А.Б Мырзабаев, А.Б. Рахимжанова
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік
Университеті,
Казахстан
«Бұйратау»
Мемлекеттік ұлттық табиғат бағының
орнитофаунасына қысқаша сипаттама
Зерттеу материалдары және әдісі
Зерттеу нысаны «Бұйратау»
Мемлекеттік ұлттық табиғат бағының (МҰТБ)
орнитофаунасы.
Зерттеуіміздің
мақсаты «Бұйратаудың» ерекше қорғалатын
табиғат аймақтарының (ЕҚТА) бірі ретінде рөлін
зерделей отырып, оның Республиканың орнитофаунасының
көптүрлілігіне қосатын үлесін көрсету.
Міндетіміз «Бұйратау»
МҰТБ-ның орнитофаунасы жайлы қазіргі кезеңде бар
ғылыми әдебиеттерді пайдалана отырып толық сипаттама беру.
Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында қолданылған әдістер:
1)
Ғылыми және статистикалық мәліметтерді
анықтау;
2)
Құстарды ұялаушы және қоныс аударушы деп
қарастыра отырып салыстырмалы түрде талдау;
3)
Орнитологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде
негізгі ұсыныстар жасау.
Зерттеу
нәтижелері және оларды талдау.
Қарағанды облыс
әкімінің 2001 жылы 19 желтоқсанда шыққан № 260 бұйрығымен республикалық маңыздылығы
бар «Бұйратау» Мемлекеттік ұлттық табиғат бағы
(МҰТБ) ашылған [1]. Оған «Белодымов» және «Ерейментау»
Мемлекеттік табиғи қорықшаларының аймақтары енеді
(1-кесте).
Кесте 1
|
№ |
Филиал |
Облыс, район |
Алып жатқан аймақ көлемі га. |
|
1 |
Ерейментау |
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы |
60814 га. |
|
2 |
Белодымов |
Қарағанды облысы, Осокаров ауданы |
28154 га. |
|
Жалпы 88968 га. |
«Бұйратау» Мемлекеттік ұлттық
табиғат бағы орнитофаунасының құрамына
құстардың 227-і түрі кіреді ( Республикамыздың
жалпы орнитофаунасының 46%-ы), олардың iшiнде 127-і ұялайтын
құстар қатарына жатады [2]. «Бұйратау» Мемлекеттік
ұлттық табиғат бағы аймағында Қазақстанның
Қызыл кiтабына енген жалбағай, сұңқылдақ
аққу, ақбас үйрек, кәдімгі тұрпан, дала қыраны, тазтырна, дуадақ, безгелдек, тарғақ,
үкі сияқты құстардың 18 түрі
кездеседі. Олардың 7-уі ұялаушы, қалған 11-ін бақ аймағында қоныс аудару
кезеңінде ғана кездестіруге болады [3]. Бақ
аймағында ұялайтын құстармен төменде берілген
кесте арқылы таныса аламыз (2-кесте).
Кесте 2
«Бұйратау» МҰТП-де
ұялаушы құстар
|
Отряд атауы |
Түр саны |
Отряд атауы |
Түр саны |
|
Қазтәрізділер - Anseriformes |
1 |
Татреңтәрізділер - Charadriiformes |
20 |
|
Үйректәрізділер - Podicipedidae |
4 |
Кептертәрізділер -Columbiformes |
2 |
|
Ескекаяқтылар - Pelecaniformes |
1 |
Көкектәрізділер - Cuculiformes |
1 |
|
Қоқиқазтәрізділер - Phoenicopteriformes |
5 |
Жапалақтар – Strigiformes |
4 |
|
Тілімшетұмсықты - Anseriformes |
18 |
Тентекқұстәрізділер - Caprimulgiformes |
1 |
|
Жыртқыш құстар - Falconiformes |
10 |
Ұзынқанаттылар
- Apodiformes |
1 |
|
Тауықтәрізділер - Galliformes |
4 |
Көкқарғатәрізділер - Coraciiformes |
1 |
|
Тырналар – Gruiformes |
10 |
Торғайтәрізділер - Passerіformes |
44 |
Кестеде көрсетілгендей,
Қазақстанда жалпы мекендейтін құстардың 18
отрядтың ішінде 16 отрядының өкілдері «Бұйратауда»
кездеседі. Бұл бақтың Республиканың жалпы
орнитофаунасында айтарлықтай орны зор екендігін көрсетеді.
