Чуланова З.К., э. ғ. к.
Алимбетова Ж.С., магистрант
Әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ
Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше елдер экспортының бәсекеге
қабілеттілігін арттыру мәселелері
Әлемдік шаруашылық
қатынастарда мемлекеттердің тиімді қатысуы мәселесіне
экономика саласының ғалымдары қызығушылық танытып
келеді. Сонымен қатар сыртқы экономикалық қызмет пен
халықаралық сауда теориясында экспорттық
құрылымды жетілдіру мәселесіне ерекше мән берілетіні
белгілі. Экспорттық нарық кеңеюдің басты
құралы және басқа аймақтардағы
қазіргі заманға сай технологияларға қол
жеткізудің бірден бір жолы болып табылады. Сондай-ақ, өнімді
экспорттау - тиімділікті арттыру мүмкіншіліктеріне жол ашатын
бәсекелестік күреске қатысуды білдіреді.
Халықаралық
экономикалық байланыстардың қазіргі кезеңдегі дамуы
бәсекелестіктің жаһандық масштабта күшеюімен
сипатталып қана қоймай, бір жағынан дамыған елдер арасындағы
сауда саясаты аясында болса, екінші жағынан дамушы елдер мен
қалыптасушы нарықтарда да ерекше маңызға ие.
Қазіргі таңда ТМД елдерінде, Еуразиялық экономикалық
одақ елдерімен қоса сауда саясатын дұрыс жүргізуде
сәйкес механизмдер мен құралдар жасалынбаған.
Қазақстан мен Ресейдің халықаралық еңбек
бөлінісіндегі минералды шикізаттық мамандануы белгілі бір
қысқа уақыт аралығы мен жағдайда ғана
жарамды болғандығы оның әлемдік тауар – шикізат
нарығы конъюнктурасына тәуелді екендігін және дамыған
түрге ауыспағандығын көрсетеді. Аталмыш жағдай
әлемдік нарықта ЕАЭО-қа мүше елдердің
(дұрыс сауда саясатын жүргізуге негіз болатын жаңа
интеграциялық бірлестік) қатысу мүмкіндігін шектейді, ал
оның кері нәтижелері соңғы жаһандық
қаржы-экономикалық дағдарыста көрінген болатын.
Экономикалық
әлеуеттің құрылымдық бөлігі болып табылатын
экспорттық әлеует – ұлттық экономиканың
әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болып жеткілікті
көлемде әлемдік бағаға сай өнімдерді өндіру
арқылы экспорттауды сипаттайды. Экспорттық әлеуеттің
құрылымдық элементтері өндірістік, инвестициялық,
еңбек, ғылыми-техникалық, ақпараттық
әлеуеттер болып табылады.
Экспорт құрылымын
стратегиялық жетілдіру мәні - сыртқы нарықтарда
ұлттық экономиканың, әлемдік көшбасшы
елдердің көлемдік және құрылымдық
сәйкестікті қажет ететін бәсекелестікке басым тұстарын
іске асыруға мүмкіндік тудыру. Экспорттың бәсекеге
қабілеттілігін арттыру бойынша шараларды іске асыру жекелеген
экономикалар мен салалардың экспортта белсенділігін түсіндіретін
методика жағынан қарастыруын талап етеді.
Халықаралық саудаға
қатысудың пайдасы белгілі экономистер А. Смиттің (абсолютті
артықшылық теориясы), Д. Рикардо мен Д. С. Милльдің
(салыстырмалы артықшылық теориясы), Э. Хекшер мен Б. Олиннің,
Леонтьевтің еңбектерінде негізделіп, басқа
ғалымдардың ғылыми жұмыстарында жалғасын
тапқан болатын [1].
Динамикалық
түсінік болып табылатын экспорттық әлеуеттің
бәсекеге қабілеттілігі - жалпы бәсекеге қабілеттілік
ұғымымен қатар белгілі бір көрсеткіш арқылы
анықталмайды. Экспорттың сыртқы (немесе бағалық)
бәсекеге қабілеттілігі түсінігін анализдеу екі негізгі
көрсеткіштер тобын зерттеумен байланысты. Алғашқы топқа
құндық және физикалық көлемнің,
сондай-ақ бәсекеге қабілеттіліктің динамикасын
сиппаттайтын экспорттың орташа бағасының өсу
қарқыны енеді. Сәйкесінше, экспорт бойынша анализді жалпы
елге немесе тауар тобына жүргізуге болады [2].
