Естаев Қ.А., а/ш.ғ.к., Жаканов М.А., Асканбек А.А., магистр

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

Тараз қ., Қазақстан Республикасы

            АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРІСІН ЖҮРГІЗУДІҢ АҒЫМДАҒЫ ТӘСІЛДЕРІ

 

Ақдала массиві Іле-Балқаш алабында орналасқан. Іле-Балқаш алабының аймағы 11672,86 мың га аумақты немесе Алматы облысының 52%-н алып жатыр. Қарастырылып отырған аумақтың жалпы ауданында ауыл шаруашылығы жерлері – 69,2%, оның ішінде егістік – 5,3%, шабындықтар – 1,9%, жайылымдар – 61,2% құрайды. Ауыл шаруашылығы жерлерінің тұрақты суғарылатын ауданы 5%-н төмен. Суармалы жерлердің оннан бір бөлігі пайдаланылмайды және құр бос жатыр. Бұл жерлерді қалпына келтіру ауыл шаруашылығы дақылдарының суармалы егістіктерінің ауданын көтеруге қор болып табылады [1-4].

                Ақдала массиві орналасқан Алматы облысында суармалы егіншілік климатының құрғақтығынан айтарлықтай даму қарқынын алды. Ауа-райына қарамастан суармалы жерлер ауыл шаруашылығы дақылдарының тұрақты өнімдерін алуға мүмкіндік береді.

                2009 жылдың 1 қарашасындағы деректер бойынша облыста 573 мың га суармалы жер бар, немесе еліміздің бүкіл суармалы жерінің 27,5%. Оның ішінде 400 мың га Іле-Балқаш алабында орналасқан. Кеңестік кезеңмен салыстырғанда, суармалы жерлердің ауданы 88 мың га-ға қысқарған.

Республикада суармалы жерлердің қысқаруының негізгі себебі ретінде келесі факторларды айтып өтуге болады:

- ауыл шаруашылығы мекемелерінің жеке меншіккке өтуі және ірілендірілуі және осылардың базасында көптеген ауданы шағын шаруа және фермерлік шаруашылықтардың құрылуы. Іс жүзінде бұрын соғылған барлық дерлік шаруашылық ішілік жүйелер өздерінің мәртебесін өзгертті және шаруашылықаралық каналдардың рольдерін атқара бастады, сонысымен олар бақылаусыз қалды, жөнделмеді, сөйтіп нашар техникалық күйге жетті, ал кейбіреулері істен шығып қалды. Нәтижесінде егіншіліктің жеке учаскелері суару көздерімен байланысын жоғалтты. Өз кезегінде, тұтынушы өз қолымен қарапайым суалу құрылымдарын, су шығарғыштарды орнатуына тура келді, ол алынатын судың тиімділігі төмендеуіне себепші болса, бір жағынан суды тұтынушылар арасында дұрыс және жүйелі түрде су үлестіруге мүмкіндік бермеді; 

- ирригациялық жүйенің өте қатты тозуы және және соның нәтижесінде істен шығуы, суландыру жүйесіндегі металл бұйымдарды бұзу (жапқыштар, су көтергіштер, құбырлар), суару техникасы қызметінің мерзімінің шығуы, сорғы-су көтеру жабыдқтарының тозуы және суды пайдаланушыларда қаржының тапшылығынан оларды ауыстыруға ақшасының жетпеуі;

- суды есепке алу және байланыс құралдарымен нашар жабдықталуы, суды үлестіру процесін автоматты басқарудың жоқтығы.

                2009 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда жерлерді қалпына келтіру есебінен суармалы жерлердің ауданы 800 га ұлғайды. Жоғарыда аталған себептердің барлығы суармалы жерлерді пайдалануға едеуір себебін тигізеді. Мысалы, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі су ресурстары Комитеті деректері бойынша, 2008 жылы облыста шамамен суармалы жерлердің 17% пайдаланылмаған, оның ішінде себептері: тұздану, суға көмілу, батпақтану – 44,8, суару және кәріз жүйелерінің ақаулығы – 28,4 мың га [4].

