ҚАЛДЫҚТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Ағыбаева А.Қ., в.ғ.к., доцент, ТарМУ профессоры
Сейдуалы А.Ә., магистрант
Қазіргі кезде
адамзат пен табиғат арақатынастары жылдан жыға шиеленісіп
барады. Жер жүзіндегі халықтар санының тез өсуі
мемлекеттердің жаппай өнеркәсіпті дамыту жолына түсуі
бұған себеп болып отыр. Соның салдарынан табиғат
қорларын пайдалану бірнеше есе өсіп, адамдардың
қоршаған ортаға тигізетін зияны үнемі көбейіп
келеді. Пайдалы кендер қорының жақын арада сарқылу,
өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің
толықтай жоғалу, қоршаған ортаның шектен тыс
ластану қауіпі төнді, елімізде қоршаған ортаның
нашарлағаны сонша, адамдардың денсаулығына кері әсерін
тигізе бастады [1].
Адам баласының кез
келген шаруашылық іс-әрекеті әртүрлі
қалдықтармен қоршаған ортаны ластайды, бұл
халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна
түрлерінің қысқаруына, қоршаған
ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады. Кен
үйінділерін, өнеркәсіп қалдықтарын,
қоқыстарды, қала қоқыстарын тек
қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға
болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Қазіргі
кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне
сәйкес әбден жетілдірілген технологияның
жоқтығына байланысты оларды өңдеп құнды
өнімдер алу әзірше жолға қойылмаған,
сондықтан бұларды сақтауға, жоюға, тасуға,
көмуге, зиянсыз түрге айналдыруға үлкен көлемде
қаражат, энергия, уақыт жұмсалатындықтан оны
зерттеудің үлкен тәжірибелік маңызы бар [2].
Біздің халық
шаруашылығымыздан жыл сайын 1 млрд тоннаға жуық
қалдықтар шығарылады. Статистикалық мәліметтерге
сүйенсек, біздің елде жинақталған қатты
өндіріс қалдықтарының көлемі 20 млрд. т
шамасында.
Қалдықтардың
негізгі көлемі тау-кен қазбаларынан, металлургия, химия, мұнай
мен газ, ағаш, қағаз, құрылыс материалдарын
өндіретін өнеркәсіптерден және ауылшаруашылығы
мен үй-жай шаруашылықтарынан шығып отырады [3].
Өнеркәсіп
өндірістері дүниежүзілік шикізат қорының
күрт азаюына әкелді. Ғалымдардың болжауы бойынша,
қазіргі пайдалану деңгейі сақталған жағдайда,
мұнай мен газдың қоры 80-170 жылға, мырыш, никель, мыс қоры
– 100 жылға, көмір кені 1700 жылдай уақытқа ғана
жетеді. Табиғи ресурстар қоры шексіз еместігіне байланысты оларды
кешенді түрде пайдалануға ерекше көңіл аудару,
яғни, қалдығы аз немесе қалдықсыз технологияларға
көшу және халық шаруашылығының әртүрлі
салаларында шикізат базасын қалдықтарды кеңінен пайдалану
арқылы көбейту қажет.
Қазіргі
уақытта дүние жүзі бойынша жер қойнауынан жыл сайын 100
млрд. т жуық кен, құрылыс материалдары, отын (4 млрд. т.
мұнай және газ, 2 млрд. т. көмір) беткі қабатқа
шығарылып отырылады, шамамен 92 млн. т минералды тыңайтқыштар
мен 2 млн. т улы химикаттар пайдаланылып, олар да жер бетіне таралады.
Атмосфераға 200 млн. т астам көміртек оксиді, 53 млн. т азот
оксидтері, 50 млн. т көмірсутектер, 146 млн. т күкірт диоксиді, 250
млн. т шаң газ тәрізді қалдық ретінде шығарылады.
Ал су қоймаларына жыл сайын орта есеппен 32 млрд. м3
тазаланбаған су, әлемдік мұхитқа – 10 млн. т жуық
мұнай тасталады. Осы жағдайларға байланысты
қоршаған ортада пайда болған қолайсыз өзгерістер
қайтымсыз түрге айналып отыр.
