Ногайбаев А.Б. - «Экономика»
мамандығының магистранты
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ,
Қазақстан, Астана к.
АЙМАҚТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ
ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазіргі
таңда әлемдік экономика бұрын-соңды болмаған
қаржылық дағдарысты бастан кешуде. Қаржылық
дағдарыс экономикалық дағдарысқа ұласты.
Әлемдік экономиканың құлдырауы барлық дерлік
шикізаттарға деген сұранысты және бағаларының
күрт төмендеуіне алып келді. Осының барлығы
Қазақстан экономикасына әсерін тигізіп отыр. Отандық
кәсіпкерлер өз өнімдерін өткізе алмай жатыр.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және сапасын,
орап-түю, жарнамалау мәселесі де бар. Осы аталған мәселенің
барлығы елдің, аймақтардың дамуына тікелей әсері
бар екенін байқаймыз.
Соңғы
уақытта болып жатқан
өзгерістер аймақтардың
әлеуметтік-экономикалық
дамуына айтарлықтай ықпалын тигізді. Осыған орай
аймақ экономикасын басқару, олардың дамуын мемлекет тарапынан
реттеу мәселелері өзекті және оны басқаруда жаңа
әлеуметтік-экономикалық, саяси реформалар арқылы шешу қажет екені даусыз.
Республикамыздың
әрбір аймағы еліміздің шаруашылық, экономикалық,
саяси дамуында белгілі бір ерекше орынды алады. Сондай – ақ әр
аймақтың өзіндік табиғи ресурстары, олардың орналасуыдағы
ерекшеліктері, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі
және әр аймақтың өзіндік шаруашылық
құрылымы бар.
Осыған
байланысты аймақтың экономикалық саясаттың негізгі
мақсаты — елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін
жақсартып, ұлттық мүддеге сай экономикалық саясат
ұстанып, аймақтар арасындағы теңсіздікті
азайтып,халықтың өмірін жақсартуға қажетті
жағдай туғызуды көзделді. Аймақтық
экономикалық саясатты жүргізудің негізгі мақсаты:
—
макроэкономикалық тұрақтылыққа жету және
тиімді экономикалық жолдарын қарастырк;
— меншік
қатынастарын өзгертуді жеделдету;
—
нарықтық инфрақұрылымды, бәсекелестік
нарықты және кәсіпкерлікті жандандыру;
— экономикада
өндірістік құрылымдық өзгерістер жасау;
—
халықтың табысы аз топтарына көңіл бөлетін
әлеуметтік саясат жүргізу.
Аймақтық
экономика саясаты – кез келген мемлекет қызметінің маңызды
бағыттарының бірі болып табылады. Қытай, Ресей,
Өзбектсан сияқты елдермен шектесіп, үлкен аумақты алып
жатқан Қазақстан үшін маңызы айтарлықтай
зор. Бұл жағдайда бірыңғай саясат аясында
аймақтардың байланысын қамтамасыз ету -
Қазақстанның тәуелсіздік алған
алғашқы жылдарынан бастап маңызды стратегиялық міндеті
саналды [1, 56 б].
Қазақстанның
әрбір аймағы өзіне тән табиғи ресурстарға,
олардың қалыптасу ерекшеліктеріне, ұлттық немесе
табиғи белгілеріне, өзінің шаруашылық құрылымына,
экономикалық дамуы мен мамандандыру деңгейіне ие. Әрбір
аймақ, бiрiншiден, мемлекеттің шаруашылық кешендерінің
белгілі бiр орнын алса, екiншiден, басқа айналыммен бірігіп бүтін экономикалық бірлік
құрайды.
Осы тұрғыдан
алғанда және аймақтардың мамандандырылу
қағидасына сәйкес республика аймақтарын төрт
топқа бөлуге болады:
- шаруашылықтарының
құрылымы экспортқа бағытталған;
- индустриялық
дамыған;
- агроөнеркәсіптік;
- дағдарыстық.
