Оспанова
П.А.
М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті,Қазақстан
АҒЫЛШЫН
ТІЛІ САБАҒЫНДА ОЙЫНДАР ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖОБАЛАП ОҚЫТУ
Бүгiнгi
таңда шет тілін оқыту мазмұны мен оқытудың
қазiргi технологияларын жетiлдiру өзектi мәселелердiң бiрi
болып отыр.
Берілген
мақалада ойын технологиясынның ағылшын тiлi сабағында
қолданылатыны туралы қарастырмақшымыз.
Ойын – оқ
әрекетiнiң бiр түрi, оқушыларды оқыту және
тәрбиелеу мақсатындағы қарым-қатынастың
әдiсi мен құралы. Ойын әрекетi естiң, ойлау мен
қиялға, барлық таным үдерiсiне әсерiн тигiзедi.
Ойын – үдерiсiндегi
оқытудың әрi формасы, әрi әдiсi ретiнде дербес
дидактикалық категория. Сонымен бiрге ойынды мұғалiм мен
оқушылардың бiрлескен оқу әрекетiнiң өзара
байланысты технологиясы ретiнде қолдануға болады. Ағылшын тiлi
сабағында ойын формаларын енгiзу барысында интерактивтi тақтаны да
қолданудың маңызы
өте зор. Ойынның мақсаты – Ойын арқылы жобалап
оқыту технологиясы арқылы оқушылардың сөйлеу тiлiн
дамыту, сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Дидактикалық
ойындар арнайы мақсатты көздейдi және нақты мiндеттi
шешедi.
Оқушының
бәрi жақсы оқығысы келедi. Оқушылардың кейбiреулерi
мұғалiмгiң түсiндiрген сабағын тез
ұғады, ал кейбiреулерi керiсiнше. Сондықтан барлық
оқушыны бiлiмге бiрдей жетелеу үшiн өз мүмкiндiгiне
сәйкес сабақты меңгерту, тiлiн, ой
ұшқырлығын дамыту, өзiндiк пiкiр айтуға
жағдай жасау еркiн шығармашылыққа жетелейтiн,
пәнге қызығушылығын арттыратын әдiстiң бiрi
– грамматикалық ойынның түрлерi.
Дидактикалық
ойындарды ұйымдастыру мен жүргiзу педагогикалық
тұрғыдан бiрқатар шарттарға байланысты:
1) Ойынның сабақты дидактикалық мақсатына
сәйкестiгi.
2) Ойындардың мазмұны мен
формасына қарай әртүрлiлiгi.
3) Ойынның оқушыға түсiнiктi және тартымды
болуы.
4) Ойынға қатысушылардың белсендi шығармашылық
позициясы.
5) Ойынның эмоциональды болуы.
Ойындардың жiктемесiн
жасауда оқытудың бiлiмдiлiк, тәрбиелiк және
дамытушылық мақсаттарына жетуге бағытталған
мазмұндық мотивациялық аспектiсi негiзге алынады.
Жалпы ойынды
ұйымдастыру ойынды өткiзуге әзiрлiк, ойынды өткiзу,
ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға
қажеттi құрал, заттарды даярлау ойынды өткiзуге
әзiрлiк болып табылады.
Оқушыларды
ойынның мазмұнымен таныстыру ойнынды өткiзу болып табылады.
Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуi, оқушылардың
белсендiлiгi және олардың iс-әрекетi болып табылады.
Сонымен оқушылардың
сөздiк қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды
қолдану үлкен нәтиже бередi. Ойын арқылы оқушылардың
сөздiк қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игередi, таным
белсендiлiктерi қалыптаса түседі.
Ал мұғалiмнiң
мiндетi – оқушыларды ойынға өз
қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз
ету.
Ойын мен адам
мәдениетiнiң өзара байланысы ғылыми түрде
анықталды. Олардың тұлғаны дамытудағы
маңызы анықталды, оның психологиялық және
әлеуметтiк факторлармен келiсiмi жөнiнде кең
қарастырылуда. Ойын технологиялары әлi де бiлiм беру саласында
жаңа инновация болып табылады.
Педагогикалық
технология ұғымы түрлi педагогикалық ойын түрлерiн
педагогикалық үдерiсте әдiстер мен тәсiлдердiң
кең көлемдi топтарын бiрiктiредi, оның жалпы ойындардан
ерекшелiгi оқытуда нақты мақсатының қойылуымен
және оның оқу-танымдық бағыты сипатталған,
негiзi салынған педагогикалық нәтижесiне сай
анықталады. Сабақ барысындағы ойын әдiстерi
оқушыларды оқу қызметiне ынталандыру құралы ретiнде
ойын әдiстерi мен жағдайларының көмегi арқылы
құрылады.
