УДК  334. 72: 338. 24 (1-2/3) 574

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АЙМАҚТЫҚ САЯСАТТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

 

                                       Тойшибекова Н.М. экономика магистрі,

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ.

 

Елдің әулеметтік-экономикалық дамуының ұзақ мерзімге арналған стратегиясы табиғи, әулеметтік-экономикалық және т.б. аумақтық факторларды толықтай ескеріп, оларды мемлекеттік саясаттың барлық бағыттарында нақтылағанда ғана ғылыми тұрғыдан негізделген және жүзеге асу мүмкіндігі жоғары болады.

Қазіргі уақытта республика кеңістігіндегі әулеметтік-экономика даму жағдайларының біркелкі болмауы мемлекет тарапынан жүргізілетін аймақтық саясат ерекшеліктерін анықтайды. Соған орай мемлекеттің аймақтық саясатының мақсаттары мен міндеттері, оларды жүзеге асыру механиздері анықталады.

Нарықтық экономикаға өту және тиісті экономикалық реформаларды жүргізу кезінде жергілікті әкімшілік органдар өздерінің құзыры мен дербестігін арттыруға объективті түрде ұмтылды. Бұл эволюция ең алдымен республикалық билік өкілеттігінің бір бөлігі жергілікті мемлекеттік деңгейге өтуі тиіс екендігін сипаттайды. Аймақтар Қазақстан Республикасының аумақтық субъектілері болып табылатындықтан биліктің жергілікті органдары өз аймағының халқының толып жаткан экономикалык, әлеуметтік және мәдени мұқтаждары мен тілектеріне жауапты өздерінше іздестіруі тиіс.

Қазақстан Республикасының экономикасы дамуының қазіргі кезеңінде реформа ауыртпалығының салмағы шаруашылық жүргізудің аймақтық деңгейіне ауысып, осыған орай басқарудың жергілікті органдарына үлкен өкілеттік беріліп, олардың жауапкершілігі арта түсуде. Аймақтардың шаруашылық кызметінің ұлғаюы республикалық және жергілікті бюджеттердің өзара қарым-қатынастарының мәселесіне, жергілікті бюджеттерді басқаруды дұрыс ұйымдастыруға жаңаша көзқарасты талап етеді. Осындай мәселелер күн тәртібіне қойылып отырғандықтан, оларды шешу жолдарын ғылыми негіздеу керектігі - уақыт талабының еншісінде.

Қазақстан Республикасы экономикасының күрделі кеңістіктік құрылымы мен жүргізіліп жатқан экономикалық саясаттың жемісті болуы оның жергілікті деңгейге жүзеге асуына тікелей байланысты екендігін ескерсек, осы орайдағы жергілікті бюджетті басқарудың маңыздылығы да айқындала түседі. Олай болса, жергілікті деңгейдегі мәселелердің оңтайлы шешімін табу жолдарының негізі болып табылатын жергілікті бюджетті басқаруды жетілдіру, бюджетаралық қатынастарды оңтайландыру, мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру тәрізді мәселелер шешімін табуды қажет етеді.

Республика экономикасының дамуы соңғы жылдары аса кемелденіп, толығып келеді, оны реттеу жөнінде әр түрлі мүмкіндіктер едәуір баршылық. Біздің елімізді әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикасы бар мемлекет ретінде мойындады. Қазақстан тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде әлемдік қоғамдастықпен ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткізді. [1]

Әлеуметтік-экономикалық жүйенің әлемдік интеграция жағдайында дамуы әр түрлі саладағы жетістіктері деңгейімен, жалпы әлемдік жүйедегі белгілі бір міндетті іс-әрекет және орны болуымен байланыстырылады. Нақтылы елдің даму деңгейі әлемдік қоғамдастықпен айқындалады, әр түрлі дәрежеде экономикаға ықпал етеді. Бұл ең жоғары орынға жетуге ұмтылдырады, соған жету рейтингінің өсуін ғана білдірмейді, сонымен қатар келешекте шынайы дамуды бейнелейді. Кез келген экономиканың рейтингі даму деңгейінің белгілі бір көрсеткіші ретінде қаралады. Ол алдағы уақытта бәсекелес әлеуметтік-экономикалық жағдайын сипаттап қана қоймай, басқа экономика тарапынан интеграция ықпалымен болатын оның тартымдылық шарты болып табылады.

Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуында елеулі айырмашылық орын алатын болса кез келген мемлекеттің бір қалыпты дами алмайтынын әлемдік тәжірибе көрсетіп берді. Сондықтан да қандай да бір елдің бәсекеге төтеп бере алатын қабілеті оның аумақтық деңгейде мемлекеттік тұрғыдан ықпал етудің шаралар жүйесін, белгілі бір аумақтардың мүдделері мен өзіндік ерекшеліктерін экономикалық даму тұрғысынан нығайтудың деңгейіне байланысты.[2]

Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өзгешеліктер объективті тұрғыдан аумақтық даму теңсіздігінің әмбебап экономикалық заң әрекеттеріне бағынышты. Сондықтан да бұл арадағы міндет осы экономикалық заңның талаптарына жекелеген аумақтардың даму деңгейлерін тенестіру үдерісін бағындырып, осы айырмашылықтарды біртіндеп жою болып табылады.

Әрбір аймақтың экономикаға қаржылық ресурстарды жұмылдыру үшін өз мүмкіндіктерін пайдалануы қажет. Бұл тигізер пайдасы бар табиғи кені жоқ аумақтар үшін ерекше маңызды. Тиісті талдау негізінде аумақ үшін, соған орай, тұтас экономика үшін алдағы болашақты қамтамасыз ететін, үнемі ілгері басатын, аумақтық даму мүмкіндіктерін анықтаудың маңызы зор. Бұдан шығатын қорытынды, әр түрлі деңгейдегі экономиканың дамуын макро экономикалық деңгейде және аумақтық қамтамасыз ету Қазақстан үшін бүкіл болашақтың негізі болып табылады.

Сондықтан, аймақтардың экономикалық дамуы болымды себебінен кірістік база әркелкілік болғандықтан аумақтар тұрғындарға мемлекеттік сектор арқылы көрсететін қызметтер тең болуы үшін аймақтар бойынша бюджеттік теңестіруді қамтамасыз ету жөнінде белсенді саясат жүргізу қажет. Осындай саясат жүргізу механизмнің бірі ретінде жергілікті бюджеттер бойынша тұрғындардың бір жанына есептейтін көлбеулі бюджет-тік теңестіру әдісі пайдаланады.

Бұл әдістің маңызы әр түрлі аймақтар мен аумақтар бойынша қаржылық жәрдем бөлудің бірыңғай қалыпты есептемелерін пайдалану арқылы тұрғындардың мемлекеттік қызмет тұтынуын бірыңғай стандарттық деңгейін қамтамасыз ету тұжырымдайды. Мұндай саясат жүргізудің негізгі мақсаты - ол әрбір билік деңгейі бойынша соларға бекітілген мемлекеттік қызметті толық көрсетуін заңды түрде бекітілген орта мерзімдік болашақта тұрақты болатын кірістік қайнар көздерімен қамтамасыз ету.

         Мемлекеттегі әрбір аймақ өзімен - өзі жеке дами алмайды, өйткені басқа аймақтардың дамуына зиянын тигізбес үшін оның ерекшеліктері де ескерілуі керек. Сондықтан да экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі аймақтық саясаттың маңызы ерекше. Мемлекет әрбір аймақ үшін бағдарлама дайындап, сол бойынша әрбір аймақ өзінің даму бағытын жүзеге асырады. Мемлекет аймақтық саясатты қалыптастыру үшін еліміздің территориясы бойынша себептерді көрсету қажет. Оларға төмендегілерді жатқызуға болады:

Ø            еліміз аймақтарының табиғи - климаттық жағдайының айырмашылығы;

Ø            аймақтың өнімділігін анықтайтын табиғи ресурстарды пайдалану бағыты, саласы және ауқымы. Бұл тек ауылшаруашылық, пайдалы қазбаларды игеру ғана емес, өнеркәсіпті орналастыру жағдайына және халықтың өмір сүру жағдайын ұйымдастыруға да әсер етеді;

Ø            аймақтың орналасуының «күрделі» жағдайы, соның әсерінен шығындар артып, бағаның өсіуі байқалады. Бұл аймақтың көлік және байланыс қызметтерінің дұрыс дамымауына, оның экономикалық дамуына ықпал етеді;

Ø            инновация енгізу жағынан артта қалуы, өндірістің ескі құрылымы;

Ø            елдің экономикалық даму тенденциясы;

Ø            тауар өндірісіне әсер ететін технологиялық даму сатысы;

