Тарих
сабағында қолданылатын
оқытудың
әдіс-тәсілдері
Жексенбинова
Ш.Е.
Тәуелсіздік алғаннан кейін республикамыздың білім беру
жүйесіндегі ізденістер мен бастамалары әлемдік білім
кеңістігіндегі ықпалдастықты арттыру мен сапаны көтеруге
бағытталды.
Бүгінгі күні
еліміздің оқу
орындарының студенттері таңдаған мамандықтары бойынша
2006 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт және типтік оқу
жоспарлары негізінде білім алуда. Типтік оқу жоспарындағы жалпы
білім беретін пәндердің қатарына Қазақстан тарихы
курсы ерекше мәнге ие болып,
оқу орындарындағы барлық мамандықтардың оқу
жұмыс жоспарына енгізілді. Пәннің мәртебесін
өсіру ең алдымен халықтың бұрмаланған
тарихи жадын қалпына келтіру, ұлттық сана мен бірлікті
қалыптастыру, азаматтанушылық пен патриотизмге тәрбиелеу
мақсатын көздеген мемлекеттік саясат болып отыр. Сондықтан
Мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа
сәйкес Қазақстан тарихы пәні ежелгі кезеңнен
бүгінгі күнге дейінгі ірі-ірі тарихи оқиғалар мен
уақыт өлшеміне байланысты мынадай кезеңдер негізінде
оқытылады: 1. Көне заманнан, палеолит дәуірінен ХІІІ
ғасырдағы монғол шапқыншылығына дейінгі
кезең; 2. ХІУ-ХУІІІ ғасырдың басын, яғни
Қазақ хандығының ұлттық мемлекет ретінде
құрылып, дамуы мен қазақ этносының
қалыптасу уақыты; 3. ХУІІІ ғасырдың 30-жылдарынан 1917
жылға дейінгі кезең; 4. 1917 жылдан 1991 жылға дейін; 5.
Тәуелсіз Қазақстан.
Болашақ маман оқу
орны аудиториясында қалыптасады, одан болашақ түлектің
біліктілік деңгейі анықталады. Оқытудың
дәстүрлі әдісі студент пен оқытушы арасындағы
қарым-қатынасты ұсынады, оқытушы студенттің
оқу қызметіне үнемі бақылау жасап, оқу материалын
студенттерге дұрыс меңгертуі керек. Бір сөзбен айтқанда
сабақтың нәтижелілігі оқытушыға байланысты.
Оқытудың бұл түрі директивті
болып есептелінеді. Директивті оқытуда білім деңгейі оқу
үрдісінің мазмұнын ұйымдастыра отырып ақпарат
беру үлгісіндей саналады. Бір жақты сұхбат (диалог)
болған кезде ақпараттың көпшілігі беріледі бір жағынан
оқытушы сөйлейді. Директивті оқыту үлгілерінің
негізгі критерийлері нақтылы қорытынды бақылау,
сабақтан тыс уақыттағы өзіндік жұмыстарға
болжам жасау, жазба жұмысы қарастырылмайды. Қазіргі
таңда компьютер және интернет – жаңаша технологиялар
Қазақстанның
оқу орындарында білім беруде маңызды роль атқаруда.
Бұл жағдайда қазақстандық студенттер
жастардың жаңаша танымдық көзқарастары
қалыптасатыны анық. Әсіресе инерактивті әдістерді
оқу үрдісінде қолдануда компьютер және интернет
технология пайдаланылады. Жаңаша әдістерді түсінуде,
мүмкіндігінше жаңа технологияларды пайдалануда,
оқытудың интерактивті әдістері қолданылады.
Сондықтан, бүгінгі таңда оқу үдерісіне енгізіліп
жатқан инновацияның түріне интерактивті оқытуды
жатқызамыз. Интерактивті оқытудың үлгілері: материалды
еркін мазмұндауда дисскуссия ұйымдастыру, дәріс санын
қысқарту, семинар санын көбейту, топтық
тапсырмалардың түрлері, бақылау жасау, ауызша, жазбаша
жұмыстар орындау т.б. жатады. «Интерактивті оқыту» 1990 жылдары
интернет желісінің дамуымен байланысты пайда болған. «Интерактив»
деген сөз ағылшынның «interact» («inter» –
«ӛзара», «act» – «әрекет ету») деген сөзінен
шыққан. Яғни, интеракция – жеке индивидтердің,
топтың, жұптың өзара біріккен
әрекетте бір-біріне алма-кезек әсер етуі. Интерактивті оқыту
– бұл таным әрекетін ұйымдастырудың арнаулы формасы.
Оқытудың бұл формасы алдына нақты және
бағдарланған мақсат қояды. Сондай
мақсаттарының бірі – оқу процесінің өнімділігін
арттыратын білім алушының ақыл-ой кемелділіктерін, өз
жетістіктерін сезінетіндей жағдай тудыру Жоғары оқу орнында
қолдануға болатын оқытудың қазіргі
әдістерінің аспектілеріне келетін болсақ: көкейкесті –
мазмұнды әдіс, тұсаукесер (презентация) пікір-сайыс
(дискуссия), кейс – стади, топта жұмыс істеу, мимен ойлау әдісі
(мозговая стака), викториналар, сыни ойлау әдісі, кіші – зерттер, іскер
ойындар, ролдік ойындар, Insert әдісі (студенттер 10 минутта ассоциативті
эссе жазады), блийц – сұрақ, дебат, анкета алу әдістері
жатады. Қазақстан тарихы барынша кең ауқымды,
гуманитарлық және сөз өнеріне тоқталатын
пән. Оқу курсы ретінде тарихтың мақсаты –
танымдық тапсырмаларды шешу, студенттердің тарихтың
ғылыми түсініктерін қалыптастыру жолында жұмыстар
жүргізу, онсыз тарихты жан-жақты түсіну мүмкін емес.
