Шынтаева Н.А., п.ғ. магистрі Малгелдиева А., 1-курс
студентті
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
5-6 ЖАСТАҒЫ
БАЛАЛАРҒА РУХНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУ ЖОЛДАРЫ
Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Қазақстан 2050»
стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде
халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін
есепке ала отырып, білім мен білігі жағынан өркениетті елдердегі
замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық,
отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың
жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған
[1].
Мектепке
дейінгі тәрбие мәселесі
негізіндегі нормативтік-құқықтық
құжаттарда көзделген басты мәселелердің бірі –
Қазақстандық жас ұрпақты Отанын сүюге,
адамгершілікке тәрбиелеу болып табылады. Балаларды рухани-адамгершілікте тәрбиелеу әрқашанда
өзекті мәселе ретінде
қарастырылып, көптеген ғалым-педагогтардың еңбектерінде көрініс тапқан
(Л.С.Выготский, А.С.Макаренко, П.П.Блонский, В.А.Сухомлинский, т.б.).
Өткен
ғасырдағы педагогика тарихына көз жіберсек Әл-Фараби,
Ибн Сина, Фердауси, Ж.Баласағұн, шетел педагогтары Я.А.Коменский,
И.Г.Песталоцци, К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов,
Л.Н.Толстой,
отандық педагог-ағартушылар Ы.Алтынсарин,
Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев,
А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев сынды ойшыл ғалымдардың еңбектерінде рухани-адамгершілік
қасиеттерді қалыптастыру мен дамытудың мәні мен
маңызы сипатталған [2].
Атақты
педагог Сухомлинский: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі
аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің
бәрін де ертегіден алады» деген [3].
Адамгершілік
тәрбие дегеніміз – балалардың бойында
мінез-құлықтың белгілі бір сипаттарын
қалыптастыру және олардың өздерінің де
бір-біріне, отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға
деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дарыту
жөніндегі педагогтардың арнаулы мақсат көздеген
қызметі. Адамгершілік қасиет мораль, этика, өнеге
арқылы айқындалады. Мораль, этика, өнеге адамгершіліктің
күретамыры болып табылады. «Мораль - әлеуметтік шындықтың
этикалық саналарын бейнелейтін қоғамдық сананың
бір түрі. Мораль дегеніміз – адамдардың
мінез-құлқының тарихи қалыптасқан
принциптері мен ережелердің жиынтығы.
Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке
тәрбиелеудің нақты міндеттері:
1) балалардың үй-ішіне, жақындарына,
құрбы-достарына, жалпы адамдарға, Отанға деген
сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу;
2) адамгершілік ережелеріне сай балалардың
мінез-құлқын, ұйымдасқан тәртібін,
мәдениеттілігін, жақсы әдеті мен дағдысын
қалыптастыру;
3) балалардың адамгершілік
түсініктері мен қасиеттерін тәрбиелеу.
Адамгершілік
тәрбиесінің мазмұнына баланың Отанға,
адамдарға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу жатады. Ол
үшін алдымен балалардың ата-анасына, үйіне, туған
жеріне, оның табиғатына, өз ауылына, қаласына,
туған-туысқандарына, дос-құрбыларына,
балабақшаға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу
қажет.
Елге сүйіспеншілікті тәрбиелеудің
пәрменді құралы – халықтың тілі, мәдениеті
мен көркемөнері. Ана тілі – халықтың тарихы, шежіресі,
халықтың ең зор ақылшысы, ұстазы деп
бағалаған. Осы орайда, Абай: «Өнер алды қызыл тіл» -
деп толғаса [4], Ғ.Мүсірепов: «Тілден биік асқар
жоқ, тілден асқан байлық жоқ, тілден терең
теңіз жоқ» - тілдің құдіретін ерекше
бағалаған. М.Әуезов: «Кімде-кім қазіргі уақытта
ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны
сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды» - деп атап
көрсеткен [4].
Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына баланың
адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу жатады, әсіресе
олардың үлкендерді сыйлау сезімін тәрбиелеу сәбилік
шақтан басталады. Жас бала – жас шыбық тәрізді қалай
исең солай майысады. Сондықтан да білім негізі балабақшада
қалыптасады деп айтылады, яғни осы кезеңнен бастап,
балаға тиісті көңіл бөлу керек екенін заман талабы,
тәрбие кепілі деп түсінуіміз керек.
