Биология магистрі Утебаева Б.Х.

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

 

БЫЛҚЫЛДАҚДЕНЕЛІЛЕРДІҢ  ПАРАЗИТІ- OPISTHIOGLYPHE RANAE FROҺLICH,  1771 ЦЕРКАРИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Солтүстік Қазақстанның территориясы көптеген көлдер мен шалшық көлшіктерден тұрады, экологиялық жағдайы тұрақты түрде бақыланып отырады. Алайда суқоймалардың экологиялық мониторингін жүргізгенде ондағы паразитологиялық жағдайын қадағалау орындалмайды.

Территорияларда гельминтологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу үлкен маңызды болып келеді, себебі балықтардың паразиттері өздерінің иелеріне үлкен зиян келтіреді. Олар балықтардың өсуін тежейді, салмағын төмендетеді,балықтың өзіндік дәмдік сапасынан айырады да ақырында оның өлуіне әкеліп соқтырады. Сонымен қатар, кейбір жағдайларда балық адамдарды, құстарды және жануарларды описторхоз, меторхозбен залалдайды.

Cолтүстік Қазақстан, Ақмола облысының соның ішінде  Шортан – Бурабай курортты аймағындағы тұщы су және қышқылды су қоймалары жануарлардың әр түрлеріне бай, соның ішінде  моллюскалардың алатын орны ерекше. Себебі сорғыштар даму барысында бірнеше иелерді ауыстырады, бірінші  аралық ие қызметін моллюскалар атқарады, онда  партеногенетикалық               (спороцисталар және редиялар)  ұрпақ дамиды және маританың дернәсілдері церкарийлерді бөледі. Суда тіршілік ететін омыртқасыздар екінші аралық ие қызметін атқарады, онда маританың келесі дернәсілдік кезеңі метацеркария дамиды. 

 Сорғыш құрттардың партениттері моллюскалардың бүйрегінде, мантия қуыстығында, белок безінде, шәует қалтасының шеткі бөлігінде дамиды. Бүйректе олар нефридияның жапырақшаларымен қатпарларында жайласып, осы мүше бетіне және қан тамырларына зиян келтіреді. 

          Осы паразиттің аралық иесі болып моллюскалардың 30- дан астам түрі қызмет етеді.

Зерттеу жұмысының мақсаты- Шортан-Бурабай курортты аймағындағы  көлдерден кездесетін моллюскалардағы паразит ететін сорғыштардың түр құрамы  мен экологиясын зерттеу.

Зерттеу жұмысы 2009-2012ж.ж. аралығында жүргізілді. Сорғыш құрттардың дернәсілдерімен залалданғанын білу үшін моллюскалардың Lуmnaeidae және Anodonta туысына жататын жеті түрге кіретін 731 данасы тексерілді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша Шортанды – Бурабай курортты аймағының көлдерінде моллюскалардың паразитфаунасы яғни церкарийлер  18 түрден тұратыны анықталды.Соның ішінде Opisthioglyphe ranae Froһlich,  1771 церкариіне кеңірек тоқталып кетеміз.

 

 

Opisthioglyphe ranae Froһlich,  1771

 

Ие: Limnaea stagnalis (2,81 %), L.тruncatula(0,48 %),

Табылған орны: Кіші Шабақты көлінің қасындағы тоған,  Шәкікөлі.