Жалпылап келгенде, сандық анализде
пайдаланылатын сыртқы бағалық бәсекеге
қабілеттіліктің көрсеткіштер жүйесі келесі сипатта
қарастырылса болады (Сурет1):
|
Экспорттың құндық
көлемінің өсу қарқыны |
|
Экспорттың физикалық көлемінің
өсу қарқыны |
|
Экспорттың орташа бағасының
өсу қарқыны |
![]()
![]()
![]()
![]()
|
Бәсекеге
қабілеттілік динамикасы |
![]()
![]()
![]()
|
Ұлттық экономиканың сыртқы бағалық
бәсекеге қабілеттілігін сипаттауға арналған
көрсеткіштер |
![]()
|
Бәсекеге қабілеттілік динамикасының
тұрақтылығы |
![]()
|
Сыртқы
нарықтарда баға бойынша бәсекелесуге қабілеттілік |
![]()
![]()
|
Нақты бағамдар (өндіруші
бағасы мен тұтынушы бағасының индекстері, жұмыс күші бірлігінің
шығындары, сатылатын және сатылмайтын тауарлар бағалары) |
![]()
|
Экспорттың салыстырмалы
тиімділігі |
![]()
![]()
|
Ішкі нақты бағам |
![]()
|
Экспорттың рентабельділігі |
![]()
|
Экономиканың экспорттық әлеуеті |
![]()
![]()
|
Анықталған салыстырмалы артықшылықтар
индекстері |
![]()
|
Баласс
көрсеткіші |
![]()
|
Сыртқы шарттар |
![]()
![]()
|
Сауда шарттарының динамикасы |
![]()
|
Халықаралық
нарықтар конъюнктурасының ауытқуына байланысты
тұрақтылық |
![]()
![]()
|
Экспорт ағымын әртараптандыру (Хиршман индексі) |
![]()
|
Жоғары технологиялық өнімнің меншікті
салмағы |
![]()
|
Сыртқы нарықтардағы ауытқуларға сезімтал
тауарлардың меншікті салмағы |
1-сурет.
Экономиканың сыртқы бағалық бәсекеге
қабілеттілігін сандық анализдеу бойынша көрсеткіштер
жүйесі [2]
Көрсеткіштердің екінші тобы келесі факторлар тобына
тәуелді болып табылатын көрсеткіштер динамикасының
тұрақтылығын сипаттайды:
— экспортқа бағытталған салалардағы
шығындар динамикасымен байланысты сыртқы нарықта
экспорттың баға бойынша бәсекеге қабілеттілігі,
бұл еңбек күші бірлігінің шығын индексі мен
баға индексі қолданысымен саналған нақты бағам
индекстерімен бағалануы мүмкін;
— экспорт рентабельділігі мен ішкі нақты бағам
көрсеткіштері арқылы бағаланатын экспорттың
салыстырмалы тиімділігі;
— экономиканың экспорттық әлеуеті;
—
сауда шартындағы динамикамен сипатталатын сыртқы шарттар;
— сыртқы нарықтағы баға ауытқуларына
сезімтал жоғары технологиялық өнімдер мен тауарлардың
меншікті салмағы, экспорттық ағымдарды әртараптандыру
сияқты көрсеткіштермен сипатталатын халықаралық
нарықтар конъюнктурасындағы ауытқуларға байланысты
ұлттық экономиканың сыртқы секторының тұрақтылығы.
Экспорттың бәсекеге қабілеттілігін анықтау
әдіснамаларында түрлі көрсеткіштер қоданылады,
соның ішінде мемлекеттің халықаралық
байланыстарға қосылуы деңгейінің көрсеткіштері
(өндірісте экспорттың үлесін көрсетеді) және
экономиканың ашықтығының деңгейі (ішкі
қолданыстағы импорт үлесі); әлем тауар
нарықтарында жалпы сауда көлеміндегі ұлттық
фирмалардың үлесі, сауда және төлем балансы; дайын
өнімдер импортының экспортпен жабылу коэффиценті және т.б.
