Нәтижеге
бағдарланған білімнің негізі – құзыреттілік.
Есмуратова Гүлзат Жолдыгуловна - аға
оқытушы, магистр
Қазақстан, Алматы,Абай
атындағы ҚазҰПУ
Бүкіл дүниежүзілік білім беру
кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде елімізде
білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл
үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие
жұмысында өзгерістер енгізумен бірге, елімізде болып
жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне
жаңаша қарауды, студенттердің шығармашылық
қабілетін дамытуды, іс-әрекетті жаңаша ұйымдастыруды
талап етеді.
Білім берудің мазмұнын жетілдіре отырып,
үздіксіз білім беру арқылы оларды кәсіби тұрғыдан
жан-жақты жетілдіру мәселесі бүгінде күн
тәртібіне қойылып отырғанын көріп
отырмыз. Бүгінгі күні «құзыреттілік» ұғымы
оқыту үдерісінде білімді қолданудың негізгі
нәтижесі ретінде қарастырылуда.
Сондықтан оқытудың
дәстүрлі жүйесінде білікті мамандар даярлайтын жалпы
оқу орындарының қазіргі мақсаты – әлемдік білім
кеңістігіне ене отырып бәсекеге қабілетті тұлға дайындау. Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру
жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы
адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға,
дамытуға және кәсіпік шыңдауға
бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар
жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және
күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты
өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты
дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» деп
атап көрсетілген [1]. Осы аталған міндеттерді жүзеге асыру
үшін оқытудың жаңа технологияларын енгізу
және оны тиімді пайдалану керек.
«Қазақстан
Республикасындағы білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі
тұжырымдамасында» қазіргі заманғы жоғары
білімнің мақсаты мен басты стратегиялық бағдары
айтылған,онда білімге
бағытталған мазмұнды құзыретттілік, яғни
нәтижеге бағдарланған білім мазмұнына алмастыру
қажеттілігі көрсетілген[2].
«Құзыреттілік»
ұғымы бүгінгі күні оқыту
үрдісінде білімді қолданудың ақырғы
нәтижесі ретінде қарастырылуда. Оқыту үрдісінде
«құзыреттілік» ұғымы студенттердің білімі мен
тәжірибесін, дағдылары мен біліктерін белгілі бір мәселені
шешуде қолдануы болып табылады.
«Құзыреттілік»
терминін ХХ ғасырдың ортасында американдық ғалым Н.Хомский енгізген болатын, бастапқыда ол ана
тілінде нақты тілдік қызметті орындау үшін қажет
қабілеттіктер деген түсінік берді.
Құзыреттілік
– студенттердің іс-әрекетін меңгеруден
көрінетін білім нәтижесі. Білім мазмұнын жаңалау –
негізгі мақсат болып табылады. Басты мақсаттың бірі – білім
игеру кезінде күтілетін нәтижеге қол жеткізу. Негізгі
бағыт оқытушы жеке тұлғаға ауысады, яғни,
жеке тұлға бұрын білімді қабылдаушы рөлін
атқарса, ал жаңа талап бойынша өздігінен білім
алушы, үйренуші ретінде танылады. Сондықтан жеке
тұлғаның бейнесін бүгінгі заман талабына сай
дайындауымыз керек. Бүгінде білім беру стратегиясын
«құзыретті білім беру» деп те атап жүр.
Құзыреттілік жеке тұлғаның танымы мен
тәжірибесіне қатысты нәрсе. Студенттердің
кәсіби құзыреттілік мәселелері туралы пікірлер
отандық және шетелдік ғалымдар, педагогтар, психологтар
еңбектерінде көрініс табуда. Оқыту үрдісіндегі
құзыреттіліктерге ғалымдар әртүрлі анықтамалар
берген.
Құзыреттілік
– бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде,
күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және
теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігін
айтады. Сонымен, оқытудағы
құзыреттілік тәсіл білім беру нәтижесі
ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде
кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды, оқыту сапасын
бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап
етеді. Демек «құзырет» және «құзыреттілік»
ұғымдарын педагогикалық үдеріске енгізу білім
берудің мазмұны мен әдістерін өзгертуді,
іс-әрекет түрлерін нақтылауды талап етеді.
