КІТАПХАНА
КАДРЛАРЫН КӘСІБИ ДАМЫТУ МЕМЛЕКЕТ САЯСАТЫНЫҢ
ОБЪЕКТІСІ
РЕТІНДЕ
Магистрант Сарсембаева Алтынай, п.ғ.к.
доцент Мусаева С.Т
М. Әуезов атындағы ОҚМУ
Кітапхана
кадрларын даярлау және қайта даярлау жүйесін реформалау
процесі көптеген бағыттар бойынша жүргізілуде.
Кітапхана-ақпараттық салада кәсіби-мамандықтар мен
маманданушылар тізімі ұлғайған. Жаңа
кезеңнің білім беру стандарттары жасалды. Ең
бастысы-үздіксіз кітапханалық білім беру жүйесі жолға
қосылды. Оның интегральды түйіні кітапханалардың
қазіргі қоғам өміріндегі және оның
технологиялық модернизациялауындағы әлеуметтік ролін
атқаруға байланысты олардың кітапханашылардың
жаңа функциональдық міндеттерді орындауға бейімделуіне орай
басты ауыртпа-шылықты көтереді.
Қосымша,
кәсіби кітапханалық білімнің үстемділік ролінің
де маңызы кем емес, біріншіден білім беру процесін іске асыратын орта
және жоғары кәсіби мектеп және қарқынды дамушы кітапхана практикасы
арасындағы алшақтығына байланысты жоғары оқу
орнын бітірушілердің білім жетіспеу-шілігін толықтыру болып
табылады [1]. Екіншіден, сол
кәсіби қайта даярлау арқылы қазіргі
кітапханалалардың жаңа кадрлық ресурстарын қалыптасыру
іске асырылады. Онда көбінесе филологтар, тарихшылар, социологтар,
ақпараттық технология саласында мамандары кітапхана саласына кадрлардың
келу потенциалы 6%-ке өсті. Кітапхана қызметкерлерінің
бұл категориясы үшін қайта даярлау олар үшін жаңа
қоғамдастыққа кітудің маңызды шарты,
әлеуметтік қорғалу мен болашақ қызметтік
өсуінің кепілі.
Қосымша
кәсіби кітапханалық білім беру ролін кітапхана ісін тұтастай
қайта ұйымдастырудың әрекет құралы ретінде
айрықша айтуға болады. Бүгін-гі күн бұл
жаңа идеялар, тұжырымдамалар, технологияны игерудің кең
мүм-кіндігі. Сол қосыша білім беру жүйесінде
инновациялық кітапхана тәжірибесі
жинақталып, зерттеліп, бағаланып, сонаң соң
практикалық қызметке беріледі.
Қосымша
кәсіби кітапханалық білім берудің саланы дамытуға
көпфункционалды әрі өте маңызды ролінен шыға
отырып, бұл саланың мемлекеттік білім беру саясаты бүгінгі
күні кәсіби жинақталған білімге жеткізетін кітап-хана
ісін модернизациялаудың міндеттеріне сәйкес кітапхана
кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау
бағытталған. Білім беру саясатын өркендетудің бұл
курсы мәдениет және ақпарат министрлігі коллегиясының
қосымша кәсіби кітапханалық білім беруге арналған
талқылауында болды.
Қойылған
міндеттерді шешудің басты шарттарының бірі кітапхана ісін
модернизациялаудың шешуді бағыттары бойынша республикалық
және аймақтық
деңгейде кітапхана кадрлары біліктілігін арттыру мен қайта даярлаудың
мемлекеттік тапсырысы болып табылады.
Бұл
бағыттағы алғашқы қауымдар «Мәдени
мұра» бағдарламасы көлемінде іске асырыла бастады.