Бұйратауда ұялаушы құстарды жалпы 100% деп алсақ
оның 34,5% торғайтәрізділер, сондай-ақ, олардың
ішінде қазтәрізділер мен татреңтәрізділер
өкілдері де басым (шамамен 30%). Су-батапқтық кешендерде
тіршілік ететін құстар сұқсыртәрізділердің,
ескекаяқтылардың және дегелектәрізділердің
өкілдерін есептегенде жалпы ауданда 38,5% құрайтындығы
анықталған [4]. Яғни олар торғайтәрізділер
санынан артық.
«Бұйратау» бағына
тән орнитофаунаның негізін дала құстары
құрайды. Бақ аймағында кездесетін құстарды
тіршілік ету ортасына байланысты бірнеше кешендерге бөліп қарастыруға
болады. Біріншіден, далалық орнитологиялық кешен
құрамындағы құстар тобын сипаттайық. Бұл кешенді
құрайтын құстар ішіндегі негізгісі бозторғайлар. Олардың
түрлерін атап кетсек, дала бозторғайы туысының екі түрі
– қара (Melanocorypha yeltoniensis) және
аққанатты (Melanocorypha leucoptera); сонымен қатар барлық аймақ
бойынша кіші бозторғай (Calandrella cinerea), тау
бөктерінің қиыршық тасты жерлерінде мүйізді
бозторғай (Eremophila alpestris), өсімдіктері мезофильді
неғұрлым ылғалды аудандарда және жазықтарда
шалғындық бозторғайы (Alauda arvensis) таралған
[4,5].
Бозторғайлармен қатар
далалық орнитофауна кешенінің толыққанды эдификаторы
болып тасшымшықтың екі түрі саналады – кәдімгі
тасшымшық (Oenanthe oenanthe) және тасты аудандарда тіршілік
ететін қасқа тасшымшығы (Oenanthe pleschanka),
түз жадырағы (Anthus campestris), тау шонайнығы (Acanthis
flavirostris), үлкен кроншнеп (Numenius arquata), дала
қарақасы (Glareola nordmanni), ақбас тырна (Anthropoides
virgo), дала құладыны (Circus macrourus), дала
қыраны (Aquila rapax), дала күйкентайы (Falco tinnunculus)
[4,5].
Осыдан 50 жыл бұрын бұл далаларда дуадақтар көп
болған – үлкен дуадақ (Otis tarda) және
бұл тұқымдастың ең кіші өкілі–безгелдек (Otis
tetrax). Сонымен қатар дала балшықшысы – тарға (Chettusia
gregaria) да бұл бақта тіршілік еткен. Қазір
олардың барлығы сирек кездесетіндігі соншалық, Қызыл
кітапқа енгізілген [6].
Тіршілік ету ортасына байланысты
бұталы тоғайға тән құстар тобы тағы
бір орнитофауна кешенін құрайды.Тау баурайындағы тасты
сайларда және бұталы тау бөктерінде қасқа
тасшымшық пен бозторғайлар, қаршығареңді
сандуғаш (Sylvia nisoria), сұр сандуғаш (Sylvia
communis) және боз сандуғаш (Sylvia curruca) басым
кездеседі. Сонымен қатар бұл аймақта үлкен
міңгірлек (Hippolais caligata), бақ айқабағы (Acrocephalus
dumetorum), сұлыкеш сарғалдақ (Emberiza bruniceps)
және кәдімгі құралай (Carpodacus erythrinus)
ұя салады [7].
Жартасты және петрофитті
өсімдіктер басым өсетін жерлер жыртқыш құстар
– дала қыраны (Aquila rapax),
дала және кәдімгі күйкентай (Falco naumanni, Falco
tinnunculus) үшін ұя басуға қолайлы орындар болып
саналады. Мұнда сонымен қатар қара
сұрқарлығаш (Apus apus) және қала
қарлығаштары (Delichon urbica), алаторғайлар (Pastorroseus),
кәдімгі шауқарға (Corvus monedula), алабажақ
сайрақ (Monticola saxatilis) ұялайды. Бұл жерлерді
петрофитті орнитофауна кешені деп атауға болады [4,7].
