Магистр
Жидебаева А.Е.
Ш.Есенов
атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг
университеті, Ақтау қ.
ГЕОГРАФИЯДАН ОҚУШЫЛАРДЫҢ
ТАНЫМДЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДАҒЫ ЭПИЗОДТЫҚ СЫНЫПТАН ТЫС
ЖҰМЫСТАРДЫҢ РӨЛІ
Сыныптан тыс
жұмыстардың мазмұнын оның формалары мен өткізу
тәсілдері анықтайды. Формасын таңдаған кезде оның
мазмұннан басқа оқушылардың жасы,
қызығушылығы, географиядан дайындық деңгейі, бос
уақытының болуы, материалдың мүмкіншілігі,
әлеуметтік жағдайы, кабинеттің материалдың базасы,
мектеп және балалар кітапханасының қоры, т.б. жағдайлар
есепке алынады.
Ғылымды
оқып үйренуге тереңдетілген көзқарастың
сыныптан тыс жұмыстардың түрлі формаларын пайдалану
нәтижесінде оқушылардың шығармашылық
қабілетін дамытуда олардың және ерекшеліктерін ескереді,
география ғылымына деген тұрақты
қызығушылықты тудырады, жұмыс жасауға деген
құлшыныс пайда болады, оқушылар түрлі
географиялық ақпарат көздерімен жұмыс жасайды.
Әлеуметтік
және экономикалық географиядан оқушылардың білімі мен
дағдысын қалыптастырудағы сыныптан тыс жұмыстар
оқушылардың талабына сай ұйымдастырылып, олардың жеке
мүмкіншіліктерін есепке алады, оқушылардың белсендігі мен
өздігінен жұмыс жасау қабілеті артады, танымдылығы
өседі, ал мұғалімдер тек осы қабілетерді
бағыттап, басқарып отырады.
Мектеп
географиясы сыныптан тыс жұмыстар көптеген формаларын
пайдалануға мүмкіндік береді.
Сыныптан
тыс жұмыстар мазмұны мен формалары оқушылар
қызығушылығына байланысты анықталады.
Сыныптан
тыс жұмыстар әрбір түрі өзіне тән
танымдылық элементтер, мақсат-міндеттерді біріктіреді. Жалпы
әлеуметтік және экономикалық географиядан
оқушылардың білімі мен дағдысын қалыптастырудағы
сыныптан тыс жұмыстар құрылымын екіге бөлуге болады:
2.
Жүйелі формалар
Эпизодтық
формаларға-экскурсиялар, мектеп экспедициялары, жорықтар,
ғылыми қоғамдар, мектеп мұражайын ұйымдастыру,
олимпиадалар, географиялық кештер, ойындар, конференциялар т.б.
Жүйелі
формаларға-географиялық үйірмелер мен клубтарды
ұйымдастыру жатады.
Танымдылық
мақсатта өткізілетін шаралардың бірі-географиялық
экскурсиялар, жорықтар, жеке және топтың бақылаулар,
статистикалық, картографиялық, ақпаратпен,
әдебиеттермен жұмыс.
Экскурсиялар-ұйымдастырылған,
ұжыммен табиғатқа кәсіпорындарға және
көрнекі жерлерге өлкетану материалдарын жинақтау мен зерттеу
мақсатында география пәні мұғаліммен бірге шығу.
Ғылыми-танымдылық бағыт мазмұндағы сұрақтарды
толықтырады. Мұндай сұрақтарға жер
планетасының пайда болуы туралы гипотезалар мен теориялар, жер
қабықтарының қалыптасуы, литосфералық плита
теориясы, вулкан атқылау мен жер сілкіну себептері, адамзаттың
пайда болуы мен материктерде таралуы, табиғаттың апатты
құбылыстары, жер табиғатының адамның
шаруашылық әрекеті нәтижесінде даму болжамы, дүние
жүзі елдерінің қазіргі миграциясы, урбандалу проблемалары,
т.с.с. жатады.
Тарихи-географиялық бағыт мектеп географиясының гуманитарлану міндетіне
сүйенеді және мыналарға ерекше көңіл
бөледі: өз планетасын тануға талпынған адамға,
жаңа материктер мен аралдарды ашушыларға, мұхиттар мен
теңіздерді ашып, зерттеушілерге, табиғатта болып жатқан
процестерді және олардың себептерін түсінуге арналған.
Сондықтан сыныптан тыс жұмыстар оқу процесіне
қарағанда оқушыларды тереңірек саяхатшыларымен,
ғылымдармен, зерттеушілерімен, жер планетасын зерттеуге,
географиялық ашуларға және география ғылымының
дамуына еңбек сіңірген таныстырады.
Бұл бағыт тарихтан,
халықтардың тұрмысы мен мәдениетінен, қазіргі
саясаттан білімді қажет етеді.
Экологиялық бағыт табиғатқа қоғамның әсерін зерттеу
мен «адам және қоршаған орта» проблемасына көңіл
бөлумен байланысты. Сонымен қатар эстетикалық және
танымдылық мақсатты да қамтиды. Бұл бағыт мектеп
географиясын өмірмен байланыстырады, оқушыларға
әлеуметтік іс-әрекетке мүмкіндік береді, өз туған
өлкесінің экологиялық проблемаларына көңіл
аударып, оны шешуге ерекше күш салуына итермелейді.