Нәтижесінде републикалық деңгейде ірі білім беру
мақсаты, қысқа мерзімді оқыту жағдайында тек
қана кеңейтіп қана қоймай, саланың жетекші
мамандарының кәсіби санасын жаңартуға мүмкіндік
береді. Білім беру акциясының проблематикасы республикалық
бағдарлардың магистральды міндеттерін, модернизациялауды
көрсетеді. Олардың ішінде ЛИБНЕТ бағдарламасы. Орталықтар
ұсынатын білім беру бағдарламалары жаңа мазмұнмен
толықтырылған. Оқыту аспектілерін анықтауға
тыңдаушыларға ақпараттық өзара айырбас, торабтық жұмыс тәртібіне
бағдарланған инновациялық кітапхана технологиясына
айрықша көңіл бөлінеді. Міне осылайша, барлық
ұсынылатын білім беру бағдарламалары бірегей
оқу-әдістемелік базада іске асырылады.
Қазіргі
кезде Қазақстандық деңгейдегі келесідей білім беру бағдарла-малары
өте сұранысқа ие. Халықаралық кітапхана философия
мектебінің мақсаты – ақпараттық дәуірде
кітапханалр дамуының филосо-фиялық негіздерін өңдеуге
бейімдеу және алған білімді кәсіби
қоғамдыстықтың кең тобына тарату. Жобаның
ерешелігі ол – философиялық білімді іздес-тірудің
эвристикалық процесін білім құралдарымен біріктіруге
мүмкіндік береді. Соның арқасында идеяларды жинақтау мен қоғамдық саланы трансляциялау
үшін жаңа жағдай жасалады. Жоба ең алдымен
тұжырымдама даярлауға, стратегия, қоғам дамуының
жаңа-әлеуметтік-мәдени контекстінде кітапханаларды
модернизациялаудың ұзақ мерзімді бағдарламалары мен
жобаларын жасау ең алдымен кітапханаларға көмектеседі. Сапа
мектебі кітапхана менеджерлеріне арналған. Оның мақсаты
- кітапхана қызметіне сапа қызметін ендіруге ықпал ету болып
табылады [2].
Кәсіби қайта даярлау бағдарламаларының ішінде қазіргі ең
маңыздысы 1590 сағатқа жасалған «Администратор - кітап қорын сақтаушы» эксклюзивті
бағдарламасы. Оның мақсаты
- Қазақстан Республикасы
кітапхана қорларын сақтаудың Ұлттық
бағдарламасында көрсетілген барлық функциональды
бағыттар бойынша пәнаралық білімдерді игерген
жоғары білікті мамандар даярлау
және оны өз аймақтарында комплексті іске асыру. Міне осылайша, соңғы жылдары Республика
деңгейінде кітапхана кадр-ларының біліктілігін арттыру мен
қайта даярлаудың жаңа идеялогиясы қалыптасты. Оның
мәні кәсіби элита мен кітапхана ісі лидерлерін қалып-тастыру мақсатында оқуға
бағдарлану.
Оқудан өткендер
инновациялық идеяларды жеткізуші болып, кәсіби
қоғамның кең ортасына оны таратуға жағдай
жасап, аймақтық кітапханалық және
әлеуметтік-мәдени саясатына, корпоративті өзара іс
әрекетті дамытуға ықпал етеді [4]. Ұсынылатын білім беру
бағдарламаларының басқа да мақсаты, олардың
мазмұнына қарамастан, кітапханашының жеке басының
кәсіби-әлеуметте-нуіне ықпал
ету, түбегейлі өзгермелі технологиялық және
әлеуметтік ортада оның өнімдік және
шығармашылық қызметін көтермелеу. Қойылатын
міндет кәсіби көңіл-күйдің жаңа стилін
қалыптастыру, істе жаңа мағына табу, оның
әлеуметтік дәуірдегі әлеуметтік маңыздылығы мен
келешегін түсіну.
