ОТАНДЫҚ НАРЫҚТА ӨНІМДЕР АССОРТИМЕНТІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ БАҒЫТТАРЫ
Калдыгозова М.А. э.ғ.м.,
аға оқытушы
Кокумбаева Б.А.
э.ғ.м.
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ,
Тараз қ., Қазақстан
Өнімдер тұтынушылардың
әрқилы сұраныстарын қанағаттандыруы,
жоғары сапасымен, жақсы сыртқы түрімен ерекшеленуі,
сән бағытына сәйкес болуы қажет. Өнімнің
сапасы және ассортименті, әрбір кәсіпорын қызметі
бағаланатын, негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады;
бұйымның сапасы және шығарылатын өнім
ассортиментін өз уақытылы
жаңартып тұрудан өнімді өткізу жоспарының
орындалуы тәуелді.
Өнім ассортиментін кеңейту және жаңарту процестері
қазіргі өндірісте заңды. Олар
әлеуметтік-экономикалық (тұрғындардың табыс
деңгейі, нарықтың тауармен толықтырылуы деңгейі,
тұтынушылық сұраныс, сән) сияқты, және де
өндірістік-техникалық (ғылыми-техникалық прогесс
қарқыны, өнеркәсіптің шикізаттық және ұйымдық-техникалық
мүмкіндіктері) факторладың әсерімен байланысты.
«Өнім ассортименті» термині екі тура келмейтін түсінікпен
түсіндіріледі. Ол қандай-да бір белгілерімен (өлшемі,
маркасы, түрі, сапасы, сыртқы әшекейі және тағы
сол сияқтылар) ерекшеленетін белгілі бір түр немесе атаудағы өнім
түрлерінің жиынтығы деп қарастырылады. Бұл
жағдайда өнім ассортименті түсінігі өнім
номенклатурасының толық түсінігіне ұқсас . Ол
өнім түрлерінің
жиынтығы және
олардың кәсіпорынның жалпы шығару
көлеміндегі ара-қатынасы деп түсіндіріледі.
Келтірілген түсініктерден
«номенклатура» түсінігі өнімнің «ассортимент» түсінігі:
біріншісі бұйым түрлерінің
тізімін сипаттаса, ал екіншісі өнімнің жалпы
массасындағы әрбір түрінің үлес салмағын да
ескереді, яғни ассортимент құрылымының көрсеткіші
болып табылады. Кәсіпорындағы және саладағы өнім
түрлері санын қарастырғанда «номенклатура» түсінігін қолдану қажет;
осы өнім түрлері тізімін ғана емес, олардың
әрқайсысының шығару көлемін енгізетін
өндірудің оптимальды жоспарын анықтауға «ассортимент»
түсінігін қолдануға болады.
А.Хоксинг «тауар ассортиментінің» келесі анықтамасын береді-
бұл «бір-бірімен төменде аталған
белгілердің біреуімен болса
да тығыз байланысты тауар
топтары: ассоциацияланған қолдану (қызмет ету
деңгейі), жалпы
тұтынушылық топ, жалпы
өткізу арнасы, ұқсас баға диапазоны».
Жахова О.Н. «ассортимент бұл кәсіпорындағы, өндіріс
саласында немесе қандай-да бір тауар тобындағы өнімде
бұйымдардың жеке түрлерінің құрамы және ара қатынасы» деп есептейді .
«Ассортимент» түсінігі қазіргі уақытта
өнеркәсіп өндірісі заттарын, тұтыну тауарларын
және тағы басқа белгілеу үшін әртүрлі
облыстарда кең қолданылады. Мысалы, тігін өнеркәсібінде
«әйелдер киімінің ассортименті» , «көйлектер ассортименті»,
«сыртқы киім ассортименті». Келтірілген мысалдан көріп
тұрғандай, «ассортимент» термині
әрқашан қандай да бір нақты объектіге
бағытталып тұр. Бірақ бұл терминді қолдану, егер
обьект жүйеленбеген болса, объект туралы анық түсінік
бермейді.
Обьектіні айқындау «ассортимент» түсінігін қолдану кезінде обьект алатын көптік
жүйесіндегі жағдайға тәуелді. Мысалы,
«халықтық тұтыну тауарлары ассортименті» сөзі
барлық көптүрлі тауарларды білдіреді, «киім ассортименті»
-көп тауарлардың арасындағы белгілі бір тауарлар тобын
білдіреді, «көйлек ассортименті» - тағы нақтырақ белгілеу және тағы
басқалары.
Ассортименттік консепция маңызын анықтау үшін «тауар
ассортименті» түсінігін қалыптастыру маңызды. Тауар
ассортименті «әртүрлі түрдегі, бір түрдегі
сорттағы, шикізаттық, өндірістік, тұтынушылық
немесе басқа белгілері бойынша бұйымдар жиынтығы» деп
анықталады. Тауар ассортименті екі бағытта дамуы мүмкін- оның
кеңдігі немесе тереңдігі жағдайына қарай. Кеңдігі
деп ассортимент құрамында түр, класс, топтар
санының көбеюін айтамыз.
Тереңдігі бұл бір-бірімен қандай да бір белгісі бойынша ерекшеленетін тауар
модификациясының санының көбеюі.