Экономикалық бағыт шаруашылық іс-әрекет туралы білімді
тереңдетіп, экономикалық тәрбие беруге, нарықтық
экономика кезеңіндегі іс-әрекет нормаларын ашуға және
үнемшілдік, шаруашылық іскерлік, т.б. қасиеттерді
тәрбиелеуге бағытталған. Экономикалық және
экологиялық бағыттармен оқушылардың сыныптан тыс
жұмыстардағы әлеуметтік іс-әрекеті тікелей байланысады.
Бұған оқушылардың мектеп алаңдарындағы
қоғамның пайдалы еңбегі және жазғы
еңбек және демалыс лагерьлеріндегі, жорықтар мен
экспедициялардағы іс-әрекеттері де жатады.
Эстетикалық бағыт оқушыларды табиғаттан ләззат алуға,
ландшафттар әсемдігін тамашалауға, антропогендік кешендері
абаттандырудан қанағат алуға тәрбиелейді. Сонымен
қатар бұл бағыт көркем талғамды өсіреді, ол
сурет салу, фотоға түсіру, көрмелер жасауда көрінеді.
Туристік-өлкетану бағыты оқушыларды ерекше қызықтырады,
туған өлке мен оның табиғатына деген
сүйіспеншілікті тәрбиелейді. Бұл бағыт
әртүрлі ұзақтықтағы жаяу, су, шаңғы
жорықтарын, оқушылар экспедициясын ұйымдастырумен байланысты.
Бұл бағыттың ерекшелігі-туризмді территорияны
өлкетанушылық бағытта бір маршрут бойынша зерттеумен
ұласуында, ол өз кезегінде мектептегі көптеген
мұғалімдердің география пәні
мұғалімнің басшылығымен жүйелі жұмыс
жасауын талап етеді.
Жұмыстың бұл
бағыттың құндылығы сонда, ол оқушыларды
географиялық зерттеу әдістерімен таныстырады, дала күнделігін
таныстыруға үйретеді, түсірім жүргізу, көзбен
бақылау жасау дағдысын қалыптастырады,
табиғаттағы объектілер мен құбылыстарды зерттеуде
құралдар мен жабдықтарды пайдалана білуге үйретеді.
Елтанушылық бағыт физикалық-географиялық,
экономикалық-әлеуметтік географиялық білім интеграциясы
география сұрақтарын, қазіргі оқиғаларды зерттеу
барысында іске асырылады. Бұл бағыттың мазмұнының
үлкен мәдениеттанушылық маңызы бар, оқушыларды
елдер мен халықтар туралы біліммен қаруландырады.
География пәні бойынша
жүргізілетін факультативті сабақтардың маңызы зор.
Оның мазмұны Жер және қоршаған орта
кеңестігі жайлы ғылымдардың ең жаңа жетістіктерін
белсенді түрде пайдалану негізінен құрылған.
Сабақтарды өткізудегі зертханалық сараптауда, жергілікті
жердегі практикалық жұмыстарда және табиғатты жүйелі
бақылау барысында зерттеу әдістері мен құралдарымен
танысады.
Факультативті сабақтарды тек
мектептерде ғана емес, кластан тыс мекемелердің материалдық
базасында да ұйымдастыруға болады. Мұндай мектеп аралық
факультативтерді ұйымдастыру әсіресе ірі, халық көп шоғырланған
елді мекендерде болашағы мол. Қатысушы топтар
мұғалімнің ұсынысымен бірнеше мектеп оқушыларынан
жинақталады.
Арнайы көрнекі
құралдармен жабықталған орында сабақтарды
жоғары маманданған жетекшілер жүргізеді.
Бүгінгі күн
еліміздің рухани байлығын одан әрі жетілдіру, жастарға
білім беру реформасын жүзеге асыруды жаңа тұрпатты мектепте
бүкіл білім мазмұнын, оның құрылымдық
жүйесін жаңартуды қажет етеді. Сондықтан
оқушылардың белсенділігі мен танымды іс-әрекеттері
арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда
айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау
мектептің алдында тұрған өзекті мәселе екені
мәлім.
Уақыт талабына сай
проблемалық оқытуға индуктивтік-гипотезалық дедуктивтік
тәсілдері қолдана отырып, оқушының
шығармашылық қабілетін дамыту үшін оқытудың
жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланған жөн.
Оқу үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде
қабылдау, яғни, оқушының өзіндік танымдық
іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттау, білім беруде жеке
оқытуды дамыту көзделуі қажет.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Қaзaқcтaн
Pecпубликacынң бiлiм туpaлы зaңы
2.
Қaзaқcтaн
Pecпубликacындa бiлiм бepудi дaмытудың 2011-2020 жылдapғa
apнaлғaн мeмлeкeттiк бaғдapлaмacы
3.
Журнал
«География және табиғат» № 1-6/2002 ж., № 1-6/2003 ж., № 1-6/2004 ж., № 1-6/2005
ж.,
4.
Семакин Н.К.
Внекласная работа по географии. –М.:Просвещение, 2011.,/11-55 беттер/
5.
А.Бейсенбаева,Н.Сейдіғазым.Интеграциялық
оқытуды жүзеге асыру., Қазақстан мектебі, 2008.№5.