Айтбаева Ж.
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ., Қазақстан
ОҚУШЫЛАРҒА ШЕТ ТІЛІН МЕҢГЕРТУДЕ ОЙЫНДЫ
ҚОЛДАУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазіргі таңда қоғамымыздың
даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты, саналы азамат
тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Сонымен қатар,
ғылым мен техниканың күрт дамуына қарай
мамандардың да қоғамға сай, болашаққа
қабілетті, бейімді, икемді болу қажеттілігі туып отыр. Мемлекетімізге шет тілін білетін
жоғары деңгейдегі мамандардың санын арттыру мектеп қабырғасында басталуы
тиіс. Шет тілі оның ішінде ағылшын тілі қазіргі
қоғам дамуында үлкен рөл атқарып отыр.
Бірақ, бастауыш сынып оқушысы үшін ана тілін толық меңгермейінше өзге
тілді қабылдау қиындық туғызуы мүмкін.
Ойын тәрбиелеу және дамыту құралы
ретінде қолданылады, тәрбиеші ойынды басқара жүріп
баланың жеке басының барлық жағына: санасына, сезіміне,
ерік-жігеріне, мінез-құлқына ықпал жасайды. Ойын
арқылы балалардың білімі мен ұғымы айқындалып,
тереңдей түседі [1]. Бастауыш сынып жасындағы балалар
үшін оқу негізгі іс-әрекет болып табылғанымен,
әлі де болса бала ойынға назарын көп аударады. Осы жастағы баланың психикалық дамуын
ескере отырып өздерінің сабақтарын, тәрбиелік
іс-шараларын жоспарлағаны дұрыс болар еді. Алайда, әр түрлі
мектептердің бастауыш сыныбындағы оқу тәрбие жұмысының
мазмұны мен ұйымдастырылуы ойындардың әдетте білім
және тәрбие мақсаттары үшін пайдаланады, сонымен
қатар, ойын элементтерін оқу үрдісінде қолдану
технологиясын әлі де жетілдіре түсудің қажеттігін
көрсетеді.
Ойын арқылы оқушының білім алуына, оқуға қызықтыра
отырып оның танымдық белсенділігін дамытуға болады. Шет тілін
меңгертуде ойын технологиясын қолдану тиімді нәтиже береді. Шетел тілі сабақтарында ойындарды пайдалану
арқылы оқушылардың жаңа сөздерді жеңіл
үйренуі, есте сақтауы және тілді үйрену туралы
мәслелерін жеңіл шешу мүмкіндіктері анықталады. Мәселен,
оқушылардың оқу әрекеті ойын ережелеріне
бағындырылады, яғни оқу материалы ойын арқылы
жүзеге асыратын жарыс, сайыс элементтері енгізіледі. Бұл оқу
әрекетіндегі дидактикалық мақсаттың орындалуы ойын
нәтижесінен көрінеді.
Сабақты
ойын түрінде өткізу балалардың танымдық белсенділігін
жоғарылатады. Бұл сабақ тақырыбына байланысты
түрлі ситуациялар ұйымдастыру, оқушыларға арнайы нұсқауларды
орындату, қойылымдар қою арқылы жаңа материалдарды
меңгертуге ықпал ету. Ол үшін алдын ала ойын тапсырмаларына,
ережесіне, рөлдерге, ойын бөлімдеріне байланысты оқушылар
қосымша ақпарат жинайды, жаңа сабақ мазмұнын
ұғынады, жаңа сөздер үйренеді және сол
туралы өзара түсінік пен өзіндік пікір береді.
Ойын
– адам іс-әрекетінің ерекше түрі. Ойынның
нәтижесінде материалдық немесе идеалдық өнім
шығару көзделмейді. Ересек жаста
ол көбінесе, ойын-сауық бәсеңдік, демалу
мақсатын көздесе, мектепке дейінгі жаста барлық
іс-әрекет ойын арқылы орындалады, ал мектеп жасында ол білім
берудің мақсатын көздейді. Ойынның бірнеше
түрлері бар: индивидуалды, топтық, заттық, сюжеттік,
рөлдік және ережесі бар ойындар. Мәселен, индивидуалды ойын,
тек жеке бір адамның қатысуымен жүретін адам
іс-әрекетінің түрі. Топтық
ойын екі немесе бірнеше адамның қатысуымен жүзеге асырылады.