Абай атамыз былай депті: «Атымды адам
қойған соң, қайтіп надан болайын» – деген
қағидамен халық бойында қалыптасқан барлық
адамгершілік асыл қасиеттерінің бейнелеушісі болды. Сонымен, іс-әрекетінен,
мінез-құлқынан да әдемілік, сұлулық
көрініс таппайынша адамгершілікке баулу мүмкін емес .
Адамгершілікке тәрбиелеу
баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса
маңызды бір саласы болып табылады, ол оның ата-анаға,
айналадағыларға, ұжымға, қоғамға,
отанға, еңбекке өз міндеттерін және өз басына
қатынасын қалыптастыруды көздейді. Ұжымдық
қызметтің қоғамдық бағыттылығы
тәрбиеленушілерге өмір жақсара түсу үшін не
істеуге болатынын байқау тілегін оятады. Адамгершілікке тәрбиелеу
үрдісінде балалардың бойында патриотизм – азаматтық,
жолдастық, ұжымдық сезімдерін, өмір шындығына
белсенді көзқарасын, еңбек адамдарына терең
құрмет сезімін қалыптастырады. Адамгершілік
тәрбиенің негізгі міндеті - қоғамның
әлеуметтік қажетті талаптарын әрбір баланың борыш,
намыс, ождан, қадір-қасиеті сияқты биік адамшылық ішкі
стимулдарына айналдыру болып табылады. Адамның адамгершілік жағынан
қалыптасуы оның туған кезінен-ақ басталады.
Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды
педагогикалық міндеттері -балалардың белсенді өміршілік
позициясын, қоғамдық борышқа сапалық
көзқарасын, сөз бен істің бірлігін, адамгершілік
нормаларынан ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру. Ол
баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса
маңызды бір саласы. Бұл арқылы баланың ата-анаға,
ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке
қатынасын айқындайды. Тәрбиелі тәрбиеші балаларға
жан-жақты тәрбиені осы адамгершілік тәрбиесінен бастайды.
Себебі бұл оның адамгершілік сезімін, сенімін, белгілі
мақсатқа, бағытқа жетелеу іс-әрекетін
ұйымдастыруды жетілдіреді. Сонда ғана тәрбиеші
балалардың ізгі ниеттілігін, адалдығын, кішіпейілділігін
қалыптастырады.
Бүгінгі жас ұрпақты тұлға етіп
қалыптастырудың алғашқы баспалдағы –
балабақша. «Тәрбиешінің қолында әр кезде сол кілт
жүруі керек» деп М.Шаханов айтқандай, біздің
тәрбиешілеріміз бүлдіршіндер тәрбиесіне өз
үлестерін қосып, оларға өз ата – анасындай мейірімділік танытып, балапандарды бауырына
тарта білуі тиіс. «Тәрбиелеу дегеніміз – адамның бойына білімге
негізделген этикалық құндылықтар мен өнер
қуатын дарыту». – деп Әл-Фарби айтып кеткендей, ең бастысы
тәрбиеші балаларға адамгершілік тәрбиесін бере алуы керек.
Адамгершілік тәрбиесінің жалпы міндеті мектеп жасына
дейінгі балалардың мінез-құлқы мен тәртібін,
адамгершілік сезімі мен сана нышандарын, адамгершілік түсініктері мен
мінез-құлқын қалыптастыру болып табылады. Адамгершілік
сезім адамгершілік түсініктерді меңгерудің негізінде туып,
балалардың іс-әрекеті мен мінез-құлқынан,
тәртібінен көрініс табады. Адамгершілік тәрбиесінің міндетін жүзеге асыру
барысында баланың бойында енді дами бастаған адамгершілік
сезімдерін пайдалана отырып, үлкенді сыйлауға, мәдени
мінез-құлықтың қарапайым ережелерін, әдеті
мен дағдыларын моральдық сапаларын,
мінез-құлықтарын, өзін және өзгелерді
әділ бағалай білу қабілетін дамытып, қарапайым да
күрделі сезімдер мен қарым-қатынастар
қалыптастыруға ықпал ете білуге үйрету көзделеді.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Назарбаев Н.Ә.
«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты жолдауы. – Астана, 15 желтоқсан
2012
2.Бромлей Ю.В. Очерки теории
этноса. – М., 1983. – 412
3.Амирова Б.А. Оқыту
процесінде этникалық жаңсақ нанымдардың өзгеруі:
пс.ғыл.кан.дисс…. автореф. – Алматы, 1998. – 24 б.
4. Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика. – Алматы.2012
ж