əлемдік қоғамдастыққа қарқынды енугеапарар жол – тілдің үштұғырлылығы.

Есмуратова Гүлзат Жолдыгуловна - аға оқытушы, магистр

Қазақстан, Алматы, Абай атындағы ҚазҰПУ.

 

Қазақстанның əлемдік қоғамдастыққа қарқынды енуі — инновациялық-индустриалдық экономика, қоғамның ақпаратануы, білім кеңістігінің сəйкестілігі жəне халықаралық стандарттың енгізілуі адамның санасын жəне мінез-құлқын түбірінен өзгертеді, адам баласы осылардың көмегі арқылы өзін қоршаған ортаны өзгертеді жəне өзі де өзгереді.

Қоғам мен сананың қоғамдық қалпының əлеуметтік жəне тарихи қайта құрылуы жəне жалпы адамзаттық мəдени құндылықтарға бағыты, əлеуметтік-тарихи қажеттілік, ұлттың бəсекелестікке қабілеттілігі, мəдени уақыт талабы ретінде Президенттің «Үштұғырлы тіл» туралы мəдени жобасының өзектілігін көрсетті, жəне Қазақстан Республикасында қазақ — орыс — ағылшын: мемлекеттік тіл — ресми — əлемдік стратегиялық мақсаттылық болып табылады, үш тілдің артықшылығын бекітті [1].

2015 жылға дейінгі Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың тұжырымдамасы əлемдік стандарт талабына сай білікті кəсіби мамандарды дайындаудың формасы мен əдістерін сапалы жаңартуға бағытталған. Бұл жерде осыған орай рөлі өсіп отырған, жəне жас ұрпақты өзара байланысты жəне өзара бағынышты əлемде өмір сүру жағдайына дайындаудың тиімді құралы ретінде қарастырылатын, көптілдік білім беруге басты назар аударылады.

Ағылшын тілі халықаралық қарым-қатынас жасау тілі ретінде республикалық мəндегі пəндер дəрежесіне көшірілді жəне жалпы пəндер қатарында мемлекеттік тіл (қазақ тілі), орыс тілі — ұлттар арасындығы қарым-қатынас тілі қатар тұрады. Осыған орай тілді меңгеру ғана емес, оны шынайы қарым-қатынас жасауда қолдана білу, яғни тілді практикалық тұрғыдан меңгеру, демек, «мəдениаралық біліктілік» туралы сөз болып отыр. Стратегиялық міндеттердің бірі ретінде мемлекеттік тілді оқыту, халықаралық қарым-қатынас ретінде орыс тілін, сонымен қатар шет тілдердің біреуін (ағылшын тілді) оқыту басқа мəдениетке, тарихқа, географияға, əдебиетке, өнерге, ғылымға бейімдеу арқылы білімдік мақсаттардың жетістігіне кепілдеме береді. Сонымен бірыңғай дүниежүзілік мəдениетке кіретін өз елінің мəдениеті туралы білімдерін тереңдету жəне туған тілін саналы жəне терең білу жүзеге асады [2].

Ұлттық білімге еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев айтарлықтай жоғары талаптар мен кешенді жоспарлар қойды. Қазақстанның жоғары мектептерінің түлектері жоғары оқу орнынан кейін білім алуларын шет елдерде оңай жалғастыруларына бола алатындай білім жоғары сапалы, бәсекелесуге қабілетті болу керек. Университеттің үш тілде оқытылуы оқу-педагогикалық үдерісіне енуі - бұл, сөзсіз, 2015 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының білімді дамыту тұжырымдамасының беталысын жүзеге асыру ілгері мағыналы қадам, ол негізгі құзыреттің бірі үштілділік болып табылады, еуразиялық көпмәдени, коммуникативтік және технократиялы.

Жаңа кезеңдегі білім берудің мақсаттары тек қана білім беру емес, сонымен қатар жасмамандардың болашақ қоғамдағы өмірлерінде көмек болатын негізгі құзыреттерді қалыптастыру болып табылады. Еуропа кеңесі бүгінгі таңда жас маманға қажетті болатын бес базалық құзыреттерді анықтады. Солардың арасында бірнеше шет тілдерді меңгеруді болжайтын — ауызша жəне жазбаша қарым-қатынас құру шеберлігі. Жоғарғы мектептің негізгі міндеті көптілді біліммен жəне көп мəдени дүниежүзімен өзара əрекеттесуге дайын болашақ полилингвалдық мамандарды дайындау болып табылады [3].

Демек, студенттердің алдында шетел тілдерін (негізінде екі-үш тілді) меңгеру міндеті тұр, себебі жас маманның жеке тұлға ретінде жəне кəсіби өсуі көбінесе осыған байланысты болады. Жаңа міндеттердің қойылуы оқытушыдан шетел тілінде қарым-қатынас жасауға дəстүрлі оқыту түрінен еуропалық білім беру мен əлеуметтік мəдениет негізінде жүзеге асырылатын, мəдениаралық дидактика бойынша оқытуға көшуді талап етеді [4].