Бәсекеге қабілеттілікті сандық бағалау үшін
сыртқы сауданың статистикалық мәліметтері
пайдаланылады.
ХХ
ғасырда дамушы елдер аспектінде ерекше
қызығушылыққа ие модернизация және
дамудың қуып жетуші теориясы көптеген
ғалымдардың назарын аударды. Жапон ғалымы К. Акамацудың
теориясы «ұшып бара жатырған қаздар парадгигмасы»
Азия-Тынық мұхиты аймағында тәжірибелік дәлелдеме
тапқан болатын. Теория негізінде ХIX-ХХ ғасырларда Жапония
тоқыма саласы өндірісін зерттеулер жатыр. Теорияға
сәйкес зерттеу барысында үш фаза анықталған
болатын. Бірінші кезеңде әр
салада елге шетел тауарларының импорты басым болып табылса, екінші
кезеңде ұлттық импортты алмастырушы өндірістердің
импортты көлемі бойынша қуып жетіп, ұлттық
сұранысты қамтамасыз етудің дамуымен импорт өсімі
төмендейді, ал соңғы кезеңде өндіріс
дамуының ауқымы кең болғандықтан артылған
өнімдер басқа елдерге экспортқа кетеді [3]. Импорт
жүйелігін графикалық түрде қарағанда, ішкі
өндіріс пен экспорттың дамуын қисықтар жиынтығы
арқылы бейнелеуге болады. Ол графика теорияның атына сәйкес
ұшып бара жатырған қаздарды елестетеді.
Келесі
зерттеулер құрылымдық қайта құрулар мен
бәсекеге қабілеттіліктің артуын білдіретін аталмыш
тенденцияның басқа салаларға белгілі бір уақыттан
соң қайталанып келетінін анықтады. Кейбір қарастырылып
отырған салаларда толық цикл 50 және одан да көп
жылдарды құрады [4]. Осылайша, Акамацу парадигмасы дамыған
елдер нарығындағы тауарларды ішкі нарыққа импорттау
арқылы дамуға қадам жасайтын дамушы (немесе құып
жетуші) елдерді анализдеуде қолданылады. Сәйкесінше, дамушы
елдердің шұғыл экономикалық өсуі көшбасшы
немесе қуып жетуші елдердің ара қатынасының
динамикалық өзгеруімен түсіндіріледі. Бір топ
құстарды бастап келе жатырған көшбасшы шаршап, артта
қалыңқырап ұшып келе жатырған
құсқа өз орнын берумен теңестірсе болады.
Коджим
мен Озавтың қуып жетуші цикл теориясы. Жапон ғалымдары Акацаму парадигмасын шетел ТҰК
қаржылық және технологиялық қолдау факторларын
қосу арқылы кеңейтеді. Осылайша жаңа индустриалды елдер
– Сингапур, Оңтүстік Корея, Тайван және т.б. сауда
саясаттарының жетістіктерін түсіндіреді [5].
Қазіргі
кезеңде экономист ғалымдар зерттеулерінде халықаралық сауданың негізгі қатысушылары
– ұлттық экономика мен ірі фирмалардың мүдделері тоғысқан
мәселелерге назар аударуда. Бұл теоретикалық бағыт мемлекет
пен фирмалар деңгейінде бәсекеге қабілеттілік
мәселелерін шешуге бағытталған. Осылайша, М. Портер өз
еңбектерінде ұлттық экономиканың бәсекеге
қабілеттілігі тауарлар мен қызмет көрсетулер шығаратын
нақты кәсіпорындар арқылы қамтамасыз етілетінін
көрсетеді. Сонымен қатар, кәсіпорынның мақсаты
негізгі бәсекелестік артықшылыққа жететін -
өнімдерді әртараптандыру мен шығындарды азайтудан
тұрады [6]. Бәсекелестіктің негізгі
критерийлері ретінде анықталған бәсекелестік
жағдайдағы фирма стратегиясы, сұраныс шарты, қызмет
көрсету салаларының деңгейі және тағы да
басқа факторлы шарттар болып табылады.