Аймақтардың
экономиккалық дамуының және экономикалық рефораларды
жүзеге асыру ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан
аймақтарын беске бөлеміз:
- Батыс Қазақстан;
- Солтүстік
Қазақстан;
- Шығыс
Қазақстан;
- Оңтүстік
Қазақстан;
- Орталық
Қазақтан.
Аймақтардың
қысқаша түсініктемесі (1-кестеде) көрсетілген.
Сонымен жоғарыда
Қазақстанда аймақтардың жіктелуін көрсеттік.
Енді аймақ дамуындағы
әр түрлі бағыттағы олқылықтардың
орнын толықтыруға және халықтың тұрмыс
жағдайының деңгейін көтеруге болады, бұл
түптеп келгенде мемлекеттің аймақтық саясатының
табысты жүргізілуін анықтайтын негізгі шарттардың бірі болып
табылады.
Кесте 1
Қазақстандағы
аймақтардың қысқаша сипаттамасы
|
Аймақ |
Территория, мың шаршы
шақырым |
Сипаттамасы |
|
Орталық
Қазақстан |
398,8 |
Құрылыс индустриясы, қара және түсті
металлургия, химия өнеркәсібі және көмір
өнеркәсібі, өндірістік-өнеркәсіптік
орталығы |
|
Шығыс
Қазақстан |
277 |
Түсті металлургия, электроэнергетика, химия және ағаш
өңдеу өнеркәсібі дамыған |
|
Солтүстік
Қазақстан |
600,9 |
Жылу-энергетика, кен өндіру салалары, аллюминий және
ферроқорытпа өндірісі, агроөнеркәсіптік кешен
және тамақ өнеркәсібіне маманданған |
|
Батыс Қазақстан |
728,5 |
Мұнай және газ, хромит, марганец, никель, фосфорит,
ферроқорытпа, минералды тыңайтқыштар, мұнай-газ
химиясы, балық өнеркәсібіне маманданған |
|
Оңтүстік
Қазақстан |
712,2 |
Бау-бақша шаруашылығы, жүзім, мақта, қант
қызылшасы, күріш шаруашылықтары, Фосфорит, фосфорлы тыңайтқыштар, тұз
өндіруге маманданған |
Қазақстанның
әр аймағы әсіресе,
табиғат ресурстарын игеруде, тұрғындардың әр
түрлі жиілікпен орналасуы, қала мен ауыл тұрғындары
үлесіндегі әртүрлі қатынастар өзінің
айқындалған өндірістік мамандануына ие [2, 4 б].
Алдын ала келісілген объективті
айырмашылықтардан шығара отырып, Қазақстан
аймақтары төрт топқа бөлінеді:
Бірінші топ: Атырау,
Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан,
Қызылорда, Жамбыл
облыстарының бір бөлігі. Бұл аймақтар минералды
ресурстардың бірегей қорына ие, стратегиялық сипаттағы
(негізінен көмір сутекті) және әлемдік
шаруашылыққа жылдам
қарқынмен бірігуге қабілетті, жоғары импульсті
қарқынды дамудағы ғылыми-өндірістік
әлеуетіне ие, бірақ шаруашылықтың ұтымсыз
құрылымы бар.
Екінші топ - Шығыс
Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай,
Солтүстік Қазақстан облыстары. Бұл аймақтар ауыр
индустрияның айқын көрінетін мамандандырылған салалары
бар, жоғары технологиялық ғылыми сыйымдылықты
өндірісті және негізінен қаржылық ресурстармен
өзін - өзі қамтамасыз ететін, жоғары ғылыми
өндірістік әлеуетімен сипатталады.
Үшінші топтар –
Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Жамбыл,
Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстары. Бұл
облыстардың агроөнеркәсіптік кешендері республиканың
өндірістік қорын қалыптастырудағы жетекші ретінде
танылған.
