Музыка и жизнь/1.Музыка: изучение и преподавание

 

Әбішкенова Динар Ақбарқызы

домбырамен ән салу сыныбының оқытушысы

Қазақстан, Қарағанды қаласы №3 балалар музыка мектебінің

 

Дәстүрлі ән өнері.

Қазақ халқының дәстүрлі ән өнері көне заманнан басталып келе жатқан өнердің бірі. Бұл қазақ халқының баға жетпес байлығы фольклорлық музыканың бір тармағын құрайды. Жалпы фольклор сөзі ағылшын тілінен алынған екен, қазақ тіліне аударғанда «кез келген халықтың білімі, даналығы, ауызша шығарылған шығармалары» дегенді білдіреді.Фольклорлық шығармашылық әр дәуірдегі наным-сеніммен , тұрмыс-салт жырларымен, күделікті болып жатқан қоғамның арпалысымен тығыс байланыта туындалып отырған. Бұл шығармаларда сонымен қатар ел-жұрттың армандары мен үміттерін де шығармада бейнелеп, өмір мен табиғат құбылыстарына баға береді. Дәстүрлі ән – халқымыздың сүйсініп орындайтын, зейін салып тыңдайтын қаншама ғасырлық тарихы қалыптасқан халықтық музыканың ең бай саласы. Атам заманнан келе жатқан дәстүрлі ән туралы елдің аузында қалыптасқан қаншама мақал-мәтелдер, жырлар мен аңыздар осы айтылып отырған сөздің айғағы.Қазақ халқының бас ақыны Абай атамыз да былай жырлаған:

Құлақтан кіріп, бойды алар

Әсем әнмен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй.

Дәстүрлі ән құдіреті ай мен күндей тал бесіктен жер бесікке дейінгі қазақ халқының ғұмырыда жанына серік болады. Бұрынғы көне замандарда ел ішін аралап ән салып жүретін диуанилар, бақсылар мен жыршылар, сал-серілер өз өнерлерін көрсетіп, той - томалақта жиналған қауымның көңілін көтеріп, жарасымды сауық кештердің кереметтей көркі болған. Сол дәуірдегі сазгер, жыршылардың, әншілердің өнерін халық өте жоғары бағалап, ауыл жұртшылығы оларға сый – құрметпен қарап алғыстарын білдірген. Сол ата – бабаларымыздың есімдері аңыз әңгімеге айналып ауыздан-ауызға тарап, бүгінгі ұрпаққа жетіп жалғасын тауып жатыр.

Дәстүрлі әндерді орындап отырғанда адамның ішкі сезімінің сыртқа шығуы орындаушының табиғи құралының бір бөлігі. Осы дәстүрлі әндердің өте жағымды орындалуы, адамның жүрегіне жылы ұя салып қона қалатыны, бұның барлығы кезінде атақты болу мақсатында шықпай, табиғилық жағының басым болуында. Осы күнге дейін музыкалық тәжірибесі мол құлағымыздың өзі , жаңа шығарманы тыңдап отырғанда, бейтаныс әуен теңізі ішінен халық әнінің тақырыбы естіле қалса біраз уақыттан бері көрмеген , кездеспеген бір досыңның төбесі көрінгендей болады. Өйткені сол ән тақырыбы есіңе сан алуан оқиғаларды түсіреді.Өйткені ол ән көрермендер көркемөнер жасаймын деген алдын-ала сызылған жоспар бойынша шыққан емес, өмірдің табиғаттың өз туындысы. Дәстүрлі әндердің үлкен бір қазына екендігі де сол қасиетінде.

Қазақ халқы әнге бай халық. «Маған бүккіл қазақ халқы ән салып тұрғандай болып көрінеді» деп, қазақ халқының әдебиеті мен өмірін зерттеген Шоқан Уәлихановтың досы Г.Потанин айтқандай , қазақта әнсіз өмір жоқ. «Тойбастар» айтқан жігіт, кешкі ауыл сыртында алтыбақан тепкен қыз-бозбала, шілдехана күткен жас-кәрі, «жар-жар» айтқан екі топ, елінен еріксіз ұзатылып бара жатқан қыз, өлген жұбайын жоқтаған жесір, түйеге мініп әр үйдің сыртында қақсаған жарапазаншы, ақ киім киіп, өгізге мініп ауыл аралаған дуана, «жынын» шақырып, зікір салған бақсы – бәрі де әндетеді. Бәрі де жәй сөзбен айтқанда жетпейтін сезім тасқынын ән арқылы шығарады. Әннің осы қасиетін қазақ халқы «Жігітке өнер де өнер, өлең де өнер» , «ақылың болса жыр таңда » деген сөздер арқылы жақсы айтқан.

Қазақ ұлтының мәдениеті тарихындағы XVII ғасыр – ақын-әнші, сазгерлердің өзіндік «алтын ғасырына» айналып, қазақтың кәсіби өнері әдебиетінің , поэзиясының, музыкасының шыңына кезеңіне  шыққан кезі болды. Сөйтіп XVI ғасырдың екінші жартысы  - қазақтың ақындық өнерінің барынша өркендеген кезеңі болды. Осы кезде ақындық өнерге тән тұрақты жанрлар да қалыптасты. Солардың ішінде әсіресе ақындардың өзін-өзі бейнелеуге арналған.