Сондай-ақ М. Портер
трансұлттандыру шартына сай фирмааралық сауда
маңыздырақ деген қағидатты ұсынады. Себебі елдер
емес, фирмалар сату-сатып алумен айналысады.
Қазіргі әлемдік нарықтағы
қатал бәсекелестік жағдайында елдің бәсекеге
қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін жекелеген
кәсіпорынның табысты болуы жеткіліксіз. Себебі, бірегей
технологияға ие жекелеген фирманың өзі ұлттық
жеткізушілердің сенімділігі мен мықты
бақталастыққа тәуелді бәсекелестік
артықшылықты сақтап тұруы қиын. Осылайша,
қазіргі жағдайда әлемдік нарықтағы елдің
бәсекеге қабілеттілігін анықтауда өзара
байланысқан салалар кластерлеріне маңызды орын
бұйырған. Сәйкесінше, елдің бәсекеге
қабілеттілігі экономиканың негізгі салаларының бәсекеге
қабілеттілігіне тәуелді.
170 млн халқы бар ірі нарыққа ие
Еуразиялық одақтың қалыптасуы шартында әр
қатысушы ел үшін нарықта қандай тауарларды
ұсынатыны және бірігуге қатысудың тиімділігі аса
маңызды болды. Сараптама есептеулері 2015 жылға қарай
әр қатысушы елдің ЖІӨ 15% аса өсімге ие бола
алатыны көрсеткен болатын [7].
Оған қоса, әр елдің әлеуетіне сәйкес 2015
жылға дейінгі ЖІӨ өсу қарқыны мен импорттық
тариф бойынша кедендік пошлиналық түсімдер Ресей үшін – 400
млрд доллар, Қазақстан мен Беларусь үшін сәйкесінше
шамамен 16 млрд доллардан құрайды екен [8].
Қазіргі таңда ЕАЭО
мүше елдерінің экспорттық әлеуетінің жүзеге
асуы тиімсіз және географиялық құрылымы да, тауар
құрылымы аспектісі де жеткіліксіз дамыған. Экспорттың
құрамындағы минералды өнімнің жоғары
үлесі 72,4% құраған, соның ішінде Беларуста – 55,9%, Ресейде
– 72,4%, Қазақстанда – 77,9%, ЕАЭО ұлттық
экономикаларының әлемдік энергия тасымалдаушы нарықтар
конъюнктурасына тәуелділікті сақтауға себептеседі.
Сондай-ақ, өңдеуші салалардағы өнімнің
экспорттық үлесі төмендеу үрдісіне ие және
өңдеуші салалардағы өнімдер импортындағы
жоғары үлеске ие бола тұра экспорттық жалпы
көлемде Беларуста – 47,8%, Ресейде – 38,4%, Қазақстанда –
18,6%. ЕАЭО әр елінің машиналар мен құралдар импорты -
30%, машина жасау өнімдері - 20%,
химия өнеркәсібінің өнімдері – 16% жуық.
Қызмет көрсетулердің халықаралық саудасына
және ғылыми-техникалық алмасуда қатысу нашар
бағалануда [9].
пайызбен

2-сурет. 2015ж.
ЕАЭО елдері экспортының тауар құрылымы.
Экспорттың
географиялық құрылымында сыртқы сауда
көлемінің 80% үлесі Еуропалық одақ, ТМД елдері,
Қытай, АҚШ және Жапонияға тиесілі. Бұл сауда
әріптестерінің экономикалық өсім қарқыны
төмен екенін білдіреді. Әлемдік экономиканың тоқырауы
сұраныстың азаюына әкеп соғады, ЕАЭО елдерінің
негізгі экспорттық тауарлар өтімі нарықтардағы бәсекелестікті
қатайтуды туғызады.