Қазiргi заман
талабына сай бiлiм беру үшiн бүгiнгi таңда
оқытудың мазмұнын өзгерту, бiлiм беру саласын арттыру
қажеттiлiгi туындап отыр. Көптеген педагогикалық
технологиялар оқу-тәрбие үрдiсiнде қолданылып
жүр. Соның бiрi – ойын технологиясы. Ойын элементтерiн пайдалану
немесе ойын сабақтары оқушылардың жан-жақты дамуына,
сана-сезiмiнiң өсiп, жетiлуiне және оқу үлгерiмiнiң
нәтижелi, әрi олардың танымдық белсендiлiгiн
арттыруға, қызығушылықтарын дамытуға
ықпалын жасайды. Ойын технологиясы қажеттi материалды
меңгерту үшiн – бағыт-бағдарлаушы, орындаушы,
бақылаушы-түзетушi қызметтерiн қамтамасыз етедi.
Қазiргi кезде мұғалiм сабақты өткiзiп
жүрген материалдың мазмұнына сәйкес әр-түрлi
ойын ойлап табуына болады. Оқушы бойындағы есте сақтау,
ықылас, бақылағыштық сияқты психикалық
процестердi, жауапкершiлiк, ұқыптылық, шыдамдылық
сияқты қасиеттердi дамытуға негiзделген ойынның
түрлерiн мұғалiм әрдайым кiрiстiрiп пайдаланып отыруы
қажет. Ойын – үйрету әдiсiнiң бiр түрi.
Ағылшын тiлi сабақтарында оқушыны жазбаша байланыстырып
сөйлеуге ойын арқылы үйрету мынадай бағытта жүргiзiледi:
үйретудегi оқушының мiндетi ойын арқылы шешiледi;
байланыстырып сөйлеу әрекетi ойын ережелерiне бағындырылады;
байланыстырып сөйлеуге үйрететiн қажеттi оқу материалы
ойынның құралы ретiнде пайдаланылады; үйрету де,
үйрену де ойын-жарыс түрiнде орындалады; мәселенi шешу тетiгiн
iздейдi, шығармашылық ойлауы қалыптасады.
Тiл –
адамдардың бiр-бiрiмен түсiнiсiп қарым-қатынас
жасауының басты құралы. Сондықтан да шетел тiлдерiн оқу
орындарында сапалы меңгертiп, өмiрде қолдана бiлуге
үйретудiң мәнi зор.
Шет тiлiн
үйрету кезiнде ойын элементтерiн пайдалану оқушының шет тiлiне
деген қызығушылығын арттырып, жаңа тақырыпты
жақсы түсiнуiне әсер етедi. Ойын арқылы оқушылар
шет тiлiнде жеңiл қарым-қатынас жасай алады және ойын
кезiнде шаршағандарын сезбей, әсерлене, қызыға отырып
шет тiлiн тез үйренедi.
Сондықтан ойын элементтерiн
шет тiлiнде үйретуге пайдаланған кезде көп талаптар
қойылады.
Ойынды маныдай мақсаттар қойып пайдалану керек:
1. Белгiлi бiр қабiлеттi қалыптастыру
2. Белгiлi бiр тiлдiк iс-әрекеттi дамыту
3. Шет тiлiнде екiншi бiреумен қарым-қатынас жасауға
үйрету
4. Қажеттi мүмкiндiк пен психикалық қызметтi дамыту
5. Бiлiм беру
6. Тiлдiк материалды еске сақтау
Сабақ
үрдiсiнде ойын технологиясымен
оқытуды жүзеге асыруға негiзделген негiзгi мiндеттер деп
төмендегiлердi атасақ болады:
-
Өзiндiк жұмыстың дағдысын
дамытумен пысықтау;
-
Жағымды ойлай алу икемдiлiгi;
-
Өзара әрекет етудi ұйымдастыра бiлу;
-
Шешiм қабылдау және сол шешiмнiң
орындалуына жағдай жасау.
Пайдаланылған әдебиет
1. Ахметов Н.К. Теория и практика игрового обучения в подготовке учителя.–
Алматы: АГУ им Абая, 1996.
2. Эльконин Д.Б. Психология игры. – М.: Владос, 1999.
3. Хайдаров Ж.С. Теория и практика организаци игровой деятельности студентов в
учебном процессе. – Алматы: КазПИ, 1982