ОҚО Сарыағаш ауданы №26 Т.Өстеміров атындағы

                                   жалпы орта мектебінің жоғары санатты бастауыш

                                  сынып мұғалімі Сейдазимова Ақмарал Серікбайқызы

           

              Сабақ барысындағы топтық жұмыстың тиімділігі

 

      Бүгінгі күні әлем кеңістігіне еніп қоғамға лайықты ұрпақ тәрбиелеу міндеті қойылып тұрған уақытта оқушыларға әдебиеттік оқу  пәнін оқытуда көп қиындықтар кездеседі. Оқушылар сабақ кезеңіндегі тапсырмамен шектеліп қосымша әдебиеттерді оқымайды.Өз бетімен ізденіп көркем әдебиетті оқитын оқушылар бірден бір. Бұл қиындықтарға мыналар жатады: 
- оқушылардың оқулықтағы мәтінмен шектелуі; 
- шығарманың түпнұсқасын оқымауы; 
- қосымша көркем әдебиетті оқымауы; 
- өз бетімен шығарманы талдай алмауы; 
- Өз бетімен ізденушілік қабілет танытпауы; 
     Осы қиындықтарды жою мақсатында топтық жұмысты ұйымдастырдым.

Топтық жұмыс оқушылар арасында әлеуметтік өзара қарым-қатынасты, тиімді араласу және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде оқушыларды өздерінің оқуларына белсенді қатысуға итермелейді. Оқушыларды алынған ақпаратты ойластыруға және талқылауға өзгелердің пікірлерін түсінуге немесе теріске шығаруға ынталандырған жағдайда топтық жұмыс тиімді болады. Мерсердің (2005) тұжырымдамасы бойынша құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Бір- біріне сұрақтар қоя біледі. Ең бастысы топта оқушы оқшауланып оқымайды.Топта бірлескен жұмыс, бір-бірін қолдау, топтық рух мадақталады. Топпен жұмыс жасағанда, тыңдау, келіспеушілікті құрметпен білдіру қабілеттеріне назар аударылады.Нәтижесінде өз ойы бар оқуға қабілетті тұлға қалыптасады.

    Топтық жұмыс арқылы өтілген ашық сабағымды назарларыңызға ұсынып отырмын.

Сабақтың тақырыбы: Сейітқұл Оспанов "Шыбын мен көбелек" /мысал/
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың С. Оспановтың өмірі мен шығармалары туралы білімін кеңейту. Шыбын мен көбелек әңгімесінің мазмұны мен идеясын ашу.
Жануарлар, жансыз заттар әрекет ететін мысалдың рөліндегі жәндіктер өміріне тоқталу. Шыбын мен көбелектің пайдасы мен зияны туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, сөйлеу, тілдік қорын дамыту.
Тәрбиелік:  Жақсыдан үйрену және жаманнан жиренуге тәрбиелеу. Адамгершілікке, инабаттылыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ.
Әдісі: «Ассоциация», «Түртіп алу», «Синквейн», « Ыстық орындық»
Оқыту технологиясы: ақпараттық технология, СТО.
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, компьютер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Бүгінгі сабақты жаңа тақырыпқа байланысты 4 топқа бөлдім.

   І топ :  Көбелектер
  ІІ топ : Шыбындар
  ІІІ топ : Масалар
  ІҮ топ : Аралар

C:\Users\Администратор\Desktop\Әдебиеттік оқу 4-сынып\ашық сабақ суреттер\20151029_155124.jpg              C:\Users\Администратор\Desktop\Әдебиеттік оқу 4-сынып\ашық сабақ суреттер\20151029_155110.jpg

Оқушылардың көңіл-күйін көтеру мақсатында тренинг ұйымдастырдым.

Жаңбыр жауды себелеп,
 Гүлге қонды көбелек.
 Жаңбыр жауып басылды,
 Аспан шайдай ашылды.

Үй тапсырмасын сұрау

-Үйге «Сапар мен парта» мысалын диалогпен орындау және сурет көрмесін ұйымдастыру,Сейітқұл Оспанов жайлы деректер жинау берілген.

