Шынева Р.
Т Тараз мемлекеттік педагогикалық
институты,
Тараз қаласы
Абенова Г.
К.№16 балабақша әдіскері
МЕКТЕПАЛДЫ
ДАЯРЛЫҚ ТОП БАЛАЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН
ДАМЫТУ
Қазақстан
Республикасы «Білім туралы» Заңында ғылым мен практика
жетістіктерін жеке адамды
дамытуға,
шығармашылық, рухани
және дене мүмкіндіктерін,
интеллектін дамытуға бағыттау міндеті
көзделген. Сондықтан
осы міндеттердің жүзеге асуы балалардың танымдық
құзыреттілігін дамытуға,
білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайында пайдалануға, қоршаған
ортамен таныстыруды ұтымды ұйымдастыруға тікелей байланысты.
«Балапан»
бағдарламасында, Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында шығармашылықпен дамыған мектепке дейінгі
бала тұлғасын қалыптастыру міндеттері қойылған.
Бала жеке тұлғасын
қалыптастыру мәселелеріне байланысты бірқатар маңызды зерттеулер бар: жеке
тұлғаның танымдық ізденімпаздығы мен
шығармашылық ойлау мүмкіндіктерін дамыту А.Е.Әбілқасымова,
Б.А.Тұрғынбаева, қазақ ақын-жазушыларының
шығармалары арқылы балалардың танымдық белсенділігін
дамыту Е.К.Нұрланбекованың еңбектерінде
айқындалған.
Танымдық
құзыреттілік - ерекше
психологиялық феномен, оның негізінде танымдық процестер
қалыптасады, дамиды, жетіледі, әрі психикалық күй
өзгереді. Психологияның зерттеу пәні мен нысанына сай:
психикалық, яғни танымдық, эмоциялық-сезімдік,
ерік-жігер процестерінің дамуынан, психикалық қасиеттері мен
сапаларының, психикалық күйі-кейпінің,
жағдайының және жаңа психикалық жасалымның
қалыптасуынан құралады.
5-6 жастағы балалардың таным
құзыреттілігін дамыту жағдайына жасалған талдау, олар
ішкі тұрғыда әрекет етуге, өзінің таным
қызметінің тәсілдерін жеткізуге, ойлау өзгешеліктерін
көрсетуге ұмтылады, әрі балабақшаға келгеннен
бастап олардың танымдық құзыреттілігі жандана
түседі. 5-6 жастағы
балалардың таным құзыреттілігінің
психологиялық-педагогикалық проблемаларын зерттеу осы
процестің ерекшеліктерін түсініп қана қоймай, оны
дамытуға бағытталған педагогикалық процесті ұйымдастыруда
болатын күрделі де өзекті проблемаларды шешуге мүмкіндік
береді.
Танымдық
іс-әрекеттің өзге әрекет түрлерінен ең
басты ерекшелігі – баланың үнемі «жаңа дүниеге
енуімен», ол әрекеттерді баланың бірінен екіншісіне ауыстыруымен
байланысты, бірақ ол әрекет танымдық белсенділіксіз іске
аспайды.
5-6-жасар балалардың таным құзыреттілігін дамыту
динамикасы, ерекшеліктерін біз Р.Буре, Д.Б.Годовикова, Л.Р.Голубева,
В.А.Петровский, Н.Н.Подъяковтың еңбектерінде кездестіреміз, оларда
5-6 жасар балалардың таным құзыреттілігіне тән негізгі
сипаттар, оның өту қарқыны мен бағыттылығын
анықтаған.
Балалардың танымдық
құзыреттілігінің қалыптасуына ең алдымен тәрбиешінің дидактикалық
ойындарды қызықты түрде жүргізуінің ықпалы зор. Ол үшін
тәрбиеші оқу іс-әрекетінде қызықты, тартымды
оқыту үшін жиі пайдаланатын әдістерді оқу барысында
пайдалануда ескергені жөн:
-
Танымдық құзыреттілікті тек қана оқыту,
балаларды оқу іс-әрекетіне тарту, қызықты
құрал деп қарамай, сонымен қатар баланың ішкі
психологиялық жан-тебіреністері, жекелік ішкі процестерін
қалыптастыруда маңызды ерекше әсер деп қарау керек.
-
Баланың өзінің көңілі қалаған
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін оқуына
жағдай жасау немесе оқу іс-әрекетін эмоционалды ұнату,
ұнатпауын қадағалап сол арқылы ықпал ету.
Сонымен қатар, балалардың
танымдық құзыреттілігін арттыру жолдарын, тәрбие теориясын
тәрбиеші меңгеруі тиіс.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың елестетуі
шығармашылық құзыреттілігін
қалыптастырудағы ерекшелігі:
- бала өзінің орындауы қажет
әрекетін елестетуге және жоспарлауға қабілетті болса,
оның еңбек іс-әрекетінің компоненттері
қалыптасады;
- әрекет туралы түсініктің немесе
нұсқау негізінде бала орындауға қажетті әрекетті
жеткізуге қабілетті;
- балалар еңбек іс-әрекетіне өзінің
идеяларын ұсынуға және оларды әрекетінің жобасы
түрінде негіздеуге қабілетті болады;
- еңбек іс-әрекетінде түйсік,
қабылдау ес, елестету және зейіннің дамуы баланың танымдық
құзыреттілігінің
қалыптасуына ықпал етеді.
Мектепалды даярлық
топтағы балаларды еңбекке
баулудағы белсенді құралдардың бірі көркем
шығармалар екенін тәрбиешілер білуі қажет. Балалар
әдебиет жанрлары арқылы еңбек туралы, еңбек адамдары,
олардың еңбектегі жетістігімен танысады.
Көркем
шығармалардан алған әсерлер баланың ақыл-ойын
өсіріп, бірте-бірте мінез-құлқына өзгеріс
енгізеді, адамгершілікке тәрбиелейді, еңбекке және
еңбек адамына деген құрмет сезімі пайда болады.
Балабақша тәрбиешісі балаларды оқуға
үйретуді, баланың танымдық қажеттілігін сақтап,
оны дамытуы және ғылымдардың негізін игеру үшін
танымдық құралдармен қамтамасыз етуі тиіс.
Сондықтан балабақша тәрбиешісі танымдық
іс-әрекеттің шығуы мен табиғатын біліп, оны бала
бойында қалыптастырудың жағдайлары мен шарттарын білгені
жөн.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңы. Астана, 2007.
2. Қазақстан Республикасында
білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы. - //Егемен Қазақстан 2010, 14
желтоқсан.
3.
Мухина В.С. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. – Алматы: Мектеп, 2006.