Өте қиын
және де кідіртуге болмайтын проблемаларға пластмасса мен
әртүрлі полимерлі материалдарды өңдеу және
қайтадан пайдалану жатады. Бұл проблемалар жартылай шешілген деуге
болады, себебі оларды өңдеуден өткізу үшін алдымен
ұқыпты түрде сұрыптау және бөлектеу
қажет. Сонан соң олар жуылып, бөлініп, үгітіліп,
болған соң, белгілі өнім түрлерін алуға
пайдаланылады. Белгілі анықталынған сипаттамасы болмаған
ала-құла (әр текті) пластмассалар тек төменгі сортты
материалдар алуға жұмсалады. Полиуретан мен жасанды
талшықтардан жасалған кейбір бұйымдарды қайтадан
өңдеу өте қиынға түседі, биохимиялық
ыдырауға түспейтін болғандықтан оларды көмуге де болмайды,
сондықтан қазіргі кезде орын алған шешімсіз
проблемалардың бірі пластмассалық жарамсыз қалдықтар.
Дүние жүзі бойынша жыл сайын 80 млн. тоннаның үстінде
шығарылатын пластмассалардың 70%-нен артығы
автокөліктер аккумуляторлары мен азық-түлік салатын ыдыстар
түрінде қалдыққа айналып отырады.
Соңғы 15-20
жылда пластмассалардың жаңадан жетілдірілген түрлерін жасау
мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстары қарқынды
түрде жүргізілуде. Негізгі мақсат – мұнайдан
өндірілетін кәдімгі арзан пластмассалардың орнына
табиғи жағдайда биологиялық жолмен микроорганизмдердің
қатысуымен қоршаған ортаға залал келтірмейтін
қосылыстарға ыдырайтын түрлерін алу. Осындай полимерлік
материалдар ауылшаруашылық дақылдарынан (жүгеріден, картоптан,
қатты тағам қалдықтарынан) алынған крахмал немесе
целлюлоза мен полиэтилен қоспаларынан алынады. Биологиялық жолмен
ыдырайтын полимерлерге химиялық синтез арқылы алынған
синтетикалық полиэфирлер және микроорганизмдердің қатысуымен
түзілетін биополимерлер, биосахаридтер жатады. Осындай жаңа
материалдар толығымен дымқылды жағдайда биохимиялық
жолмен ыдырайды және әртүрлі жағдайда қолданылады.
Биополимерлерден негізінде бірсыпыра өнімдер шығарыла бастады.
Мысалы, бұрынғы полистиролдан жасалған
жоңқалардың орнына амортизациялык буып-түюге
арналған жоңқалар, орауыш қаптар, бір реттік
әртүрлі ыдыс-аяқтар, контейнерлер және т. б. жасалуда.
Қалдықтар
шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы
және үй-жай шаруашылығы жатады. Өнеркәсіп
қалдықтарының мөлшері бір адамға
шаққанда тұрмыс қалдықтарынан 20 еседен
артық келеді.
Агрегаттық күйіне
байланысты топтастыруда сулы ерітінділер мен шламдарға аралас
(органикалық және бейорганикалық), бейтарап, сілтілі
және қышқылды сұйық ерітінділер жатса,
сусыздарға – пайдаланылған шайырлар, мал және өсімдік
майлары, органикалық еріткіштер (өртеуге болатын және болмайтындар)
жатады (1-сурет).

1-сурет –
Қалдықтардың жалпы жіктелуі
Шыққан
көздеріне байланысты өндірістегі қалдықтар екі
топқа бөлінеді - өндіріс қалдықтары және
тұтыну қалдықтары. Өндіріс қалдықтарына
бұйым алу процесінде шыққан және жартылай немесе
түгелімен өзінің бастапқы тұтыну сапасын
жоғалтқан шикізаттың, материалдардың, шала
бұйымдардың қалдықтары жатады.Бұл топқа
сонымен қатар шикізатты физикалық-химиялық жолмен
өңдегенде, пайдалы кендерді шығарғанда және
байытқанда шыққан, бірақ өндірістік
процестің бағытталған мақсатына жатпайтын,
өнімдер кіреді. Оларды шамалы өңдегеннен кейін халық
шаруашылығында немесе шикізат ретінде басқа өндірісте, немесе
отынға пайдалануға болады. Өндіріс қалдықтарына
сыртқа тасталынатын технологиялық газдарды немесе ақаба
суларды тазалағанда шыққан қатты заттар да жатады.
