Мауленқұлова Д.Е.
ОҚМПИ, Шымкент, Қазақстан
АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ КОНЦЕПТІЛЕРДІҢ
ҰҚСАСТЫҒЫН АНЫҚТАУ
Резюме
В статье рассматриваются особенности
концептов в таких разносистемных языках, как казахский и английский.
Resume
In this article
considered about determine
linguacultura features of conceptы in the Kazakh and English languages.
Тіл мен мәдениет
арақатынасын зерттейтін тіл білімінің жаңа
бағыттарының бірі – лингвомәдениеттану.
Лингвомәдениеттану – қазіргі тіл білімінде кеңінен
қолданыс тауып келе жатқан антропоцентристік бағытпен,
яғни сол тілдің иесі болып табылатын адаммен, тілдің
функционалды қолданыс табатын әлеуметтік орта, тарих, мәдениет
пен танымдық процестермен байланыстыра зерттеу үрдісінің
нәтижесі болып табылатын тіл мен мәдениеттің өзара
байланыс тетіктері мен жалпы ұлттық дүниетаным,
ұлттық мәдениеттің тілдегі көрінісін зерттейді.
Лингвомәдениеттану
ғылымының алғышарттары В.фон. Гумбольдтың тіл мен
мәдениеттің өзара байланысы идеясы және Э.Сепир мен
Б.Уорфтың «тілдік ықтималдылық болжамымен» ұштасып
жатыр. Бұл ғылымның мақсаты тілдік бірліктің
шығу тегін айқындау емес, әр түрлі тілдік бірліктерге
(фразеологизмдерге) түсініктеме бере отырып, оның пайда болу
шарттары мен жағдаяттарын анықтау болып табылады.
Лингвомәдениеттану тіл мен мәдениеттің өзара
байланысын, қатынасын қазіргі заманның
ұлттық-мәдени сана сезімі тұрғысынан
қарастырады және оның тілдегі көрінісін сипаттайды.
Когнитивтік лингвистика тіл мен сол
тілдің иесі адам санасын тұтастықта қарастырып, тілдік
білімді адам миының жемісі, күрделі ассоциативті-вербальды
құрылым, болмысты рух пен ой бірлестігінде танытушы жүйе
ретінде кешенді сипаттауға негізделеді. Когнитивтік үрдістің
негізгі айырым белгісі тілді жаңаша зерттеуде жаңа тәсілдер
еңгізуде ғана емес, таза танымдық бағдарының
жаңалығында, тілді танымдық тұрғыдан
қарауында. [4]
Қарастырылатын
концептілердің лингвомәдени
талдауы қазақ-ағылшын тілділер санасындағы
концептілерді лигвомәдениеттану шеңберінде айқындауға мүмкіндік
береді. Ағылшын тіліндегі махаббат мазмұнындағы фразеологиялық бірліктерді
лексикалық сипатына қарай төмендегідей
қарастыруға болады:
To
change eyes-бір-біріне ғашық көзбен қарау (
сөзбе- сөз ... көз алмастыру) Goo- goo eyes- am
sl-ғашықтық көзқарас
To
be head over ears in love-біреуді ес-түссіз құлай сүю,
біреуге өлердей ғашық болу;
To be up to ears in love-біреуді құлай
сүю;
Be fathoms deep in love ,
be over head and ears in love, be
head over ears или be deep in love – ес- түссіз
құлай сүю;
City
of Brotherly love-«туысқандық махаббат қаласы» (Филадельфия);
The Queen of love-махаббат
құдайы, Афродита; Венера.
The blind god, the god of love- махаббат
құдайы, Эрот;
Амур, Купидон
Bring home to somebody’s heart-жүрегін тербеу;
Сome home to somebody’s heart-жүрегінің
түкпірінен орын алу.
The heart that once truly loves never forgets -
ежелгі махаббат ескірмейді.
Abundance of the heart- сезім тасқыны.
Lose
one’s heart to, give one’s heart to somebody - біреуге деген
ғашықтық бойын билеп алу, жүрегіне шоқ
түсу.