Заттық ойын ада бір немесе бірнеше заттарды қолдану және
қатысуымен байланысты болады. Ал, сюжеттік ойын арнайы белгіленген
сценарий бойынша жүреді. Белгілі рөлмен шектелген әрекеттерге
негізделген рөлдік ойындар деп аталады. Ережесі бар ойындар ойынға
қатысушылар белгілі ережелер жүйесімен реттеледі. Сонымен
қатар ойынның араласқан түрлері де болады:
заттық-рөлдік, сюжеттік-рөлдік, ережесі бар сюжеттік ойындар,
т.б. Ойын барысында пайда болатын қарым-қатынас әдетте жасанды
сипатта болады. Жасанды дегеніміз айналадағылар оны шынайы
қабылдамайды және адам туралы қорытынды жасауға негіз
бола алмайды. Ойындық жүріс-тұрыс пен ойындық
қарым-қатынас адамдардың шынайы қарым-қатынасына
әсерін тигізбейді. Дегенмен, ойынның адам өмірінде
маңызы зор. Балалар үшін ойын даму сипатымен ерекшеленеді.
Ойын арқылы оқыту технологиясының ерекшелектері:
-
ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке
бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді;
-
дидактикалық, тәрбилік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік
мақсаттарды көздейді;
-
пәндік, сюжеттік, рөлдік, іскерлік, драмалық,
еліктеушілік әдістерді пайдаланады;
-
оқушылардың шығармашылығын қалыптастыруды
көздейді.
Ойын арқылы оқыту технологиясында мұғалімге төмендегідей
міндеттер жүктеледі:
-
ойынды бастамас бұрын ойынның мазмұнымен таныстыру керек;
-
қажеттті көрнекіліктерді дайындап, тиісті жазуларды
тақтаға жазу керек;
-
дидактикалық материалдарды сабақтың түріне
қарай дайындап алу, оқушыларға жеке үлестірмелі
тапсырмалар дайындау;
-
оқушылардың (3-4 немесе 5-6) кіші топтарын дұрыс
таңдау;
-
берілетін тапсырмалар проблемалы жағдай туғызатын,
өмірмен байланысты болуына көңіл бөлу керек;
-
әрбір оқушының шығармашылық
күш-қуатын толық пайдаланып, өздеріне сенімді болуларын
көздеу керек;
-
қорытындылау барысында оқушылар еңбектерінің
қуанышын сезініп, келер сабақты асыға күтетіндей
қызығушылықты қалыптастыру қажет.
Қай пәннің мұғалімін алсақ та
оның негізгі мақсаты – білім сапасын арттыру. Ойын арқылы
ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі
тартымды, әрі түсінікті болады. Ойын сабақтары
оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау
қабілетін дамытуға үйретеді. Жаңа білім алардан
бұрын осы тақырыпқа байланысты өз білімінің
деңгейін анықтап алуға мүмкіндік жасау, белсенділікке
баулу, жаңа ақпарат пен бұрынғы білімді ұштастыру
арқылы балалардың сабаққа деген
қызығушылығын оятады. Ал, жаңа ақпаратпен танысу,
тақырып бойынша өз бетімен жұмыс жасау, сұрақ
қою, бұрынғы білімді жаңа ақпарат үшін
қолдану, мақсатты оқуға баулу арқылы жаңа
материалдың мағынасын ұғыныдаы.
