Уристенбекова Г.Қ., Рустембекова Б.

Ш.Есенов атындағы КМТИУ

 

ҚАЗАҚ ТЕЛЕАРНАЛАРЫНДАҒЫ СӨЗ ЖАНРЛАРЫ ЖӘНЕ

 ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

         Кез-келген публицистикалық шығарма, лингвистикалық тұрғыдан алғанда – мәтін.  Публицист оқырман аудиториясына ықпал жасайтындай етіп мәтін құрастырады және сол мәтін арқылы  күнделікті болып жатқан саяси үрдістердің шұғыл, деректі-эмоционалдық көрінісін сипаттайды.  Публицистикалық мәтін ең кемі екі сөйлемнен тұрады және ол синтаксистік тұтастықты құрайды, сонымен қатар, оның белгілі  бір категориялары да бар. [1, 12]

     Сөз жанрлары құрылымдық генезисі тұрғысынан жай және күрделі болып бөлінеді.  Жай сөз жанрлары  күнделікті қолданыстағы ауызекі сөйлеу тілімен шектелетін болса, күрделі сөз жанрлары – жоғары дәрежедегі  антрополингвистика  бағытының құрылымдық элементі болып табылады.         Сөз жанрлары зерттеушілерді өте ертеден қызықтырған болатын.

Сөз жанрлары  туралы айтқанда жанр ұғымының мәніне толық талдау жасау керек.  Жанр ұғымы туралы осы уақытқа дейін тіл ғылымында нақты ереже тұрақталған жоқ, тек әдебиетшілер  тарапынан ғана жанр ұғымы анықталып, «стиль - жанр ерекшелігі» [2]  деп танылуы, жанр атауының  әдебиеттану саласында қолданысқа жиі енетіні осының айғағы болып табылады.

Жанр ұғымы кейбір ғылыми еңбектерде мәтін типі деген терминдік атаумен айтылып келеді.  Егер мәтіннің   типтеріне, яғни, түрлерге ажырауының басты себептерін қарастыратын болсақ, онда оның тілдік бірліктері іріктеліп, сұрыпталып, топтасып қолдану ұстанымына байланыстылығы екендігі бірден айқын байқалады.

 Мәтіннің типтерге, түрлерге бөлінуі сөздің жанрларға жіктелетіндігін толық көрсетеді.  Орыс тіл ғылымында жанр туралы зерттеулер өткен ғасырдың сексенінші, тоқсаныншы жылдарында  басталған болатын. Жанр туралы ғылыми жүйеленген анықтама, ережелер әлі толық тұрақталған жоқ.  М.Бахтиннің сөз жанрлары  туралы айтқан ғылыми концепцияларын  қолданушалыр  соңғы уақытта  осы анықтамаға  жиі көңіл бөлуде, сондықтан  жанрға былай анықтама берілген: жанрдың тақырып жағынан тұрақтылығы  мен стилистикалық  жақтан бірыңғай  топтастырылған  мәтін түрлері  жанр мәнін толық тануға  коммуникативті-прагматикалық бағдарын анықтауға  мүмкіндік береді [3].

       Сөз – сөйлеу қызметінен туындайды.  Сөзтану филологияның  жүйелену үрдісінде айрықша  пән ретінде аталады, себебі сөз айтылым  әрекетінде ойды, пікірді  таратушы  адам арқылы өтетін күрделі құбылыс «әрекет» болып табылады.

         Сөйлеу жанрлары функционалды  стильдердің жіктелуімен тікелей байланысты. Жанр –ауызша айтылған немесе  жазбаша жазылған  сөз өндірісінің жиынтығы. «Қазақ тілі прагмастилистикасы» атты еңбекте  сөзге алғаш рет анықтама берілген.,  жалпы сөз табиғатына  берілген анықтама мен жанрға берілген анықтаманың арасында ұқсастықтар бар. Басты айырмашылығы сөз жанрға қарағанда  кең көлемдегі, ауқымды өндіріс  шоғыры десек,  ал жанрды  сол сөздің  өзінен тармақталған бөліктері  немесе ұсақ шоғырланған топтары деп түйіндеуге болады.

