Кумарбаева Б.Б.
№ 145 «Балапан»
балабақшасы, КМҚК. Қазақстан
Мектепке
дейінгі ұйымда дәстүрлі ойын әрекетін
қолданудың тиімділігі
Бүгінгі
күннің негізгі талабы – білімді адамды әлемнің
бүтіндей бейнесінде қабылдай алатын, шығармашылық
таныммен тікелей қатынас жасап, жаңаша
ойлай алатын шығармашылық адамға айналдыру.
Балалардың оқуға деген
қызығушылығын
тәрбиелеу үшін өтіп
жатқан
материалдың практикалық қолдануымен толықтыру керек.
Оқу - тәрбие
процесінде ойынды тиімді
қолданудың бала дамуы
үшін маңызы өте
зор. Ойын - баланың негізгі
әрекеті. Ойын балалар
сабақта
жалыққан кезде сергітіп, сабақты ынталандыра
түсу үшін пайдаланылады.
Қазақ халқының ұлт
ретінде өмір сүруіне оның тілімен қатар
салт-дәстүрінің, әдет-
ғұрыптарының
маңызы айрықша.
Қазақтың мақал-
мәтелдері жас
ұрпақты ибалы болуға, әдептілікке, мінезін
жақсы қасиеттер арқылы имандылық пен инабаттылыққа тәрбиелесе, ақын-
жазушылардың көркем шығармалары эстетикалық, этикалық қасиеттерге
тәрбиелейді. Баланың
құлағына жас кезінен
бастап
халықтың
тәрбиелік асыл-
маржандарын құйып отыру-
тек мектептегі мұғалімнің ғана
жұмысы емес, сонымен қатар
үйдегі ата-
аналардың негізгі міндеттерінің бірі
болуы тиіс. Абай Құнанбаев он
тоғызыншы қара сөзінде жас кезінен жақсы
сөз естіп өскен
бала кейін есті
адам болады дейді: “Адам ата-анадан
туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап,
татып ескерсе. Дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп
болған адам білімді
болады. Естілердің
айтқан сөздерін ескеріп
жүрген кісі өзі
де есті болады.” Сондықтан балаға жас кезінен бастап
тәрбиелік
маңызы жоғары халық
ойларының
кәусар
бұлақтарымен
сусындату қажет. Себебі,
“халықтың даналық
ойлары халық педагогикасының шамшырағы болған. Халық
даналығы- мақал-мәтел, ертегі,
өлең-жыр түрінде,
ақын- жыраулардың, шешендердің сөздері
толғау, өсиет
сөздері арқылы баяндалып
отырған. Осы
тұрғыдан халық
педагогикасының кең
өрісі, қайнар
көзі- ауыз
әдебиетінің
тәрбиелік мәні зор.” Сондықтан қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы меңгертуде халық
педагогикасының
тәрбиелік мәні басым
элементтерін кеңінен қолдану қажет. Осы
арқылы балалардың рухани
дүниесі
парасаттылық пен бауырмалдылыққа,
адалдық пен кішіпейілділікке, ибалылық пен
үлкенді
сыйлауға
тәрбиеленеді.
Ойын-бала әрекетінің бір
түрі, адамзат мәдениетінің қазынасы. Ұлы педагогтар, ғалымдар баланы
тәрбиелеудегі ойын рөлін
жоғары
бағалаған. Бала
ойын арқылы өмірге енеді, табиғатпен, қоршаған ортамен
қарым-қатынасқа
түседі,
таным-түсінігін
арттырады, еңбек ете
білу дағдысы қалыптасады.
Ойындағы жетістіктер
баланың
сабақтарда
жүйелі білім алу
мүмкіндігіне
маңызды әсер етеді, құрбы – құрдастары мен
ересектердің
ортасында оның шынайы
адамгершілік – эстетикалық
бағытының
әбден жетілуіне мүмкіндік туғызады.
Әртүрлі ойындарды
баланың жас ерекшеліктеріне сай өз уақытында және
дұрыс қолданғанда “мектепке
дейінгі мекемелердегі берілген
оқыту және тәрбиелеу бағдарламасын” өз
деңгейінде шешуді қамтамасыз етеді.
Сонымен
бірге, әртүрлі ғылыми мектептердегі педагог және
психолог
ғалымдардың
еңбектеріндегі
ойынның
маңыздылығы
туралы түсініктерін қарастыра келе, мынадай жалпы
ережені беріп отырмыз:
1.Ойын -
әртүрлі жастағы балаларды
өз еркінше дамыту
әрекетінің
түрі.
2. Ойын –
бала әрекеттерінің
ішіндегі ең еркін
түрі, онда айнала қоршаған әлемді тани, сезіне білуі,
жеке шығармашылығы үшін
кеңістіктің ашылуы,
өзін - өзі тануы және
өзін - өзі
көрсетуі белсенді түрде
жүзеге асады.
3. Ойын –
мектеп жасына дейінгі бала әрекетінің ең
алғашқы
баспалдағы, оның
мінез – құлқының қалыптасуының
бастапқы мектебі.
4. Ойын даму
тәжірибесі болып табылады. Бала ойын кезінде
дамиды, даму үшін ойнайды.
5. Ойын –
балалар қарым –
қатынасының негізгі ортасы; мұнда құрбы – құрдастарына, үлкендерге деген өзара қарым – қатынасы қалыптасады.
Ойын іс - әрекет ретінде
тұлғаның
қоршаған шындыққа нақтылы бір қатынасын көрсету болып табылады.
Әлемді бейнелей отырып,
оны түрлендіру қабілеттілігі – адам ойының мәні. Адамның
бұл
қабілеттілігі бірінші рет
ойында пайда болады
және ойында қалыптасады. Еңбекпен байланыса
отырып, ойын одан өзгеше болады.
Ойын мектеп
жасына дейінгі балалардың іс - әрекетінің негізгі түрі
болғанымен іс - әрекеттің басқа түрлерін
жоққа
шығармайды. 3-4 жастан бастап сәби
өзіне - өзі
қызмет ету еңбегімен танысады. Ол беті – қолын жууды, киінуді,
ойнап болған соң
қуыршақтарды
жинап орнына қоюды үйренеді. 5-6
жастан балалардың міндетіне бөлмелердегі
өсімдіктерді
күту, үлкендерге қолқабыс ету
т.б осы сияқты іс
қосылады. Балалар
бақшасында
сәбилер асханада, хайуанаттар бұрышында,
ойын бөлмесінде қызметші болу міндетін ықыласпен атқарады.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1 Төлендина
З. Ұлттық ойындардың тәрбиелік
мәні. Қазақстан
геологиясы және экология
// №2 ,2006 жж
2 Жүнісов
А. Ұлттық ойындар.
Білім әлемі // 2006-30 тамыз.
3. Бектұрсынова
К. Ұлттық ойын –
тоғызқұмалақ. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар // №10,2006 ж