ОӘБ 621.39
Мекеменің компьютерлік
желісін жобалау және құру
Зәуірбеков Н.С.,т.ғ.д, профессор., Умаргалиева А.А.,
оқытушы,
Ерденбеков С.Е.,Айнабеков Т., 4-курс студенті
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Компьютерлік техниканы оны кеңседегі шағын локальді желіден
Internet типтес глобальді желіге, әртүрлі
ақпараттық-есептеу желілеріне біріктіргенде ғана тиімді
пайдалана аламыз. Компьютерді желіге біріктіру мәселесі бірнеше
себептерге сүйенеді, мәселен ақпараттық хатты
оперативті жіберу міндеттігі, пайдаланушылар арасындағы
ақпараттың үлкен көлемімен жылдам алмасу
мүмкіндігі, нақты уақыт режиміндегі дауыстық және
бейнедыбыстарды тасуды ұйымдастыру, мәліметтер базасына оперативті
кіру, әртүрлі бағдарламалық қамтамасыз етіліп
жұмыс жасайтын компьютерлер арасындағы ақпарат алмасу, т.б.
Қазіргі заманғы компьютерлік желілердің потенциалды
мүмкіндіктерін тәжірибеде пайдалану өте күрделі
мәселе болып табылады. Бұл бағыт
ғылыми-техникалық қызметте жылдам дамып келе жатқанын
ескеріп қойылған мәселені кешендік тұрғыдан
қарастыру оптималды материалдық шығындар кезінде
желінің жабдықталуын ескеру шарт.
Корпоративті желі – корпорация жүйесінде қолданылатын
әртүрлі қосымшалар арасындағы ақпаратты
тасымалдауды қамтамасыз ететін жүйе.
Мәліметтерді тасымалдаудың корпоративті желісі
қалааралық коммутирлейтін сызықтар бойынша бас кеңсеге
ылғи жіберілетін ақпаратты жинау және өңдеумен
қамтамасыз ететін филиалдық таралған желісі бар компания
үшін ең қажетті нәрсе. Компанияның барлық
қызметкерлері телефон байланысын компания ішінде өз араларында
және ұйымдар өкілдерімен пайдаланады. Корпоративті
желіні іске қосу
компаниясының филиалдар арасындағы телефон байланысына кететін
шығынды төмендетуге мүмкіндік береді.
Корпоративтік желі
үшін, функциональді кәсіпорындарды қамтамасыз ету негізгі
тапсырма болып табылады.
Корпоративтік желі қолданушысы осы
мекеменің жұмысшысы бола алады. Желілер операторлар байланысына
қарағанда корпоративтік желі
басқа организацияларға және қолданушыларға
қызмет көрсетпейді.
Кәсіпорынның көптігіне байланысты
және қиындығына және көптігіне байланысты
бөлім желісі, желі кампусы және корпаративті желі болып
бөлінеді, және олардың бір бірінен айырмашылығы бар.
Бұл сұрақты келесі түрде
нақтылауға болады:
·
Қандай кезде кәсіпорындарда
есептеу желісі арқылы дербес компьютерді және
көпмашиналық жүйені қолданды?
·
Есептеу желісі қандай жаңа
мүмкіншіліктер береді?
·
Кәсіпорындарға әрқашан
желі керек пе?
Егер компьютерлік
желімен жұмыс істеу кәсіпорындардың
қаржылық тұрғыдан көтерілуіне, мысалы,
табыстың көтерілуіне мүмкіндік берсе мекеменің желісі
қажет. Шыныменде, кәсіпорындарды компьютеризациялау өндіріс
шығынын азайты, жаңа модельдерді шығару уақыты азайды
немесе тұтынушыға қызмет көрсету уақыты
жылдамдады, бұл осы кәсіпорынға желі керек
болғандығын дәлелдейді.
Таратылған
жүйенің тағы бір мүмкіншілігі – бұл олардың
жоғарғы дәрежеде бастартпаушылығы.
Бастартпаушылық өзінің функциясын орындайды, мысалы, жеке
элемент бас тартса, аппаратуралар және толық ақпаратқа
рұқсат жоқтық.
Территориялық таратылған есептеу жүйесі
көбінесе таратылған кейбір жаттығуға сәйкес
келеді, технологиялақ процестің автоматизациясы, банк
қызметтері және т.б. Осы жағдайлардың бәрінде
кейбір территориялық бөлімдерде ақпарат тұтынушысы –
қызметші, мекеме немесе технология орнатушы болады. Бұл қызметкерлер жеке мңндеттерді
шешеді, сондықтан оларға
өзінің есептеу қажеттілігін ұсыну керек, кейбір олармен
көрсетілген есептер арасында қысқа байланыс болады,
олардың есептеу қызметі бір аймаққа жиналу керек.
Бұндай кезде есептеу желісін қолдану жоғарғы шешілім
болып табылады.
