АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
ӨНДІРІСІНІҢ ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ РӨЛІ
Калдыгозова М.А. э.ғ.м.,
аға оқытушы
Кокумбаева Б.А.
э.ғ.м.
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ,
Тараз қ., Қазақстан
Нарықтық
қатынастар жағдайында ауыл шаруашылығын мемлекеттік
реттеудің басты міндеттеріне агралық сектордың өсуін
қалыптастыруды және оның заңдылықты түрде
орын алуын қамтамасыз ету болып табылады.
Ауыл шаруашылығын мемлекеттік
реттеудің жүзеге асырылуы
тікелей өндірістік даму деңгейіне байланысты. Біздің
көзқарасымызда олардың бірнешеін атап көрсетуге болады.
Бастапқы деңгейге жеке шаруашылық бірлік деңгейін, мысалы,
фермерлік шаруашылықтарды, әртүрлі деңгейдегі
ассосацияларды, жеке кәсіпорындар мен мемлекеттік шаруашылықтарды
атауға болады. Бұл деңгейге экономикалық және
шаруашылық субъектлердің басқару құрылымымен
біріктірілген, иерархиялық тип бойынша жүзеге асырылатын
байланыстардың бастапқы кезеңдері сәйкес келеді. Ал ірі
көлемдегі бірақ аз санды жұмысшылары бар шаруашылық
субъектлерінде (мысалы, фермерлік шаруашылықта) іс-әрекеттің
бөлістірілуі жасанды формалы түрде жеке адамның
беделінің негізінде
және өзара келісім
негізінде жүзеге асырылады. Қызмет түрлері әр
салалы және
жұмысшыларының саны көп ірі шаруашылық субектлерінде
басқару жүйесі формалды түрде орын алып, нақты
құрылымдары анық болады.
Ауыл шаруашылығын басқару
заңдылығы әр елде өзінің ерекшелігіне
сәйкес қалыптасады. Оның негізгілеріне аграрлық
сектордағы барлық шаруашылық субъектлер үшін салыстырмалы түрде тең мүмкіндіктерді
қалыптастыру, монополиялық өндіріске шектеу қою мен
бәсекелестікті дамыту жатады.
Ел экономикасының негізгі
салаларының бірі болып табылатын ауыл шаруашылығының
жағдайына көңіл бөлу соңғы кезде республика
деңгейінде қолға алына бастады. Ауыл шаруашылығы саласында
соңғы жылдарда республикалық және аймақ
негізінде оң өзгерістер қалыптасқанымен әлі
күнге дейін шешуі табылмай отырған мәселелер жетерлік. Ауыл
шарашылығында қалыптасып отырған негізгі мәселелерге
келесілерді жатқызуға болады. Ауыл шаруашылығында ауыз су
және мәселесінің орын алуы. Бұл мәселе жыл сайын
суғармалы егіншілік жүйесімен айналысатын және су тасымалдау
көздері қалыптаспаған елді мекендерде әлі күнге
дейін қалыптасып отыр.Ауыл тұрғындары ауыз суды сапасын,
гигиеналық сараптау мен тазалаудан өтпеген түрде табиғи
түрде пайдаланса, кейбір елді мекендердің
тұрғындары ауыз су тапшы
болғандықтан, елді
мекендерде ашық көлшіктердің суын пайдаланып отыр.
Қалыптасып отырған жағдай жыл сайын республика бойынша ауыл
тұрғындарының 4/1-ң
іш құрылысы, асқазан және бүйрекке тас
жиналу ауыруларына ұшырауына әкеліп соқса, ауылдық жас
балалардың (1-3 жасқа дейінгі) 4%-ның іш құрылысы
жүйесінің бұзылу ауруына ұшыраса, олардың 1,7%-ы
ауруының өтіп кеткендігінен қайтыс болады.
Ал суды суғармалы егістікке пайдалануда
ауыл шаруашылығы диқандары жыл сайын зардап шегеді.
Суды жеткізіп беру жөнінде көрсетілетін
қызметтердің құны қымбат болғандықтан
республиканың Оңтүстік облыстардағы
шаруашылықтарда жыл сайын кемінде 400 млн тг көлемінде
кредиторлық берешек
қалыптасады. Бұл жағдай ауыл шаруашылығында су
пайдаланушы субъектілер қызметінің залалды болуына себепші болады.
Сонымен қатар, жер суландыру құрылыстарының әбден
тозығы жетуінің салдарынан
республика бойынша жер суландыру жүйелерінің пайдалы жер
коэффиценті нормативтік көрсеткіштен 2 есе төмен.
Өсімдік
шаруашылығында қалыптасқан мәселелер:
тұқымдық материалдар сапасының төмендеуі; егіс
айналымының жүйесінің бұзылуы; егін
шаруашылығында зиянкестердің қарқынды түрде
көбеюі мен олармен күрес
жұмыстарының баяулығы; егіншілік мәдениетінің
төмендігі, минералдық тыңайтқыштарды енгізудің
жеткіліксіздігі, сапасыз тұқымдарды пайдалану
дәнді-дақылдар түсімділігінің ықтимал
мүмкіндігін 1,5 -2 есе төмендетіп, өндірілетін
астықтың сапасын кемітуге әкеп соқтырады.
