ӘӨЖ 683.08

 

Оқытушы техника және технология магистрі, Анарова Г.С.

М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қаласы

АЯҚ КИІМНІҢ ДЕТАЛДЬДАРЫ

           Аяқ киімді жоғарғы жағының детальдары мен төменгі жағының детальдарынан құрастырады.    Аяқ киімнің жоғарғы жағының детальдары мен төменгі жағының детальдары бір-бірімен біріктірілмеген, жоғарғы жағының детальдары мен төменгі жағының детальдарының комплекті (жиынтығы). Аяқтың басын толық, тобықты толық немесе жартылай, балтырды жауып тұратын детальдар    аяқ киімнің жоғарғы жағының детальдарына жатады.    Аяқ киімнің төменгі жағының детальдары дайын аяқ киімде  табанның плантарлық  жазықтығының астына орналасады.    Аяқ киімнің  жоғарғы жағының детальдары мен төменгі жағының детальдары орналасу орындарына қарай  сырқы, ішкі және аралық болып бөлінеді.    Аяқ киімнің  жоғарғы жағының сыртқы  детальдарына  аяқ киімнің сыртында орналасатын детальдар, ал ішкі детальдарына  адам аяғына жанасатын детальдар, аралық детальдарға  сыртқы және ішкі детальдардың арасына орналасатын детальдар жатады.    Аяқ киімнің  төменгі жағының  сыртқы детальдары - аяқ киімнің төменгі жағының сыртында орналасады,   төменгі жағының ішкі  детальдарына  аяқпен жанасатын детальдар,   жоғарғы жағының аралық  детальдарына  аяқ киімнің сыртқы және ішкі детальдарының арасына орналастырылған детальдар жатады[1].

Аяқ киімнің жоғарғы жағының детальдары. Аяқ киімнің жоғарғы жағының сыртқы детальдарына тұмсық  1(4.1. сурет),  жұлық 2, қысқа қоныш 3, тілшік 4, сіре 5, артқы сыртқы белдігі 6, өкше 7, биік қоныш 8, алды 9, т.б. Моданың және басқа факторлардың әсерінен аяқ киімнің жоғарғы жағының детальдарының формалары мен өлшемдері өзгеріске ұшырайды, жаңа детальдар пайда болады. Аяқ киімнің жоғарғы жағының ішкі детальдарына астар 1 (4.2. сурет), ілгек асты бөлшегі 2, штаферка 3, артқы ішкі белдік 4, т.б.  Аяқ киімнің жоғарғы жағының аралық детальдарына аралық астар 1-3 (4.3. сурет), тұмсық, жұлық және қысқа қоныш астарлары, ілгек асты бөлшегі 4, сіренің астары 5, бүйірінің астары 6, т.б [2].

Аяқ киімнің төменгі жағының детальдары. Аяқ киімнің төменгі жағының детальдарына табан 1       (4.4. сурет), шолақ ұлтан 2, өкше 3, өкше формасындағы нәлі 4, сыздық 5 және т.б. Аяқ киімнің төменгі жағының ішкі детальдарына ұлтарақ 6 жатады. Аяқ киімнің төменгі жағының аралық детальдары – табан формасындағы қосұлтан 1, нәлі формасындағы платформа 2, төсеніш 7, табанорта сынасы 8, жартылай ұлтарақ 9, қатты өкшеасты бөлшегі 10, сіре 11, тұмсық асты бөлшегі 12, т.б.

4.1. сурет.  Аяқ киімнің жоғарғы жағының сыртқы детальдары: а – бәтіңке, б – туфли, в – етік.

  

 

 

 

 

 

4.2. сурет. Аяқ киімнің жоғарғы                  4.3. сурет. Аяқ киімнің жоғарғы жағының  ішкі детальдары.                         жағының аралық детальдары

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1.     Апанасенко В.П. Новое в конструировании моделей обуви. – М.:

Легпромбытиздат, 1986.

2.      Тонковид Л.А. Расчет и проектирование обуви массового про из-

вод ства. – Киев: Техника, 1977.