Мұнайға
әлемдік бағаның төмендеуі экономикаға қаржы
түсуіне кері әсерін тигізіп, бюджет табыстарының
төмендеуіне әкеліп соғады. Қазақстан өткен
жылдармен салыстырғанда өз позициясын жақсартып (2008 жылы 48
орын), 2013 жылы экспорт көлемі бойынша экспорттаушы елдердің
ішінде 42 ие болды. Қазақстан Республикасының статистика Агенттігінің
мәліметтері бойынша 2003-2013 жылдар аралығында экспорт
құрылымындағы минералды өнімдердің үлесі
64,5%-дан 80%-ға дейін өсті [10]. ТМД елдері ішінде республика
өндіруші сала өнімдерінің, ең алдымен
мұнайдың есебінен экспорттың жан басына
шаққандығы көрсеткіші бойынша көшбасшы
орындарға ие. Шикізат емес (өңделген) экспорт
көлемінің өсуі 2020 жылғы қарай ішкі
нарықтың қажеттілігін мұнай өнімдерімен
толық қамтамасыз етумен байланысты мұнай өңдеуші
сектордың мақсатымен байланысты [11]. 2013 жылы
өңделген тауарлар экспортының көлемі 2008 жылмен
салыстырғанда 3%-ке төмендеп, 19,5 млрд. АҚШ долларын
құрады. Өңделген тауарлар экспорты дамуының
бәсеңдеуіне экспорттық тауарларды әртараптандыру; тауарларды экспортқа жылжытуға
кеткен шығындар; қазақстандық тауарға
қатысты шетел мемлекеттерінің тарифтік және тарифтік емес
кедергілері; қазақстандық экспортерлердің әлсіз
ақпараттанғаны секілді факторлар әсер етеді. Қазақстаның
басты сауда серіктесі болып табылатын Ресейге экспорт қазіргі таңда
негізінде ауыр және өндіріс өнеркәсібінің
өнімдерімен ғана шектеліп отыр. 70% дейін металлургиялық
комбинаттарға арналған темір рудалық шикізат, қара
метал прокаты, көмір, АЭС-на арналған уран жанармайлары,
түсті металлургияға арналған шикізат құрайды.
Ресейлік экспорттың негізін экспорт
құнының 55% аса үлеске ие жанармай-энергетикалық
кешен құрайды. Металлургиялық өнеркәсіп
өнімінің экспорттық әлеуеті сақталып отыр. Ел
химия өнеркәсібің кейбір өнімдерінің ірі
өндірушісі мен экспортеры болып табылады. Машина жасау өнімдері
үшін бәсекеге қабілеттілік пен эксопрттық
әлеуеттің өзгеру келешегі кәсіпорынды
технологиялық қа йиа
жабдықтау және өнімнің техникалық сипаты мен
сапасын өсірумен байланысты болып келеді. Сондай – ақ ресейлік
орман өнеркәсібі кешенінің өнімдері - бәсекеге
қабілетті және сұранысқа ие [12]. Ресейлік жоғары
технологиялық салалар тобының (атом және қорғаныс
онеркәсібі) бәсекеге қабілеттілігі сақталып келеді. Спутниктік
байланыста, спутниктік навигация мен жайғастыруда қызмет
көрсету, Жерді қашықтықтан зерттеуде ақпараттарды
өңдеу өнімдері салаларында жоғары экспорттық
әлеуеті де сақталып келеді. Әлемнің 55 еліне экспорт
жүзеге асырылып, 5 млрд. аса долларды құрайтын қару
дайындау саласы да бәсекеге қабілетті сала болып табылады.
Қару шығаратын ресейлік компаниялар әлемдік
қару-жарақ нарығында АҚШ-тан кейінгі орынды алып,
10-15% үлеске ие. Қазіргі әлемдік постиндустриалды даму
кезеңінде негізгі ресурстардың бірі ақпараттық
технологиялар болып отыр. Ресейлік өндірістегі техникалық
қиын жасалған өнімдерді батыс елдердің
нарықтарына экспорттау қазіргі таңда өндіру мен
тұтыну үшін машиналар мен құралдардың
экологиялық және эргономикалық сипаттарының
жоғары талаптарға сәйкес келмеуімен қиындатылған.
Жалпы алғанда Ресей экспортқа бағытталған
бағдарламалық жасақтама саласы дамуында алғышарттар мен
әлеуетке ие. Бәсекеге қабілетті бағдарламалық
жасақтама саласының дамуы әкімшілік мәселелерді шешу
мен салық және инвестициялық ахуалды қамтамасыз етуде
бірқатар мәселелерді шешуді талап етеді. Бұндай
бағдарламаның сәттілігі 5-10 жыл бойы үкімет
саясатының белсенділігі мен жүйелілігіне тәуелді болады [13].