 

 

 

Cурет – 1. Публицистикалық сөз жанрлары

 

        Әр сөз жанрларының өзіне тән ерекшеліктері бар. Функционалды стильдердің ішіндегі публицистикалық стильдегі сөз жанрларын алып қарастырайық.

Публицистикалық стильдегі сөз жанрларының әрқайсысының өзіне тән ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар. Публицистикалық стильге жататын  сөз жанрларының ұқсастықтары қоғамда болып жатқан оқиғаларды халыққа жылдам жеткізуді қамтамасыз етеді, жазылған немесе айтылған пікірдің  шындығына оқырманның көзін жеткізіп қана қоймайды, сол берілген оқиға туралы көпшіліктің көзқарасын қалыптастырады. Бұл осы публицистикалық  стильге тән ұқсастықтардың басты ортақ сипаттары болып саналады.  Публицистикалық стильдің жанрлары әр түрлі болғанмен, сипаты ортақ, тілдік бірліктерді таңдауы  ұқсас, бірақ ықпал етуінің спапасы  әр деңгейде болады. 

Публицистикалық стильге жататын  сөз жанрларының  айырмашылықтарын қалай ажыратуға болады. Ең бастысы, публицистикалық  стильдің маңызды  міндеті өмірде болып жатқан оқиғаларды  тез жеткізу, мәнін ашу,  оған баға беру, халыққа ықпал ету сияқты коммуникативтік-прагматикалық қызмет атқаратын  диапазонды кең стиль түрі болғандықтан, сөз жанрлары да көбейе түседі.

Публицистикалық стильдегі сөз жанрларының  айырмашылықтары көлеміне, берілетін хабардың  мазмұнына, көкейкестілігіне, айтушының проблеманы  қандай дәрежеде жеткізуі сияқты  прагматикалық  бағдарына байланысты, сондықтан  жанрлар тобы шоғырланып, өзінің маңыздылығын  тағы да алға шығарып отырады. Ғалымдардың жанрға  анықтама беруде оның бірізділігінің толық межесін  анықтап бере алмауының басты себептерінің бірі осыдан келіп туындайды [1, 44б.].

Теледидар табиғатын зерттеу қызықты да күрделі мәселе. Себебі оның құрылымы әртүрлі жанрларды қамтиды. Сондықтан біз зерттеу барысында телеарнадағы жанр ұғымының анықтамасын айналып өте алмаймыз.

Лексикографиялық еңбектерде, функционалдық стилистикаға қатысты зерттеулерде подстиль «жанр» ұғымымен бірдей түсіндіріледі. Әдебиеттану ғылымы бойынша «Жанр – шығармалардың жеке түрлері, көркем әдебиет салалары» деген анықтама екендігін көрсетеді [1, 250 б.].

 Жанр - әдеби терминдік ұғым ретінде кең қолданылады, әдеби шығармаларды түр-түріне ажырату үшін жанр деген ұғым қалыптасқан. Әдебиеттану категориялары бойынша әдеби жанрларды ажырату – көркемдік қызметі бірдей шығармалардың тақырыпты баяндау, шығармалардың құрылысы, оқиғаны бейнелеу тәсілі жағынан бір-бірінен айырмашылықтары бар екендігін сипаттау үшін қажет.

Теледидар тілі қоғам өміріне, қоғам мүшелерінің күнделікті тіршілігіне тікелей араласып, қоғамдық пікір тудыруды мақсат етеді. Яғни диктор белгілі бір жаңалықты жеткізе отырып, оған өз бағасын береді. Осы екі мақсатқа сай хабарда қолданылатын сөздің ерекшелігі де айқындала түседі.

Дүниетаным - жүйелі құбылыс, ол тілдік байланыста динамикалық үрдіс ретінде айқындалатын дискурс арқылы берілетін білім қорымен тығыз байланысты. Дискурстың көмегімен қоршаған ортаның бар құбылысы тіл арқылы жеткізіледі. Мұның БАҚ тілін зерттеуде маңызы басым, себебі тілдік динамизм белгілі бір прагматикалық жағдайда өрбитін сөйлеу динамизмі мен айтылған ойдың шындықпен сәйкестігін білдіреді. Әлкебаева Д.А.  коммуникацияның динамикалық сипаты болатындығын қарастыра отырып: Дискурсэкстралингвистикалық-прагматикалық, әлеуметтік-мәдени, психологиялық және басқа да факторлармен байланысты мәтін; оқиғалық (событийный) аспектіде алынған мәтін», – деген анықтама береді [1, 136 б.].