Оқу үрдісінде ағылшын тілін
меңгерту мақсатында ойындарды қолданудың жағымды
жақтарына мыналарды
жатқызуға болады:
- ойындар
жалпылама оқытуға қарағанда, өз
тәжірибесімен оқытуға мүмкіндік береді ;
- ойындар ойын
басшысының тәжірибесіне немесе дағдысына тәуелсіз
- ойындар эмоцияны
басқаруға жаттықтырады, мәселені шешу
қабілеттілігін және қажетті әлеуметтік мінез–құлықтың
түрін таңдауға үрдістер мен
құбылыстардың деректерін түсінуге, шешім қабылдауға, топты
басқаруға үйретеді;
- ойындар жеке мәселелерді
оқуда және шешуде қабілетті әрі қарай арттырады,
ойынға қатысушылар өз рөлін ойнап бірін–бірі белгілі
бір деңгейде оқытады, бірақ әрқайсысы бір ойында
өзінің қабілеттілігі мен қажеттілігіне қарамай
көп нәрсеге үйренеді.
Ойын - балалардың психологиялық
ерекшеліктеріне жауап береді, балалар заттардың пішіні, дыбысы, бояуы
арқылы ойлайды, түрлі рольдерде өздері ойнайды. Балалар ойын
үрдісінде жаңа білімдер, пайдалы іскерліктер, әдеттер мен
дағдылар үйренеді. Оқыту процесінде сөз бен іс, теория мен
практика өзара байланысты болады. Әртүрлі ойында көрнекілікті қолданудың нәтижесінде
сабақ әрі түсінікті, әрі қызықты болып
өтеді. Ойын арқылы балалардың өмірге ең қажет қасиеттері: өжеттілік, іскерлік, жауапкершілік, ептілік дамытылады. Әрбір сабақта тек жалаң жаңа
тақырыпты түсіндіріп, сонан соң өткен сабақты
сұрау балаларды жалықтырады. Сондықтан оқушыларды
қызықтыру, олардың бойында сабаққа деген
қызығушылығы мен ынтасын дамыту әрбір
мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Сабақта ойын
жаттығуларын ұтымды қолдану өзінің кәсіби
шеберлігінде үлкен жетістікке жететіні біздің
ұйымдастырған ойындар дәлел болды. Бірақ ойындар
балалардың ойын шашыратып, басқа жаққа аудармауы тиіс.
Іріктелінген ойын сол жаңа тақырыпқа сәйкес
таңдалуы қажет.
Балалар
жұмысын ойын түрінде ұйымдастыруда мынадай шарттарды
сақтау керек:
1. Мұғалім ойындарының
неғұрлым көп түрін білуі тиіс.
2. Ойын
түрлерін балалардың жас ерекшелігіне және
қызығушылығына байланысты іріктей білу.
3. Барлық
ойындардың тәрбиелік мақсатын анықтап алу (белгілі бір
ойынмен балалардың бойында қандай қасиеттерді
тәрбиелеуді көздейді).
4. Ойын ережесін
өзі жете біліп, балаларға да түсінікті етіп жеткізе білу.
5. Ойын барысында
ережелерді қатаң түрде қадағалау. Көптеген
жағдайда ойын ережесінің бұзылуы балалар арасында ұрыс,
келіспеушілік, реніш тудырады.
6. Ойынға
арналған құрал-саймандарды даярлау. Қажет болған
жағдайда өз қолымен әзірлеу немесе басқа
құралдармен алмастыру.
7. Ойын
алаңы балалардың өміріне қауіп тудырмауы тиіс.
Ойынға ашық алаң немесе арнайы жабдықталған
орындар пайдаланылады.
Сонымен, оқушылардың ойын барасында өзіндік әрекетінің
нәтижесінде оның бойында өз бетінше ойлану біліктері, оқуға
деген ынта – ықыласының артуы, өз ойының дербестігі мен
өз бетімен жұмыс жүргізе білу қасиеттері қалыптасады.
Қолданылған
әдебиеттер:
1. Нұрмұхаметова Р.А., Баярыстанова Э.Т. Ойын
арқылы мектепалды даярлық топ балаларының
қоршаған орта туралы білімін жетілдіру. // Психология және
педагогика. - 2014.- №2 (19). - 88-93
бб.
2. Әбішева А.
Ойын элементтерін пайдаланудың педагогикалық ерекшеліктері. - // Бастауыш
мектеп. - 2003. №3.
3. Құдайқұлов
М.А. Способности умения и навыки. – А, 1986.
4. Спиваковская А.С. Психотерапия: игра,
семья,ребенок.- М, 1999.