                Ауыл шаруашылығы дақылдарын суару және суармай өсіру. Іле-Балқаш алабының едеуір аумағында егіншілік негізгі сала болып табылады және ауыл шаруашылығы өндірісінің 41,2 пайызын құрайды. Саланың негізгі міндеті Іле өзені алабының халқын азық-түлік өнімдерімен, өнеркәсіпті шикізатпен, мал шаруашылығын дамыту үшін қажетті мөлшерде мал азығы өндірісін қамтамасыз етуді қанағаттандыру болып табылады.

                Төменде 1-кестеде ауыл шаруашылығы дақылдарының ауданы мен олардың Іле өзені алабындағы құрылымы көрсетілген. Деректерден көріп отырғанымыздай, 2009 жылы күріш, дәндік жүгері, қант қызылшасы түгел дерлік суармалы жерлерде өсірілген, және де бидайдың 20%, техникалық дақылдардың 85%, картоптың, көкөністің, бақша мен мал азықтық дақылдардың 93% суармалы жерлерде өсірілген.

 

Кесте 2. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік ауданы және олардың Іле өзені алабындағы құрылымы (мың га)

р/с

Дақыл түрі

Бүкіл ауданда

Суармалы ауданда

1990

%

2009

%

1990

%

2009

%

1

Дәнділер

471,77

54,3

200,9

51,3

138,27

34,8

107,8

42,3

 

бидай

133,58

15,4

83,7

21,4

46,34

11,7

40,0

15,7

 

дәндік жүгері

76,58

8,8

36,5

9,3

76,58

19,2

36,5

14,3

 

күріш

15,35

1,8

9,6

2,4

15,35

3,9

9,6

3,8

2

Техникалық

21,44

2,5

29,5

7,5

12,15

3,1

25,0

9,8

 

қант қызылшасы

3,69

0,4

1,3

0,3

3,69

0,9

1,3

0,5

3

Картоп, көкөніс, бақша

29,14

3,4

40,7

10,4

29,14

7,3

38,0

14,9

4

Мал азықтық

345,15

39,8

121,0

30,9

217,55

54,8

88,0

34,5

 

Барлығы

867,5

100,0

392,1

100,0

397,11

100,0

254,7

100,0

               

Кестеден көріп отырғанымыздай, ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік аудандары 2009 жылы, 1990 жылмен салыстырғанда 2,2 есе қысқарған, ал суармалы жерлерде – 1,6 есе, оның ішінде күріш те 1,6 есе қысқарған. Тек екі дақылдар тобы бойынша – техникалық, картоп, көкөніс, бақша – егістік аудандары 38 пайызға ұлғайған.

                Қазіргі уақытта Ақдала массивінде 31,0 мың га жер игерілген, оның ішінде Тасмұрын жүйесінде – 16,2 мың га, бақанас жүйесінде – 14,8 мың га. Тасмұрын жүйесіне суды тарту, Іле өзеніне бөгетсіз өзіндік ағатын 107 м3/с өтімге арналған бас реттегішпен іске асырылады. Тасмұрын жүесіне су екі магистрал канал бойынша беріледі: ұзындығы 20 км, өтімі 70 м3/с тасмұрын МК және ұзындығы 21,5 км өтімі 50 м3/с Ақдала МК. Ұзындығы 734,7 км шаруашылықішілік желі өте нашар жағдайда. Каналдарды қамыс басып кеткен, құрылымдар жөндеу көрмеген. Жүйе дұрыс жұмыс істеу үшін шаруашылықішілік жүйені ақырындап қайта жөндеуден өткізу керек.

                Жалпы, Ақдала массиві бойынша шаруашылықаралық каналдардың ұзындығы 99,8 км. Шаруашылықаралық коллекторлардың жалпы ұзындығы 182,3 км, оның ішінде бас коллектордікі – 114,7 км. Массивтегі шаруашылықішілік коллектор-кәріз жүйесінің ұзындығы 1349,4 км. Бүкіл коллектор-кәріз желісі лай басқан, қамыспен өсіп кеткен, сондықтан оны жөндеу, тазалау және жаңа құрылымдар орнату қарастырылады.