  Бұл түрге кіретін церкариялардың денесі сопақ – ұзынша болып келеді және ірі организмдер. Тегумент тұтас шахматтық тәртіпте орналасқан тікендермен қаруланған. Ауыз сорғышында нашарлау дамыған стилеті бар, оның артқы бөлімі бульбаға ие. Құйрығының түп жағы терең каудальдық қалташамен қоршалған. Асқорыту жүйесі жақсы дамыған. Ол ауыз сорғышының түбінде орналасқан ауыз тесігінен, бұлшық етті үш қалақты жұтқыншақпен алғасатын кең жұтқыншақ алдынан тұрады. Жұтқыншақтан кейін ұзын және жіңішке өңеш орналасқан. Оның екі тармағы кеңейіп, денесінің артқы жағына дейін созылады. Ену бездері құрсақ сорғыштың деңгейінде екі латеральдық топ түзіп орналасады. Ену бездері клеткаларының саны 7 және 8 немесе 8 және 9 ға тең.Денесінің артқы 2/3 бөлімі көп мөлшердегі цистогенді клеткалармен толтырылған. Паренхимасында батырап айласқан май тамшыларын көруге болады. Ауыз сорғышының алдыңғы жиегінде нәзік, майда безді клеткалардың 6 жұп өзектерін көруге болады. Бұл клеткалар метацеркария фазасында түпкілікті дамиды.

  Зәр шығару формуласы: 2 [ (3+3+3)+(3+3+3) ]= 36.

Қалың қабырғалы қуығы Ү – тәрізді пішінге ие. Жыбырлатқыш клеткалардың жіңішке түтікшелері өзара қосылып, ірілеу түтіктерді түзеді. Олар дененің алдыңғы және артқы жағынан сұйық зәр өнімдерін жинайтын жинақтаушы ірі зәр каналдарымен байланысады. Ірі зәр каналдары зәр өнімдерін қуыққа әкеліп құяды.

        Фазалы – контрасты приборлардың көмегімен жыныс жүйесінің  бастамаларын көруге болады. Бұл жүйе 2 аталық безден және құрсақ сорғыштан төмен және сол жаққа ығысыңқырап жайласқан жұмыртқа безден тұрады.

        Сезім органдары – сенсиллалар. Олардың саны 200 ге дейін жетеді(Кесте 1).

 

Кесте 1 - Opisthioglyphe ranae Froһlich,  1771 церкарияcының мөлшері мм

 

Көрсеткіштер

Біздің мәліметтерiміз

бойынша

Гинецинская Т.А бойынша

/1959/

1

Дене ұзындығы

0,168- 0,243

0,236- 0,258

2

Дене ені

0,045 – 0,068

0,064

3

Құйрық бағанының

 ұзындығы

0,135- 0,213

0,193

4

Құйрық тармақтарының

 ұзындығы

0,123 – 0,213

0,193

5

Алдыңғы ағза ( орган )

0,048 – 0,066

0,064 * 0,034

6

Жұтқыншақтың диаметрі

0,012

0,12

7

Құрсақ  сорғышының

 диаметрі

0,027 – 0,34

0,03

 

  Құйрығында жүзу жарғақшалары болмайды. Церкария ұзындығы 0,693 – 1,346 мм және ені 0,142-0,33 мм-ге жететін құрттәрізді спороцисталарда дамиды. Ержеткен спороцисталардағы церкариялардың  саны 2-6 ға тең.

 

232323

 

Сурет 1 - Opisthioglyphe ranae Frolich, 1971

церкариясы

 

            Тегументінің қарулануы ену бездерінің саны және асқорыту жүйесінің дамудәрежесі бойынша біз сипатталған церкария Волга дельтасынан  табылған Opisthioglyphe ranae церкариясына өте жақын.

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

1.                       Бутенко Ю.В. Пресноводные моллюски Южного и Юго-Восточного Казахстана как промежуточные хозяева трематод: автореф. ... дисс.канд.биол.наук:.Алма-Ата, 1967.

2.     Арыстанов Е.А. Влияние экологических факторов на зараженность моллюков партенитами трематод трематод в водоёмах дельты амударьи // Паразитология.- Академ. Наук.- Т.4.-1970.- С202.

3.                       Арыстанов Е.А. Трематоды моллюсков Дауткульского водохранилища и биология Paryphostomum radiatum Dietz 1909 и дельте Амударьи// Ташкент:Фан,1980.- С206

4.     Азимов Д.А. Особенности цикла развития Ornithobilharzia turkestanica в Узбекистане//Матер.науч.конф.Всесоюзн.общ-ва гельминтол.АН ССР.Вып.2.-М.-1968.125с.