Құзыреттілік ең алдымен
студенттердің ақпараттық сауаттылығы
мен кез-келген мәселені дұрыс шеше білу қасиетінен
көрініс табады. Сыртқы ортадан ақпарат алу, оны өңдеу
оқушы мінезін қалыптастырудың қайнар көзі болып
табылады. Ақпараттарды өз бетімен алуға, талдауға,
қайта өңдеуге үйрету ақпаратық
құзыреттілікті қалыптастыруға негіз болады. Мұнда
студенттердің өз бетімен жұмысына көп мән
беріледі. Студенттер өз беттерінше жаңа ақпараттық
технологиялардың көмегімен ғаламтордан, түсіндірме
сөздіктерден, түрлі тарихи ақпараттар алып, сабақ
барысында пайдаланады. Бұл құзыреттілік студенттің
оқу пәндеріндегі және білім аймақтарындағы,
сонымен бірге қоршаған дүниедегі ақпараттармен жұмыс
істей білу дағдыларын қамтамасыз етсе, ал
оқытушының мақсаты – студентке білімді өздігінен
игеру амалдары мен тәсілдерін үйретіп,оның өзіндік
дүниетанымын қалыптастыруына жағдай жасау, кеңестер
және бағыт-бағдар беру.
Негізгі
құзыреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелер:
· студенттерді өз
бетінше талдауға;
· өз
қызметіне мақсат қоюға;
· жоспарлауға,
жинақтауға;
· қорытындылауға,
салыстыра дәлелдеуге;
· өзін-өзі
бағалауға;
· өз
әрекетінің әлсіз және күшті жақтарын
көрсете білуге;
· нені
меңгергенін, нені меңгермегенін анықтауға.
Қазіргі
заманғы білімдендірудің мақсаты мамандарды
шығармашылыққа дайындау. Өйткені қоғамда
«орындаушы» адамнан гөрі «шығармашыл» адамға деген
сұраныстың көп екендігін қазіргі өмір
дәлелдеп отыр.
Студенттің шығармашылық
қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалуы тиіс. Олар:
1.
Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға
алу;
2.
Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайда
болу;
3.
Шығармашылық іс-әрекетке жағдай туғызу.
Студенттерді
шығармашылыққа баулу, өзіндік іс-әрекетін
ұйымдастыру үшін төмендегідей түрлердерді
қолдануға болады:
· оқулық мәтінімен
жұмыс;
· арнайы бір
тақырыпқа пікірталас тудыру;
· қоғамдағы
әр түрлі өзгерістерге байланысты пікір айту;
· құжаттармен,
иллюстрациялармен жұмыс;
· тарихи оқиға,
құбылыс, фактілерді таңдауға, ізденуге,
дәлелдеуге үйрету;
· логикалық ойлауын
дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды
шешкізу (анаграмма,
сөзжұмбақ)
· қайшылықты,
проблеманы шешу;
· оқушының
ой-пікір дербестігі мен еркіндігін барынша кеңейту;
· қайталау
сабақтарында, оқыған мәтіндері бойынша өз
беттерінше тест
тапсырмаларын
құрастыру;
· сабақта
проблемалық жағдай жасау;
· тың деректерден
жаңа білімді ала білу, пайдалану, іздену;
· реферат жазу [3];
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу
шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы
талант көзін ашып, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.
Қорытындылай келе, студент
құзыреттілігін қалыптастыру үшін әр ұстаз
өзіне тиімді әдіс-тәсіл мен технологияны қолдана алады.
Ең бастысы студент қойылған проблеманың шешімін
өзі тауып, әрекет жасай білуі керек.
Әдебиеттер тізімі.
1.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Алматы –
2008.
2.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім
беруді дамыту тұжырымдамасы.
3.
Б.А.Тұрғынбаева. Мұғалімнің
шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында
дамыту: теория және тәжірибе. Aлматы. – 2005.