Тұтыну
қалдықтарына пайдалануға болғаны үшін тозып,
өздерінің тұтыну қасиетін жойған бұйымдар
мен материалдар жатады. Қалдықтар өндіріс жағдайында
белгілі тәртіппен шығынға шығарылады, ал тұрмыста
тасталынады.
Өндіріс және
тұтыну қалдықтары пайдаға асырылатын және
пайдаға асырылмайтын болып бөлінеді. Пайдаға асырылатын
қалдықтарға өңдеуші технология болуына байланысты
өнеркәсіптің өзінде немесе халық
шаруашылығының басқа салаларында шикізат, жанама зат, отын,
жем, тыңайтқыш ретінде пайдаланылатын қалдықтар жатады.
Пайдаға асырылмайтын қалдықтарға берілген кезеңде
өңдеу жүргізетін технологияның болмауына және
алынған өнімдерді тұтынушының жоқтығына
байланысты немесе экономикалық тұрғыдан қолдануға
тиімсіз қалдықтарды жатқызады.
Өндірісте шикізатты
жер қойнауынан шығарғанда, оны физикалық-химиялық
жолмен өңдегенде жанама немесе қоса шыққан
өнімдер қалдықтарға жатпайды. Бұл өнімдерге
мемлекеттік стандарт белгіленеді және баға қойылады.
Пайдаға асырылатын және асырылмайтын қатты және
сұйық қалдықтар жанатын және жанбайтын
топтарға бөлінеді. Жанбайтын пайдаға асырылмайтын қатты
өндірістік қалдықтарға қоқыстар, кектер, кенді
байытқанда шыққан қалдықтар және т.б.
жатады. Бұларды өңдейтін технология әзірше
болмағандықтан зиянсыздандыру үшін көмеді. Жанатын
пайдаға асырылатын қалдықтарға ағаш қалдықтары,
макулатура, тоқыма материалдарының қалдықтары,
құрамында резина бар қалдықтар, пайдаланылған былғаныш,
істен шыққан жарамсыз майлар, еріткіштер жатқызылады.
Бұл қалдықтарды зиянсыз түрге айналдыру үшін
камералық цехта жағады да, бөлініп шыққан жылуды
өндірістік айналымдарға пайдаланады немесе жанбайтын
қалдықтарды зиянсыздандыруға қолданады. Ал жағу үдерісінің
нәтижесінде шыққан қалдықтар көмуге
жіберіледі [4].
Көмілетін қалдықтар
жер астына, геологиялық кен орындарына (көмір шахталарының,
тұз кендерінің оқпандарына, кейде арнайы жасалған
орларға – полигондарға) немесе теңіз түбінің
терең ойпаңдарына қайтадан шықпайтындай етіп орналастырылады.
Радиобелсенді және
едәуір улы қалдықтарды мүлде қауіпсіз етіп
көму амалы әлі толығымен шешімін таппаған
экологиялық проблеманың бірі болып табылады. Улы
қалдықтарды көму уақытша амалсыз қолданылатын
шара, себебі бұл жағдайда қоршаған ортаның
ластану қауіптілігі тұрақты сақталып отырады. Кейбір
тұрмыстық және өнеркәсіптік
қалдықтарды көму алдында жағу арқылы
олардың көлемін азайтуға болады. Улы қалдықтарды
әр уақытта қауіптілік (уыттылық) класын негізге ала
отырып, оларды көму, сақтау, жинақтау, тасымалдау туралы
шешім қабылдануы қажет[5].
Осыған байланысты Жамбыл облысының тұрмыстық
және өндірістік қалдықтарын, олардың ішінде
қауіпті қалдықтарды жою мәселелесінің
бүгінгі жағдайына баға беру және оларды пайдаланудың
тиімді жолдарын ұсыну мақсатында мәліметтер жиналып,
талданды.
Тұрмыстық
және өндірістік қалдықтардың
қоршаған ортаға әсерін зерттеуде, қоқыс
полигонына шығарылатын ластаушыларды анықтауда ҚР
ҚОҚМ «18» 04. 2008 ж. бекіткен № 100-п
әдістемесі, Өндіріс және тұтыну қалдықтарын
орналастырудың рауалды нормативтерінің жобалары, және
мониторинг әдістері қолданылды.
