем беруші
рөлінде қолданылады. Коуч әрбір клиенттің
творчестволық мүмкіндігін ашады, клиент өмірінде жеткілікті
өзгерістердің болуын қамтамасыз ететін оңды
нәтижелерге қол жетуді демейді және ықпал жасайды.
Коучинг білім
беру орындарындағы оқыту ісінде теориялық
даярлық, қоғамдық, педагогикалық
және арнайы ғылымдарды меңгеру психолог мамандарының
қызметімен үйлестіре жүргізіледі. Тұлғаның
жаңа ортаға енуі, құрбыларымен дұрыс
қарым-қатынас жасай алуы
дұрыс ұйымдастырылған топтық
жұмыстарға байланысты. Коучинг арқылы өзара
ынтымақтастықты кеңейту, топтық қарым-қатынасты
жақсарту. Сол арқылы болашақ маман иелерінің
кәсіби іс-әрекетке тіориялық біліміді меңгеруімен
қатар психологиялық даярлығын да қамтамасыз ету.
Коучинг ғылымының негізгі кезеңдері:
1. Мақсаттарды орнымен орналастыру;
2. Нағыз ілімнің шынайы тексерілуі;
3. Мақсаттарға қол жеткізудің тиімді жолын
қарастыру;
4. Кәсіби жетістіктері.
Коучинг
ғылымының түрлері:
1. Карьералық (мансап) коучинг – бұл адамға өзіндік
бағаны жақсы беруді және мансаптық жоспарлауды, даму
жолын дұрыс таңдауды, жақсы жұмысқа итермелеуді
жүзеге асырады.
2. Бизнес- коучинг – бұл қоғамда көбірек тараған
түрі. Әрбір компанияның мақсаттарына қол
жеткізудің тиімді жолын үйренуге бағыт береді.
3. Лайф - коучинг – жеке адаммен жұмыс жасауға негізделген
оның өмірінің жақсаруын қадағалап,
бағыт-бағдар беруді үйретеді.
4. Жеке және корпоративті коучинг.
Коучингтің ұйымдастырылу құрылымы:
- коучингке қатысшылардың қарым-қатынас
ұзақтығы алдын ала белгіленеді;
- кездесулер құрылымдық сипатта ұйымдастырылады;
- кездесулер алдын ала жоспарланады;
- кездесулер қысқа мерзімді (тақырыбы және
мақсатына қарай кездесу уақыты кейде шектеулі) және
дамудың нақты мәселелеріне қарай бағытталады;
- коучингте практикалық тәжірибенің болуы міндетті емес;
- коучинг білім алушылардың нақты кәсіби дағдыны
қалыптастыруына бағытталып жоспарланады;
- коучингтің басты назары кәсіби мәселелерді шешуге
бағытталған;
- коучинг тұлғалық дамудың белгілі
бір бағыттарын анықтауға, әрі нақты белгіленген
мәселелерді шешуге бағытталған.
Коучингті жүргізудің негізгі артықшылықтары:
1. Жағымды нәтижелер алындаы;
2. Меншік және жауапкершілік сезімі қалыптасады;
3. Өнімділіктің өсуі артады;
4. Айқындық пен бағыт анықталады;
5. Кәсіби іс-әрекетте жоғары мотивация қалыптасады.
Коучинг арқылы
адамдар өзін өзі тануға мүмкіндік алады және жауапкершілік
сезімі қалыптасады. Сол себепті коучинг сабақтары арқылы студенттерге
жаңа әдістерді үйрете отырып, бағыт-бағдар беріп
олардың кәсіби жұмыстарында нақты және
жан-жақты білім беруіне үйретіп дағдыландырамыз. Сондай білім
алған әрбір болашақ маман иесінен мықта
қалыптасқан қоғам құрылады. Коучинг арнайы
қызмет емес, ол адамдар арасындағы қарым-қатынас процесі
болып табылады. Сол себепті коучингтің барысында қатысушылар
тыңдаушы және бағыттаушы болады. Коучинг студенттерге
өз мүмкіндіктерін пайдалануға көмектесу деген
ұстанымға негізделеді. Коучинг аяқталған соң студенттер
мәселелердің шешімін өз бетінше табуға
көмектеседі. Себебі, коучинг үйретпейді, ол мәселені немесе
өзінің ішкі ресурсын дұрыс пайдалануға мүмкіндік
алады, өзін бағыттайды, шешу жолын өзі іздейді.
Кез-келген жағдайда психолог өзінің
кәсіби әрекет бағдарламасын құрал-жабдықпен
қамтамасыз ету міндетімен соқтығысады, оған
атақты әдістер қорын талдауға және олардың
ішінен адекваттыларын таңдауына тура келеді. Психологиялық
тәжірибеде әдіс-бұл практикалық психологиялық
міндеттерді шешетін тәсілдердің жиынтығы. Практикалық
психологияда негізгі әдістерді жіктеу екі параметрге негізделген:
ауыспалы мағынада (педагогикалық,
әлеуметтік-педагогикалық, жеке психологиялық) және
кәсіби әрекет бағытында (психологилық сараптама,
психокоррекция және т б). Жеке психологиялық әдістер ішінде
психодиагностикалық, психокоррекциялық, кеңес берумен
психотерапия әдістерін бөліп алуға болады. Кейбір
жағдайларда психолог сол немесе басқа технологияларды жүзеге
асыра отырып, басқа саладағы ауыспалы әдістерді пайдаланады. Мысалы,ол
психологиялық ақпараттандыруда лекция, әңгіме,
психологиялық тақырыптарға іскерлік ойындар мен практикумдарды
қолдана алады. Студенттерді
кәсіби іс-әрекетке бағыттаудың тиімді
әдістері ретінде коучингті қолдану тиімді нәтиже береді.
Себебі, коучинг – бұл серіктестердің
өмірде, мансапта, бизнесте ең жоғары нәтижелерге жетуіне
ықпал ететін кәсіби қатынастар процесі. Коуч кеңес
беретін консультант есебінде емес, мәселелердің шешімін іздеудегі
кәсіби дем беруші рөлінде болады. Коуч әрбір клиенттің
творчестволық мүмкіндігін ашады, клиент өмірінде жеткілікті
өзгерістердің болуын қамтамасыз ететін оңды
нәтижелерге қол жетуді демейді және ықпал жасайды.
Демек, технологияларды
толық меңгеру психологқа кәсіби шеберлік
деңгейіне көтерілуге мүмкіндік береді. Психолог қолданған технология
сипаты баланың мәселесіне байланысты, оның тұлғалық
ерекшеліктеріне, тәрбиелік жағдайына, әлеуметтік бейімделу
деңгейіне, психологиялық әрекет пәніне, маманның
мүмкіндіктеріне және басқа да параметрлерге байланысты
ұсынылады.
Әдебиет:
1. Шекшня С. Как
эффективно управлять свободными людьми: Коучинг. — М.: Альпина Паблишер, 2011. — С. 208.
2. Рогов И.С. . Настольная книга практического психолога.-
М: Владос, 2000
3. Прутченков А.С. Социально-психологический
тренинг в школе. – М.:
Эксимо-пресс, 2001.