Сапанова М.С.
2 курс магистранты
Инновациялық-инвестициялық жобаларда
мемлекеттік-жеке әріптестікті ұйымдастыру әдістері мен нышандарының құқықтық негіздері
Пайдаланған
деректер:
1. Қазақстан
Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту
жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламаны
бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысына толықтыру
енгізу туралы
2. Қазақстан
Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту
жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған
бағдарлама/
МЖӘ
әлемге кеңінен таралып, өзін қоғамдық
маңызы бар жобаларды іске асыруға жеке кәсіпкерлік
субъектілерін тарту бойынша тиімді де ықтимал тетіктердің бірі
ретінде танылуда.
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік
тетіктерін қолдану мемлекетке де, бизнесті дамытуға да
бірқатар артықшылық береді. Жеке сектор үшін жаңа
инвестициялық мүмкіндіктер және тиісінше жаңа кіріс
көздері, ірі жобаларға қатысу мүмкіндіктері туады.
МЖӘ мемлекеттің дәстүрлі жауапкершілік салаларында жеке
меншік сектордың ресурстық және зияткерлік әлеуетін
пайдалануды болжайды. Халықаралық
практикада МЖӘ-нің көпшілік мақұлдаған
анықтамасы жоқ, жалпы МЖӘ тиісті шарттарда анықталатын
тәуекелдерді, пайда мен шығындарды,
құқықтар мен міндеттерді теңгерімді бөлу
жағдайында мемлекет жауапкершілігінің дәстүрлі саласына
жататын салалардағы мемлекет пен жеке сектордың өзара тиімді
ынтымақтастығын білдіреді.
Халықаралық практикада
МЖӘ-нің екі нысаны бөлінеді: институционалдық
және келісімшарттық. Қазақстанның
көлік және энергетика секторында жобаларды іске асыру кезінде
концессия шартының негізінде МЖӘ-нің келісімшарттық
нысанын қолданудағы тәжірибесі мен заңнамасы бар. МЖӘ тетігі бойынша
қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асырудың
құқық қолдану практикасын одан әрі
кеңейту үшін Қазақстан осы саладағы
құқықтық және институционалдық
негізін жетілдіруі керек.
Осыған байланысты Қазақстанда
қабылданған Бағдарламасында[1]. мемлекеттің
дәстүрлі жауапкершілік салаларында МЖӘ тетіктерін дамыту
үшін шешімдерді талап ететін бірқатар маңызды міндеттер
шеңберін айқындайды.
Бағдарламада МЖӘ тетігін пайдалана отырып,
іске асырылатын жобалардың инвестициалық тарымдылығын арттыру
үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталған
шаралар берілген. Әлемдік
практика мемлекеттік ресурстардың шектеулігі жағдайларында
объектілерді құру, жаңғырту, ұстау және
пайдалану үшін қажетті
қаржылық базаны қамтамасыз етудің баламалы құралдарының бірі
МЖӘ тетігі болып табылатынын көрсетіп отыр. МЖӘ
тетігін пайдаланған кезде
мемлекет пен жеке сектордың өзара пайдалы
ынтымақтастығының тиімділігін арттыру, ұсынылатын
қызметтер сапасын көтеру, экономиканы әртараптандыру
үшін қажетті инфрақұрылымды жеделдетіп
жаңғырту мүмкіндігі пайда болады. Халықаралық практикаға сәйкес нақты
елде МЖӘ-ні дамыту
үш кезеңді білдіреді: дайындау, енгізу және жетілдіру.
Дайындау кезеңінде мемлекеттер
халықаралық тәжірибені зерделейді,
қолданыстағы заңнамаға талдау жасайды, МЖӘ
саласындағы жалпы мемлекеттік саясатты айқындайды және кей уақытта пилоттық жобаларды іске асыруды бастайды. МЖӘ-ні
енгізу кезеңі мынадай
бірқатар шараларды болжайды: заңнаманы қалыптастыру,
әдістемелік нұсқаулықтар мен басшылықтарды
әзірлеу, МЖӘ-нің мамандандырылған органын
құру, МЖӘ-ні
қолдану аясын кеңейту және т.б. Жетілдіру кезеңі МЖӘ
саласындағы белсенділіктің өсуімен және жобалардың күрделілік
деңгейінің артуымен
сипатталады. Осы кезең
заңнаманы, сондай-ақ МЖӘ жобаларын іске асыру
үлгілерін одан әрі жетілдіруді болжайды. Осы
уақытта Қазақстанда дайындық кезеңі өтті
және МЖӘ-ні енгізу үдерісі басталды деп сендіруге болады
(«Концессиялар туралы» Заң қабылданды, концессия мәселелері
жөнінде мамандандырылған ұйым құрылды,
концессиялық жобаларды іске асыру басталды). Қазіргі уақытта
Қазақстанда көлік және энергетика салаларында 5 концессиялық
жоба іске асырылу сатысында:
1) «Шар –
Өскемен станциясы» теміржол
желісін салу және пайдалану;
2) Ақтау
қаласының халықаралық әуежайының жолаушылар
терминалын салу және пайдалану;
3) «Солтүстік
Қазақстан – Ақтөбе облысы» өңіраралық электр тарату желісін салу
және пайдалану;
4) Ақтөбе
облысының Қандыағаш қаласында газтурбиналы электр
станциясын салу және пайдалану;
5) «Ералы –
Құрық» теміржол желісін салу және пайдалану;
Осы объектілерді
салуға болжамды инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 74 млрд. теңгені
құрайды.
Концессия схемасы бойынша көлік
және әлеуметтік салаларда жоспарлау сатысында шамамен 15 жоба бар,
құрылысқа болжамды инвестициялардың жалпы
көлемі 800 млрд. теңгеден
астам[2].
Жалпы, бұл
Бағдарламаны іске асыру мемлекетік бюджеттен қаржы шығындарын
талап етпейді.
МЖӘ тетігін пайдалана отырып іске асырылатын
инвестициялық жобаларды қаржыландырудың негізгі көздері
жеке инвесторлардың қаражаты болып табылады.
Өз кезегінде биліктің орталық және жергілікті
атқарушы органдарына бюджетті жоспарлау кезінде МЖӘ тетігін
пайдалана отырып инвестициялық жобаларды іске асыруда концессиялық
жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін дайындау,
экономикалық сараптама жүргізу, консультанттар қызметі,
мемлекеттік қолдаудың қаржылық шараларын беру тиісті
бюджеттік қаражат
көзделетін болады.