Уақытша қосымша
ылғалдандырылатын, грунттық сулардың көзі бар
шоқылар арасындағы аймақтарда, тал бұталары өскен
батпақты жерлерде және шалғынды өсімдіктер өсетін
жазықтарда шалғындық шақшақтар (Saxicola
rubetra), бақ сұлыкеші (Emberiza hortulana), бақ
айқабағы (Acrocephalus dumetorum), кәдімгі
шырылдақ (Locustella naevia), сары шақшақай (Motacilla
flava), бөдене (Coturnix coturnix), шалғын
құладыны (Circus pygargus) және басқа да
құстарды кездестіруге болады. Көктеректі-қайыңды
шағын ормандарда шымшықты (Parus cyanus) кездестіруге
болады.
Бақ аймағындағы
ормандарда құстардың 17-ге жуық түрі бар
[3]. Олар: құрлар (Lyrurus
tetrix), жағалтай (Falco subbuteo), үлкен және
кәдімгі түркептер (Streptopelia orientalis, Streptopelia turtur),
құлақты жапалақ (Asio otus), кәдімгі
жапалақ (Otus scops), мысықторғай (Oriolus oriolus),
ұзақ (Corvus frugilegus), кәдімгі
отқұйрық торғай (Phoenicurus phoenicurus),
кезқұйрық шымшық (Aegithalos caudatus), ақ
шымшық (Parus cyanus); жартылай бұталы тоғай
жиектерінде - сауысқан (Pica pica), кіші тағанақ (Lanius
minor), жауторғай (Passer montanus). Көбіне орман
ағаштарында жыртқыш құстардың кейбір
түрлері ұялайды – қара кезқұйрық (Milvus
migrans), қарақұс (Aquila heliaca), кәдімгі
күйкентай (Falco tinnunculus) және басқалары[4,7].
Бұталы тоғайларда
мекендеп, ұя салатын құстар сандуғаштар –
қаршығарең сандуғаш, сұр сандуғаш
және боз сандуғаш, ала бұлбұл (Cyanosylvia svecica),
міңгірлектер (Hippolais caligata), кәдімгі
құралай (Carpodacus erythrinus). Басқа
өңірлермен салыстырмалы түрде қарасақ бақ
аймағындағы тоғайларда жиі кездесетін құс
кәдімгі көкек (Cuculus canorus). Ылғалды
шалғындарда шәукілдекті (Crex crex), сұршілді (Perdix
perdix), бөденені (Coturnix coturnix), жағал
шақшақты (Saxicola torquata), кәдімгі шырылдақты
(Locustella naevia), шалғын құладынды (Circus
pygargus) кездестіруге болады[4,7].
Орталық
Қазақстанға тән сулы-батпақты жерді мекендеуші
құстардың 40-тан аса түрін «Бұйратау»
бағында кездестіруге болады [2]. Су айдынында
сұқсырлардың екі түрін
– үлкен сұқсыр мен сұржақ
сұқсырды (Podiceps cristatus, Podiceps griseigena),
көкқұтан мен үлкен аққұтанды (Ardea
cinerea, Egretta alba), үлкен және кіші
көлбұқаны (Botaurus stellaris, Ixobrychus minutus),
сыбырлауық аққуды (Cygnus olor), сұр қазды
(Anser anser), сары ала қаз, бенит ала қаздын (Tadorna
ferruginea, Tadorna tadorna), өзен және сүңгуір
үйректердің бірнеше түрін, барылдауық үйректі (Anas
platyrhynchus), сұр үйрек (Anas strepera),
жалпақтұмсық үйрек (Anas clypeata), бізқұйрық
үйрек (Anas acuta), көксүңгуір мен
қызылтұмсық сүңгуір (Aythia ferina, Netta
rufina); балшықшылардан - қызғышты (Vanellus vanellus),
ұзынсирақ балшықшыны (Himantopus himantopus),
бізтұмсық (Recurvirostra avosetta), шөпілдек (Tringa
totanus), бұлақшыны (Tringa stagnatilis), үлкен
шырғалақты (Limosa limosa); шағалалардан–көл
шағаласын, кіші шағала мен көк шағаланы (Larus
ridibundus, Larus minutus, Larus canus);
қарқылдақтардан–өзен қарқылдағын,
қара және аққанат қарқылдақты (Sterna
hirundo, Chlidonias nigra, Chlidonias leucopterus) және т.б[4-7].