Беларус экономикасы экспортқа
бағытталған болып табылады. Елдің ЖІӨ-гі экспорт
үлесі 50% құрайды, экспорттың құндық
көлемі 2011 жылы 40 млрд. долларды құраған болатын. Елдің
экспорттық өнімдері мыңнан аса атауды құрайды,
ірі экспортталатын тауарлардың ішінде мұнай өнімдері, металл,
калий және азот тыңайтқыштары, жүк және
ауылшаруашылық көліктері, автобустар, тұрмыс техникалары,
жиһаз, тоқыма, ауылшаруашылық өнімдерін атап
өтуге болады. Жақын арада ғылыми сыйымдылыққа ие
және жоғары технологиялық өндіріс әлеуетін
ұлғайту арқылы экономиканың инновациялық дамыту
мақсаты тұр [14].
Экономикалық әлеуеттің өсуі
экономикалық өсімге түрткі болатын қосымша жақсы
әсер береді. Сонымен қатар, экспорт нарық
кеңеюінің маңызды құралы болып қана
қоймай, басқа аймақтарда
жаңа технологияларға қолжетімділікті қамтамасыз
ететін әдіс болып табылады. Өнімнің экспорты
бәсекелестік күреске қатысуды талап етіп қоймай,
тиімділіктің өсуіне мүмкініктер туғызады.
Экспорттық әлеуетті теоретикалық және
әдіснамалық зерттеу оны жүзеге асыруда елдің факторлы
жағдайын есепке ала отырып экспорттық өзгерістерде негізгі
тенденцияларды анықтау арқылы динамикалық әдісті
қолдану керек екендігін көрсетеді.
Бүгінгі таңда ЕАЭО-қа мүше
елдердің негізгі мақсаты - экспорттық нарықты
анықтауда өз компанияларына тиімді жағдай жасау. Экспортты
қолдау ЕАЭО елдерінің экономикаларының барлық саласын
қамтитын кешенді мемлекетаралық мақсат болу керек.
Сыртқы сауданың сапалық
және сандық өсімінің анықтаушы бағыты
ЕАЭО-қа мүше елдердің әлемдік экономиканың
жаһандық шартында халықаралық еңбек
бөлінісіне тиімді және ауқымды қатысуының
экспорттық әлеуетінің әртараптығы болып табылады.
Өңдеуші салалардың даму
мәселесінің шешімі көбінде өткізу нарығында
өнімдердің болуына тәуелді. Экспорттық
жеткізілімдердің географиялық әртараптығы үшін
жағдай жасауы мен экспортталушы өнімнің өңделуі
деңгейін арттыру мүше мемлекеттердің экономикалары дамуына
мықты күш беруі мүмкін. Сауда шарттарын жақсарту мен
сыртқы сауда қатынастарын дамыту - сыртқы сауданың
географиялық және тауар құрылымын жетілдіру мен
көлемінің өсуіне, кеден рәсімдерін өтуге
уақытша шығындарды қысқарту және мүше
мемлекеттердің өзара саудасын ынталандыруға себептеседі.
Осы мақсатта
қажет: ТМД-на мүше мемлекеттермен сауданы дамытуды ынталандыру;
еркін сауда туралы үшінші елдермен келісім жасау барысында мүше
мемлекеттердің экономикасы үшін шығындар мен мүмкін
артықшылықтарды алдын ала анализдеу; сауда саласында
әкімшілік рәсімдерді жайдақтату; сыртқы
нарыққа аттас өнімдерді экспорттайтын өндірушілерді
бірігуін қалыптастыруды ынталандыру; өнім экспортына мемлекет
тарапынан қолдау көрсету тиімділігін арттыру мен
әртараптандыру; мүше мемлекеттер арасында техникалық
және әкімшілік сауда кедергілерін жою бойынша жұмыстарды
жалғастыру.