Желіні қолдану қызметкерлер арасында
коммуникацияны жоғарылатуға әкеледі. Желі басқа
формадағы ақпаратты жіберуді төмендетеді, телефон және
жай почта сияқты. Жаңа технологиялар кең көлемде
таратылған, ол желі каналы бойынша құжаттарды ғана
бермейді, сонымен қатар дауысты және видиоақпаратты алады. Корпоративтік желі
құжаттар мен мультимедиялық ақпаратты көшіреді,
мекемеде аудио және видиоконференцияны қолдана алады, осының
арқасында өзінің ішкі телефондық желісін
құрай алады.
1. Интегральді басымшылық – кәсіпорын жұмысының
нақтылығы.
2. Параллельді есептеу мүмкіншілігі, осының арқасында
өнімділік артуы.
3. Көптеген есептердің таратылған сиаптына
ұқсастығы.
4. Бірлесіп қолданатын ақпарат және
құрылғы.
5. Бүкіл жүйе бойынша жұмыстарды тарату.
6.
Үлкен көлемді
ақпаратқа рұқсат.
7.
Коммуникацияның
мүмкіншілігі.
1. Таратылу жүйесі бойынша жүйе және программалық
қамтамасыз ету қиыншылықтары.
2. Құжаттарды желі бойынша
жіберудің қауіпсіздігі.
3.
Қауіпсіздік жүйесі бойынша
қиыншылықтар.
Есептеу желісімен жұмыс істеген кезде мекемелер
арасындағы байланыстар тарату жүйесі бойынша көптеген
қиыншылықтар туындайды.
Біріншіден, программалық
қамтамасызданудағы туындайтын қиыншылық
операциялық жүйеде болады. Таратылған жүйемен
ортақталынған жүйе арасындағы айырмашылықтар бар.
Осылай желілік операциялық жүйе компьютердің локальдық
ресурстарын басқарады. Желілік сөйлемдерді
құрағанда туындайтын қиыншылықтар біріктіріп
жұмыс істеуден болады,
әртүрлі машиналарда жасалады.
Екіншіден, көптеген проблемалар тасымалдау
хабарындағы компьютер арасындағы байланыс каналына байланысты.
Бұл жердегі негізгі жұмыс – қауіпсіздік және
өндіріс.
Үшіншіден, қауіпсіздікпен байланысты.
Бұл мәселені есептеу желісінде дербес компьютердің
жұмысына қарағанда шешу өте қиын болады. Кей
жағдайда қауіпсіздік өте керек кезде желіден бас
тартқан дұрыс.
Желімен жұмыс істеудің жеңілдік
дәлелі оның таралуында болады. Бүгінгі уақытта дербес
компьютері жоқ кәсіпорын табу қиын, желінің жұмыс
істейтін станциялары және серверлер көптеп пайда болып жатыр, ал
кейбір үлкен кәсіпорындар жеке ауқымды желілер иемденеді,
олардың филиалдарын қосады.
Желі бөлімі –
бұл, аз көлемді қызметкер тобы, мекеменің бір
бөлігінде жұмыс істейтін. Бұл қызметкерлер ортақ
есепті шешеді, мысалы бухалтерлік есеп жүргізеді немесе маркетингпен
шұғылданады. Ондай бөлімдерде 100-150 қызметкерге дейін
болуы мүмкін.
Желі бөлімінің алдынғы мақсаты
лазерді принтер және модем сияқты жергілікті ресурстарды
бөлу. Негізінде желі бөлімдерінде бір немесе екі файлдық отыз қолданушыға
жетер – жетпес сервер болады. Желі бөлімі негізінде басқа желілік
технологияда құрылады - Ethernet, Token Ring. Бұндай желілерде негізінде бір,
максимум екі типті операциялық жүйе қолданады. Кішігірім қолданушылар
өзіне біррангті желі қолданады, мысалы: Windows 98.
Бөлімдік деңгейде желіні есептік
басқару салыстырмалы түрде оңай: жаңа
қолданушыларды қосу, қарапайым қателіктерден
құтылу, жаңа тораптарды инсталляция жасау және программалық
қамтамасыз етудің жаңа түрлерін орнату. Бұндай
желіні жұмыскер өзінің азын-аулақ уақытын
жұмсап администратордың орнына басқара алады. Көп
жағдайда желілік администратордың арнаулы дайындығы болмайды,
бірақ ол бөлімнің ішіндегі компьютерді жақсы білетін
адам болып шыға келеді.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
А.Ш. Тұрым “Есептеу кешендері, жүйелері
және тораптары”, оқулық, -
Алматы: ҚазҰТУ, 2002.
2.
Тұрым А.Ш.
"Ақпараттану және Есептеу техникасы саласындағы
аталымдардың түсіндірме сөздігі". Алматы
2000.
3.
Э. Таненбаум “Компьютерные сети”
Москва Санкт-Петербург 2003 г.
4.
В.Г.Олифер, Н.А.Олифер. "Компьютерные сети". Учебник.
Издательский дом "Питер" 2001
г.
5.
Ю.В. Новиков, Д.Т. Карпенко “Аппаратура
локальных сетей, функции, выбор, разработка”, 1998.
6.
Қазақ-орыс термин сөздігі, “Рауан”,
1998.
7.
М.Гук “Аппаратные
средства локальных сетей”. Москва 2000 г.