Жамбыл облысында
жинақталған қалдықтар толық іріктелмейді.
Олардың бүгінгі жинақталған көлемі және
кәдеге жаратылуы туралы мәліметтер төмендегі кестелерде
келтірілген (1, 2-кестелер).
1-кесте – Іріктеуге,
кәдеге жаратуға және сақтауға келіп түскен
қалдықтар көлемі
|
|
Қалдықтарды
іріктеу, кәдеге жарату және сақтауды жүзеге асыратын
мекеме саны, бірлік |
Келіп түскен
қалдықтар мөлшері, барлығы, т |
Келіп түскен
қалдықтардың жалпы көлемінен |
|||
|
Ірік-телге-ні |
өңдеуге
жібе- рілгені |
кәдеге
жара-тылғаны |
Сақтау-ға
келіп түскені |
|||
|
Жамбыл
обл. |
8 |
48 176 |
- |
- |
- |
48 176 |
|
Тараз
қ. |
2 |
37 450 |
- |
- |
- |
37 450 |
|
Байзақ
ауд. |
1 |
3 542 |
- |
- |
- |
3 542 |
|
Жуалы
ауд. |
1 |
517 |
- |
- |
- |
517 |
|
Сарысу
ауд. |
1 |
755 |
- |
- |
- |
755 |
|
Талас
ауд. |
1 |
3 716 |
- |
- |
- |
3 716 |
|
Шу
ауд. |
2 |
2 196 |
- |
- |
- |
2 196 |
2-кесте – Кәдеге
жаратылған және сақталған
қалдықтардың көлемі, тонна
|
|
Барлы-ғы, тонна |
Кәдеге жаратыл-ған қалдықтар |
оның ішінде |
Полигонның
алаңы, км2 |
||
|
полигонның құрылыс іс-шараларына
бағытталған қалдықтар |
кәдеге жаратуға бағыттал-ған
қалдықтар |
Поли-гонның
жобалық қуаты |
||||
|
Жамбыл
обл. |
48 176 |
- |
- |
- |
5 382 250 |
1,36 |
|
Тараз
қ. |
37 450 |
- |
- |
- |
4 950 000 |
0,37 |
|
Байзақ
ауд. |
3 542 |
- |
- |
- |
120 000 |
0,3 |
|
Жуалы
ауд. |
517 |
- |
- |
- |
14 000 |
0,07 |
|
Сарысу
ауд. |
755 |
- |
- |
- |
110 000 |
0,43 |
|
Талас
ауд. |
3 716 |
- |
- |
- |
48 000 |
0,1 |
|
Шу
ауд. |
2 196 |
- |
- |
- |
140 250 |
0,09 |
Қалдықтардың
мөлшерін азайту үшін әртүрлі халық
шаруашылығы салаларының арасында байланыс ұйымдастырып,
шикізатты кешенді түрде пайдалану мәселелерін шешу қажет.
Табиғаттағыдай өнеркәсіпте де айналым болуы керек.
Өнеркәсіп комбинатының жанынан улағыш
қалдықтарды зиянсыздандыратын немесе өңдеп пайдалы
заттар шығаратын қосымша өндірістер ұйымдастырылса
экономикалық тұрғыдан пайда түсірілумен қатар
табиғатқа тиетін әсер де жойылып отырады.
Әдебиеттер
1.
Үпішев Е.М., Мұқаұлы С. «Табиғатты пайдалану
және қоршаған ортаны қорғау».-Алматы,
«Экономика», 2006.-480б.
2.
Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. «Экология: Жоғары оқу
орындарына арналған оқу құралы», Алматы, «Бастау» баспасы,
2003. -292 б.
3.
Дәрібаева Ж.Е., Баешов Ә.Б., Сермаңызов С.С. «Экология».
Астана: «Дәнекер», 2005-297б.
4.
Методика расчета
выбросов загрязняющих веществ в атмосферу при нанесении лакокрасочных
материалов (по величинам удельных выбросов) РНД 211.2.02.05-2004.
5.
Методика по проведению
инвентаризации вредных физических воздействий на атмосферный воздух и их
источников.
6. Қазақстан
Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған Экологиялық
қауiпсiздiгi тұжырымдамасы.