Шамшиева Гульжахан Сагатовна
Смакова Салтанат Сембаюевна
Қазахстан. Қарағанды.
КММ «Шапағат» балалар үйі
ЖАНҰЯЛЫҚ ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ
БАЛАҒА ӘСЕРІ
Қазіргі уақытта отбасындағы ата-ана мен бала
арасындағы қарым-қатынас баланың жеке
тұлғасының, әсіресе оның
мінез-құлқының қалыптасуына әсер ететін
негізгі факторлардың бірі. Ата-ана мен бала арасындағы
қарым-қатынас ерекше және көрнекі түрде,
әсіресе, бала тәрбиесінде көрінеді. Отбасылық
тәрбие жүйесінің және «ана-бала»
қарым-қатынасы үйлесімділігінің бұзылуы –
балаларда невроз ауруының пайда болуына себепші негізгі
патогенетикалық фактор деген көзқарасқа кейбір
ғалымдар ерекше көңіл бөледі. Мысалы А.Е.Личко мен
Э.Г.Эйдемиллер ерекше мінезді және психопатия белгілері бар
балаларға отбасылық тәрбие берудің 6 түрін атап
көрсетеді. Гипопротекция (гипоқамқорлық) балаға
қажетті қамқорлықтың жоқтығымен
сипатталады (балаға уақыт жетпейді). Мұндай
қарым-қатынас кезінде бала өзімен –өзі болады,
өзін ешкімге керегі жоқ деп сезінеді. Басым гиперпротекция
баланың дербестігіне, ынталылығына тосқауыл болатын тым
артық, ығыр қылатын қамқорлықтан туады.
Гиперпротекциялық тәрбие кезінде ата-ана баладан үстем болады,
яғни баланың тәртібіне қатаң бақылау
жасалып, оның шын мәніндегі қажеттілігі ескерілмейді (мысалы,
баланың қарсылығына қарамай анасы оны мектепке дейін
шығарып салады). Эмоционалды шеттету баланың қай
қылығын да қабылдамаудан туады. Шеттету ашық
түрде ( мысалы, сен мені мезі еттің, кет, жолама маған деген
сияқты) немесе мазақтау, кекету, мысқылдау сияқты
жасырын түрде болады. Қатал қарым-қатынас баланы
ұрып-соғу арқылы көрінеді немесе жасырын, яғни
эмоционалдық дұшпандық пен суықтықтан
көрінеді. Жоғары моральдық жауапкершілік бала
болашағының ерекшелігіне үміт артып, баладан жоғары
моральдық тәртіп талап етуден болады. Тәрбиенің
мұндай түрін ұстанатын ата-аналар балаға
отбасының басқа мүшелеріне қамқоршы,
қорғаныш болуды жүктейді. Дұрыс тәрбиелемеу бала
мінезінің одан сайын бұзылуына әсер ететін фактор болып
табылады. Отбасылық психология саласының мамандарымен
соңғы он жылда «бала – ересек адам»
қарым-қатынасының әртүрлі варианттары атап
көрсетілген. Мысалы, А.Я.Варганың еңбегінде ата-ана
қарым-қатынасының балаға жағымсыз 3 түрі
сипатталған: симбиотикалық, авторитарлық, эмоционалды
шеттетушілік. Эмоционалды шеттетуді ғалым ата-анасының баланы
аурушаң, әлсіз, дәрменсіз есептеу үрдісінен деп
сипаттайды. Тәрбиенің мұндай түрін автор «балаға
сәтсіз, жолы болмағыш кішкентай адам ретінде қарап
тәрбиелеу» деп атаған. Е.Т.Соколованың зерттеулерінде ата-ана
мен бала қарым-қатынасының негізгі стилі проблемаларды
бірлесіп шешу кезіндегі ата-ана мен баланың өзара әрекетін
талдау негізінде көрсетілген:
Ынтымақтастық;•
Жалған ынтымақтастық;• Жекешелеу;•
Бақталастық.• Ынтымақтастық қарым-қатынасы
кезінде баланың қажеті ескеріліп, оған «автономия»
құқығы беріледі. Отбасында туындаған
проблемалық мәселелерді шешудің жолдары баламен бірге
қарастырылады, әрі оның пікірі есепке алынады.
