ОӘБ -339.187.
Маркетинг бөлімі
жұмысының тиімділігін
бағалау ақпараттық жүйесін құру
Зәуірбеков Н.С.,т.ғ.д, профессор.,
Умаргалиева А.А., оқытушы,
Мизяков.Т.А., Конкабаев.А., 4-курс студенті
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Қазіргі даму кезеңінің ажырағысыз белгісі
жаһандандыру және қоғамды ақпараттандыру болып
табылады. Қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандыру
ақпараттың және ақпараттық технологиялардың
мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық
дамуындағы рөлін түбірлі өзгертеді.
Қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму
деңгейі, оның әлемдік жүйеге интеграциясы
ақпараттық технологияларды пайдаланудың масштабы мен сапасына
және мамандардың кәсіпкерлік қызметіне тәуелді
[1].
Нарықтық
жағдайда мекеменің өмір сүргіштігінің және
тұрақтылығының кепілдігі қызметін оның
қаржылық тұрақтылығы атқарады, ол
ақша қаражаттарымен еркін маневрлеу, оларды тиімді қолдану
арқылы үздіксіз өндіріс және өнімді өткізу
процесін қамтамассыздандыратын қаржылық ресурстардың
жағдайын бейнелейді. Мекеменің қаржылық
тұрақтылығын бағалау үшін, объективті,
ғылыми негізделген және оптимальді басқарушылық,
өндірістік және әсіресе қаржылық шешімдерді
қабылдау үшін мекеменің қаржылық жағдайын
талдау қажет.
Қазіргі кезде барлық
мекемелер нарыққа өтуге, даму перспективаларын жасаумен,
шаруашылық жүргізудің түрлі формаларын қолдану
тиімділігін кешенді бағалаумен, жедел басқарушылық шешімдерді
жасаумен байланысты байланысты талдау жұмыстарының
ауқымының
кеңейтілуінде қажеттілік сезінуде. Осыған байланысты
ЭЕМ негізінде экономикалық талдауды автоматтандыру объективті
қажеттілік болуда. Ол шаруашылық қызметті басқару
процесіне сапалы ақпараттық қызмет көрсетудің
маңызының артуымен, қазіргі заманғы ЭЕМ-ң
техникалық мүмкіндіктерінің қарқынды дамуымен,
экономика дамуының қазіргі кезең ерекшеліктерімен шарттасады.
Әрине,
бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы
басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады.
Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері есептеу
техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері
және автоматтандырылған
ақпарат жүйелері болып жіктеледі [21].
Ақпараттық жүйе (АЖ) -
экономикалық объектіні басқаруға қажетті
ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу
және шығарып беру жүйесі [8, 21]. АЖ -
ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу
жүйесінен (АЕЖ) тұратын күрделі жүйе.
Ақпараттық жүйе жобасы деп - ақпараттық
жүйе тұрғызу мен жұмыс істету шешімдерін сипаттап
жазылған техникалық құжат, ал ақпаратты есептеу
жүйесі АЖ жобасын жұмыс
істетуге бағытталған ұйымдастыру техникалық кешен деп
түсінуге болады. АЕЖ мәліметтерді жинауды, өткізіп беруді,
өңдеуді, сақтауды, жинақтап толтыруды және
шығарып беруді АЖ
жобасындағы шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді.
Нарықтық экономиканың
функционалды құрылымының ақпарат жүйесіне
негізінен экономикадағы ақпарат жүйесі кіреді - бұл
экономика бағытындағы қызметкерлерді, техникалық
және программалық жабдықтарды, мәліметтерді
өңдеу амалдары мен әдістерді, сондай-ақ нақты бір
саладағы ақпараттық жүйені қосатын
жоғарғы деңгейде арнайы тұрғызылған
ақпарат жүйесі. Экономикадағы ақпарат
жүйелерінің кіріс құжаттарына ішкі және
сыртқы ақпарат жатса, ал шығыс құжаттарына
басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат
жатады.
Жұмыстың
мақсаты - сатып алушының қажеттілігін барынша зерттеу
мен өндірістің жоғарғы түсімділігін
қамтамасыз ету. Осы
мақсатқа сәйкес ішкі есеп
берудегі ақпараттың толық болуын қамтамасыз ету, сатып
алушы қажеттіліктерін зерттеуде қолданылатын әдістердің
және технологиялардың тиімділігін арттыру, ағымдағы
ақпараттың тиімділігін
және оның айқындылығын арттыру, маркетингтік
талдауда қолданылатын әдістердің және технологиялардың
тиімділігін арттыру, ұсынылатын мәліметтердің нақты
және дәл болуын қамтамасыз ету және т.б. есептер
шешіледі.