Білім беру бағдарламасын
құрудың мазмұны мен методологиясында түбегейлі
өзгерістер болды. Егер бұрын олардың негізгі жоғары
білім стандарты болса, қазір ол жаңа контенттермен толықтырылып,
саланы модернизациялау міндеттерін шешетін, кәсіби
пікірлестерді қалыптастыруға
бағытталған. Соған сәйкес оқытушылар корпусы да
өзгерді. Олар 80% жаңарып, сала басшылары, кітапхана директорлары,
маман-практиктер елеулі орын алды. Бұлардың барлығы
кәсіби қоғамдастыққа жұмылуға,
кәсіби рефлексті көтермелеуге, білім беру процесіне
қатысушылардың барлығын конструктивті ойлауға,
өнімді қызмет жасауға түрткі болады. Қазіргі
кезде білім беру жобасын іске асыруда 84 ғалымдар, жетекшілер және
кітапхана ісінің жетекші
мамандары жұмыс істеуде.
Оқушылар контингенті өте
кең. Тек соңғы үш жылдың ішінде-ақ мәдениет және ақпарат министірлігімен бірлескен жоба көлемінде
елдің 12 аймағынан 48 жуық басшылар мен кітапхана
ісінің жетекші мамандары оқыды. Міне осылайша, бүгінгі
күні іс жүзінде саланы модернизациялаудың басты
бағыттары бойынша кітапхана кадрларын қайта
даярлау мен біліктілігін арттырудың мемлекеттік тапсырыс беру
жүйесі жұмыс істеуде. Айта кететін жайт, өз кадрларын
біліктілігін жетілдіруді қаржыландыру мәселесі облыстық
мәдениет басқармалары тұрғысынан қолдау тапты.
Тиімді білім беру саясаты
шарттарының бірі білім беру процесінің кітапхана процесімен тығыз
байланысты болып табылады. Көптеген оқу
бағдарламаларының тірек базасы ретінде
бастамашыл кітапханалар ана немесе мына жаңалықтар болады. Мысалы
Оңтүстік Қазақстан облыстық әмбебаб
ғылыми кітапханасында өткізілген семинарлар «Кітапхана-экологиялық мәдениет және
ақпарат орталығы ретінде», «Көпшілік кітапханаларда
инновациялық процестерді басқару» тақырыптары бойынша
тәжірбиемен таратылды[6].
Міне осылайша қосымша білім
берудің академиялық және өндірістік-практикалық
деңгейі арасындағы өзара байланыстың жаңа
жүйесі қалыптасып, теория мен практика, дәстүр мен
жаңашылдық арасы үйлеседі. Ең басты кәсіби
кітапхана коммуникациясы саласы кеңейіп, толықтырылады.
Республикалық деңгейде
үздіксіз білім беру саласындағы барлық қол жеткізген
жетістіктерге қарамастан бұл кітапхана кадрларын кәсіби
дамытудың маңызды түйіні қалыптасу дәрежесінде
сала қызметкерлерінің ұдайы өсіп жатқан
тұтынымдарының толық көлемде қанағаттандыру
мүмкін емес. Қаржы және кадрлық
ресурстар жетіспейді, жаңа білім беру технологиялары баяу ендірілуде,
қашықтықтан оқыту формаларын кең
қолдануға мүмкіншіліктер жоқ. Бұл қызмет саласында үйлестіру
жоқтың қасы. Облыстық деңгейлерде білім беру
шараларын өткізуде жүйелілік
байқалады. Кейбір облыстарда кітапханашылардың 10% өз
біліктіліктерін жоғарылатты.
Ал енді елдің батыс
облыстарында ауыл кітапханашыларына
біліктілік арттыру қиынға соғып отыр. Бұл
жағдайдан шығу мақсатында қажет нәрсе, саланы
модернизация-лудың басты бағыттары бойынша кітапхана кадрларын
қайта даярлау
мен біліктілігін жетілдірудің мемлекеттік тапсырысын
конкурстық негізде тек
Республикалық емес облыстық деңгейлерде де
қалыптастыру саясатын қолдауды жалғастыру қажет. Білім
беру бағдарламаларының мақсатты қаржыландыру практикасы
қолдау керек. Мәдениет және ақпарат министірлігі коллегиясының
шешімімен облыстық мәдениет басқармаларына кітапханалар
бюджетінің 5%-кем еместігін кітапхана кадрларын қайта даярлау мен біліктілігін арттыруға жұмсауға ұсыныс
бергендігін айта кеткен жөн.
