УДК:331.522.331.6(574)

 

ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДА ЖАСТАРДЫ ӘЛЕУМЕТІН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

Тойшибекова Н.М. экономика магистрі,

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ.

 

Қазіргі қоғамымыздың ең ірі әлеуметтік тобы болып саналатын ел жастарына жан-жақты көмек көрсетілуі – Елбасы ұстанымдарының бірі. Еліміз тәуелсіздік алғалы жастардың мәселесі назардан тыс қалмай, оларға қосымша жаңа міндеттер артылып келеді. Елбасымыздың қазақстандықтарға арналған жыл сайынғы Жолдауларында жастар үлкен көңіл бөлініп, олардың жағдайы күннен-күнге жақсаруда. Елбасымыз, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандық жастарды әлеуметтік қорғау, кәсіби біліктіліктерін арттыруға баса ден қоятыны белігілі. Ұлт Көшбасшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында да жастар мәселесі басты назарда болды.

       Еліміздегі мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаттары — ол жастардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру, жастар шығармашылығын дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастардың жұмыспен қамтылуына ықпал ету, жастар кәсіпкерлігін дамыту, жастар арасында қылмысты болдырмау, отаншылдық құндылықтарды әспеттеу, жастардың әлеуметтік-экономикалық, саяси және басқа да жан-жақты жағдай жасау, рухани-адамгершілік, интеллектуалдық және физикалық әлеуетінің, әлеуметтік мәртебесі мен экономикалық жағдайын, саяси, құқықтық, экологиялық және рухани мәдениетін көтеру болып табылатыны ескерілуде.          Қазіргі таңда әлеуметтанушылар «жастар» деген ұғымды жас ерекшеліктер және сонымен байланысты қызмет түрлерінің негізінде пайда болатын топтасқан көпшіліктің жалпылама жиынтығы ретінде айқындайды. Қысқа мағынада, жастар–жас адамдардың әлеуметтік жағдайының ерекшелiктерi, олардың қоғамның әлеуметтік құрылымындағы орны мен қызметі, ерекше құндылықтары мен мүдделері негізінде бөлінетін әлеуметтік-демографиялық топ. Әлемде БҰҰ-ның мәліметі бойынша, 15-пен 24 жас аралығындағы жас азаматтар 1,3 миллиард шамасында. ҚР «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына сәйкес 14 жастан 29 жасқа дейінгі адамдарды жастар деп атау қабылданған. Бұл жастағы адамдар тобы еліміздегі тұрғындар санының 27,4% (4 510 435 адам) құрайды және өте маңызды болып табылады, тіпті оларды қоғамдағы ең шешуші звено деп айтуға болады [1].

Жастарға қатысты мәселелер қашанда бірінші кезекте болуы және бәріміз­ді де толғандыруы тиіс. Себебі ел ертеңі жастарымыздың тұлға ретінде қалыптасып, белгілі бір мамандықтың иесі бо­луы өте маңызды. Өйткені на­рық экономикасы басталған тұс­та оқи алмай қалған немесе өз­дері де оқуға жеткілікті мән бер­меген кейбір жастар қазір бірі базарда, бірі көлік сатып алып, «таксист» болумен күн көріп жүр. Жастар масылдыққа бой алдыратын болса, мемлекет­тің де болашағы болмайды! Сондық­­тан Елбасымыз жас­тар­дың кәсіптік-техникалық бі­лім алуына өте үлкен мән беріп отыр. Елімізде орта деңгейлі кә­сіп иелері жетіспейтінін ескерсек, біздің Сарысу ауданында арнайы колледждер мен кәсіптік лицейлер бар екендігін ұмытпауымыз қажет.

Елбасы тапсырмаларынан туындайтын міндеттерді саралай келе, жастар тәжірибесін ұйымдастырудың құқықтық нормалары қажет екендігі белгілі болды. Мұнда, ауданымызда биылғы жартыжылдықта 103 жас «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы арқылы 6 айлық жұмысқа тартылса, олардың тек 3-уі ғана тұрақты жұмысқа орналасқан екен. Бұл дегеніміз, 100 жастың жұмыссыздар қатарына қайта қосылғандығын білдіреді. Дәл осындай жағдайды, Елбасы мысал ретінде келтірген болатын. Бұл жайттарда алдағы уақытта оң шешімін табар деген үміттеміз.