Қазіргі кезде астық
өндірісіндегі негізгі проблемалар:
-
астық саласының техникамен орташа қамтамасыз етілуі,
техникалық дайындық коэффициентін қоса есептегенде 55%-тен
аспайды;
-
астық өңдеу мен сақтаудың материалдық
техникалық базасының жай күйі нашар;
-
астық сату арналарының жеткіліксіз дамуы;
-
астық өндірісін кеңейту үшін ауыл шаруашылық
тауар өндірушілерінде айналым қаражатын аздығы және
несие ресурстарына қол жеткізудің төмендігі;
-
ауыл шаруашылығы өндірісін сақтандыру
жүйесінің жоқтығы және т.б.
-
Мал шаруашылылығы бойынша өзекті мәселелерге келесілер
жатады:
-
мал басының санының төмендігі;
-
ет және сүт өндіру сапасының төмендігі;
-
жүн және тері өнімдерін өңдейтін
кәсіпорындар жоқтың қасында;
-
жүн және тері өнімдерінің арзан бағамен
экспортқа шығарылуы;
-
мал шаруашылығы бойынша мал дәрігерлерінің
жетіспейтіндігі;
-
ветеринария қызметінің жүзеге асырылуының
дұрыс жүргізілмеуі;
-
малға салынатын дәрілердің қымбаттылығы;
Мал шаруашылығында малды
асылдандыру қызметін жүзеге асырудың баяу жүргізілуі
және асылдандыру ісінің жеке
шаруашылық субъектілері үшін өте қаржыны көп
таларп ететін болғандықтан өте қиын болып есептеледі.
Ауыл шаруашылығында механикаландыру мәселесінің
орын алуы яғни ауыл
шаруашылығына қажетті техника құралдары мен құрал
жабдықтардың жетіспеушілігі және ауыл шаруашылығында
тозығы жеткен техниканың пайдаланылуы. Атап айтатын болсақ,
бүгінгі таңда 2003 жылға дейінгі шығарылған
қолда бар техниканың ішінде тракторлардың 84 пайызы,
астық жинайтын комбайндардың 89 пайызы, жүк
автокөліктерінің 93 пайызы пайдалануға жарамсыз, есептен шығарылған
жағдайда. Жақсы
дамыған маманданған жөндеу базалары тарап кетті, ал
оның қалған аз бөлігінің толығымен сапалы
техникалық көмек көрсетуге
мүмкіндігі жоқ.
Ауыл шаруашылығында шағын
және орта бизнестің даму мәселесі.
Бүгін таңда ауыл
шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын шаруашылық
субъектілерінің саны өткен жылдармен салыстырмалы түрде
көбейгенімен, әлі күнге дейін бұл аяда негізгі
мәселелер қалыптасып отыр: қаржы көздерінің
жетіспеушілігі, банктік несие қызметінің жоғарғы
пайыздығы, өнімді өткізу арналарының дамымауы, геін егу
мен егін ору науқандарында жанар-жағар май бағасының
күрт өсуі диқандарды көп шығынға
ұшыратады және т. б. мәселелер.
Келтірілген мәселелер ауыл
шаруашылығы өнім өндірісін дамытуға кері
әсер ететін негізгі
мәселелерге жатады. Бұл мәселелер өздігімен шешілетін
мәселелер болмағандықтан мемлекеттің басқаруынсыз
шешуін табу мүмкін емес.
Ауыл
шаруашылығының өнім
өндірісін дамыту бағытында аталған мәселелерді шешуде
мемлекет тарапыныан жүзеге асырылатын және жүзеге асырылып
отырған шараларға келесілер жатады:
Ауыз су және
суғармалы суды пайдалану аясында мәселерді шешуде:
- су
пайдаланушылар бірлестіктерінің ұйымдастырылуы және
олардың жұмыс істеуі
жөніндегі нормаларды ескере отырып ҚР Су кодексінің
жаңа редакциясын әзірлеу ;
- суды жеткізіп беру жөнінде
көрсетілетін қызметтердің жабылмайтын
шығындарының айрмашылғын республикалық бюджеттен
дотация беру арқылы жүзеге асыру және ал ауылдағы ауыз суды
қолданушылардың сапалы суды пайдалану мақсатында арнайы
шараларды ұйымдастыруды жетілдіру қажет.
Ауыл
шаруашылығында шағын және орта бизнестің дамуын
жетілдіру мәселесі. Ауыл шаруашылығы өнімдерін
өндіретін шағын және орта бизнес кәсіпорындарының
қызметін дамыту мақсатында мемлекет тарапынан арнайы
қабылданған “Азық- түлік ” бағдарламасының
жүзеге асырылу негізінде мемлекет пен екінші деңгейлі банктер
арқылы келісім негізінде ауыл шаруашылығы өнімдерін
өндіретін кәсіпорындарға жеңілдетілген түрде
несиелеу жүйесі ұйымдастырылды. Бүгінгі уақытта
бұл несие жүйесінің қызметін республика бойынша 134 ауыл шаруашылығы өнімдерін
өңдейтін кәсіпорындар пайдалануда. Аталып өткен
мемлекеттік қолдаулар ауыл шаруашылығын
толығыменжақсарта қойған жоқ. Ауыл
шаруашылығының өнім өндірісінде әлі күнге
дейін мемлекеттік басқару жүйесін дамытуды қажет ететін
бағыттары жетерлік. Ауыл шаруашылығында менеджменттің
тиімді, дұрыс ұйымдасырылуының басты бағыты -
дұрыс даму стратегиясын таңдап алу.