Бүгінгі күні қажет
нәрсе, қосымша білім беру жүйесі тұтас жүйе
ретінде қалыптаспаған аймақтарға мемлекеттік
қолдау қажет, әрі ірі кітапханалар базасында үздіксіз
білім беру аймақтық орталықтарын
құруға бастамашылық дұрыс болады. Бұндай
білім беру орталықтары табысты жұмыс істеуі үшін
бастапқы қаржыландырыларуларыды облыстық бюджеттерден, ал
одан әі гранттық қолдаудан аймақтық
мақсатты бағдарламалар мен басқа да кіріс көздерінен
қарастыруға болады.
Мәдениет және ақпарат министірлігінің маңызды ұйымдастыру шешімі ол
Республикалық үйлестіру орталығы құру болды.
Орталық өзінің бірінші кезекті міндеттері ретінде кадрларды
қайта даялап, біліктілігін арттыру мен айналысатын кітапхана мен
басқа да құрылымдарға ғылыми,
оқу-әдістемелік, консультативті
көмек беріп, бағдарламалар мен жобалар, оқу жоспары
жүйе-сін қалыптастыру бойынша әртүрлі
деңгейдегі білім беру құрылымдары қызметін
қалыптастыру, әрі ең қажетті оқу
бағдарламалары мен инновация-лық білім
беру технологиясын облыстық деңгейлерге ұсынады.
Білім беру қызметі сапасын
арттырудың әрекет құралы, баламалы инновациялық
білім беру құрылымдары соның ішінде сәйкес лицензиялары
жоқ кітапханалар іске асыратын біліктілік арттырудың бағдарламасының
қоғамдық-кәсібі сертификациясы бола алады.
Орталыққа бұл
сертификация мен механизмді оны
практикаға ендіру критериін өңдеу қажеттілігі
тұр. Орталық ұдайы білім беру ортасы және кітапхана ісіндегі жағдайды мониторинг
өткізуді әрі аймақтық деңгейде іске асырылатын
оқу бағдарламалары мен шаралардың
ақпараттық-ресурстық
базасын жасауды жоспарлауда.
Қосымша кәсіби білім беру
жүйесіне ақпараттық технологияларды интеграциялау бойыша,
білім беру орталықтан
қашықта орналасқан аймақтар үшін маңызды
қашықтықтан оқыту формасын жетілдірудің үлкен жұмыс-тары күтіп тұр. Қосымша кәсіби білім
берудің аталған стратегиялық бағыты мемлекеттік
кітапхана саясатының басты назарында болуы қажет.
Осыған саланың кадрлық потенциялын дамыту мен
сақтау және елдің
кітапхана ісін табысты реформалау
тікелей байланысты.
Қосымша кітапханалық білім
беру жүйесін қалыптастыруға жеткен біршама жетістіктерге қарамастан облыста
кейбір жалпы мәселелер бар:
1.
ОКЖ деңгейінде
кітапхана кадрларын оқытуды ұйымдастырушы-ларда персонлады
жетілдірудің лайықты бағдарламары әр уақытта бола бермейді. Қолдағы бар
жоспарлар мен бағдарламалардың басты кемшілігі сабақ
проблематикасы жүйесінің жоқтығы, оларды жоспарлауда
мониторинг-тің болмауы: дифференциялық
тұрғыдан оқытпау.
2.
Орталық
кітапханалар кәсіби оқытуды және
тұрғындарға кітапха-налық қызмет көрсетуді
ұйымдастырғанда өздерінің «әлсіз» жақтарын
білмейді. Сондықтан ұсынатын ақпарат нақты ОКЖ,
кітапханалар, кітап-ханашы тұтынымына әр
уақытта барабар емес.
