Академик Е.А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан Республикасы
Дене мәдениетінің
де экономика, әдебиет, өнер және де басқа
қоғамдық құбылыстар тәрізді даму сатысында
өзінің ерекшеліктері мен заңдылықтары бар. Оның
мағынасы, ұйымдастыру түрлері, әдістемелік
тәсілдері ғылыми-техникалық прогресс жолында, мәдени
талаптарға байланысты, қоғам мақсаты мен міндеттеріне
сәйкес әрдайым өзгеріп отырады. Дене тәрбиелеу
мәдениеті мен спорттың үнемі дамуы жаңа
түсініктердің пайда болуы және ұғымдарды
анықтауды талап етеді.
Қазақстан
Республикасында әр азаматтың білім алуына мүмкіндігі бар,
сонымен қатар денсаулықты нығайтуға, дене
мәдениеті мен спортты жетілдіруге бағытталған қызметтер
кепілді түрде өз қолдауын табады.
Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан
жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты өзінің Қазақстан
халқына Жолдауында «біздің болашаққа деген жолымыз
қазақстандықтардың әлеуетін ашуға
арналған жаңа мүмкіндіктермен байланысты. ХХI ғасырдағы дамыған ел
– бұл белсенді, білімді және дені сау азаматтар» екенін атап
өтті [1].
Платонның өзі
саналы мемлекетті құру үшін алдымен барлық адамдар дене
тәрбиесімен айналысып, дене салауаттылығына көңіл
бөлу қажеттілігіне тоқталды [2].
Дене тәрбиесі –
адамдардың дене, мүсін сұлулығын,
қимыл-қозғалыс үйлесімділігін, әдемілігін, дене
қуатын жетілдіруге қолданылатын мемлекеттің,
қоғамның материалдық және рухани байлығын
құрайтын, халықтың жалпы мәдениетінің бір
саласы. Материалдық байлықтар – спорт сарайлары, стадиондар,
бассеиндер, спорт залдары, түрлі спорттық ғимараттар,
құрал- жабдықтар. Рухани байлықтар – дене
тәрбиесі мен спорт саласындағы арнайы білім,
ғылыми-зерттеулер, озық тәжірибелер, әдістемелер,
идеялар.
Дене
тәрбиесі -
бұл адам ағзасына дене жаттығуларымен мақсатты,
жүйелі түрде ықпал ету, денсаулықты
нығайтуға жақсартарлық табиғаттың табиғи күштері мен тазалық
сақтауды жолға қою, дене қасиеттерін тәрбиелеу
және өмірлік мәні зор қозғалтқыштық
іскерлік пен дағдыларды, соларға байланысты білімдерді
қалыптастырып жетілдіру, адамды белсенді өмірге даярлауды
қамтамасыз ету.
Бұл анықтаудан
дене тәрбиесінің екі ерекшелігі байқалады:
1.
Қозғалыстарға үйрету. Ол дене тәрбиесі
білімінің негізгі мазмұнын құрайды, яғни өз
қозғалысын басқарудағы арнайы тәсілдерді орынды
пайдалану жүйесін меңгереді, сол арқылы іскерліктің
дағдылардың және солармен байланысты білімдердің
қозғалтқыш қорын игереді;
2. Адамның дене
құрылысы сапаларына қатысты дене
құрылысының табиғи қасиеттері кешеніне
мақсатты түрде ықпал ету. Дене тәрбиесінің
бұл саласын дене қаситеттерін тәрбиелеу саласы деп атайды.
Соңғы
нәтижеде дене тәрбиесі тәрбиенің басқа түрлерімен
біріге отырып педагогикалық процесс ретінде жеке
тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді. [3].
Нәтижесінде
адамның келешек іс-әрекеті де осыған тәуелді болады.