АЖ-ны
тұрғызудың жаңа бағытына автоматтандырылған
жобалау жатады. Автоматтандырылған жобалау жүйелерін қолдану, кейбір АЖ-да объектіні
басқарудың ақпараттық үлгісін құрастырумен
сүйемелдеуді ұсынады, сондықтан бұл әдіс
үлгілік жобалау деп те аталады. Бұл әдіс АЖ -ны
жобалаудың барлық сатыларында қолданылады, және
оның негізгі ерекшелігі әдістің өз
үлгісінің түрінің болуы, басқару
үлгілерінің өңделуі, әр сатыда қолданылуы,
жобалау құжаттарының құрастырылуы, еңбек
шығынының аздығы, сенімділігінің жоғары
деңгейлігі болып табылады. Ал кемшілігі программалық
жабдықтарының қымбаттылығы.
АЖ төмендегідей болып жіктеледі:
басқару объектісінің сипаты, басқару объектісінің
түрі, шешімдерді қабылдау кезеңдері мен байланыстың
үдетілуі, басқару деңгейі, орталықтану дәрежесі.
Қазіргі уақыттағы АЖ-ның барлық
түрлері ақпараттық – анықтама жүйелер секілді
жұмыс істейді, яғни ол нақты объектіні басқару шешімін
қабылдаумен әлсіз байланысқан.
Орталықтану
деңгейіне қарай, АЖ - орталықтандырылған және
орталықтандырылмаған деп бөлінеді. Сондай-ақ, АЖ-ны екі
негізгі топқа бөлген тиімдірек, олар: кез келген автоматтандырылған
басқарушы жүйелерге кіретін жүйелер және жеке
мақсаттық тағайындалу мен қолдану саласын иемденетін
жүйелер.
Маркетингтік
ақпарат мекемені басқарудың ақпараттық
жүйесінің бөлігі болып табылатын маркетингтегі
ақпараттық жүйенің шегінде жиналады, талданады
және таратылады.
Маркетингтегі
ақпараттық жүйе – бұл маркетингтік шешімдерді дайындау
және қабылдау үшін қажетті дәл және
нақты ақпаратты уақытында өңдеуге, талдауға
және таратуға арналған қызметкерлердің,
құралдардың, әдіс және тәсілдердің
жиынтығы [10].
Жұмыста басқару
объектісін талдау, жұмыстың мінез – құлқы
және басқару жүйесі көрсетілген. Олардың
иерархиясы анықталған, басқару жүйелері
элементтердің жұмыс жасау моделі өңделген, элементтерге өнімділіктің,
сенімділіктің, қайта құрудың, жұмысқа
қабілеттіліктің және құнның үйлесімді
талаптары негізделген. Экономикалық жүйеде есептер орны
анықталған, қамтамасыз етуші бөлімдердің
барлық талаптары қарастырылған, есеп кешенінің шешіміне
арналған лайықты бағдарламалық қамтамасыз ету
бөлінген. Ақпараттық
жүйедегі жүзеге асырылатын есептер кешені анықталған: ішкі
есеп беру, ағымдағы ақпаратты жинау, маркетингтік зерттеулер
жүргізу, маркетингтік ақпаратты талдау. ![]()
Қолданылған
әдебиеттер тізімі
1.
Қазақстан Республикасының Конституциясы
– Алматы,1995.
2.
Закон
РК. Об информатизации // Казахстанская правда. - 2003.- 14 мая
3.
«Қазақстан Республикасының
ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мемлекеттік
бағдарлымасы туралы» 14 наурыз 2000 жылдың №359
Қазақстан Республикасының Президентінің /Указ/.
4.
Вендров А.М. Проектирование программного обеспечения
экономических информационных систем. Учебник, М: Финансы и
статистика,2000-352б
5.
Е.Г.Неверова Ақпарат жүйелеріндегі
мәліметтер базасын құрудағы пробл емаларды зерттеу/
“Экономикадағы ақпарат жүйелері” мақалалар
жинағы. Алматы: Экономика.