Біз «Бұйратау»
аймағына тән орнитофауналық кешендер мен олардың
құрамына қысқаша шолу жасадық. Жоғарыда
аталып өткен құстардың көпшілігі бұл
бақта ұя салады, бірақ кейбір құстар
әсіресе балшықшылардың көп түрлері
(бұлыңғыр балшықшы, бөрте балшықшы, екеуі
де сүңгуір құстар) жазды толығымен ұя
салмай өткізеді. Далада ұя салатын құстардың
барлығы дерлік қыста оңтүстікке ұшып кетеді,
бақта құстардың 5-6 түрі ғана қыстап
қалады. Олар құр (Lyrurustetrix) (20-сурет), ақ
және сұр шіл (Lagopus lagopus, Perdix perdix),
сауысқан (Pica pica), үй және аула торғайлары (Passer
domesticus, Passer montanus). Оларға солтүстіктен
қыстауға ұшып келетіндер қосылады: айнақанат
тілеміш (Buteo lagopus), ақ жапалақ (Nyctea scandiaca),
қаршыға жапалақ (Surnia ulula), сарыбас шөже (Regulus
regulus), таңшымшық (Erithacus rubecula), кәдімгі
суықторғай (Pyrrhula pyrrhula), ақторғай (Plectrophenaxnivalis),
жолторғай (Calcarius lapponicus) [4-7].
Жылына екі рет – сәуірден
мамырға және тамыздан қыркүйекке дейін «Бұйратау»
шекарасы арқылы қыс пен жаз мезгілінде құстар
отрядының тоғызына жататын 100-ге жуық түрлері
ұшып өтеді (3-кесте).
Кесте 3
Отрядтар бойынша миграциялаушы
құстар құрамы
|
Отряд атауы |
Түр саны |
Отряд атауы |
Түр саны |
|
Ескекаяқтылар - Веслоногие -
Pelecaniformes |
3 |
Татреңтәрізділер - Ржанкообразные
-Charadriiformes |
26 |
|
Дегелектер - Голенастые -
Ciconiiformes |
1 |
Көкқарға тәрізділер - Ракшеобразные - Coraciiformes |
2 |
|
Қоқиқазтәрізділер - Фламингообр.-Phoenicopteriformes |
1 |
Тоқылдақ тұқымдастар - Дятлообразные - Piciformes |
1 |
|
Тілімше тұмсықтылар - Гусеобразные
– Anseriformes |
8 |
Торғай тәрізділер - Воробьинообразные-Passeriformes |
39 |
|
Жыртқыш құстар
- Соколообразные - Falconiformes |
16 |
|
|
«Қазақстанның Қызыл кітабына» тек
аймақтың ішінде ұя
басу мезгілінде тіршілік ететін құстардың 7 түрі
және қоныс аудару кезінде
кездесетін 11 түрі еңгізілген (4-кесте).
Кесте 4
«Бұйратау» ЕҚТА-да
сирек және жойылып бара жатқан құстар
|
№ |
Ұя
салу кезеңінде |
№ |
Қоныс
аудару кезеңінде |
|
1 |
Сұңқылдақ
аққу - Лебедь-кликун -
Cygnus cygnus |
1 |
Бұйра бірқазан - Кудрявый пеликан - Pelecanus crispus |
|
2 |
Ителгі - Сокол-балобан - Falco
cherrug |
2 |
Кіші аққу - Малый лебедь - Cygnus bewickii |
|
3 |
Бүркіт - Беркут - Aquila chrysaetus |
3 |
Дала қыраны - Степной орел -
Aquila rapax |
|
4 |
Қарақұс -
Орел-могильник - Aquila heliaca |
4 |
Бақалақтақ бүркіт - Орел-карлик - Hieraeetus
pennatus |
|
5 |
Ақбас тырна -
Журавль-красавка - Anthropoides virgo |
5 |
Сұр тырна - Cерый журавль - Grus grus |
|
6 |
Безгелдек - Стрепет - Otis tetrax |
6 |
Кезқұйрықты субүркіт - Орлан-долгохвост -
Haliaetus leucoryphus |
|
7 |
Үкі - Филин - Bubo bubo |
7 |
Аққұйрықты субүркіт - Орлан-белохвост -
Haliaetus albicilla |
|
|
|
8 |
Лашын - Сапсан - Falco peregrinus |
|
|
|
9 |
Қызылжемсаулы қарашакөз - Краснозобая казарка -
Rufibrenta rufficollis |
|
|
|
10 |
Шиқылдақ қаз - Гусь-пискулька - Anser Erythropus |
|
|
|
11 |
Қарабас өгіз шағала -
Черноголовый хохотун - Larus ichthyaetus |
Олардың өте сирек
кездесетін түрлері: дуадақ, тарғақ, үкі
(1-сурет), жіңішке тұмсықты кроншнеп, лашын, балықшы
тұйғын (2-сурет) [6]. Жер жыртуға тыйым салынған
соңғы жылдары, безгелдек санының көбейгендігі
байқалған.