Көптілді оқытуға тиімді құрылымдардың іске асуын ендіру және педагогикалық кадрлардың кәсіби дайындық үдерісін жетілдіру бойынша идеяларға ерекше көңіл бөлінеді.

Үштілді оқытудың жаңа концептуальды бағдарламасы студенттердің мемлекеттік, орыс және шетел (ағылшын) тілдерінде еркін сөйлесуге мүмкіндік беретін, тілді ортаның қалыптасуына бағытталған.

Қазақ тілі – ұлтымыздың рухы, рухани байлығы. Тіліміздің дамуы, қоғамдағы орнын нығайту және қалпына келтіру жолында білім саласының жауапкершілігі ерекше. Қазақ тілі барлық мектептерде оқытылады. Оқушылардың 60%-дан астамы қазақ тілінде білім алады. Мұндағы басты мақсат – барлық бітірушілердің қазақ тілін жақсы меңгеріп шығуы.

Ағылшын – әлемдік кеңістікке еркін қанат қақтыратын тіл. Оған дау жоқ. Сонымен, көптен бері қоғам талқысына салынып келген ағылшын тілі пәнін білім ұяларына жаппай оқыту мәселесі билік тарапынан оң шешімін тапқан сыңайлы. «Көп тілді оқыту бүгінгі күннің талабы. Қазақ тілі – ұлтымыздың рухы, рухани байлығы. Тіліміздің дамуы, оның қоғамдағы орнын нығайту және қалпына келтіру жолында білім саласының жауапкершілігі ерекше. Қазақ тілі барлық мектептерде оқытылады. Оқушылардың 60 пайыздан астамы қазақ тілінде білім алады. Мұндағы басты мақсат – барлық түлектердің қазақ тілін жақсы меңгеріп шығуы».

   Үш тілді оқыту бағдарламасын енгізу 2010 ж. басталды. Ол оқытудың пилоттық  бағдарламалары түрінде болды. Студенттер пәннің жекелеген тақырыптарын ағылшын тілінде оқиды. Қазіргі таңда жоғары оқу орныдарында үш сатылы бағдарламаны жүйелі жүзеге асыру басталды, оның негізінде ағылшын.

Қазіргі сәтте кафедраларда элективтерді жасау, әдістемелік құжаттарды дайындау, элективтер каталогын құрастыру, студенттермен элективті пәндерді таңдауды ұйымдастырудан тұратын  «оқытудың үш тілді бағдарламасын» жүзеге асырудың маңызды сатысы, сонымен қатар кафедралармен ағылшын тілінде оқытумен білім беру бағдарламаларын тәжірибелік жүзеге асырудың бастамасы табысты іс-жүзіне асырылуда және жалғастырылуда. Мұнда ОӘЖД және оқу департаменттерінің жақсы ойластырылған және ауызбірлікте біріккен жұмыстарына күмән жоқ.

    Жалпы тілдерді өзара байланыспен оқытудың практикасы студенттерді өзара байытады, көптілді жəне көп мəдени тұлғаның жан-жақты дамуына оң əсер етеді. Шет тілді оқыту үрдісінде пəнаралық байланыс орнату туралы көзқарас бар. Шет тілі, орыс тілі жəне қазақ тілі арасындағы мұндай байланыстың болғаны қарым-қатынастық мəдениетті шет тілінде, орыс тілінде жəне қазақ тілінде қалыптастыруға жəне дамытуға мүмкіндік береді. Туған тіл оқытудың қандай да бір деңгейінде шет тілді меңгерудің демеу ретінде қызмет көрсете алады. Оның көмегімен тек қана практикалық емес, сонымен қатар білім беру мақсаттарына жетуге болады.

 

 

                       Қолданылған әдебиеттер

1.Назаренко Г.А. Использование инновационных технологий обучения английскому языку в первом классе в системе полиязычия // Иностранные языки в школе. — 2008. — № 3. — С. 27–33.  

2.Жетписбаева Б.А., Аязбаева С.С. Лингводидактический аспект учебно-методических комплексов в полиязычном образовании // Вестн. Караганд. ун-та. Сер. Педагогика. — 2011. — № 2. — С. 4–8.

3.Ломакина И.С. Изучение иностранных языков в ЕС в контексте политики мультилингвизма // Иностранные языки в школе. — 2008. — № 3. — С. 101–108.

4.Яковлева А.Д., Червонных А.В. Российский вариант билингвального образования  европейской двуязычной школы. (Из опыта школы № 22 г. Перми) // Иностранные языки в школе. — 2006. — № 4. — С. 27–31.