            Сөз жанрларының ішінде рахмет айтуға байланысты да бірнеше топқа топтастырылатын түрлері де жиі кездесіп отырады. Мысалы, оларға тура, жанама, көпшілікке арналған, тілден тысқары тұратын факторлар арқылы анықталатын түрлерін жатқызуға болады. Айтушының интенциясы, ниетіне байланысты рахмет айтудың мынадай түрлері кездеседі:

1.   Этика нормасына сай немесе сай келмейтін түрлері;

2.   Айтушының ниетінің эмоционалды түрде берілуі.

    Мысалы, - Ата – деді жуан үнмен, ...алыңыз пиманы алыңыз...

-       Рахмет, - деді шал төсегін қомдап, бағанағыдай емес, даусы жұмсақ,

қамқорлық байқалған соң жігіттердің мойындарынан да мың батпан жүк түскендей.... (О.Бөкеев).

3. Cөйлеушінің өз иминджін сақтау мақсатында ғана рахмет айту түрлері кездеседі.

4. қабылдаушының эмоциясын байқау үшін айтылатын рахмет түрлері.

5. ситуацияға байланысты рахмет айту ниеті.

6.  «рахмет айту міндетіне» деген интенцияны қолдану.

7. дайын стереотип түрінде айту т.б.

 Сөз жанрларында  рахмет, алғыс айтамын, көп рахмет, рахым етсін, алғыс жаудырамын, мен сізге қарыздармен, өтеуі болар, сізге қалай рахмет айтарымды білмеймін деген дайын стереотиптер кездеседі.

     Қазіргі уақытта зерттеушілердің сөз актілері, сөз жанрлары, айтылым, дискурс, сценарий, фрейм, концепт деген атауларды қолдануы да осы мәселені терең талдау пен пайымдауларды ғылыми тұрғыдан бір жүйеге келтіруді талап етеді [3, 187].

       Жанр осы белгілердің  біреуімен ғана емес, олардың жиынтығымен де анықталады. Кейбір жанрлардың жалпы сипаттамасы бар.  Соған байланысты жанрды үш топқа бөлуге болады:

1.       Ақпараттық: оған мақала, есеп, репортаж бен интервью жатады. Олар фактілер мен құбылыстарды жедел көрсетеді.

2.       Аналитикалық: корреспонденция, мақала, рецензия, хат, шолу. Оларда фактілер, оқиғалар, қорытындылар мен пікірлер зерттеледі және талданады.

3.       Көркем-публицистикалық  жанр: ұғымдық, образды-көркемдік құралдарды біріктіреді, эмоционалдығы күшті болады [4, 23].

Соңғы он, жиырма жылдың төңірегінде заманауи Қазақстан телеарналарында  сөз атты жаңа жанр түзілді. Жалқы жанр ретінде ғана емес қосалқы жанрларды да өзіне синтездей алды. Мәселен, саяси дискуссиялар, жарнамалар, ойынсауықтық және ақпараттық-сараптамалық хабарлар бар. Қалыптасқан отандық нұсқалардағы бұл  біртектілік жүйе енді батыстық моделдегі сөз вербальды және бейвербальды шығындарды анықтай бастады, әрі мамандардың қызығушылығын тудырды.

Сөз сапалық тұрғысынан медиакеңістік негізінде қарастырылып, аудиторияның сұранысы және мәселе ұсынушымен құрылады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.            Есенова Қ. Қазіргі  қазақ медиамәтінінің  прагматикасы (қазақ баспасөз материалдары негізінде). – Алматы,2007 – 450 б.

2.            Әлкебаева Д.А. Сөз мәдениеті: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2011. – 196 б.

3.            Бахтин М.М. Эстетика словесного творчества. – Москва: Искусство, 1986. – 502 с.

4.            Могилевская Э. Ток-шоу как жанр ТВ: происхождение, разновидности, приемы манипулирования // RELGA. - 2006.- № 15. - 23-28 беттер.