Бұл түсініктер ассортимент дамуында екі бағытты көрсетеді- интенсивті және
эксентивті. Қазіргі заман талабына сай тауарлық ұсыныс
негізінен интенсивті бағыт бойынша дамуы керек. Ассортименттік жай
түрлері нарықтың бұзылуына, мақсатсыз
өндірістік шығындарға әкеледі. Сұраныс және
ұсынысты теңестіру міндеттерін шешу үшін нақты
тұтынушылар тобының әр түрлі талғамдарын
қанағаттандыруға кепілдік беретін оптимальды тауар
ассортиментін жоспарлауда жүйелік тәсілді іске асыру
әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәлілдің
мәні ассортимент тауар және
тауар топтарының жеке жиынтығы ретінде емес, ол белгілі бір
кешендерден құрылған, функционалдық белгісі бойынша белгіленетін (жұмыс,
спорт және тағы басқа киімі) және тұрғындардың
әртүрлі контингенттерінің тұтыну ерекшеліктерін есепке
алатын заттар жиынтығы ретінде қарастырылады.
Ассортиментті қалыптастырудың екі тәсілі бар:
номенклатуралық және ассортименттік.
Тауар ассортименттін қалыптастыту төңірегінде зерттеуер
авторлары мәселені ассортименттік тәсіл көмегімен шешуді ұсынады.
Ассортименттік тәсіл қоғамның әрқашан
ауыспалы қажеттіліктеріне сәйкес бұйымның жаңа
түрлерінің пайда болуына себепші болатын классификацияны
құру міндетін қояды. Жұмыста классификация
мақсаты болып дайын емес, белгілі бұйымдарды жүйелендіру
табылады, ол жобалау объектісі материалды және рухани
қажеттіліктерді қанағаттандыру құралы ретінде
қарастырылады.
Ассортименттің, оның
өндіріс және тұтыну жағдайына тәуелділігін зерттей
келе ассортиментті қалыптастыру бойынша жұмыс авторлары былай деп
есептейді:
·
ассортиментті өндіру және тұтыну
талаптарына қарама-қайшылық бар, бірақ ол абсалютті
емес және тәжірбиеде шешімі бар. Мәселенің шешімі-
оптимальды ғылыми негізделген номенклатураны жасау және
тауардың оптимальды ассортиментін
қалыптастыру;
·
тауар белгілері шеңбері бойынша
ассортименттің сандық және сапалық сипаттамаларын
зерттеу қажет;
·
ассортименттік деңгейде негізгі статистикалық
база зерттеушілерге ассортиментті
қалыптастыру және жетілдіру бойынша негізделген ұсыныстар
беруге көмектесетін қажеттіліктер
қозғалысындағы өзгешеліктерді есепке алуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта ассортимент термині ғылыми
жұмыстарда кең қолданылады. Әдетте ассортиментке
тұтынушылардың мұқтаждықтарын
қанағаттандыру үшін өнеркәсіппен
шығарылатын киімнің
барлық түрлерінің жиынтығын қабылдайды.
Тауар ассортиментін жоспарлау,
құру және басқару маңыздылығы тауар
өндірушілер өздерінің өндіріс мүмкіндіктеріне
қарай белгілі тұтынушылардың талаптарын
қанағаттандыру үшін керек кезде нақты тауарлар
жиынтығын ұсынуға бағытталған.
Өндіруші-касіпорын рынокқа ұсынған белгілі
тауардың түрлі жиынтығын ассортимент деп атайды.
Тауар ассортименті - касіпорын
өндіретін белгілі тауардың барлық түрлері жиынтығы.
Оған әртүрлі тауар түрлері кіреді. Tayap түрі
(автокөлік, трактор, станок, т.б.) функционалды айырмашылықтарына,
сапасына, бағасына қарай ассортименттік топтарға
бөлінеді. Әр топ топтастырудың төмен сатысын
көрсететін (тауар түрлілігі немесе таңбалары) ассортименттік
пазициядан тұрады.
Ассортиментті құру
аркылы нақты тауарлар түрлері, олардың жеке
серияларының мәселелері, "ескі" және
"жаңа" тауар. "күрделі" және
"жай" тауарлар арақатынасын анықтауға болады.
Ассортиментті құру кезінде баға, сапа, кепілдеме, әсер жайында өзекті
мәселелер пайда болуы мүмкін.
1 кестеден көрініп
тұрғандай, ішкі фаторларға шикізат ресурстары,
өндірістің техникалық және технологиялық
деңгейі, ЭТП жетістіктеріе қолдану кадрлармен қамтамасыз
етілу және олардың кәсіби деңгейі жатады, ал
сыртқы факторлар-бұл экономикаға тән даму циклділігі,
тұтынушылық сұраныс, бәсекелестік және
нарықты мемлекеттік реттеу.
Кесте 1
Кәсіпорын
ассортиментін қалыптастыруға әсер ететін факторлар
Өнім ассортименті |
|
Сыртқы факторлар |
Ішкі факторлар |
Экономикалық
даму циклділігі |
Шикізат ресурстары |
Тұтынушылық
сұраныс |
Өндірістің
технологиялық деңгейі |
Бәсекелестік |
Өндірістің
технологиялық деңгейі |
Мемлекеттік реттеу |
Еңбек
ресурстары |
Әрбір өнімнің шығарылатын жалпы көлеміндегі
үлес салмағы көрсеткішінде негізінен өндірістің ішкі
факторларының әсері білінеді. Берілген көрсеткіш
көмегімен кәсіпорынның өндірістік
қызығушылығы тұрғысынан рационалды ассортименттік
құрылымы қамтылады.