АУЫЛ
ШАРАУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРІСІНДЕ КӨКӨНІС
КЛАСТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Калдыгозова М.А. э.ғ.м., аға оқытушы
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ.,
Қазақстан
Жамбыл облысында көкөніс
кластерін құру және қаншалықты дамитыны
қолдағы бар мүмкіндіктерге байланысты. Көкөніс
кластері көкөніс түрлерін
өндіруді, оларды тереңдетіп өңдеу арқылы
бәсекелестік қабілеті күшті дайын тауарларды шығаруды,
оларды тиімді сату жұмыстарын қамтитын салалардың біріккен
жиынтығын білдіреді. Немесе ғылыми сипаттама түрінде кластер
дегеніміз - бұл қосымша құнды құру
үрдісі барысында өзара байланыста жұмыс істейтін өнім
жеткізушілер мен өндірісшілер, тұтынушылар мен
өнеркәсіптік инфрақұрылымы, ғылыми-зерттеу
институттары мен маман даярлаушы оқу орындарының бір тұтас
желісі болып табылады. Барлық көкөніс шаруашылығымен
айналысатындар үшін ауыл шаруашылығының өнімдері
өндірісінің негізгі факторлары болып табылады, яғни олар
көкөніс, көкөніс материалдары, көкөніс
өнімдері. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен
оларды өңдеушілер арасындағы қарым-қатынастар осы
нарық бөлшегінің дамуында анықтауыш рөл
атқарады және қазіргі жағдайларда тығыз
өзара байланыспен сипатталады.
Көкөніс өнімдерін
өндірушілер ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер
сияқты тікелей және жанама жеткізушілермен өзара тығыз
байланыста болады. Тікелей жеткізушілердің қатарында өндіріс
үрдісі үшін қажетті жабдық, электр қуатын,
отынды, сулы және адами ресурстарды жеткізушілер және ғылыми
зерттеу институттары бар, ал жанама жеткізушілер арасында – қаржы,
құрылыс, көлік және қойма қызметтерін
ұсынатындар бар. Оған қоса, ауыл шаруашылығы
өнімдерін өндірушілерінің қайта
өңдеушілерден артықшылығы - олар жер жалдаушыларымен
және олардың илерімен, тұқым көшеттері мен
тыңайтқыш өндірушілерімен тікелей әрекеттеседі. Осы
ретте, бұл әрекеттесу даму дәрежесі бойынша
түрленетінін айту керек. Яғни, кластердің кейбір
компоненттері жеткілікті дамымаған және кластердің
басқа қатысушыларының талаптарын
қанағаттандырмайды. Сөйтіп, тұқым көшеттері
мен тыңайтқыш өндірушілері, су бөлу ұйымдары
және ғылыми зерттеу институттары арасында байланыс әлсіз
болып сипатталады, қалған жоғарыда аталған байланыстар
мықты болып сипатталады.
Оған қоса, жоғарыда
айтылғандай кластердің құрамына қатарлас немесе
қолдаушы салалар кіреді (сурет 8). Көкөніс өнімдерін
өндіруші кәсіпорындар үшін олар мынадай:
- университеттер, олардың негізгісі М.Х.Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университеті;
-
өнеркәсіп және
қоғамдық ұйымдар, олардың ішінде
Ұлттық Фермерлердің Ұлттық
Қауымдастығы, Қазақстанның аграрлық
партиясы, Қазақстан тағам өнімдерін өндірушілер
одағы, т.б.
-
мемлекеттік мекемелер, олардың ішінде ауыл
шаруашылығы министрлігі, индустрия және сауда министрлігі,
стандарттау және сертификаттау комитеті, Кеден комитеті және СЭС;
-
инфрақұрылым, яғни автожолдар, темір
жолдар, телекоммуникациялар, Қазақстан порттары мен
қоймалары.
Көкөніс
кластері бағдарламасын іске асыру кезеңінде кластерлік жүйеге
қатысушы өндіруші
және өнеркәсіп кәсіпорындарының қаржы шаруашылық
қабілеттері көтеріледі. Демек, облыста көкөністерді
өндіру жұмысы да, оны тереңдетіп өңдеу
жұмысы да жоғарғы қарқынға ие бола алады.
