М.Х.Дулати атындағы
Тараз мемлекеттік университеті
П.ғ.магистрі
Алимбекова А.У., аға оқытушы Рожко Г.Т.
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ
ОЙЫНДАРЫ ОҚУ-ТӘРБИЕ
ҚҰРАЛЫ
Қазақ халқының ұлттық
ойындары алуан түрлі, сан қырлы, мазмұнға
бай, адам баласының сәбилік шағынан бастап, бүкіл өмірін тұтас қамтуға
негізделіп жасалған. Бүл мемлекеттік тәрбие беру
мекемелері жалпақ елге жайылмай түрған кезде, халық
жасаған барлық мәдени істерді өз бойына жинақтап,
кайта халыққа беру
мәселесін шешіп отыру үшін, әдейі өмірге келгендей әсер
береді. Өйткені ұлт ойындары балалардың жас ерекшеліктеріне
орайластырып жасалғандай. Баланың сәби шағынан бастап
ер жетіп, азамат санатына косылғанға дейінгі өмірін
қамтып қана қоймайды. Адамның бүкіл өмір
бойғы жан серігіне айналады. Атап айтқанда, дүниеге жаңа
келген нәрестеден бастап, ер жетіп, етек-жеңін
жинағанға дейін ойын арқылы тәрбие алады. Жігіттік шағында байсалды ұлт
ойындарына қатынасып, жарыс аренасына шығады. Одан кейінгі
жігіт ағасы жасында, ойынды ұйымдастырушы ретінде. Келесі
кезеңде сол халық дәстүріне өз
ұрпағын
тәрбиелеуші, баулушы, акылшы-кеңесші ретінде де,
сондай-ақ көрермен ретінде де қатынасады. Қай халықтың болмасын ұлттық ойындарына тән негізгі ортақ қасиет -дидактикалық
негізі, көздейтін мақсат жас ұрпақты - өз
ортасының салт-санасы, әдет-ғұрыпы мен
дәстүріне сай, психологиялық
ерекшеліктеріне байланысты білім беріп тәрбиелеу. Олай болса,
әр ұлт ойындарының бойында педагогикалық
әлеуметтік негіз бар.[1,2]
Ұлт ойындарының әрқайсысына
тән қасиет, көздейтін негізгі мақсат
- адамға әсер ету, оған қоршаған орта туралы
мағлұмат беріп, ықпал
ету. Әр ұлт ойынының бойында адамға білімге, білуге, үйренуге, өмірді танып білуге деген
ынтаны оятатын, ұжымға деген ынтымак, жолдасқа деген
ілтипат, сыйластык, тіл табысу, басқалармен санаса білу т.б. өмірге
аса қажетті адамгершілік негіздерін қалыптастыру секілді
дидактикалық негіз, тұтас педагогикалық процесс, іргелі идея
бар.
Осы күнге дейін бағзы біреулер ойын десе,
күлкіні, сайқы -мазақты,
жеңіл-желпі көңіл көтеруді көз алдына елестетеді.
Дәл осылай ойлағанның
өзіңде де ойын өз дегеніне жетіп, әлеуметтік-педагогикалык бір мақсатты көздеп,
тәрбие құралы қызметін атқаратыны
анық.
Кеңестер
одағының құлап, тоталитарлық
құрылыстың ыдырауына байланысты, еліміздің еркіндік
алуы, ел өмірінің барлық
саласына айтарлықтай жаңалықтар әкелді. Ендігі жерде еткен өміріміз бен өнерімізге
жаңаша қарап, ұрпақ
тәрбиесін халкымыздың
ежелгі арманы болып келген, өз халқының мүддесіне сай қайта құруға
мүмкіншілік алды. Бүгінде оқу орындарының алдында тұрған негізгі мақсат -
заманымызға сай ұлттық мүддені көздейтін,
отанын сүйе білетін, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу оны өмірдің өзі
талап етіп отырғандай етіп күн тәртібіне қою.
Оқу-тәрбие жүмысының негізі идеялық
арқауына айландыру міндеті тұр. Бұл міндетті орыңдауда
әлеуметтік-педагогикалық идеяларды іс жүзіне асыруда
негізгі көмекші болатын ұлт ойындары екендігі дау туғыза
қоймас.
Қазақтың
ұлттық ойындары - адамның дене, ақыл-ой, адамгершілік
қасиеттерінің шыңдалып өсуіне жан-жақты
әсер ететін әмбебап
құрал. Ол өзін-өзі тәрбиелеп,
өзіне-өзі білім берудің бүгінгі біртұтас
педагогикалық талаптарға сай келетін дидактикалық негізге бай
педагогикалық-әлеуметтік ахуалды байыта түсетін
оқу-тәрбие құралы.[2]
Ұлт ойыңдарының бойында тұтас
педагогикалық процестің негіздері бар. Тұтас
педагогикалық процестің құрамына - оқу,
оқыту, білім беру, тәрбие, даму процестерінің табиғи
бірлігі - жатады. Ал ұлт
ойындарының бойына - ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық,
еңбек, дене тәрбиесінің негіздері сіңіскен. Қазақтың ұлттық ойындары адам баласының адам тәрбиесіне арнайы жасаған дүниелерінің ішінде, оның көп қырлы жан-жақты, алуан салалы тәрбие
құралы екендігіне
көзімізді әбден жеткіздік. Олай болса егеменді елдің жас
ұрпағын дара тұлға етіп, денсаулығын
мықты, салауатты өмір салтына бағдарлай тәрбиелеуде бүгінгі талапқа сай
мектептегі тұтас педагогикалық
процесті жетілдіре түсудің дидактикалық
құралы қызметін атқарары сөзсіз деп білеміз.
Қазақтың ұлттық
ойындарының тәрбиелік негіздерін бір сөзбен ашып жеткізуге болмайтын, күрделі
негіздердің басын құрайды, ұлт
ойындарының жастарға берер тәрбиелік негіздерін, олардың тәжірибедегі
қолданыс мүмкіншілігінің пайдалы сыбағалы
салмағын есепке ала отырып, біз былайша топтастыруды ылайық деп
таптық. Атап айтқанда: Ақыл-ой тәрбиесі, адамгершілік
тәрбиесі, дене тәрбиесі, дене
саламаттылығы тәрбиесі, салауатты өмір салты
тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, эстетикатық және
өнер тәбиесі
патриоттық тәрбие, интернационалдық тәрбие т б.
Бұлар мектептегі тұтас
педагогикалық процесті жетілдіру жеке дара тұлғаны, салауатты өмір салтына бағыттайтын
жастар бойына дарытатын оқу орындарындағы басқа да
дидактикалык құралдармен
астасып, ұштасып негізгі мақсатқа лайықты тәрбие жүйесіне
үйлесері анық.[3]
Сонымен
бірге қазақтың ұлттық ойындары мектепте оқушыларды даралық тұлға
ретінде қалыптасуына, олардың жеке басының жан-жақты өсіп-өркендеуіне де
айтарлықтай әсер ететіндігін көрсетеді.
Әдебиеттер тізімі
1.
Қазақстан Республикасы
әлеуметтік-мәдени дамуының тұжырымдамасы. Алматы;
Қазақстан, 1993, 32-б.
2.
Адамбеков Қ.І. Педагогические основы физического
воспитания учащихся. Автореферат на сочинении уч. степени ДПН. А.: 1995.
3.
Асылбек Құралбекұлы, Сәбит
Әкімбайұлы. Оқушылар дене шынықтыруының
этнопедагогикалық негіздері. Монография. ҚазСТА. Алматы, 2000ж. 295
б.