Төртінші топтар – Атырау,
Маңғыстау, Қарағанды, Оңтүстік
Қазақстан облыстарының аудандық ауылдары, яғни
әлеуметтік - экономикалық және техника-технологиялық
жағдаймен, экстремальды топырақты климаттық тоқыраулы
аймақтардың экономикалық оңтайлығының
қатаң лимиттелген мүмкіндігі. Бұл аймақтарда
қалыптасқан шаруашылық байланыстардың бұзылуы
себепті экономикалық және әлеуметтік дағдарыс сыналатын
деңгейге жетті.
Сөйтіп, бірінші
топтың аймағы үшін, аймақтық
инфрақұрылым (әсіресе көліктік), рынок
инфрақұрылымын құруда мемлекеттік қолдау
жүйесі, сондай-ақ шетел инвесторын тарту маңызды.
Екінші топтардағы
аймақтарда мемлекеттік реттеудің әдістері орасан
жекешелендіру арқылы экономиканы құрылымдық қайта
құруға ықпал етуге бағытталады.
Үшінші топтағы
аймақтарда экономикалық тұтқалар мен ынталандырулар
ауыл шаруашылығы өндірісін реформалау бойынша бағытты
жалғастыруға шоғырландырады.
Тоқыраулы (төртінші)
топтар үшін мемлекеттік ретеу әдістері – оның ішінде:
олардың орындалуына қатаң бақылау жүргізілетін
белгілі бір жобаларға қаржылық көмек көрсету
басым жағдайда қалады [3].
Мұндай тәсіл
аймақты басқару проблемасын шешуде жемісті болуы мүмкін,
өйткені ол жергілікті шаруашылықты қарқынды
дамытуға, аймақтық экономиканы
тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
Аймақтық саясат деп
мемлекеттік басқару органдарының қызметінің
маңызды бағытталуын түсіну керек. Аймақтық саясат
бұл - аймақтың, жалпы
елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында көзделген
мақсаттарға жету үшін мемлекеттік басқару
органдарының қоғамның территориялық
құрылымдарына принциптер, басым бағыттар, әдістер және
іс-шаралар арқылы әсер етуі. Концепция – бұл ұзақ
мерзімді кезеңге арналған аймақ экономикасының тиімді
бағытталуын және оның
әлеуметтік – экономикалық негіздемесін білдіретін құжат
болып табылады. Ол әлеуметтік – экономикалық өзгеріссіз
табиғи және өндірістік базаның тұрақты
жағдайдағы кезеңін қамтиды. Экономикалық саясат
(негізгі бағыттар) – концепцияда жасалған бағыттарды
нақтылайтын ұзақ мерзімді және қысқа
мерзімді іс – шаралар жүйесін, негізгі ресурстар мен оларды тиімді
қолдану есебін және
әлеуметтік нәтижелерді қамтиды. Әлеуметтік –
экономикалық саясаттың
негізгі бөлігі болып табылатын экономикалық саясат 10-15
жылға дайындалады.
Сонымен жоғарды айтылған
мәселелерді ескеріп мынандай қорытындыға келдім.
Қазақстан экономикасының тиімділігін арттыру үшін,
ең алдымен, елдің әр аймағындағы отын-энергетика,
металлургия, мұнайхимия өнеркәсіптерін, қызмет
көрсету, туриз, нақты секторды өркендету керек.
Артта қалған
аймақтардың экономикалық дамуын қолдауға
бағытталған мемлекеттік іс-шаралар мен аймақтық
саясаттың табыстылығы көп жағдайда қржылық
қолдау көрсету қажет.
Әдебиеттер:
1. Екатерина Беркутова. –Основные контуры региональной политики
Республики Казахстан: стратегическое планирование, власть и экономика, Астана – Алматы, 2015.-72 бет.
2. Айтаханов Е.
«Региональная политика: основные ориентиры реализации в РК» // Саясат – 2008, №
4, с.56-58
3. Региональная политика Республики Казахстан: экономический
механизм реализаций. отв. ред. Кежегузина М.Б. – Алматы. Институт экономики
МН-АН РК, 1998.-189 с.