Интеграциялық
артықшылықтарды жүзеге асырып, мүше
мемлекеттердің өндірістік серіктестігіне басымдылық болып
табылатын экономиканың
нақты секторларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру
үшін: ЕАЭО шеңберінде өнеркәсіптік үйлестік пен
келісілген (үйлестірілген) агроөндірістік саясат жүргізуге
ұстанымдар мен тәсілдер туғызу; кооперациялардың
тереңдеуі және бәсекелестік артықшылықтарын
есепке ала отырып бәсекеге қабілетті өнімнің
жоғары технологиялық өндірісі мен интеграция есебінен
синергетикалық әсерге қол жеткізуді дамыту мақсатында
мүше мемлекеттердің нақты экономика секторларының
өзара толықтыруы дамуы үшін жағдай жасау; өнеркәсіптік
пен агроөнеркәсіптік өндірістің инновациялық
дамуын ынталандыру және жаңа технологияларды қолдануға
ауысу қажет. Көрсетілген істердің іске асуы өндіріс
факторларын рационалды түрде пайдалану, интеграциялық
серіктестіктің кеңеюі мен мүше мемлекеттердің
бәсекелестік артықшылықтарын пайдаланудың
көмегімен өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік
өндірістің тиімділігі артуына әрекеттеседі.
Экономикалық қызметтің
еркіндігі мен мүше мемлекеттердің ортақ кеден
территорияларында тауар нарықтарының тиімді қызметін
қамтамасыз ету мақсатында ЕАЭО елдері экспортының бәсекеге
қабілеттілігі мәселелерін шешу үшін: мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік
қызметті жүргізу үшін қабылданып жатырған
нормативті құқықты актілерде артық әкімшілік
кедергілердің болмауын реттейтін рәсімдерді жетілдіру; бизнес
үшін әкімшілік кедергілерді азайтып, кәсіпкерлік ортаны
жақсарту, сонымен қатар лицензия алу жолдарын жеңілдету
арқылы хабарлама беру тәртібін қажет ететін қызмет
түрлері санын көбейту, рұқсат етуші тәртіпті
қажет ететін қызмет түрлерінің санын азайту,
лицензиялық - рұқсат етуші құжаттардың
санын азайту, сондай-ақ мүше елдердің құзыретті
органдары арқылы берілген лицензияларды өзара мойындау қажет.
Бәсекелестік ортаны дамыту
кәсіпкерлік ахуалды жақсартуға, Дүниежүзілік банк
тобының «Doing Business» рейтингінде позициясын жоғарылату,
экономикаларға инвестицияларды тарту және мүше мемлекеттерде
экономикалық өсімнің жаңа модельдерін іске
асыруға себептеседі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Блауг М. Экономическая мысль в ретроспективе. – М.: “Дело Лтд”,1994. – 750с.
2. Криворотов Д. Методологические подходы к количественному анализу конкурентоспособности национальной экономики. // Банкаўскi веснiк. - Верасень, 2008. – C.12-21.
3.
Троекурова И.С. Новая стадия в «догоняющем» развитии (на примере
стран – членов АТЭС) - http://economicarggu.ru/2003_2/troekyrova.pdf
4.
Иноземцев В.
Пределы «догоняющего» развития. М.: Экономика, 2005. - 295 с.
5.
Феномен новых индустриальных стран Азии. -
http://lib.vvsu.ru/books/Bakalavr01/page0217.asp
6. Портер М. Международная конкуренция. — М.: Международные отношения, 1993. — С. 33.
7. Российская Бизнес-газета. - №807 (25).
8. Основные макроэкономические показатели. Интернет-портал СНГ. -www.e-cis.info/news.php?id=3502
9.
Таможенные новости.
Информационно-аналитическое обозрение. - № 6 (175) 2013.
10.
Агентство РК по
статистике. – http://stat.gov.kz/faces/wcnav_externalId/homeDinamika.pokazateli;jsessionid=91ZvWdFQdsdq
11.
Экспортный
потенциал отечественной промышленности. // XXI век/ -
№ 17. 2014
12.
Особенности российского экспорта и его проблемы в азиатском регионе.
// Экономический журнал. Выпуск№ 2 / том 26 / 2012.
13.
Экспортный потенциал России. -http://www.dissercat.com/content/eksportnyi-potentsial-prioritety-razvitiya-Nnq
14.
Министерство иностранных
дел Республики Беларусь. -http://www.mfa.gov.by/export/export/potential/