Ø            институционалдық факторлар: жалпы және аймақтық саясаттың нысандары, саяси жағдайды, аймақтың даму тарихы т.б. ;

Ø            орналастырудың физикалық факторлары: аэропорт, көлік жүйесі, өндірістік алаңдардың бар болуы немесе жоқ болуы, байланыс жүйелерімен қамтамасыз етілуі, өндірістік инфроқұрылым;

Ø             әлеуметтік мәдени факторлар. Урбанизация деңгейі, халықтың білім деңгейі, ғылыми орталықтардың бар болуы және т.б.;

Ø            орталықпен жүргізілетін макроэкономикалық саясатта аймақтық ерекшеліктердің есепке алынбауы;

Ø            орталық пен аймақтар арасындағы өкілеттіліктер мен міндеттерді жіктеу үрдісінің толықтай аяқталмауы.

Аймақтар экономикасын мемлекеттік реттеу - еліміздің және оның жекеленген аймақтарының экономикалық жағдайын қамтамасыз етуге қойлған мақсаттарға жетуді көздейтін мәселелерді шешуге бағытталуы керек. Ал, аймақтық саясаттың мәні - жалпы ұлттық мақсаттарға жету үшін аймақтық дамуды тиімді басқару болып табылады.

Қазақстан үшін аймақтық даму мақсаттары ретінде төмендегілерді атауға болады:

         - әрбір аймақтағы халықтың тұрмыс-жағдайының деңгейін теңестіру;

         - дағдарыстық аймақтарды құрлымдық қайта құру. Бірінші мақсаттан айырмашылығы теңестіру саясаты жалпы барлық мемелекет үшін жүргізілетіндігімен ерекшелінеді. Дағдарыстық аймақтарды құрылымдық қайта құру тек ірі, жалпы мемелекттік бағдарлама көмегімен жүзеге асырылады, кейбір аймақтарда аталмыш міндетті орындау үшін қажет ресурыстардың жетіспеушілігі болады. Мемелекеттің негізгі функциясы, артта қалған аумақтарды - даму деңгейі жоғары аймақтардың қатарына жеткізу, бірақ мүндай жағдайлар халыққа өз зардабын тигізбеуі тиіс;

         - аймақтардың кешенді дамуын жеке аймақтық мақсаттармен ұштастыр;

         - тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету. [3]

            Мемлекет нарықтық қатынастардың дамуы барысында кәсіпорындарға толықтай дербестік бере отырып, олардың шаруашылық қызметіне тікелей араласпағанмен де, жанама түрде (салықтар, экологиялық, монополияға қарсы шектеулер т.б.) араласады. Бұл нарық жағдайында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуінің бір шарты деуге болады. Ал егер мемлекет аймақтармен дұрыс өзара қарым-қатынас орнатпаған болса, немесе халықтың өмір сүруін қамтамасыз ететін ортасы болып табылатын мемлекеттің барлық аумақтары дамуы үшін жауапкершіліктен бас тартатын болса, онда жүргізіліп жатқан реформалардың оң нәтижеге жеткізбейтіндігі анық. Республика аймақтарын мұндай топтастыру басқарудың аймақтық мәселелерін тиімді шешуге және жергілікті шаруашылықтарды қарқынды дамытуға мүмкіндік береді. Проблемалық аймақтарға бірқатар себептердің салдарынан республикалық көрсеткіштер бірнеше есе төмен, ал экономикасы өнеркәсіптері әртараптандырылған, инфрақұрылымы нашар дамыған аймақтар жатады. Мұндай аймақтар мемлекеттің көмегіне мұқтаж.

Сонымен қазіргі кезде ҚР-ың мемлекеттік аймақтық саясаты ең алдымен шектен тыс аумақтық теңсіздіктерге жол бермеу және оларды тегістеу саясаты болуы тиіс. Аймақтық саясаттың мәні жалпы ұлттық мақсаттарға жету үшін аймақтық дамуды басқару болып табылады.

Қолданылған әдебиеттер

1. "Қазақстан тұрақты экономикалық даму кеңістігіне шықты", Егемен Қазақстан, 2008 жыл/28 маусым, 10 бет.

2. "Реформалар өз жемісін бере бастады", Егемен Қазақстан, 2008 жыл/29 желтоқсан,12 бет.

3. Нургалиев К.Р.Экономика Казахстана /текст/ учебное пособие/ Алматы : Казак университеті, 2009ж