Қарастырылып отырған алап Іле өзенінің әсер ету аймағында орналасқан, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі төмендеуіне алып келетін құрғақшылық және ыстық желдерге ұрынған. Соған қарамастан, бұл аумақ ауыл шаруашылығы дақылдары өнімдерінің, оның ішінде бірінші кезекте, күріштің, қант қызылшасының, көкөністік, ет және жүн өнімдерін ұлғайту үшін белгілі әлеуметтік мүмкіншіліктері бар.

Бұл аумақта ауыл шаруашылығы өндірісінің басты саласы – мал шаруашылығы, ол жалпы шығарылатын өнімнің 58,8% құрайды.

Сондықтан, суармалы егіншілік тұрғысынан, мал азықтық өндіріс үшін кеңінен болашақ ашылып тұр, ол қандайда-бір дәрежеде күріш шаруашылығын алмастыруы мүмкін. Бірақ мұндай қорытынды жасау үшін жан-жақты экономикалық, әлеуметтік және экологиялық негіздемелер қажет.

Егіншілік өнімдерінің өндірісін ұлғайтуда шешуші фактор ретінде ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін көтеру және суармалы жерлерді мүмкіндігінше тиімді пайдалану болып табылады. Қазіргі уақытта пайдаланылатын суармалы жерлердің ауданы егістіктің – 41,8%-н алып, бүкіл егіншілік өнімінің 70,71%-н береді.

Суармалы жерлердегі ауыл шаруашылығы өндірісі қазіргі күйіне талдау, өнімділіктің бұл жерде төмен екенін көрсетіп отыр.

Бұл жерде ұйымдастыру-шаруашылық себептерімен қатар, суармалы жерлердің төмен өнім беруінің тағы бір себебі, су ресурстарын дұрыс пайдаланбау, төмен сумен қамтамасыздық, дұрыс суармау, суаруды пайдалану мен ұйымдастырудың төмен деңгейі, және де суару жүйелері мен құрылымдардың жетілдірілмегені, қорыта айтқанда, пайдалы әсер коэффициентінің төмендігі.

Суару жерлерінен өнімді көтеру үшін агротехникалық және ұйымдастыру-шаруашылық шаралары кешенін толық игеру, істеп тұрған суар жүйелерінің кешенді реконструкциясын өткізу және құрылымдық ұйымдарды қайта құру және т.б.

Жалпы талдау, алап аумағында оң тенденциялардың пайда болғанын көрсетеді. Бірақ, сонда да аграрлық секторда жағдай әлі де жақсы емес. Іле өзені алабы аграрлық секторы сипатты негізгі мәселелер:

- ауыл шаруашылығының климаттық факторларға өте қатты тәуелді болуының өсуі;

- ауыл шаруашылығы дақылдары мен малды өсіруде жергіліктің табиғи-климаттық әлеуетін тиімсіз пайдалану;

- егістік пен суару суын дұрыс пайдаланбау;

- ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге қауқары жоқ, шағын агробірлестіктердің тым көп болуы;

- мал шаруашылығы өндірісінде халықтың жеке шаруалығындағы жоғары үлесі.

Қазіргі уақыттағы су проблемасының өзектілігі күннен күнге өсіп отырған шақта, әрбір су мөлшерін дұрыс пайдалану, егістік алқаптарының ауыспалы егісін ғылыми тұрғыда үнемді де, пішінін нақты орналастыру – кезек күттірмейтін мәселелердің бірі болып табылады.

 

 

Әдебиет

         1. Проблемы гидроэкологической устойчивости в бассейне озера Балхаш. Под редакцией А.Б.Самаковой. – Алматы.: Каганат, 2003. - 584 б.

2. Канаева Р. Или-Балхашский бассейн: проблемы и перспективы устойчивого развития. ЭКВАТЭК –2004, часть 1

3. Беркалиев З.Т., Жолдасов С.Қ. Іле өзені алабының су шаруашылық пайдаланылуының гидрологиялық негіздері. – Алматы.: Эверо, 2013. – 103б.

            4. Жолдасов С.Қ., Естаев Қ.А., Сүлейманов О. ІЛЕ-БАЛҚАШ алабының Ақдала массивінде ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруді су ресурстары негізінде болжау. «ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ – 2015» конференциясы материалдары. – Тараз.: Тараз университеті, 13.03.2015.