Оқытушының міндеті бұл жағдайда белгіленген
білімнің ара қатынасын аша білу, бір жағын студенттің өзге
жақтарын біліммен байланыстыра отырып дамыту болып табылады.
Оқытушылардың интерактивті технологияны оқыту
үдерісінде пайдалану әдістерін жан-жақты зерделей келе
үшке бөліп қарастыруға болады: - техникалық
құрал-жабдықтарды қолданбай өту әдісі, -
техникалық құрал-жабдықтарды жарым-жартылай
қолдану әдісі; - техникалық құрал-жабдықтарды
қолдана (аудиовизуалды) оқыту әдісі. Интерактивті
технологияның техникалық құрал-жабдықтарды
қолданбай өту әдісіне жұптасып жұмыс істеу,
ротациялық (ауыспалы) үштік, карусель–айналмақ, шағын
топтармен жұмыс, аквариум, аяқталмаған сөйлем,
миға шабуыл (мозговой штурм), броундық қозғалыс,
есептеу ағашы, өз атынан сот, азаматтық тыңдау, ролдік
(іскерлік) ойын, сығымдау әдісі, өз позицияңды
ұстан, пікір-сайыс (дискуссия), дебаттар т.б. жатады. Интерактивті
технологияның техникалық құрал-жабдықтарды
қолдана оқыту әдісіне компьютерді, мультимедиалық
проекторларды немесе бейнемагнитофондарды пайдалану жатқызылады.
Аталған құралдардың барлығы білім беру
секторларында, оқыту орталықтарында жиі қолданылады.
Осыған байланысты Smart technologies Inc. компаниясы 1991 жылы
дүниежүзінде бірінші болып интерактивті тақтаны
ұсынды.
Интерактивті тақта оқу
пәндерін түрлендіруге көмегін тигізіп, оқытудың
барлық кезеңінде, яғни бастауыш, орта мектептерде және
жоғарғы оқу орындарында білім сапасын арттыруға
ықпал етуде. Интерактивті тақтаның көмегі оқу
барысында өте зор екені зерттеу жұмыстарында айқын көрсетіліп
жүр. Бұл – жаңашыл аудиовизуалды техникалық
құрал-жабдықтар мен оқытудың үдемелі де
қарқынды әдістерін қолдану арқылы
тыңдаушыларын қызықтырып, сабаққа белсенді
түрде қатысуын арттыратын, материалдарды меңгеруді
жеңілдететін, студенттерге ауқымды оқу материалдарымен
көмектескісі келетін оқытушыларға өте тиімді
таңдау. Сонымен қатар, интерактивті тақта арқылы Power
Point бағдарламасы негізінде оқу файлдарын және бейне-роликтер
әзірлеуге, оқу прцесінде DVD, бейне-кассеталарды көрсетуге
мүмкіндік береді. Материалдардың құрамына кесте,
сұлба, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер,
графиктер ендіру мүмкіндігі бар.Студенттерге Қазақстан тарихы
пәнінен өтілетін семинар, СӨЖ тапсырмаларының кесте, сұлба, тест
сұрақтары түріндегі әдістемелік нұсқаулар
арқылы жасалды. (Проектор арқылы көрстеу). ElluminateLive
бағдарламасы әр түрлі бағдарламаларды (Паскаль, Visual
Mind, офистік т.б. бағдарламаларды) бірлесіп қолдану, дауыс беру,
тестілеу, файлдармен алмасу мүмкіндіктерін беретіндіктен, алдын-ала
қажетті материалдарды басқа бағдарламада да әзірлеп
қолдануға болады.
Қазақстан тарихы курсында пайдалануға тиімді
әдістердің бірі – (мәселелі) проблемелы оқыту болып
табылады. Бұл әдісті дәріс, семинар, СОЖ сабақтарында
қолдануға болады. Сабақтың өтілу барысы диалогке
(сұхбатқа) ұқсас келеді. Бұл әдіс
студенттің танымдық, шығармашылық қабілеттерін
арттырып, қызығушылық тудырады және оқыту
үрдісіне енгізеді. Мәселені ашуда қайшылықтар туындап,
студенттің білімін кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді.
Сабақ
алдында студенттерге проблемалы сұрақ қойылады немесе
проблемалы тапсырма беріледі. Мәселені шешу үшін оқытушы
материалдағы қарама-қайшылықтарды студенттің
қабылдауына дайындайды. Мұның тиімділігі жеке
мәселелерді студенттердің өзі көрсетеді.
Бұл әдістің басты жетістігі оқытушы аудиториядан
қойылған мәселенің студенттің «өзіндік
шешімін» тыңдау мүмкіндігіне жетеді. Проблемалы оқытуды
ұйымдастыру – дәріс оқушының күрделі,
маңызды дайындығының негізінде жүзеге асады. Сонымен
қатар, колледждің тарих пәнінің оқытушылары
ҚР Тұңғыш Президенті музейіне, «АЛЖИР» мемориалды
музей-кешеніне экскурсиялар ұйымдастыруды тәжірибеге айналдырып,
студенттердің білімін жетілдіруде.
Тарих пәні бойынша Интернет желісіне қосылған
студенттердің интернет қорын пайдалану арқылы реферат,
курстық жұмыс, ғылыми жобаларды әзірлеуге
мүмкіндіктерін әлдеқайда арттыратыны сөзсіз.