Райкулова А.Ө.
Омарова А. Тараз қ. М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік
Универсиететі.
АДАМЗАТТЫҢ ҚАС ЖАУЫ-НАШАҚОРЛЫҚ
«Жер бетінде ғұмыр кеше
жүріп, тәні мен жаны күйзелген көптеген
адамдардың ұғымынша, мұндай азаптан
құтқаратын әмбебап дәрі бар, оның
аты-есірткі. Нашақорлық деген, есірткіні жеке де жаппай
қолданатын құбылыс ретінде бүгінгі таңда «басын
бәйгеге тіккендер» деген атауға ие болған мейілінше
ауқымды әлеуметтік топтың мінез-құлқын
анықтап отыр...».
Елбасымыз Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев өзінің «Сындарлы он жыл» атты
кітабында нашақорлық проблемасына арнайы тарау арнап осылай
жазған еді.
Есірткі заттарын тұтыну
дәстүрі ежелден белгілі, сондай-ақ оған қарсы
күрес сол кезден бастап жүргізіліп келеді. Есірткілік
заттарға мистикалық, діни және дәстүрлік
мақсатта тек кейбір адамдар ерекше жағдайда жүгінетін еді.
Бір ерекшелігі есірткі заттарды тек ересектер пайдаланып, олардан балалар мен
жасөспірімдер аулақ болды. Сонымен, нашақорлық тек
медициналық емес, сонымен бірге әлеуметтік те термин болды.
Елдің барлық бөлігін қамти отырып
нашақорлық социум негізін күйретеді. Нашақордың
жақындары мен туысқандары ғана емес, сондай-ақ
есірткімен байланысы жоқ адамдар да қауіп назарына ілінеді.
Әлеуметтік нашақорлық-кең ауқымды және
көп бағытты проблема. Ол экономикалық, әлеуметтік,
құқықтық, медициналық сипаттағы
өте теріс зардаптарға жетелейді. Нашақорлық
қоғамның социалдық-психологиялық ахуалының
нашарлауына тікелей әсер етеді, әлеметтік-эконмикалық
жеделдеуді және прогрессивтік жаңаруды жүзеге асыруға
тосқауыл болады.
Әлеуметтік
нашақорлық-қоғам кеселі. Есірткілер
қоғамнан еңбекке қабілетті адамдарды өзіне тартып
алады, дегеніне көндіреді. Нашқорларда қоғамдық
өмірге, тіпті жалпы алғандағы өмірге
қызығушылық болмайды. Олар өздерінің
төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін
ғана тіршілі ететін жануарларға айналады. Есірткі миды
бүлдіреді, бұл ақыл ой бейімділіктерінде реакция
жылдамдығында білінеді. Нашақорлардан әрқашан
ауытқулары бар балалар дүниеге келеді. Нашақорлық
жасара түсуде, бұл келер ұрпақтың
денсаулығын қауіпке душар етеді. Бүгінде «жастар неге нашақорлыққа
бой ұрады?» деген сауал жиі қойылады. Өйткені жастар арасында өмірдегі қайшылық
көзге тез түседі. Жастар арқылы нашаның жаңа
түрлері тарауы мүмкін. Бүгінде есірткі заттарын пайдалану
кең қарқын алып барады. Елімізде есірткі
тұтынудың жылма- жыл аздап болса да өсу құбылысы
байқалады. Өкінішке орай, балаларымыз есірткі тұтынудың
бұл өсуінде негізгі нысана болып табылады.