C:\Users\Администратор\Desktop\Әдебиеттік оқу 4-сынып\ашық сабақ суреттер\20151029_155331.jpg C:\Users\Администратор\Desktop\Әдебиеттік оқу 4-сынып\ашық сабақ суреттер\20151029_155456.jpg C:\Users\Администратор\Desktop\Әдебиеттік оқу 4-сынып\ашық сабақ суреттер\20151029_155634.jpg

Жаңа сабақ

«Ой шақыру»  жұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын табады

Өзі кілем түріндей                                           Ызыңдап ән салып

Құтты қырдың гүліндей                                  Жұп-жұқа қанаты

Гүлге қонса  кетеді                                           Тәттіге тамсанып

Айырмасы білінбей      (көбелек  )                  Қоқысқа қонады (шыбын)

 

Сонымен  жаңа сабақтың тақырыбы «Шыбын мен көбелек»

Авторы Сейітқұл Оспанов  жайлы оқушылар өздері жинаған мәліметтерді «Ассоциация» әдісі арқылы орындаттым.

1955 жылы 30 наурызда                                                                                                              «Бәйге», «Ащы қауын»,

Қызылорда облысы Қазалы                                                                                                       «Ағаш ат», «Бақытты үй»

 қаласында дүниеге келген                                                                                                         деген кітаптардың авторы

«Жалын» , «Мектеп», «Парасат»              http://writers.kz/medialibrary/images/409938_916519472_824_Ospanov_Seyitkul.jpg                          1977 жылы Қазақ Ұлт-

журналдарында жұмыс істеді                                                                                           тық университетінің  жур-                          

                                                                                                                                      налистика  факультетін бітірді

Оқулықпен жұмыс

«Бірін-бірі оқыту» әдісі бойынша  мысалды 4 топқа бөліп бердім. Топта талқылап  және бірін –бірі оқытты.

C:\Users\Администратор\Desktop\Әдебиеттік оқу 4-сынып\ашық сабақ суреттер\20151029_161045.jpg                       C:\Users\Администратор\Desktop\Әдебиеттік оқу 4-сынып\ашық сабақ суреттер\20151029_161106.jpg

 

Баяндаушы-әңгімені мазмұндайды

Зерттеуші- әңгімедегі негізгі ойды  анықтайды

Дәнекер- өмірмен байланыстырады

Бейнелеуші-әңгімедегі негізгі кейіпкерді суреттейді.

 

Мысалдағы түсінбеген сөздерден «Түртіп алу»  әдісі арқылы жұмыс жүргіздім.

Көз шырымын алу  - ұйықтау

Қауыз –ашылайын деп тұрған гүл басының жұқа қабы

Жұқсыз –сүйкімсіз, жек көрінішті

Сұғанақ – ұры

Сапалақ –шыбын қорығыш құрал

Әр топқа топтық тапсырма бердім.

Шыбындар:  «Рафт» әдісі мысалды рөлге бөліп сахналау

Шыбын мен көбелек қанатын жамылып, рөлге бөліп ойнайды.

Мерей –көбелек

Бекмахан – шыбын

Мырзахан – автор

Масалар:     «Синквейн»  әдісі 5 жолды өлең құрастыру

Зат есім :  көбелек                                            шыбын

Сын есім :  әдемі, көк                                      қара , жағымсыз

Етістік : ұшады , қонды,қоректенеді             ызыңдайды, шағады, қонады

Сөйлем: Әдемі көбелек қонды                       Қара шыбын ызыңдайды

Синоним : жәндік                                            жәндік

Аралар:       « Венн диаграммасы» әдісі шыбын мен көбелекті салыстыру 

http://www.informatika-1332.ru/al/krugi/k_00.jpg 


Көбелектер:  «Еркін жазу» әдісі шыбын мен көбелек тақырыбында эссе  жазу.

 

C:\Users\Администратор\Desktop\Әдебиеттік оқу 4-сынып\ашық сабақ суреттер\20151029_163156.jpg           C:\Users\Администратор\Desktop\Әдебиеттік оқу 4-сынып\ашық сабақ суреттер\20151029_163310.jpg

 

 

Шыбын

Шыбын-буын аяқтыларға жатады.Шыбын жәндіктерге азық.Шыбынның өлексесі топыраққа сіңіп қарашірікке айналады 

Шыбынды құртудың бір жолы тазалық сақтау. Айналаң, үй-жайың таза болса, жаман иістер болмаса шыбын ешқашан жоламайды.