3.
Оқыту формасы
мазмұныа әр уақытта сәйкес келмейді. Білімді облыстан
төмеңгі деңгейлерге тікелей беруді талап ететін
әдістемелер де бар, мысалы тренингтер, гранттық қызмет.
Корпоративті-инновациялық саясатты іске асыратын
қазіргі кітапхана инновациялық
процестерге барлық мәдениет мекемелері мен басқа сала-ларды жұмылыруға
бейімдейтін, аймаққа
сәйкес саясатты
қалыптастыруға
ықпал ететін ашық өркендеуші
жүйе болып табылады.
Қазіргі жағдайда
инновациялық саясатты кәсіби дамушы көтермелеу, жұмыс
стилі мен сипатының өзгеруі, әрі жаңа
байланыстарының орнатылуын дұрыс түсіну қажет.
Әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуде территория-лық билік органдарының бөлімдері мен
департаменттері кітапханалар әріптесі болуда, ал құрылтайшы
және кітапхана қатынасы «тапсырыс беруші – атқарушы»
тәртібіне құрылады.
Міне осылайша, үздіксіз
инновациялық қызмет кітапхана ісі дамуына стратегиялық
маңызға ие бола отырып аймақтық инновациялық
қызметін маңызды бөлігіне айналады. Кітапхана
инноватикасы оның шығармашылық және тікелей сипатына
орай субъектісі кітапхана маманы – кәсіби және жеке қасиетті
игерген адам болады.
Оңтүстік Қазақстан
облысында кітапханашылардың инновациялық шығармашылығын
дамыту мақсатында кітапханашыларды үздіксіз кәсіби тиімді
дамыту жүйесі құрылған. Оған оқытудың
интернативті формасы, инновациялық бағдарланған
кітапханаларға бару, қолданыстағы жаңалықты
пікірталастық және аналитикалық талдау кіреді.
Инновациялық даму жағдайында персонал ролі
өзгеруін ескере отырып кітапхана менеджменті принциптері өзгереді,
ішкі жазықтың байланыстар
нығайтады, олардың біріктілігі бірпікірлі
команданың қалыптасуымен, ұжымда оңтайлы өндірістік
және психологиялық көңіл-күй жасап, қолдау-мен
корпоративті мәдениет қалыптастырумен, әр
қызметкердің кәсіби өсуін көтермелеумен іске
асырылады.
Бес жыл бойы (2010-2015 ж.ж)
Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік кітапханалар басында
өткізілеген зерттеу нәтижелері көрсеткендей,
аймақтық кітапханалар торабы кәсіби инновациялық
қызметке жеткілікті жоғары деңгейде енген,
жаңашылдық тәжірбиесімен, тиімді инновациялық саясатпен
іске асырылған. Осының арқасында облыс кітапханалары
өзгермелі сыртқы ортаға табысты бейімделген,
өздерінің әлеуметтік мәртебесін көтерген, әлеуметтік және
экономикалық дивидендтер алауы, кітапханашыларда оңды еңбек
мотивациясы қалыптасуда. Қызметкерлерде
инновациялық қызметке тарту, инновацилық
шығармашылыққа мотивациялау пайдасы:
- персоналды
жаңашылдық шешімдерді қажет ететін және
инновациялық процестер барысы туралы мәселелер мәнін хабардар
ететін жүйені ендіру;
- инновациялық
процеске қатысу дәрежесіне орай материалды және
моральдық-психологиялық
көтермелеудің дифференциалды жүйесін қолдану, қызметтік өсуге ықпал ету, инновациялық қызметке
қатысушылардың кәсіби және жеке бас мәртебесін
көтеру;
- кітапхананың
ұйымдастыру мәдениетін жетілдіру, корпоративті мәдениетті
дамыту персоналдық әлеуметтік мұқтаждығын
қанағаттандыруға бағытталған.