Pull at somebody’s heartstrings -жүрек (сезім) қылын шерту.
As much love as there is between the old cow and the haystack- (сөзбе-сөз...қасқыр мен қойдай
сүю;)-бір-біріне өлердей ғашық болу.
Calf
love- балаң махаббат, жасөспірімдік, бозбала махаббат
Love me love my dog-әркімдікі өзіне
ай көрінер көзіне.
Far gone in love-ес-түссіз
құлай сүю.
He knows not what love is that
has no children- баласы жоқ адам махаббаттың не екенін білмейді.
Love cannot be forced-махаббатқа
зорлық жүрмейді.
Love in a cottage – сүйікті болу бір
бақыт.
Love is the mother of love – жүрекке жүрек
тіл қатар.
Love
will creep where it may not go - махаббат бәрін жеңеді.
Love should not be all on the
one side – махаббат екеуге ортақ.
No herb will cure love-дауасыз дерт махаббат
Қазақ
тіліндегі тұрақты тіркестерде аталмыш концепт мазмұнын
айқындайтын тіркестер көбінесе көңіл, көз,
жүрек, құмарлық, іңкәрлік, сезім сынды
лексикалармен кездеседі: жүрегі
жанды, белбеуі шешілді, бет сипасып қойды, жамалына көз алмасты.
Концептілерді аңықтау үшін дүниенің кейбір
ерекшеліктерімен заттық құндылықтары, олардың
обьектілермен қатынасы, олардың қызметі мен оларға
берілген ұлттық сананың сипаты әрі бағасы айқындалуы
қажет. Концептілік ұғымға ие болу үшін белгілі
бір ұлттың қолданысындағы сөздер, сол ұлттың
ғасырлар бойғы мәдениетімен, дінімен, дәстүрімен,
тілімен тығыз байланыста қолданылып, белгілі бір ұлттық
мәдени дәрежеге жетуі керек. Ұлт мәдениеті, діні салт дәстүрі
және тілімен біте қайнасып, ұлттың болмысын бойына
сінірген таңымдық түсінік беретін сөздер тілімізде
өте көп. Солардың бірі- бақыт концептісі. Аталған
концепт- кез келген этноста қалыптасқан универсалды, дерексіз
күрделі құбылыс. [23]
Тілдік танымда бақыт этикалық дүниетанымдық
терминге сай үйреншікті ұқсастықты береді.
Бақыт концептісі философия, психология, әлеуметтану секілді
ғылым салаларының іргелі категориялары болып табылады. Бұл
категорияны ұғынуға Философиялық және
психологиялық ой тарихында көптеген еңбектер
арналған.Тіпті этикада ерекше бағыт - фелицитология қалыптасты.
Ол бақыттың теориялық және практикалық
мәселелерін қарастыратын пән. Өзінің
психологиялық және дүниетанымдылығына қарамастан
бақыт концептісі өзінің тиісті тіл білімдік
түсіндірілуін, бейнеленуін алған жоқ.
Бақыт сөзі салыстырмалы түрде кейінірек шыққан.
ХХ ғасырда бақыт туралы идеялар мен тұжырымдар әр
түрлі болып қалыптасып келген.Мысалы поляк философы В. Татаркевич
өз еңбегінде дүниежүзілік соғыста каңдай тқиыншылықтардан
өткендігі жайлы айтады. Бақыт ұғымына ерте кезден
бастап талдау жасайды.Ол басқа философтардың бақыт туралы
айтылған идеяларын жинай отырып бақыттың төрт
аспектісін аңықтайды.
1.
Бақыт,тағдыр
сәт ретінде;
2.
Бақыт керемет
қуаныштар,алаңдаулар ретіңде;
3.
Бақыт ең жоғары
игіліктерді игеру ретінде;
4.
Бақыт өмірден
қанағат алу ретінде.