Көбелек

Ол ұшады, қонады, қанатын ашып қонады, көбелектер гүлді шаңтозаңнан, күн ыстығынан қорғайды екен.

Бір қызығы өзінің көз тойғысыз қызыл-жасыл түсімен адамдарды қызықтырып, әсіресе біздерді  баурап алатын осынау әсем жәндіктер тым қысқа өмір сүреді екен.

Сабақты қорытындылау

«Ыстық орындық»  әдісі арқылы  сабақ қорытындыланды.

 

C:\Users\Администратор\Desktop\Әдебиеттік оқу 4-сынып\ашық сабақ суреттер\20151029_163710.jpg                  C:\Users\Администратор\Desktop\Әдебиеттік оқу 4-сынып\ашық сабақ суреттер\20151029_163837.jpg

«Ыстық орындық» тәсілі аясында оқушылар бір - біріне сұрақ қою арқылы тақырыпты жан - жақты қарастырып, сыни тұрғыдан ойланып жауап берді.

 

Оқушылар бармақпен бағалау әдісін қолданды.

 

C:\Users\Администратор\Desktop\Әдебиеттік оқу 4-сынып\ашық сабақ суреттер\20151029_163438.jpg               C:\Users\Администратор\Desktop\Әдебиеттік оқу 4-сынып\ашық сабақ суреттер\20151029_163516.jpg

 

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша рефлексия жазды.

 

C:\Users\Администратор\Desktop\Әдебиеттік оқу 4-сынып\ашық сабақ суреттер\20151029_164018.jpg           C:\Users\Администратор\Desktop\Әдебиеттік оқу 4-сынып\ашық сабақ суреттер\20151029_164227.jpg

 

      Оқушының саналы ішкі рефлексиясын даярлау, сол арқылы қазіргі кездегі маңызды болып саналатын өз бетімен еңбектену, бәсекеге қабілетті болу, алғырлық сияқты қабілеттерін дамытты.

     Сабақта топтық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың сабаққа белсенділігі қызығушылығы артқанын байқадым. Әр топта жұмыс жасаған оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы, олардың өзгергені көп кешікпей көрінді. Тұйық оқушылар ашыла бастады. Қабілетті оқушылардың ізденіп әдеби шығармаларды оқуға көп көмегін тигізді. Үлгерімі төмен Қабыл, Мұхамедораз, Орынбасар, Гүлназ  сынды оқушылар қысылмай ойларын ашық айтатын болды.

     Оқушыларымның көркем әдебиетті оқи бастап, шығарманы талдауда төмендегі нәтижелерге қол жеткіздім. 
- қойылған сұрақтарға нақты дәлелді жауап беру үшін өз бетінше ізденді, дағдыланды; 
- мәтінді оқи отырып түсініксіз сөздер тізбегін жасап, тұрақты тіркесті анықтады; 
- мәтін бойынша жоспар құрып шығарманы талдай алды; 
- мәтін кейіпкерлерінен бөлінетін эпизодтарынан оқиға суретін салады; 
- кейіпкерлерді сөзбен суреттейді; 
     Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы жаңа заманға сай білімді, әдебиетін сүйетін тұлға қалыптасатынына менің көзім жетіп отыр. Сабақты топтастырып өткізу оқытуда жаңа нәтижеге қол жеткізеді.

 

 

 

 

Пaйдaлaнылғaн әдeбиeт

1. Бaкиpoв К.A, Нaмыcoвa Г.A., Ayшeвa И.Y., Шapимoвa A.Г., Ғaбдoллaқызы Б., Бaйкeнoвa Б.A. Мұғaлiмдepгe apнaлғaн нұcқayлық. Eкiншi (нeгiзгi) дeңгeй/ - 3 бacылым. – Acтaнa: «Нaзapбaeв Зияткepлiк мeктeптepi» ДББҰ Пeдaгoгикaлық шeбepлiк opтaлығының бacпacы, 2014.

 

2. Имжарова Ж.Н  ,Кушкимбаева А.С « Сын тұрғысынан ойлау білім үрдісінде»  оқу әдістемелік құрал. Ақтөбе қаласы.  2012 жыл