АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА МАРКЕТИНГТІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ
ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Калдыгозова М.А, магистр
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті ,Тараз
қ.
Бүгінгі
таңдағы агроөнеркәсіп кешеніндегі
ақпарттық-маркетингтік қызметтердің жалпы жұмыс
істеу жүйесін талдай отырып агроөнеркәсіп субьектілері
және ақпараттық-кеңестік жүйе қатысушылары
арасында өзара іс-қимыл тетіктерінің жетілмегендігін, агроөнеркәсіп
кешені субьектілері үшін ақпараттық қамтамасыз ету,
кеңестік қызметтер көрсетудің жеткіліксіздігі, сонымен
қатар аграрлық секторға ақпараттық маркетингтік
және консалтингтік қызмет көрсететін компаниялар қызметтері тар бағытта,
ақпараттармен жеткілікті қамтамасыз етілмеген және
өңірлік желілерінің
жоқ екенін көреміз.
«Казагромаркетинг»
АҚ өңірлік бөлімшелірінің шалғайлығы
және ауылдық жерлерде ақпараттық технологияның
жеткіліксіз дамуы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің
«Казагромаркетинг» АҚ дер кезінде ақпарат алуын қиындатады.
Сол себептен тиімді жұмыс істейтін аграрлық нарықты
қалыптастыру процесінде агроөнеркәсіп кешенінің
мемлекеттік деңгейден бастап ауыл шаруашылық тауар
өндірушілеріне дейінгі барлық саласы мен деңгейін
қамтитын маркетинг жүйе шешуші буынға айналуға тиіс.
Маркетингтік қызметке деген қажеттілік келесі іс-шараларды
атқаруда айқын көрінеді:
- ауыл шаруашылық
өнімдерін өткізуге бағытталған күш-жігерді
біріктіру;
- ауыл шаруашылық
өнімдерінің тауар қозғалысының тиімді
нарықтық жүйесін құру;
- халықтың
азық-түлік өнімдеріне, ал қайта өңдеуші
кәсіпорындардың шикізатқа деген қажеттіліктерін
қанағаттандыру;
- ауыл шаруашылық тауар
өндірушілеріне маркетинг саласы бойынша білікті кеңес беру
арқылы көмектесу.
Дегенмен,
агроөнеркәсіп кешенінің әртүрлі буындары
арасындағы өзара байланыстарды назарға алатын және
өндірістік бөлімге ең жақын орналасқан басты буын
аудандық буын болып табылады. Агроөнеркәсіп кешені
субьектілерінің ақпараттық-маркетингтік қызметке қол жетімділікті кеңейту
және агроөнеркәсіп кешені субьектілерінің
ақпараттық деңгейін көтеру жолымен агробизнестің
қызмет ету тиімділігін қамтамасыз ету үшін аудандық
ақпарттық-маркетингтік орталықтардың қызметін
ұйымдастыруды жетілдіру қажет.
Аудандағы маркетингтік
қызметті әртүрлі формада ұйымдастыруға болады.
Автор ауыл шаруашылығына бағдарлы ауданда өнім өндіру,
өңдеу және өткізудің үйлесімді
жүйесін қалыптастыруға, сондай-ақ, аталмыш
ауданға табиғи-климаттық шарттарды, өндіріс және
еңбек ресурстарын, аграрлық нарықтағы
коммерциялық белсенділікті ескере отырып, өзінің мамандану саласын айқындап алуына
мүмкіндік беретін аудандық маркетинг жүйесінің
үлгісін ұсынып отыр .
Осыған байланысты
аудандық маркетингтік орталықтың негізгі міндеттеріне мыналар
кіреді:
- азық-түлік
өнімдері нарығында маркетингтік зерттеулер жүргізу және
өнімдердің өткізілуін ақпараттық-жарнамалық
қамтамасыз ету;
- ауыл шаруашылығы
өндірісі құрылымын және өнімдердің
тауарлық ассортиментін оптимизациялау;
- өзара есеп айырысу
механизмін және тауар қозғалысы жүйесін жетілдіру;
- ауданда ауыл шаруашылығы
өнімдері өндірісі
және сатылу көлемі, бағасы және т.б. туралы
ақпараттарды жинау және талдау.