        Шынында да, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң жо­ба­сы бүгінде  қоғамда,  Пар­ла­­мент қабырғасында қызу тал­қылану үстінде. Әрине, жас­та­рымыздың өмірінде шешімін күткен мәселелер жеткілікті. Жас­тар саясатын кешенді түр­де саралау, реттеу, бүгінгі күн­­нің мәселесі. Парламент Мә­жі­лі­сінің депутаттарынан құ­рыл­ған жұмыс тобы өңірлерді ара­лап, жастармен кездесіп, ұсыныс пікірлерді ой елегінен өткізуде. Мұндағы мақсат – қа­был­данатын заң жобасына ен­­­гі­зі­­ле­тін өзгертулер мен то­лық­тыруларды айқындау. Жас­тар­дың мәртебесін көтеру, әлеу­меттік мәселелерін шешу, жақсы білім алып, еңбек етуіне, от­басын құруына жағдай жасау керек. Өзім де аталған заң жобасына облыстық «Жас Отанның» Кеңес отырыснда бірнеше ұсынысымды бердім.

Осы орайда, жастарды жұмыспен толық қамту, олар­дың қоғамдағы орнының маңызын арттыру – басты мәселенің бірі болып отыр. Елбасымыз «Мен жас ұрпақтың ел бо­ла­шағы үшін маңызын әрқашанда атап көр­сетіп келдім және атап көрсете беремін. Мемлекет әрбір жас адамның өз еліне міндетті түрде қажет болуы үшін бәрін де жасайды» дей отырып, ҚР-ның Үкіметіне ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі Кеңеспен бірлесіп «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР Заңына жас маман­ның мәртебесін құқық­тық айқындау, оның ең төменгі әлеу­мет­тік пакеті және басқа да мәселелер бойынша өзгерістер енгізу туралы заңды қарастыруды тапсырды. Аталған мәселе еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік өмірінде жастардың бәсекеге қабілетті болып, азаматтық бел­сен­ді­лігін арттыруға бағытталған.

Жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың арасындағы айырмашьшық өсе түсуде. Бүгінде жасөспірімдер мен қыздар ақысы төмен әрі біліктілігі төмен жұмыстарға қызықпайды, соған қарамастан жоғары оқу орындарыньщ басым көпішлігінің мамандар даярлау сапасы еңбек рыногінің талаптарына сай келмей отыр.

Мұндай жағдайда жастар арасында әлеуметтік қорғансыздық сезімі өсе
түседі және олар өздерінің өмірлік деңгейін кез келген жолдармен көтеруге
ұмтылады.

         Еңбек нарығында тереңірек бойлап көрсек, жұмыссыздық және жастарды жұмыспен қамту жөнінде көп айтуға болады. Проблема атаулы іле сөз етіліп, ол асқынбай тұрғанда түйінін шешуге ұмтылыс жасалғанда ғана жаңа күн тәртібінен біртіндеп сырғи беретіні түсінікті шығар. Сонымен, осы мәселені қандай жолдармен реттеуге болады. Тұйықтан қалай уақыт озбай шыға аламыз? Керемет боп елестейтін келешекке көлеңке түсіре беретін басты мәселенің бірі – жұмыссыз жастар жайы. Соңғы халық санағының қорытындысы бойынша, республикамызда тұратын 14 млн. 841,9 мың адамның 3 млн.700 мыңын 16 мен 20 жас аралығындағы азаматтар құрайды екен.

 Мамандар жұмыс іздеген жастарды қабілетіне қарай бірнеше топқа жіктеп, тегін оқытады. Онда ұлттық ою-өрнек мектебін ашуға болады. Кәсіптің бұл түріне машықтанған бойжеткендер тігін цехтары мен кішігірім отельеде жұмыс істей алады немесе кейбіреулері тіпті кәсіпкерлікпен айналысуларына болады. «Әмбебап даму» жобасын жүзеге асырушылар арнайы дайындық курсынан өткен жастардың еңбек нарығында сұанысқа ие боларына сенімдімін.

        Жастар жұмыссыздығы деңгейі – 15-24 жас шамасындағы жұмыссыз халық санының осы жастағы экономикалық белсенді халық санындағы үлесі, пайызбен өлшенеді. Ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі – 1 жыл және одан астам уақыт бойы жұмысы болмаған жұмыссыз халық санының экономикалық белсендіхалық санындағы үлесі пайызбен өлшенедіОсы проблеманы шешу жолының бірі жастар ұйымдары болып табылады. Жұмыссыз жастарға кәсіп тауып беру шаруасына белсене кірісуі керек. Мысалы «Әмбебап даму» деген жоба қолға алынуына болады. Орталыққа келушілер арнайы семинар-тренингтерге қатысады.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. ҚР Ұлттық статистика агенттігінің жылдық жинағы

2.  «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы

3.  Оразәлі Сәбден. Бәсекелестік экономика. Оқу құралы. Алматы, 2007жыл

Еңбек нарығындағы жастардың жұмыссыздық мәселелері оригинал

4.О рынке труда и социальной поддержке безработных в Республике Казахстан. Серия 11-13. - Агентство Республики Казахстан по статистике. – 2012.