|
|
|
|
1-сурет.Үкі (Bubo bubo) |
2-сурет. Балықшы тұйғын (Falco peregrinus) |
Қорыта келгенде, біз
ғылыми және статистикалық мәліметтерді анықтап,
өндеу барысында «Бұйратау» бағында орнитология аясында
болашақта жүргізілуге тиіс деп санаған бірнеше ғылыми-зерттеу
жұмыстарын атап өткіміз келеді:
1.
Бұл ұсыныс бізден туындамағанымен бірінші орынға
қойылу себебі де бар, өйткені: ЕҚТА аймағындағы
құс фаунасын
инвентаризациялау 2009 жылғы «Терра» бағдарламасында
ұсынылды. Яғни,
құстарды ұя салушы, жазда мекендейтін, қыстайтын,
миграциялаушы, ұшып келетін және кезбе түрлер деп бөле
отырып толық зерттеу қажеттігі. Бұл жұмыс біраз
уақыт пен қаражатты қажет ететіндіктен әзірше жүзеге
аспай отыр. Осы бір ұсынысты ең маңызды мәселе деп
танығандықтан біз оны толығымен құптап
қайта бір атап кеттік.
2.
Орнитологиялық кешендердің құрамын толық
анықтамасақ та, соның ішінде далалық
орнитологиялық кешенді барынша зерттеу керек деп ойлаймыз. Далалық
орнитологиялық кешен бойынша ғылыми мәліметтердің
аздығы бұл кешеннің құрамы әзірше
нақты толық зерттелмегендігін көрсетеді.
3.
Осы ұлттық бақтың орнитологиялық кешеніне
басқа құстар отрядтарының популяциясын енгізу бойынша
зерттеу жұмыстарын жүргізу, әрине осы аймақты
мекендейтін құстардың популяциясына кері әсерін
тигізбейтіндей жағдайды естен шығармау қажет.
«Бұйратау» МҰТБ бүкіл
Қазақсатанға тән дала зонасының жалпы
көрінісін береді. Ұлттық бақ биологиялық алуан
түрлілікті сақтау мәселесінің маңыздылығынан
туындаған. Ал, биологиялық алуан түрліліктің бір
бөлігі -орнитофауна. Демек, Республиканың орнитофаунасына
үлесін қосып тұрған осы ұлттық бақ
жалпы биологиялық алуан түрлілікке де айтарлықтай оң
әсер етуде.
Әдебиеттер тізімі
1. Қ.Р.
Әділет министірлігінің «Республикалық
құқықтық ақпарат орталығы» желісі
ШЖҚРМК. 13.02.2015 ж.
2.
А.Б. Рахимжанова, А.Б. Мырзабаев Қарағанды
Университетінің хабаршысы – Серия Биология.
Медецина. География. – 2015. - № 4. – 66 бет.
3. А. И.
Минаков, Ф.И. Исмаилова журнал «Степной бюллетень» -«Национальный природный
парк в Ерейментауском нагорье (Цетральный Казахстан)» / 2014ж. - № 42.
5. Джакашев
А.А., Мандзюк В.А., Дубовцев Ю.С. Комитет лесного хозяйства и животного мира
Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан «Пояснительная записка» /
Алматы: 2015 ж.
6. Красная книга Казахстана. Т.1, Животные, Ч.1. Алматы,
1996. 327 с.
7. Долгушин И.А. «Птицы
Казахстана» издателсьство академии наук Казахской ССР Алмата / 1960 ж. -Том 2.