- «қатысты менеджмент» элементтерін ендіру;
- үздіксіз кәсіби жетілдіру жүйесін қалыптастыру;
- инновацияға
қатысушыларымен бейресми байланыс аумағын кеңейту,
соның ішінде мақсаттар жалпылығы, коммуникативті ендіру
әдістемесі арқылы; қызметкерлердің ұйымға
қатыстылығы сезімін дамытуды қалыптастыруға
бағыттау;
- инновацияға
қатысушылар құрамын жаңалау және ротациялау;
-
кітапхананы басқаруды көп деңгейлі тік
құрылымы қарапайым өз деңгейлі көлденең
байланыстармен ауыстыру;
- ресурс пен қамтамасыз ететін
бөлімдер мен қызмет көрсету бөлімдерін оларды
соңғы инновациялық нәтижелерге бағдарлау
мақсатында интеграциялау;
- инновацияларды жобалау және
іске асыру бойынша уақытша шығармашылық топтар (команда)
құру;
- кітапханаладың
ақпараттық, рекреациялық және ағартушылық
қызмет көрсету рыногында бәсекелестігін арттыру
мақсатында маркетингтік зерттеулерді пайданану.
Кітапханалардағы
кәсіби инноватика өз алдына жеке қызметтің кешенді
түрі болып есептеліп, кітапхананың барлық жұмыс
учаскелеріне және сыртқы ортаға таратылады, мәдениет
мекемесінің ашық әлеуметтік жүйе ретінде
өркендеуіне ықпал етеді. Кітапхана жұмысының
инновациялық технологиясы, формалары мен әдістері жаңа
қызметтер көрсетуге жағдай жасайды, кітапхана
персоналының инновациялық басшылық жасау оның
кәсіби өсуіне ықпал етеді, инновациялық
менеджменттің бір бөлігі ретінде маркетингтік коммуникациясы
сыртқы ортамен орнықтыру кітапхананың әдебиеттік
мәртебесін көтереді.
Кітапхана
үшін инноватика нәтижесінің ең маңызды болып
саналатын әлеуметтік-мәдени институт және кәсіби коммуникация
орталығы мәртебесін алу және территориялық билік
және басқару органдарымен принципиалды жаңа қатынастар
орнату болып табылады. Сондай-ақ
саланың одан әрі дамуын тежейтін басқа мәселелерге
мыналар жатады: шығармашылық көшбасшылардың, жаңа
тұрпаттағы басқару кадрлары, артменеджерлердің
тапшылығы, кадрларды даярлау және қайта даярлау
мәселелері шешіледі.
Әдебиеттер:
1.
Акилина М.И. Инновационное развитие библиотек:
Концептуальный подход //Библиотековедение.–2004. - №2. - С.27-32.
2.
Бердіғалиева Р. Елорданың еңсесі
мәдениеттен биік//Егемен Қазақстан, 2005. - №207-208.–10
қыркүйек.
3.
Ванеев А.Н. Инновационная деятельность библиотек
//Методическое обеспечение библиотечной деятельности: Уч. пособие.–М., 2000. - С.66-100.
4.
Кузнецова Т.Я. Профессиональное развитие библиотечных кадров как объект
государственной политики //Науч. и техн. б-ки.–2006.– №6 .–С.32-39.
5.
Пригожин А. Управленческие нововведения //Управление
персоналом.–2000.–№1.–С.17-21.
6.
Рахимжанова С.Р. Подготовка библиотечно-библиографических кадров в
контексте новой системы образования //Кітапхана.–2004.–№4.–С.21-23.
7.
Чуприна Н.Т. Универсальная библиотека: инновационная деятельность в
профессиональной практике: Науч.-практ. пособие.–М.: Изд-во «Либе-рея»;
2004.–120 с.
8.
Чуприна Н.Т. Школа библиотечной инноватики как модель интеграции
библиотечных инноваций и непрерывного профессионального образования
//Библиотечное дело.–М., 2003.–С.141-142.