Дүйсенова С.

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, Қазақстан

 

КОММУНИКАТИВТІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ПРОЦЕСІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Адам мамандығы, жынысы, ұлты бойынша кім болмасын, әрқашанда үш негізгі тіршілік әрекетінің бірлігінде болады - еңбек, таным, қарым-қатынас. Осы байланыстар және қатынастар қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылады, осыған орай ұжымдық еңбек іс-әрекеті процесінде адамдар арасында қызметтерді үйлестіру және бөлу мүмкін бола бастайды. Кейбір мамандықтар үшін қарым-қатынас еңбек іс-әрекетінің негізгі формасы болып табылады (лектор, актер, мұғалім). Еңбек іс-әрекеті адами болмыстың негізгі мазмұнын құрайды. Бірақ кез-келген еңбек қарым-қатынаспен байланысты емес (әңгіме, ойын және т.с.с).

Адамның сол тілде сөйлеушілермен тікелей немесе аралық қарым-қатынас барысында сол тілдің  нормалары мен мәдени дәстүріне сәйкес өзара түсінісе алса, ақпаратты қажетті деңгейде нақты, әрі түсінікті жеткізе білуі оның коммуникативті құзыреттілікті меңгергені болып табылады. Коммуникативті құзыреттілік - қол жеткізу, сәйкес келу, сөзінен шыққан. Мысалы, оқу үдерісінде және қоғам үшін күнделікті оқуда міндеттердің тіл  арқылы шеше білу қабілеттілігі, білім беру мен тәрбиелеу мақсатын іске асыруда  педагогтің тіл және сөз құралдарын пайдалана алуы. Коммуникативті құзыреттілік пен қарым–қатынас – қатарлас  және бір-бірлеріне тәуелсіз құбылыстар ғана емес, олар өзара байланыста тұратын процесс. Олардың  психологиялық байланыстылығының негізі процестердің рухани бірлігі  болып табылады.  Коммуникативті құзыреттілік тиімділігі «субъект–субъект» схемасы бойынша бірлескен іс-әрекет қатынасының жақсаруына қаншалықты негіз болуына байланысты болса, ол қарым-қатынас процесі арқылы жүзеге асырылады. Олай болса коммуникативті құзыреттілік қарым-қатынастың техникалары мен ережелерін меңгеру процесінде қалыптасады.

М.Еркінбекованың пікірінше, қарым-қатынас -   білім мен мәдентиеттің компоненті, оның бөлінбейтін бөлшегі іспетті адамзаттың өзара әрекеттес болуы мен сана-сезімін жетілдірудің ерекше жолы [2]. Осыдан, қарым-қатынастың мазмұны бірлескен іс-әрекет процесінде адамдар арасында өзара байланыс орнату үшін коммуникацияның түрлі құралдары көмегімен ақпарат алмасу болып табылатын, адамдардың өзара әрекеттестігі болып табылады. Қарым-қатынас жанама немесе тікелей болуы мүмкін. Жанама қарым-қатынас формалары көріністері қоғамның техникалық және мәдени өркендеулеріне міндетті - қоғамдық байланыстардың әртүрлі құралдарын шығару.Оларға келесілер жатады: хат, баспа, телеграф, радио, теледидар, сурет т.с.с. Ал, тікелей қарым-қатынас әрқашанда адамдардың бір-бірлерімен жанды көрісуі процесінде жасалады, бірақ ақпарат байланыстың антропологиялық құралдары көмегімен беріледі: ым-ишара, пантомимика, дауыс, ауызша сөйлеу.

Тікелей қарым-қатынас барысында адам қарапайым ақпарат беруші ғана емес. Бірмезгілде өзі қаламаса да, өзі туралы ақпарат беруші. Тікелей қарым- қатынас барысында адамдар бір-бірлері үшін қабылдау объектісі болып табылады. Адамдардың өзара түсіністігі, олардың өзара қарым-қатынас сипаты бір адамның екінші адамды қабылдау қабілеті қаншалықты дамығанына байланысты.

Адамдардың бір-бірлерін тануы өзара қабылдаумен шектелмейді. Ол сезімдік және логикалық танымның барлық деңгейлері арқылы өтеді. Мазмұны мінез, қабілеттер, қызығушылықтар, мамандықтар, мінез-құлық типтері, әлеуметтік-топтық ерекшеліктерінің анықталуы болып табылатын логикалық таным бір адамның басқа адам туралы пікірлерінен байқалады. Қарым–қатынас тұлғаның шығармашылық қабілетінің дамуында және кәсіби қалыптасуында маңызды орын алады. Кез келген адамның психикалық дамуы қарым–қатынас процесінен тыс болмайды. Тұлғаның ақыл–ойының даму деңгейі оның теориялық білімі мен практикалық іс–әрекеті барысында жүзеге асырылады.   Қарым-қатынас қызметтері:

1.      ақпараттық-коммуникативтік.