Ал осы концептіге кіретін ақпараттық тіл бірліктерін өз
ішінен жіктеп сараласақ,онда схема жасалады. Мысалы, бақыт
материялдық түрінің ассоциативтік қатынастарға
байланысты туған салаларына әйел бақыты ,ата ана бақыты
,отбасы бақыты, бала бақыты, қарапайым адамдық
бақыт , батырлық бақыт түсініктерді
жатқызуға болады. Ал бақыттың рухани түрлеріне
махаббат бақыты, дос бақыты жатқызуға болады.
Ағылшын
тiлiндегі "happy" сын есiмін
талдау барысында этномәдениет айырмашылықтарын
қарастыруға болады. Түсiндiрме
сөздiктерінің деректерiне
сүйенсек "happy" сын есімі "feeling or exspressing
pleasure, contentment, satisfaction" яғни адамның жан
дүниесін ішкі сезімін білдіреді. Ал қазақ тілінде бақыт
концептісі өмірдің белгілі мәнділігі бақыттың
алғы шарты болып табылса, екінші жағынан бақытқа деген
ұмтылыс өмірдің өзіне белгілі бір мән береді.
Мән мағынасыз өмір сүру –адам үшін
мағынасыз бақытсыздық және керісінше адам өз
өмірін терең пайымдай алса ғана,
бақыт сезімін сезіне алады.
Әрбір
ұлттың тілі сол тілде сөйлеуші адамдардың санасында
ұғымдардың семантикалық жүйесі ретінде
қалыптасқан, сол ұлтқа ғана тән белгілі бір
дүние бейнесін жасайды. Әрбір жеке тұлғаның
өзіне тән ұлттық тілі, мәдениеті, тарихы,
әдебиеті, әдет-ғұрпы мен салт-санасы
болғандықтан, дүниені өзінше қабылдап,
өзінше тануы заңды құбылыс. Бұл ретте
В.В.Красныхтың «ұлттық мәдени кеңістік» терминін
әбден қолдануға болады [9].
Қорыта
айтқанда дүниенің тілдік бейнесінде этнос менталитеті
мәдени тірек концептілері арқылы көрініс табады.
Өйткені концептер тілдік қауымның ментальдық
ерекшеліктерін вербаль және бейвербаль әдіс-тәсілдердің
көмегімен жеткізетін маңызды, мәдени реңктегі
көпқырлы құбылыс.
Әдебиеттер тізімі:
1. Ғабитханұлы Қ. Қазақ мифологиясының
тілдегі көрінісі.- Алматы: Арыс, 2006,-166б
2. Ислам А. Ұлттық мәдениет контексіндегі
дүниенің тілдік суреті. Филол. ғыл. док. ... автореф.-
Алматы, 2004.-50б.
3. Гумбольдт В.фон. Язык и философия культуры.-М., 1985-254с.
4. Аскольдов С.А. Концепт и слово. Русская словесность. От теории словесности
к структуре текста. Антология. Под ред. проф.В.П.Нерознака.-М.: Academia,1997
5. Султангубиева А.А. Тілдік бейнедегі жүрек кеонцептінің
көрінісі (қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша). Филол.
ғыл. кан. ... автореф.- Алматы, 2009.-24б
6. Нұрдәулетова Б.И. Когнитивтік лингвистика.-Алматы, 2011
-53-54бб
7. Кубрякова Е.С., ДемьянковВ.З., Панкрац Ю.Г.,Лузина Я.Г. Краткий словарь
когнитивных терминов.-М.,ИПО Лев Толстой, 1996.
Волостных И.А. О лингвистической концепций
эмоций // Филология и культура: Материалы IVмеждунар.науч.конф. –
Тамбов: Изд-во ТГУ им. Г.Р.Державина, 2003.-8с.
8. Красных В.В.Культурное проостранство:
система координат (к вопросу о когнитивной науке) // Respectus philologicus.
2005.№7.-20с.
9. Смағұлова Г. Мағыналас
фразеологизмдер.-Алматы: Сөздік-Словарь, 2001.
10. Нұрмаханов А. Түркі
фразеологиясы.-Алматы:Ғылым, 1998-96б.
11. Жанұзақов Т. Қазақ
тілінің түсіндірме сөздігі.-Алматы: Дайк-Пресс, 2008.-968б. 3
том.