Нашақорлық маңызды
әрі өзекті мәселе ретінде бұқаралық
ақпарат құралдарында, ғылыми басылымдарда әрдайым
көтеріліп отырады. Нашақорлық індетінің ауқымы
туралы ресми мәліметтердің өзі жан түршіктірерлік. Ал,
ресми мәдениеттер еліміздегі жағдайды толық көрсете
алмайтыны баршамызға мәлім. Нашақордың қалай
жолын кесуге болады? Жолын кесу дегеніміз-бұл ауытқу жамуының
негізгі бағыттарына болжам жасау, жаңа еліткіш заттарм мен қасиеттерінің
пайда болуын топшылау. Бұл әрекет егер жалпы қауым есірткі
заттарын қолданудың өзекті мәселесі бойынша
қанағаттанарлық деректерге ие болған жағдайда
ғана жүзеге асады. Қоғам ынтасы тек
нашақорлықтың жолын жабу ғана емес, сонымен қатар
болашақта осы қауіптің алдын алуды нақты
ұйымдастыруда.
Нашақорлықты күш
қолдану арқылы жою әрекеттері онша жақсы нәтиже
бере қоймайды. Тиым салу, шектеу, тартып алу, жою, ауруханаға
жатқызу. Алайда, кенет тиым салу тәсілдері-мәселенің
түйінін шешу емес екендігі белгілі болады. Әлеуметтік
құбылыс ретінде нашақорлық соңғы жиырма
жылдықта кең қанат жаюда. Оның неліктен
болатындығы жөнінде көптеген себептерді атап
қөрсетуге болады. Бұл-жұмыссыздық ауыр
материалдық жағдай, психологиялық проблемалар сияқты
әлеуметтік өзекті мәселелердің болуы әбден
мүмкін. Нәтижесінде ең жаны жаралы, қорғалмағандар
ретінде балалар мен жасөспірімдер көзге түседі.
Өйткені, олар тұлға ретінде әлі қалыптасып
үлгермеген, өздерінің өмірлік жолдарынан
бұрылуға мүмкіндік беретін «темірқазық
жұлдызын» таппаған. Әрине, егер отбасында махаббат пен
үйлесімділі билік құрса, сіздің балаңыз
махаббатқа, мейірімге, жан жылуына бөленсе, мұндай
келеңсіз жағдай орын алмайтындығы айқын.
Нашақорлық қылмыс емес,
ауру. Ауру болғанда да жер жүзіндегі миллиондаған жас
адамдардың өмірін мағынасыздандырып, мәнсіз етіп
отырған ауыр дерт.Нашақорлық дертіне ұшырағандар
белсенді өмірден тыс қалады. Оқу, жұмыс, жанұя
және бала тәрбиесі деген түсініктер оларға жат болып,
түбінде олардың өздері үшін де трагедияға
айналады. Нашақорлармен жұмыс істеуге тура келетін ұстаздар,
тәрбиешілер, медицина қызметкерлерінің машақаты мен
проблемалары өз алдына бір төбе. Жалпы нащақорлармен
жұмыс істеу аталған мамандармен бірге ата-аналар тарапынан да
үлкен біліктілікті, шыдамдылықты, ерекше сыпайыгершілікті
қажет етеді. Жасөспірімнің бойынан нашақорлық дертінің
нышанын байқаған сәтте ашу шақыру, намыстану,
қорқу немесе дәрменсіздік көрсету өған
көмек бере алмайды. Нашақорлықты басқа да созылмалы
аурулар сияқты сәтті емдеуге боалды. Бірақ, емнің
нәтижелі болуы дәрігердің, науқастың және
оның жақындауының күш-жігеріне байланысты болмақ.
Есірткіге тәуелдіні емдеудің басты мақсаты-жақсы
болащаққа үмітті ояту.
Нашақорлықтың
алдын алу мол күш жігерді және ауқымды қаржыны талап
етеді
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Т.Қ.
Бектегенұлы, С.Смағұлұлы «Адамзаттың қас
жауы-нашақорлық, араққорлық». Қызылорда,
2010ж.
2. Ю.Лукьяненко,
З.Арынбаева «Есірткі тұзағында». Алматы-Тараз, 2004ж.
3. Г.И.Колесникова.,
А.Б.Котова., А.И.Петрулевич «Девиантное поведение».Ростов-на
Дону, 2007г.