2.      адамдардың бірін бірі тануы.

3.      таным

4.      өзаратану

5.       тұлғааралық өзара қатынасты ұйымдастыру.

6.      адамдардың өзара ықпалы

7.      қарым-қатынасқа үйрену.

Қарым-қатынас процесіндегі сәйкес әлеуметтік-психологиялық интерпритация өзгеріссіз қалмайды. Сезімдік бейне «сенсорлы коррекция» кезеңінен өтеді, сол сияқты әлеуметтік- психологиялық интерпритация практикалық коррекция кезеңінде адамдардың өзара-әрекеттестік процесінде жүреді. Бір-бірі туралы пікірлер қарым-қатынастағы адамдардың өмір тәжірибесімен тексеріледі, бағдарланады, өзгерістерге ұшырайды, ал кейбір жағдайларда қарама-қайшылармен алмастырылады.  Мәселен,  лектордың  студенттердің аудиториямен қарым-қатынасы төмендегі негізгі құрылымдардан тұрады, олар:

1)      коммуникативтік – бұл лектордың тәрбиені мен ақпаратты дайындауы, жаңа материалды жеткізуі және білім берудің әдіс-тәсілдерінің  көмегі арқылы аудиторияны меңгеруі;

2)      перцептивті - бұл лектордың аудиторияны және аудиторияның лекторды бағдарланатын тәсілдердің көмегі арқылы қабылдауы және бағалауы;

3)      экспрессивті -  бұл лектор  өзінің тұлғасын, берілетін материал мен  аудиторияға өзінің жеке қатынасын орнатуы;

4)      ықпал жасау – бұл лектордың аудиторияға және аудиторияның лекторға сендіру, жұқтыру, көз жеткізу көмегі арқылы ықпалы.

Алайда,  қарым-қатынас процессінде әр түрлі кедергілердің пайда болуы мүмкін, олар байланыстағы түгелдей  психологиялық себептер кешені- коммуникативтік кедергілер.

Қарым-қатынас  жалпы әрекет негізінде: позиция, қызығушылық, мазмұн, тәсіл  пайда болады. Егерде қарым-қатынас тұтас және саналы әрекеті екі жақта  да барлық компоненттерден тұрса, онда ол өзара әрекет немесе интерактивті әрекет деп аталады. Өзара әрекет үнемі коммуникация, ақпарат алмасу мақсатында ұғынуды болжайды. Ұғыну – коммуникацияның қажетті шарты, оның мақсаты мен нәтижесінсіз ешқандай мағынасы жоқ. Қарым-қатынас үшін ұғыну – жеткілікті шарт, бірақ қажетті емес.

 Коммуникативті құзыреттілік белгілі бір орта жағдайында тұлғааралық қарым-қатынаста тиімді коммуникация құруда қажет болатын ішкі мүмкіндіктер жүйесі.  Қазіргі жағдайларда коммуникативті құзыреттілік қарым-қатынас процесінде дамуы оның өзара үйлесімділігінің бірқатар ұстанымды бағыттарын қарастырады. Қарым-қатынастағы құзыреттілік түрлі психологиялық қашықтақта басқалармен өзара қатынас орнату іскерліктеріне дайындықты көздейді. Коммуникативті құзыреттілік келесі қабілеттерден тұрады, олар:

1.      Қарым-қатынасқа түсу мүмкін болатын коммуникативті жағдайға әлеуемттік-психологиялық дайындық процесі;

2.      Коммуникативті ерекшелігіне байланысты қарым-қатынас процесін әлеуметтік-психологиялық тұрғыда бағдарлау;

3.      Коммуникативті жағдайдағы байланысты қарым-қатынас процесстерінің әлеуметтік-психологиялық басқаруды жүзеге асыру.  

Сонымен, коммуникативті құзыреттілік  – бұл    тұлғааралық  өзара қарым-қатынастың таратылатын, көрінетін және қалыптасатын процесінің ақпараттық және заттық  өзара әрекеті. Бірақ қарым-қатынас ақпараттық және заттық өзара әрекет   ғана емес, ол эмоциялық күймен қоса  алмастырыла жүреді, осыдан  келіп  қарым-қатынаста эмоциялық байланыс пайда болады, орнатылады және қажеттілік қанағаттандырылады. Ол тікелей субъектілердің қарым-қатынас коммуникативтіліктеріне байланысты болады.

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. Кан-Калик  В.А. Грамматика общения.- Грозный: Чечено - Ингушское книжное издательство, 1988.

2. Еркінбекова М.А. Біліктілікті арттыру жүйесіндегі этностық қарым-қатынастың психологиялық маңыздылығы: психол. ғ. канд. ... автореф.: 19.00.01. - Алматы, 2009.

3. Хисматуллина  Р.Х. Общение лектора с аудиторией. – А.,  1981

4. Громкова М.Т. Психология и педагогика профессиональной       деятельности.- М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2003