Қазіргі нарықтық
экономикалық жағдайда қызмет етуші кез-келген отандық
агроөнеркәсіптік кәсіпорындар өз бетінше тек ішкі
ұйымдастыру сұрақтарын ғана емес, сонымен бірге
сыртқы ортамен барлық байланыс жолдарын шешу қажет.
Көптеген кәсіпорын басшылары «қалай болса да
дағдарыстан аман қалу» міндетін негізгі стратегиялық
мақсаттардың бірі ретінде ұстанады. Оларды бұлай
әрекет етуге, бірінші кезекте, өнім өткізуге қатысты
проблемалардың барлығы итермелейді.
Өнім өткізу
саласындағы қиыншылықтардың әртүрлі себептердің
салдарынан туындау мүмкіндігіне қарамастан, бірінші кезеңде,
әсіресе, кеңестік дәуірден қалған
кәсіпорындар үшін таныс басшының немесе мамандардың
кеңесіне, я болмаса баспасөз материалдарына не өзге дерек-
көздерге сүйене отырып, маркетинг жүйесін өнім
өткізу функцияларын атқаратын маркетинг бөлімі немесе
маркетинг топтары түрінде қолданысқа ендіру едәуір
ұтымды тәсіл болып табылады. Өйткені, өнім өткізу
компанияның негізгі проблемасы саналатындықтан, жаңа
құрылатын бөлімнің де негізгі функциясы осы проблеманы
шешуге бағытталу тиіс. Кейде өнім өткізу функциясына сараптау
функциясы да қосылады. Себебі, сараптамалық анықтамаларда
көрсетілген маркетингтік мәліметтермен не істеу керектігін
және қандай шешімдер қабылданып, қандай ретпен орындалу
керектігін ешкім толық білмейді. Оның үстіне, көбіне
маркетинг бөліміне өнім өтімін арттыру жауапкершілігі
жүктеле тұра, оған маркетингтік шешімдерді қабылдау
және орындау құқығы берілмейді. Нәтижеде
кәсіпорын басшыларының басын ауыртатын біршама
қиыншылықтар туындап, олар маркетинг бөлімін не таратып
жіберуге, не басқа бөлімшенің құрамына
қосуға мәжбүр болады. Өнім өткізу
проблемасының шешімі тығырыққа келіп тірелсе, одан
әрі не істеу керек деген тағы бір мәселе өрбиді [67,68,69].
Бүгінгі таңда
көптеген басшылардың алдында маркетинг бөлімін қалай
ендіру, ендіруден қандай нәтижелер шығады және
оның реті қандай болу керек деген сұрақтар мазалайды.
Осы сұрақтарға жауап беру үшін кейде компания
менеджерлері кеңесшілерге жүгінуге тура келеді. Ауызша берілетін
кеңестер көбіне жеткіліксіз болатындықтан,
қойылған сұрақтарға жауап беруге арналған
әрі жан-жақты мәліметтер мен осындай проблемаларды іс
жүзінде шешу мысалдарын қамтитын әдістемелік нұсқауларды
пайдаланған жөн. Төменде өнім өткізу
қызметін қайта ұйымдастыру арқылы маркетинг
жүйесін ендіруге арналған әдістемелік материалдар
ұсынылады.
Әр шаруашылықта
маркетинг қызметін ұйымдастыру нысаны әртүрлі болуы
мүмкін. Зерттеулер нәтижесінде облыстағы
агроөнеркәсіптік кәсіпорындардың негізінен аз
көлемдегі және тар ассортиментті өнім түрін
өндірумен айналысатындығы байқалды. Сол себептен де маркетинг
бөлімін ұйымдастыру немесе
маркетолог қызметін ендіру рационалды емес. Жалпы әдістемелік,
ұйымдастырушылық және тәжірибелік жағынан
матрицалық түрде құрылған ұйымдық
құрылымды ұйымдастыру қолайлы да ыңғайлы
болады. Мұндай құрылымды қалыптастыруды екі түрлі
бағыттағы критерийге негізделген, яғни өнім түрі бойынша және
маркетинг функциясы бойынша ұйымдастыру тиімді болып табылады. Бұл
жағдайда маркетингтік қызметпен ауыл шарушылығы өндірісінен
арнайы білімге ие шаруашылықтың бас мамандары айналысады. Бұл
өз кезегінде кәсіпорынның кадрларын және олардың
іскерлігін икемді пайдалануға мүмкіндік береді.