Шыниеват Р.
Т. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты,
Тараз қаласы
Шынеева Г.
Т.«Балбөбек» балабақшасы
БАЛА ТІЛІН КӨРКЕМ ШЫҒАРМА МӘТІНДЕРІ
АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Білім
және ғылым министрлігінің балалар білімі мен тәрбиесі
сапасын көтеруге, олардың еліміздің өткендегі тарихына,
мәдени мұрасына шығармашылығын
қалыптастыруға байланысты
қойып отырған міндеттерін жүзеге асыруды
көздейді. Балабақшада халықтың мәдени
мұрасынан, соның ішінде ауызекі шығармашылығынан
білімді балалар «Тіл дамыту», «Көркем әдебиет», «Сауат ашу
және жазу» ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде
меңгереді. Алайда шектеулі жоспармен өтілетін бұл
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде халықтың
ауызекі шығармашылығы түгіл, оның бір ғана
бағыты – көркем шығарманы толығымен меңгертіп
шығу мүмкін емес. Бұл мәселені шешуде балалардың
шығармашылығына, таңдауына қарай
ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мен
ертеңгіліктердің ролі ерекше.
Бала мектепке жақсы тілдік
дайындықпен баруы тиіс. Бұл бағыттағы жұмыстарды
жетілдіре түсу үшін тәрбиешілер тиісті
әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, балалардың тілдік даму
деңгейлерін жүйелі түрде бақылап, тексеру
жүргізіп отыруы қажет.
Қазіргі балалар әдебиеті тәлім мен білім
беретін өмір оқулығына айналды. Балалар жазушылары – жас
жеткіншектерді жоғары адамгершілік рухында тәрбиелеуге белсене ат
салушылар: С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Бегалин,
Ө.Тұрманжанов, С.Сарғасқаев, Б.Соқпақбаев,
М.Әлімбаев, Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев,
Б.Ысқақов, Ә.Табылдиевтің және басқалардың
шығармаларында өз Отанын сүю, патриотизм, батырлық,
адалдық, достық, ынтымақ, ілтипат, гуманизм жайы
әңгімеленеді.
Мектепке дейінгі білім –
үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы.
Осыған сәйкес балаға белгілі бір көлемдегі білім,
білік, дағдыларды меңгертумен бірге табиғат,
қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте
отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту –
бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан
алғанда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың
сан алуан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру, жаңа
технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.
Бұл мәселені алудағы
мақсатымыз - мектеп жасына дейінгі балаларды
көркем шығарма арқылы оқудың жаңаша
әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай
кезінен дүниеге өзіндік көзқарасының
қалыптасуына жол ашу.
Осы орайда
шығармашылыққа баулудың, өзіндік
іс-әрекетін ұйымдастыру сыннан өткен мынадай түрлерін
алуға болады:
-
тақырыпты мазмұнына сай жинақтау;
-
сөзжұмбақ құрау, шешу;
-
шығарма, шағын әңгіме мәтінін
құрау;
-
қиялдау арқылы суретін салғызу.
Ал, бос уақытта балалардың
шығармашылық қабілетін дамытудың жұмыс
түрлері:
-
мұражайға апару;
-
әр түрлі тақырыпта жарыс, ертеңгіліктер
өткізіп, алған әсерлерін айтып беруге төселдіру;
-
балаларға арналған журналдарды ұйымдастырылған
оқу іс-әрекеті кезінде үнемі пайдалану.
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу
балаларды көркем сөзге баулуға баланың бойындағы
қабілет көзін ашып, сөздік қорын молайтады.
Мектепке дейінгі бала тәрбиесінде
пайдаланылатын шығарма түрлері: әңгіме, ертегі, мысал,
өлең-тақпақ, жұмбақ,
мақал-мәтел, санамақ және басқалар
Шығармадағы кейіпкерлердің ғажап
іс-әрекеттері балдырғандарға қатты әсер етеді.
Балалар естіген оқиғаларын ойнаған ойындарында, салған
суреттерінде, саздан жасаған бейнелерінде көрсетеді. Кейіпкерлерге
еліктеу олар үшін өмір шындығын сезініп, тану «мектебі»
іспетті. Есейген сайын мектепке дейінгі балалардың сөздігі айналадағы
заттарды түсіну негізінде молаяды. Балалар енді айтылған
сөзді көбірек түсінеді. Оларды оқытуда ертегі,
әңгіме, тақпақ, өлең белгілі орын алады.
Баланың айтқан сөзді ұғынуы
ой-түйсігінің дамуын ілгерілетеді, сөйлеу кезінде
грамматикалық құрылымды ұғуды, байланыстырып
сөйлеуді дамыту, ойша сөз құрауды қалыптастыру
кез келген шығарма түрлерін түсінуге негіз болады.
Шығарманың образын сәбилерге дұрыс,
нанымды етіп жеткізу үшін туындының идеясын дұрыс
түсінуіне көмектесу мақсатында тәрбиеші-педагог шығарманы
мәнерлеп оқып беруі керек немесе нақышына келтіріп
әңгімелеп беруге тиіс. Тәрбиеші шығарманың
образды құрылымын аша білуі қажет.
Қорыта келгенде, көркем
шығармалардың құндылығы баланың сегіз
қырлы, бір сырлы болып, жан-жақты дамуына игі әсер етуінде
болмақ. Өмір шындығы суреттелген көркем шығармалар,
баланың дүние танымына алғашқы қадам болумен
қатар, балаға өзін қоршаған тіршілік
дүниесін, ортаны біртіндеп танып білуге жетектейді, ұғымын
кеңейтеді, өмір тәжірибесін молайтады, ой-қиялын
ұштайды, тіршілік көзі еңбекте екенін зердесіне жеткізеді.
Тәрбиеші-педагог шығарманы өзінің қалай
орындауына ғана көңіл бөліп, балалардың
қабылдауы мен зейінін назарынан тыс қалдырмауы керек. Егер
балалардың көңілі алаңдай бастаса, тәсілді дереу
өзгертіп, сұрау беріп, оқып отырған затты не бейнесін
көрсетіп, образды нақтылап, балалардың көңілін
аудару шарасын жасау қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер
1
Б.Баймұратова Балабақшадағы даярлық топ
балаларының тілін дамыту. Алматы: Мектеп, 2004.
2
Қ.Меңдаяқова Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін
дамытудың ғылыми негіздері. – Алматы, 2007.
3
Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының
тарихы. – Алматы: Ана тілі, 2004.