Отбасындағы тәрбиенің 3 патогенді түрін көрсетуге
болады. А түрі. Қабылдамау (эмоционалды шеттету). Оның
мәні шектен тыс талап ету, қатаң шектеу және
бақылау. Бала өз қалпында қабылданбайды, оны
түзету басталады. Қабылдамау бала бойында невротикалық
шиеленісті қалыптастырады. Ата-ананың
өзінде неврастения пайда болады. «Мен бола алмағанмен, сен
боласың» деп талап етіледі. Мұнда ата-аналар баланың
бойындағы балалықты жек көреді, баланың еркелігі,
балалық қылықтары олардың ашуын келтіреді. Б түрі.
Гиперәлеуметтендіруші тәрбие. Баланың немесе отбасының
басқа мүшелерінің денсаулығы, әлеуметтік
мәртебесі жөнінде қорқыныштан, күдіктен пайда
болады. Нәтижесінде үрей сезімі, әлеуметтік
тұрғыдағы жабысқақ ой қалыптасуы мүмкін.
Ата- анасы балаға нені қажет етуі керектігін айтып отырады
және бала темпераментінің табиғи көздерін
тұншықтыруға тырысады. В түрі. Менмендік тәрбие.
Бала қатты әспеттелетін отбасыларында кездеседі. Нәтижесінде
балада отбасына және бүкіл әлемге деген көптеген
наразылық пайда болады. Мұндай тәрбие жеке
тұлғаның истероидты түрінің пайда болуына
ықпал етуі мүмкін. Ата-анасының қамқорынсыз
өскен балалардың ерекшелігін зерттеуші ағылшын психотерапевті
Д.Боулби патогенді тәрбиенің мынадай түрлерін атап
көрсетеді: • Ата-ананың біреуі немесе екеуі де баланың
махаббатқа деген мұқтаждығын
қанағаттандырмайды немесе толығымен оны жоққа
шығарады. • Бала жұбайлар арасындағы дау-дамайды шешу
құралы болып табылады. • Тәртіпке шақыру шарасы ретінде
баланы «жек көріп кетумен» немесе отбасынан «кетіп қалумен»
қорқыту. •Балаға алда болатын (немес болған)
барлық жағдайлардың, яғни аурудың,
айрылысудың, өлімнің себепкері сенсің деп иландыру. •
Баланың айналасында оның уайым-қайғыларын
бөлісетін немесе ата-анасын алмастыратын адамның болмауы.
Баланың жақсы тәрбиелі, қоғамда
өзінің орны бар үлкен азамат болып өсуіне
отбасының ролі өте жоғары. Біз отбасында баланы тек
қана материалдық жағынан қамтамасыз етіп қана
қоймай, сонымен қатар, баланың психологиялық
жай-күйіне, қызығушылықтарына, жеке
тұлғалық қасиеттеріне мән беруіміз керек.
Баланың жас ерекшеліктерін ескере отырып, соған сәйкес
қарым –қатынас жасалғандығы дұрыс.
Соңғы кездері елімізде отбасылардың ажырасу жағдайы,
отбасындағы түрлі конфликт жағдайлары көптеп кездесуде.
Бала ата-анасымен бірге толыққанды отбасында өмір
сүрген жағдайда әлеуметтік ортада өзін сенімді
ұстай алады
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Эйдемиллер
Э.Г.,Юстицкис В. Психология и психотерапия семьи. – СПб.: Питер, 2002.
2. Берн. Э. Игры, в
которые играют люди: психология человеческих взаимоотношений.пер. с англ.
А.Грузберга.- М.: Эксмо, 2007.
3. Федотова А.Ю. Курс:
психология семейных отношений.- М,2000.
4. Ильин Е.П. Психология
общения и межличностных отношений. — СПб.: Питер, 2009.