Нәтижесінде халықтың тұрмыс деңгейінің де
жоғары болатыны сөзсіз.
Көкөніс кластері
бағдарламасына ресурстар мен қаржыландыру көздері және
жеңілдіктер өте қажет. Бағдарламаны орындау
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін оны іске асыру
жөніндегі іс-шаралар жоспары арқылы жүзеге асырылып, онда
нақты орындаушылар мен іске асыру мерзімдері, сондай-ақ болжанатын
көлемдер мен жылдар бойынша қаржыландыру көздері белгіленетін
болады. Іс-шаралардың кешенділігі орталық және жергілікті
атқарушы органдардың Көкөніс егістіктерінің
жұмсалған қаражаттың қайтарымды
кезеңіне дейін инвестицияларды
іздестіру және тарту арқылы, сондай-ақ отандық тауар
өндірушілерді қолдау және шағын және орта
бизнесті дамыту шаралары шеңберінде жүзім шаруашылығын
және шарап өнімі өндірісін қалпына келтіру және
дамыту бойынша тиімді және тез ақталатын жобаларды несиелендіру
жүзеге асырылатын болады. Ол үшін кластер жүйесіне
қатысушыларға барынша тартымды жағдайлар жасау
ұсынылады:
- көкөніс өндірушілер
жүйесінің ұзақ уақытылы
тұрақтылығы мақсатында Қазақстан
Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің бағдарламасына
сәйкес лизинг негізінде өнімді өңдеуге қажетті
құрал-жабдықтар алу үшін жеңілдетілген
үстемемен 250,0 млн. теңге қаржы бөлу;

Сурет 1. Көкөніс
кластерінің ұсынылып отырған схемасы
Көкөніс өнімдерін
өндірушілер ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер
сияқты тікелей және жанама жеткізушілермен өзара тығыз
байланыста болады. Тікелей жеткізушілердің қатарында өндіріс
үрдісі үшін қажетті жабдық, электр қуатын,
отынды, сулы және адами ресурстарды жеткізушілер және ғылыми
зерттеу институттары бар, ал жанама жеткізушілер арасында – қаржы,
құрылыс, көлік және қойма қызметтерін
ұсынатындар бар. Оған қоса, ауыл шаруашылығы
өнімдерін өндірушілерінің қайта өңдеушілерден
артықшылығы - олар жер жалдаушыларымен және олардың
илерімен, тұқым көшеттері мен тыңайтқыш
өндірушілерімен тікелей әрекеттеседі. Осы ретте, бұл
әрекеттесу даму дәрежесі бойынша түрленетінін айту керек.
Яғни, кластердің кейбір компоненттері жеткілікті дамымаған
және кластердің басқа қатысушыларының талаптарын
қанағаттандырмайды. Сөйтіп, тұқым көшеттері
мен тыңайтқыш өндірушілері, су бөлу ұйымдары
және ғылыми зерттеу институттары арасында байланыс әлсіз
болып сипатталады, қалған жоғарыда аталған байланыстар
мықты болып сипатталады.
Оған қоса, жоғарыда
айтылғандай кластердің құрамына қатарлас немесе
қолдаушы салалар кіреді (сурет 8). Көкөніс өнімдерін
өндіруші кәсіпорындар үшін олар мынадай:
-
университеттер, олардың негізгісі М.Х.Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік университеті;
-
өнеркәсіп және
қоғамдық ұйымдар, олардың ішінде
Ұлттық Фермерлердің Ұлттық
Қауымдастығы, Қазақстанның аграрлық
партиясы, Қазақстан тағам өнімдерін өндірушілер
одағы, т.б.
-
мемлекеттік мекемелер, олардың ішінде ауыл
шаруашылығы министрлігі, индустрия және сауда министрлігі,
стандарттау және сертификаттау комитеті, Кеден комитеті және СЭС;
-
инфрақұрылым, яғни автожолдар, темір
жолдар, телеком-муникациялар, Қазақстан порттары мен
қоймалары.