Дене мәдениеті адамның жетілуінде, оның денсаулығын
нығайтуда басты роль атқарады. Тек дене мәдениеті ғана
балалар мен өскелең ұрпақтың салауатты өмір
салты міндеттерін орындауы бойынша негізгі міндеттері болатын
өскелең ұрпақтың денсаулығын
жақсартуға бағытталған.
Адамның
салауатты өмір салты қозғалыс белсенділігімен тығыз
байланысы сөзсіз. Табиғат өскелең
ұрпаққа қозғалу қажеттілігін сыйлаған
деп айтуға болады. Бірақ, қазіргі кезеңдегі
адамның бала кезінен қозғалыс белсенділігінің жетіспеушілігі
байқалады. Үйде, балабақша мен мектептерде балалардың
қозғалыс мұқаждығы өте төмен.
Денені тәрбиелеу
жүйесі қоғамдағы әр адамның денесін
тәрбилеуде жеке басының дарынын, қабілетін арттыруды
көздейді. Әсіресе өмірде керекті жылдамдық, күш,
ептілік, төзімділік және басқа да дене сапасын
арттыруға күш салады. Адамның осы қабілеттері негізгі
қимыл мүмкіншілігі болып табылады. Осы қимылдар арқылы
адамның дене дайындығын едәуір жақсартуға болады.
Оқушылардың
білімдік, сауықтыру және тәрбие даярлығын жетілдіруге
бағытталған оқу-жаттығу үдерісінің
мазмұнын анықтау кезінде, жетекші психофизикалық
қасиеттер мен сапалардың дамуына, морфофункционалды ерекшеліктерге,
денсаулық қалпына, қызығушылық пен
ынталарға ерекше көңіл аударылады.
Оқушылардың жалпы
және арнайы дене даярлығының құралдарын
анықтау кезінде, спорттық жаттығу әдістеріне де
көңіл бөлу қажет. Осы мақсатта акцентті,
қайталама, қайталама-ауыспалы, айналмалы, жарыстық және
тағы басқа әдістер, олардың әртүрлілігі мен
қосындыларын ескере отырып өз орнын табу қажет.
Қимыл-қозғалыс
дағдыларын игеруге және оқушылардың дайындық
деңгейлерін арттыруға бағытталған жалпы дене
дайындығының құралдары ретінде қолданбалы маңызға
ие болатын дене жаттығулары және базалық спорт
түрлерінен (гимнастика, жеңіл атлетика, қозғалмалы
ойындар, спорт ойындары, шаңғы, жүзу)
қимыл-қозғалыс әрекеттері ұсынылады.
Қазіргі балалар мен
жастардың көпшілігі өздерінде қозғалыс
белсенділігінің жетіспейтіндігін сезінеді. Нәтижесінде
қаңқа бұлшық еттерінің күші мен
жұмысқа қабілеттілігі төмендейді, бұдан бел
сүйектері бұзылады, омыртқа сүйектері қисаяды,
жас ерекшелігіне сәйкес дамуы баяулайды. Осы айтылғандардың
бәрі балалар мен жастарда салауатты өмір салтына қажеттілікке
тәрбиелеу проблемасының өзектілігін көрсетеді.
Қорытындылай келе,
Республикамыздың экономикалық мақсаттарымен қатар
халықтың әл-ауқатын арттыру, денсаулығын
нығайту, адамдардың дене шынықтыру және спортпен
шұғылдануына жағдай жасау арқылы денсаулығы
мықты ұрпақ тәрбиелеу мақсаттары алға
қойылған тағы да айта кету керек.
Әдебиет:
1.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014
жылғы 17 қаңтар.
2. Афанасьев В.Г. Научно-техническая революция,
управление, образование. – М.: Политиздат, 1972. – 431 с.
3. Тұяқбаева
М.Ш. Спорт ілімі терминдеріне түсініктер (әдістемелік
ұсыныстар), 2012ж.-32 бет.
4. Дене шынықтыру және спорт туралы
Қазақстан Республикасының Заңы. № 228-V ҚРЗ, Астана, Ақорда, 2014 жылғы 3 шілде.